ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 14 және 17-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 407 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14184 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15096 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі |
А. Смаилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығына 1-қосымша |
Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 14-тармағына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - ұйым) бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) ұсыну қағидаларын айқындайды.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2. Ұйым мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша ұсынады.
3. Ұйым мәліметтерді осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желі бойынша берілетін деректердің қорғалуын, түпнұсқалығын растауды, тұтастығын тексеруді және шифрленуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде ұсынады және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Мәліметтер электрондық түрде "Microsoft Excel" не "Microsoft Access" форматында ұсынылады.
Бағалы қағаздарды ұстаушы- жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы
25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының
14-тармағына сәйкес жеке тұлғалар-бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы қолда бар
мәліметтерді беруді сұрайды
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)__________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________
20__ жылғы "__" __ жағдайы бойынша
Сұрау салуды жіберу себептері _____________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органының
Басшысы (орынбасары) ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығына 2-қосымша |
|
нысан |
20 __ жылғы "__" __ жағдайы бойынша бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер
Ұйымның атауы ____________________________________________________________
ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________
№ | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Бағалы қағаздар түрі | Бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды) | Бағалы қағаздардың саны | Бағалы қағаздардың номиналдық құны (болған жағдайда), теңге | Инвестициялық пай қорының атауы | Басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Басқарушы компанияның атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
________________________________________________________________________________
Мәліметтерді ұсынатын ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
(электрондық цифрлық қолтаңба)
Орындаушының телефон нөмірі ____________________________________________________
Мәліметтерді ұсынатын ұйымның мекенжайы ________________________________________
"Бағалы қағаздарды ұстаушы- жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер" нысанына қосымша |
"Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. "Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер" (бұдан әрі - Мәліметтер) нысаны мынадай деректерді қамтиды:
1-бағанда - жолдың реттік нөмірі;
2-бағанда - бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
3-бағанда - бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4-бағанда - Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 129-бабының 2-тармағына сәйкес 3-бағанда көрсетілген ұстаушысы жеке тұлға болып табылатын бағалы қағаздың түрі көрсетіледі;
5-бағанда - бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды);
6-бағанда - 4-бағанда көрсетілген түрдегі бағалы қағаздардың саны;
7-бағанда - бағалы қағаздардың номиналдық құны (болған жағдайда), теңгемен (мәліметтерді жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша).
2. Пайлар бойынша ақпарат ұсынылған жағдайда қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:
8-бағанда - инвестициялық пай қорының атауы;
9-бағанда - басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
10-бағанда - басқарушы компанияның атауы.
3. Мәліметтер ұйымның басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығына 3-қосымша |
Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 17-тармағына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың, сақтандыру брокерлердің (бұдан әрі - сақтандыру ұйымы) жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) ұсыну қағидаларын айқындайды.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2. Сақтандыру ұйымы мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша ұсынады.
3. Сақтандыру ұйымы мәліметтерді осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желі бойынша берілетін деректердің қорғалуын, түпнұсқалығын растауды, тұтастығын тексеруді және шифрленуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде ұсынады және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы ұсынатын мәліметтер әрбір сақтандыру шарты (полисі) бөлігінде жеке ұсынылады.
4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Мәліметтер электрондық түрде "Microsoft Excel" не "Microsoft Access" форматында ұсынылады.
Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы
25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының
17-тармағына сәйкес жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді
беруді сұрайды жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ____________________
жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________
20__ жылғы __ бастап 20__ жылғы __ дейін кезеңі үшін
Сұрау салуды жіберу себептері _____________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органының
Басшысы (орынбасары) ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығына 4-қосымша |
|
нысан |
20__ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейін кезеңі үшін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары туралы мәліметтер
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру брокердің) атауы
________________________________________________________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру брокердің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
№ | Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Сақтандыру нысаны | Сақтандыру шарты (полисі) | Сақтандыру төлемі | Сақтандыру сыйлықақысы | Сатып алу сомасы | ||||
Күні | Нөмірі | Күні | Сомасы, теңге | Күні | Сомасы, теңге | Күні | Сомасы, теңге | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
________________________________________________________________________________
Мәліметтерді ұсынатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру брокері)
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), (электрондық цифрлық қолтаңба)
Орындаушының телефон нөмірі ____________________________________________________
Мәліметтерді ұсынатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру брокердің)
мекенжайы ______________________________________________________________________
"Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. "Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары туралы мәліметтер" (бұдан әрі - Мәліметтер) нысаны мынадай деректерді қамтиды:
1-бағанда - жолдың реттік нөмірі;
2-бағанда - жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
3-бағанда - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4-бағанда - сақтандыру нысаны (жинақтаушы немесе жинақтаушы емес) көрсетіледі;
5-бағанда - сақтандыру шартының (полисінің) жасаған күні;
6-бағанда - сақтандыру шартының (полисінің) нөмірі;
7-бағанда - сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні;
8-бағанда - сақтандыру төлемінің сомасы, теңгемен;
9-бағанда - сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асыру күні;
10-бағанда - сақтандыру сыйлықақысының сомасы, теңгемен;
11-бағанда - сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленген сатып алу сомасын төлеу күні;
12-бағанда - сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленген сатып алу сомасының мөлшері, теңгемен.
2. Мәліметтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру брокері) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.