Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 мамырда № 20653 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 14 және 17-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 407 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14184 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15096 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 488 бұйрығына
1-қосымша

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 14-тармағына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – ұйым) бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну қағидаларын айқындайды.

2-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну тәртібі

      2. Ұйым мәліметтерді осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша ұсынады.

      3. Мәліметтер "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" Акционерлік қоғамының "Бағалы қағаздардың депозитарлық-тіркеу жүйесі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттінің "Интеграцияланған деректер қоры" ақпараттық жүйесіне осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларына сәйкес бекітілген нысандар бойынша ұсынылады.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетті осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

  Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымның бағалы
қағаздарды ұстаушы жеке
тұлғалар, сондай-ақ жеке
тұлғалардың бағалы қағаздармен
жасаған мәмілелері туралы
қолда бар мәліметтерді ұсыну
қағидалары ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы

      __________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 14-тармағына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғалар туралы қолда бар беруді сұрайды

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________________

      __________________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

      20__ жылғы "__" __ жағдайы бойынша

      Сұрау салуды жіберу себептері _______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының

      Басшысы (орынбасары)_____________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)

  Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымның бағалы
қағаздарды ұстаушы жеке
тұлғалар, сондай-ақ жеке
тұлғалардың бағалы қағаздармен
жасаған мәмілелері туралы
қолда бар мәліметтерді ұсыну
қағидалары ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы

      __________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 14-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар беруді сұрайды

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ___________________________

      __________________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      20__ жылғы __ бастап 20__ жылғы __ дейін кезеңі үшін

      Сұрау салуды жіберу себептері _______________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының

      Басшысы (орынбасары)_____________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 488 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

20 __ жылғы "__" __ жағдайы бойынша бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы мәліметтер

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұйымның атауы ___________________________________________________________

      ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бағалы қағаздар түрі

Бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды)

Бағалы қағаздардың саны

Бағалы қағаздардың номиналдық құны (болған жағдайда), теңге

Инвестициялық пай қорының атауы

Басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Басқарушы компанияның атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      __________________________________________________________________________

      Мәліметтерді ұсынатын ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),

                        (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Орындаушының телефон нөмірі _____________________________________________

      Мәліметтерді ұсынатын ұйымның мекенжайы _________________________________

  "Бағалы қағаздарды ұстаушы-
жеке тұлғалар туралы
мәліметтер" нысанына
қосымша

"Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер" (бұдан әрі – Мәліметтер) нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда – бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда – бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда – Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 129-бабының 2-тармағына сәйкес 3-бағанда көрсетілген ұстаушысы жеке тұлға болып табылатын бағалы қағаздың түрі көрсетіледі;

      5-бағанда – бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды);

      6-бағанда – 4-бағанда көрсетілген түрдегі бағалы қағаздардың саны;

      7-бағанда – бағалы қағаздардың номиналдық құны (болған жағдайда), теңгемен (мәліметтерді жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша):

      2. Пайлар бойынша ақпарат ұсынылған жағдайда қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:

      8-бағанда – инвестициялық пай қорының атауы;

      9-бағанда – басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      10-бағанда – басқарушы компанияның атауы.

      3. Мәліметтер ұйымның басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 488 бұйрығына
3-қосымша
  нысан

20__ жылғы __ бастап 20__ жылғы __ дейін кезеңі үшін жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтер

      Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұйымның атауы ___________________________________________________________

      ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бағалы қағаздармен мәмілелер/
операциялар

Бағалы қағаздардың мәмілесінің немесе операциясының тіркелген уақыты мен күні

Контрагенттың жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Контрагенттың атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды)

Инвестициялық пай қорының атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Эмитенттің немесе басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Эмитенттің немесе басқарушы компанияның атауы

Саны

Мәміленің немесе операцияның мөлшері

Мәміленің немесе операцияның валютасы

Мәміленің немесе операцияның түрі

Орталық депозитарийідің ақша аудару белгісі

Биржада жасалған мәміленің белгісі

10

11

12

13

14

15

16

17









      __________________________________________________________________________

      Мәліметтерді ұсынатын ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),

                        (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Орындаушының телефон нөмірі _____________________________________________

      Мәліметтерді ұсынатын ұйымның мекенжайы _________________________________

  "Жеке тұлғалардың бағалы
қағаздармен жасаған мәмілелері
туралы мәліметтер" нысанына
қосымша

"Жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтер" нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда –мәлімет ұсынылып жатқан, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда – мәлімет ұсынылып жатқан, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда – бағалы қағаздармен мәміле ме, әлде операция өткізілгені көрсетіледі;

      5-бағанда – бағалы қағаздармен жүргізілген мәміленің немесе операция уақыты мен күні көрсетіледі;

      6-бағанда – контрагенттың жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      7-бағанда – контрагенттың атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

      8-бағанда – бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды);

      9-бағанда – инвестициялық пай қорының атауы көрсетіледі;

      10-бағанда – эмитенттің немесе басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      11-бағанда – эмитенттің немесе басқарушы компанияның атауы көрсетіледі;

      12-бағанда – бағалы қағаздардыңсаны көрсетіледі;

      13-бағанда – бағалы қағаздардың мөлшері көрсетіледі;

      14-бағанда – бағалы қағаздардың валютасы көрсетіледі;

      15-бағанда – мәміленің немесе операцияның түрі көрсетіледі;

      16-бағанда – Орталық депозитарийідің ақша аудару белгісі көрсетіледі. Егерде ақша аударымы Орталық депозитарийден жүзеге асырылса, онда "Y" таңбасы көрсетіледі, басқа жағдайларда "N" таңбасы көрсетіледі;

      17-бағанда – биржада жасалған мәміленің белгісі көрсетіледі. Егерде мәміле биржада жасалса, "Y" таңбасы көрсетіледі, басқа жағдайларда "N" таңбасы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 488 бұйрығына
4-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 17-тармағына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – сақтандыру ұйымы) жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну қағидаларын айқындайды.

2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну тәртібі

      2. Сақтандыру ұйымы Мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша ұсынады.

      3. Сақтандыру ұйымы Мәліметтерді осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желі бойынша берілетін деректердің қорғалуын, түпнұсқалығын растауды, тұтастығын тексеруді және шифрленуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде ұсынады және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы ұсынатын мәліметтер әрбір сақтандыру шарты (полисі) бөлігінде жеке ұсынылады.

      4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Мәліметтер электрондық түрде "Microsoft Excel" не "Microsoft Access" форматында ұсынылады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының, сақтандыру
брокерлерінің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдары филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент сақтандыру
брокерлері филиалдарының
жеке тұлғалар жасаған
сақтандыру шарттары жөніндегі
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
қосымша
  нысан

Мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы

      _________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 17-тармағына сәйкес жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді беруді сұрайды

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________________

      __________________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      20__ жылғы __ бастап 20__ жылғы __ дейін кезеңі үшін

      Сұрау салуды жіберу себептері ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының

      Басшысы (орынбасары)_____________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 488 бұйрығына
5-қосымша
  нысан

20__ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейін кезеңі үшін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтер

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.04.2021 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (сақтандыру брокерінің,

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері филиалының) атауы

      _______________________________________________________________________

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (сақтандыру брокерінің,

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері филиалының)

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Сақтандыру нысаны

Сақтандыру шарты (полисі)

Сақтандыру төлемі

Сақтандыру сыйлықақысы

Сатып алу сомасы

күні

нөмірі

күні

сомасы, теңге

күні

сомасы, теңге

күні

сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      __________________________________________________________________________

      Мәліметтерді ұсынатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы,

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы

      филиалы (сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру

      брокері филиалы) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Орындаушының телефон нөмірі _____________________________________

      Мәліметтерді ұсынатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы

      филиалының (сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-

      сақтандыру брокері филиалының) мекенжайы

      ____________________________________________________________________

  "Жеке тұлғалар жасаған
сақтандыру шарттары
туралы мәліметтер"
нысанына
қосымша

"Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтер" (бұдан әрі – Мәліметтер) нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда – сақтандыру нысаны (жинақтаушы немесе жинақтаушы емес) көрсетіледі;

      5-бағанда – сақтандыру шартының (полисінің) жасаған күні;

      6-бағанда – сақтандыру шартының (полисінің) нөмірі;

      7-бағанда – сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні;

      8-бағанда – сақтандыру төлемінің сомасы, теңгемен;

      9-бағанда – сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асыру күні;

      10-бағанда – сақтандыру сыйлықақысының сомасы, теңгемен;

      11-бағанда – сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленген сатып алу сомасын төлеу күні;

      12-бағанда – сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленген сатып алу сомасының мөлшері, теңгемен.

      2. Мәліметтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы (сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері филиалы) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.