Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18057 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25), 29), 37), 43) тармақшаларына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) қолданысқа енген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің 2018 жылғы
25 желтоқсандағы № 375
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. осы Қағиданың 3 және 11-тармақтарда көрсетілген спорттық атақтар немесе біліктілік санаттарды алу үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      осы Қағиданың 4, 5, 12, 13-тармақтарда көрсетілген спорттық разрядтарды немесе біліктілігік санаттарды алу үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жаттықтырушылар мен спортшыларға және спорттық атақтар, разрядтар берудің тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдіскерлерге және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын берудің тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік

      санаттарды беру жөніндегі комиссия";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Ереженің қорытындысы";

      2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "Спорт түрін, спорт саласын тану туралы өтінішті келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган қарастырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Спорт түрін, спорт саласын танудан бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:

      1) осы Қағиданың 6-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт түрі бойынша спорт федерациялар осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген талаптарға және (немесе) ұсынған деректерінің және мәліметтерінің осы Қағиданың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті органның шешімі Комиссия хаттамасының негізінде бұйрықпен ресімделеді.".

      3. "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Куәлікті алу үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Куәлікті алу үшін құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы органның қенсесі және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Аккредиттеуден өту үшін республикалық және өңірлік спорт федерациялары мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуден өткізу туралы өтініш;

      2) басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;

      3) Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесін;

      4) спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есепке алып тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;

      5) спорт федерациясы жарғысы;

      6) Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжаттың көшірмесі - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;

      7) Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжаттың көшірмесі - Паралимпиадалық спорт түрі бойынша спорт федерациялары үшін;

      8) Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымына мүшелігін және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжаттың көшірмесі – ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациялары үшін;

      9) спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;

      10) спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Аккредиттеуден өту үшін жергілікті спорт федерациялары мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуден өткізу туралы өтініш;

      2) басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

      3) Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      4) спорт федерациясы жарғысы;

      5) спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;

      6) спорт түрінен жарыс қағидаларының жобасы.".

      4. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11642 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру туралы шешім қабылдайтын орган болып табылады.

      Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебелерін беру үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін қажетті құжаттар:

      1) спорт мектебінің басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы қолдаухат;

      4) спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері немесе спорт мектебінің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасасқан спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;

      5) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорттық мектеп оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі;

      6) оқытушы-жаттықтырушылық құрам санын көрсете отырып, спорт мектебінің штаттық саны туралы, спортшылар мен жаттықтырушы-оқушылардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), растайтын құжаттарды қоса бере отырып, спорттық атақтарын, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, олардың құрамы туралы анықтама;

      7) спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы бұйрықтардың көшірмелері.

      10. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін қажетті құжаттар:

      1) спорт мектебінің басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы қолдаухат;

      4) спорт түрлері бойынша бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың немесе спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасасқан спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;

      5) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорт түрлері бойынша бөлімшелер оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі;

      6) тиісті жергілікті атқарушы органның келісу бойынша спорт мектебі директорымен бекіткен спортпен шұғылданатын адамдардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және спорттық атақтарын көрсете отырып, спорттық жетілдіру топтарының тізімдері;

      7) оқытушы-жаттықтырушылық құрам санын көрсете отырып, спорт мектебінің штаттық саны туралы, спортшылар мен жаттықтырушы-оқушылардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), растайтын құжаттарды қоса бере отырып, спорттық атақтарын, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, олардың құрамы туралы анықтама.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебені мынадай негіздемелер бойынша беруден бас тартылады:

      1) осы Қағиданың 9-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) спорт мектебінің ұсынған деректерінің және мәліметтерінің осы Қағиданың 5 және 9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      14. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебені мынадай негіздер бойынша беруден бас тартылады:

      1) осы Қағиданың 10-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) спорт мектебінің бөлімшесінің ұсынған деректерінің және мәліметтерінің осы Қағиданың 6 және 10-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.";

      осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 8-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Спорттық атақтарды,
разрядтарды және біліктілік
санаттарын беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

ҰСЫНЫС

Спорт түрі

Атағы

Фотосурет орны



Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады)

Туған күні



Жеке сәйкестендіру нөмірі



Ұсынып отырған өңір (облыс, қала)

Спорт мектебі (спорт клубы)



Оқу, жұмыс орны

Білімі



Спортшымен шұғылдану уақыты (жаттықтырушылар үшін)


Үйінің мекенжайы


Алдыңғы атағы

Атақ берілген немесе расталған күні



Спортшы және (немесе) жаттықтырушысы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қолы

Спортшы



Бірінші жаттықтырушысы немесе спорт түрі (спорт түрлері) бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама команданың тізіміне сәйкес жаттықтырушысы



Аккредиттелген
республикалық және
(немесе) өңірлік спорт
федерациясының
Басшы ________
Мөр орны
Күні 20_ жылғы "__"______

Дене шынықтыру және спорт басқармасының
(облыс, қала)
Басшы __________
Мөр орны
Күні 20_ жылғы. "__"_______

РМКМ "Спортты дамыту дирекциясы"
Басшы ____________
Мөр орны
Күні 20_ жылғы "__"__________

      Комиссияның қарауына келіп түскен күні: 20__жылғы "___"__________

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)

Орындаған күні және орны (күні, айы, жылы және қала, ел)

Жарыстардың атауы,

Жарыс дәрежесі, санаты

Көрсеткен нәтижесі









Төреші
лауазымы

Төрешінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қала (ел)

өрешілік санаты

Бас төреші




Бас хатшы




Аға төреші




  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.