"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20784 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 236 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 181 (28307) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік деңгейінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібін айқындайды.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті уәкілетті органға жібереді.

      6. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (не ол уәкілеттік берген адам) Мемлекеттік корпорацияға, уәкілетті органға немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру туралы өтінішті жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) келтірілген.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өтініш беруші құжаттарды берген кезде:

      уәкілетті органда – тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;

      Мемлекеттік корпорацияда – өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      порталдың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.

      Мемлекеттік қызмет стандартында көзделген құжаттарды толық ұсынбау, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған кезде уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып бас тарту негіздемесімен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Құжаттар толық ұсынылған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Комиссияның қарауына жібереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Комиссия ұсынымының негізінде уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде электрондық немесе қағаз түрінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы не еркін нысандағы мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Құжаттар портал арқылы берілген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы берілген дайын құжаттарды өтініш берушіге беруді Мемлекеттік корпорация жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырады.";

      17-тармақ алып тасталсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері бойынша берген анықтамаларды немесе себептерінің дәлелді негіздемесімен анықтамаларды беруден бас тарту туралы шешімдерді қабылданған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне шығу елдерінің Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне қайта жолдау және одан әрі өтініш берушілерге беру үшін жібереді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама мерзімін ұзарту үшін стандартта көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға не Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы анықтаманы ұзарту үшін стандартта көзделген құжаттарды жолдайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      Шетелдік және азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға не Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.

      Анықтама жоғалған, бұзылған жағдайда уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықтаманы береді.

      Бұл ретте берілген анықтама жоғалған немесе бұзылған анықтаманың түпнұсқасында көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданылады.

      Жоғалған, бұзылған анықтамалар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам оның жоғалғаны, бұзылғаны туралы өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып саналады.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.

      Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 204 бұйрығына
қосымша
  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдік немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
3-қосымша

"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары)

1. Мемлекеттік корпорация
2. Көрсетілетін қызметті беруші
3. "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www. elіcense.kz

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Үш айға дейінгі мерзімге анықтама беру - 6 (алты) жұмыс күні ішінде (өтініш тіркелген күннен бастап).
Анықтаманы ұзарту – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Анықтаманы қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Анықтама жоғалған, бүлінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз/электрондық түрде

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – қағаз/электрондық түрде

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

8

Құжаттар тізбесі

1. Анықтама беру үшін:
өтініш беру тіліндегі, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы қамтамасыз етілген, бекітілген нысан бойынша анықтама беру туралы өтініш.
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) не ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде);
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы.
2. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін:
жұмыс берушінің атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын ол туралы мәліметтер көрсетілген еркін нысандағы өтініш;
уәкілетті орган бұрын берген анықтама;
еңбек шартының көшірмесі.
3. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда анықтаманы қайта ресімдеу үшін.
4. Анықтама жоғалған немесе бүлінген кезде анықтаманың телнұсқасын беруге өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) тізбесінде көзделген экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарына және білім деңгейіне қойылатын талаптарға және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін оларда талап етілетін кәсіптерге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
2) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бағалау нәтижесінің шекті мәніне қол жеткізбеу;
3) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интеренет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығы - "1414" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
3. "Электрондық үкімет" веб-порталы - www.egov.kz, www. elіcense.kz арқылы жүгіну үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы қажет.