"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 мамырда № 20610 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызметтерді ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы
№ 27 бұйрығымен
бекітілген

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметтің көрсетілетін тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1 және 2 – қосымшаларға сәйкес нысан бойынша "жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш береді: www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Электрондық тіркеу тіркеуші органға құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі арқылы түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 26.04.2021 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты не көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттамалары сервисінен электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі қамтылған мәліметтермен тексереді (сәйкестендіру үшін).

      Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолының төлнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеруге міндетті.

      Мәмілені жасаған қол қоюшылардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) түпнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру рәсімінің аяқталуын растау көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің шарт даналарына белгі қоюы және қол қоюы болып табылады.

      Осы Қағидаларға сәйкес құжаттар топтамасы толық қабылданбаған немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде қабылдау және беру бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтіні және оны сәйкестендіру мерзімі туралы хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Cтандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабардар етеді.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгіне алады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы қолдаухатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.07.2021 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәмілені мемлекеттік тіркеу жағдайында қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Жеделдетілген тәртіппен электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жүргізіледі.

      Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 755 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Нотариус электрондық тіркеуді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға БНАЖ-де берілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі және жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркегені үшін төлем мөлшері туралы ақпарат беріледі.

      Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметке ақы төлегеннен кейін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЖМТ МДҚ) чектің деректемелері жіберіледі, сондай-ақ қызмет алушының "Электрондық үкімет" веб-порталындағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, ол ЖМТ МДҚ-детөлем расталған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын), сондай-ақ бұрын туындаған құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) қоспағанда, тіркеу кезінде оларға ұсынылған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі керек жылжымайтын мүлікке және басқа да мемлекеттік тіркеу объектілеріне құқықтардың (құқық ауыртпалықтарын) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттарға құқықтық талдау жүргізеді.

      7. Стандартта көрсетілген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатылады.

      Бұл ретте мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжат берілген кезге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ), мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (болған кезде) тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоятын, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      БНАЖ арқылы электрондық тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші жүргізілген тіркеу туралы хабарламаны, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты көрсетілетін қызметті беруші басшысының БНАЖ – да электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (бар болса) жібереді.

      Нотариалды куәландырылмаған мәмілелерді (сатып алу-сату, сыйға тарту және беру шарттары) электрондық тіркеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші жүргізілген тіркеу туралы хабарламаны не Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында береді, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (бар болса) жібереді.

      Объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды қабылдау және тіркеу кезінде нәтижесі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы белгісі бар жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжат (жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау актісі) не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоятын,Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сатысындағы мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 59-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

  "Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
ережелеріне
1-қосымша
  Нысаны

___________________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы) Жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) бұдан әрі – Т.А.Ә)___________________

      _____________________________________________________________________

      ЖСН және тұратын жері ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: түрі_________, сериясы_____________,

      №_________ Берілді__________________________________, берілген күні

      (егер өтініш беруші біреуден артық болса, ақпаратты қайталау)

      ______________________________________________________________________

      _________________________________________________________ негізінде

                  (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      ___________________________________________ атынан іс-әрекет ететін

                  (уәкілетті өкіл толтырады)

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың

      /пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуын/ (керегінің астын сызу)

      тіркеуді сұраймын (сұраймыз).

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Төленгені туралы құжат: түрі_______№_____ сомасы__________теңге;

      2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат_______________________

      ____________________________________________________________________

                  (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      3. Некеде тұрғанын немесе тұрмағанын растайтын мәліметтер ______________

      ____________________________________________________________________

      меншік иесі туралы мәліметтер қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны

      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген

      мөлшерден аса ма Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      ________________/__________________/________________________________

      (күні) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Өтініш берген күні:____________20__ж. Уақыты______сағ____________мин

      Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі______________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерілді: күні ________________ 20 __ж.

      ____________________________________________________________________

                        (тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" _______________ ________(қолы)

  "Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
ережелеріне
2-қосымша
  Нысаны

___________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы) Заңды тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтарды ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш

      Заңды тұлғаның толық атауы_________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі________________, БСН: ________________

      Заңды мекенжайы ____________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә) басшысының немесе

      уәкілетті өкілдің__________________________________________________

      _________________________________________________________ негізінде

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________ атынан ісәрекет ететін

                  (уәкілетті өкіл толтырады)

      мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың

      /пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуы/ (керегінің астын сызу)

      тіркеуді сұраймын (сұраймыз).

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Ақы төленгені туралы құжат: түрі________№______ сомасы ____ теңге

      2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат______________________

      ____________________________________________________________________

                        (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      Меншік иесі туралы мәлімет қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны

      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген

      мөлшерден асып кетеді ме Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      ___________/_____________________________/__________________________

      (күні) (басшысының немесе уәкілетті өкілдің қолы) (Т.А.Ә.)

      ___________________________________________________________________

      (өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Өтініш берген күн: ___________ 20__ж. Уақыты_______сағ_______ мин

      Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі___________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерілді: күні _________________ 20 __ж.

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. және өтініш қабылдаған маманның қолы)

      Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететіндігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" _______________ ________ (қолы)

  "Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
ережелеріне
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.04.2021 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2021 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары)


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ;

электрондық үкіметтің веб-порталы: www.egov.kz.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
нотариаттық куәландырылмаған мәмілелерді, сондай-ақ ауыртпалықтардың және заңдық талаптардың тоқтатылуын қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерінің туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады;
нотариалды куәландырылмаған мәмілені, сондай-ақ ауыртпалықтардың және заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілген мерзім үш жұмыс күні ішінде электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы Төлем расталғаннан кейін есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут.
Мемлекеттік қызмет келесі жағдайларда бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатылады:
1) сотқа берілген талап қою және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заң бұзушылық жойылғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес жүргізіледі;
3) "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады";
4) Егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмаса, өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;
5) Егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмаса, мемлекеттік органдардан осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін;
6) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін кері қайтарып алуға құқылы.
7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін ақы толық төленбеген кезде;
8) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе адамды ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе, тоқтатыла тұрады.
Электрондық тіркеу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылмайды.

4

Мемлекеттік қызмет нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

4-1.

Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі

1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде жібереді:
1) объект орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне-объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін ұсынады
2) объект орналасқан жердегі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жібереді.
2. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауына салыстырып тексеру жүргізеді және пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына және тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
Сәйкессіздік болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді.
Бұзушылықтар анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік шараларын қолданады.
Бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
3) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
ЭҮП/БНАЖ арқылы жүгінген кезде:
1) жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Мемлекеттік тіркеуге төлемақы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" бұйрығымен белгіленген тарифтерге сәйкес алынады.
1. Меншік құқығының, шаруашылық жүргізудің, жедел басқарудың, сенімгерлік басқарудың, кепілзаттың, жалдаудың, пайдаланудың пайда болуын тіркеу үшін (сервитуттардан басқа):
1) пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осындай объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға - 1 073,7;
2) көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа - 17 178,6;
3) гараждарға - 1 073,7;
4) тұрғын емес мүлік кешендерінде (ғимараттар, құрылыстар, құрылыстар), соның ішінде:
- бір объектіні- 21 473,2;
- екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілерді- 32 209,8;
- алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілерді- 42 946,4;
- оннан көп жеке тұрған объектілерді қамтитын тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар) меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқықтарының туындауын тіркегені үшін- 53 683,0.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:
- көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осындай объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа, тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқықтарының туындауын тіркегені үшін - 2 147,3.
3. Жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркегені үшін - 1 073,7.
4. Сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін - 1 073,7.
5. Кондоминиум объектісін тіркегені үшін - 2 147,3.
6. Ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін - 536,8;
7. Құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін тіркегені үшін - 536,8.
8. Жылжымайтын мүліктің жойылуына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартуға байланысты және құқығының ауысуымен байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін - 536,8.
9. Құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін - 536,8.
10. Міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқығын басқаға беруді тіркегені үшін - 536,8.
11. Құқықтың туындауына (құқық ауыртпалығына) негізі болып табылатын шарт талабының немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін - 536,8.
12. Жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін - 1 073,7.
13. Заңдық талаптарды тіркегені үшін - 536,8.
14. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салатын (өндіретін) жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын тіркегені үшін - 0,0.
15. Республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін - 0,0.
16. Жылжымайтын мүлікке бұрын туындаған құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жүйелі тіркегені үшін - 0,0.
17. Мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлері өзгерген кезде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін тіркегені үшін - 0,0.
18. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін - 536,8.

7

Жұмыс кестесі

1) Қызметті берушінің қабылдау және қызмет нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньға қоюға болады, бұл ретте құжаттарды қабылдау кедергісіз қызмет көрсету арқылы операция залында жүзеге асырылады;
2) электрондық тіркеу кезінде БНАЖ арқылы нотариустың жұмыс кестесіне сәйкес.
3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар не олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариат тәртібімен куәландырылған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.
Ортақ үлестік меншік құқығының (өзге де жалпы құқықтың) туындауын, өзгеруін, тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар (уәкілетті өкілдер) береді.
2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынады.
Жер учаскесіне құқық (ауыртпалық) тіркелген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады);
3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжат.
Құқықтар (ауыртпалықтар) шарт немесе өзге де мәміле негізінде туындаған жағдайларда, оларды нотариат куәландырмаған кезде өтінішті мәміленің барлық қатысушылары белгіленген тәртіппен береді.
Банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілдің туындауы мен өзгеруін тіркеуге өтінішті кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы береді. Кепіл ұстаушы өтініш берген жағдайда, мұндай тіркеуге кепіл берушінің нотариат куәландырған келісімі талап етіледі.
Екінші деңгейдегі банктер жасасатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу мынадай тәртіппен жүргізілуі мүмкін:
Екінші деңгейдегі банк Жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасасқаннан кейін:
мәмілеге қатысушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымайтын мүлік кепілі шартының электрондық көшірмесін Екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жібереді;
өтініш берушіні (өтініш берушінің уәкілетті өкілін) жылжымайтын мүлік кепілі шартының Екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесі берген бірегей нөмірі туралы хабардар етеді;
өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ЭҮТШ арқылы мемлекеттік тіркеу үшін төлемді мемлекеттік тіркеу үшін төлем төлеушінің деректерін және жылжымайтын мүлік кепілі шартының бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, ақы төлеуді жүргізеді.
Жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін жүргізілген төлемнен кейін чектің деректемелері (төлемнің бірегей коды, төлем алушының атауы, Екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, төлем сомасы, төлеу күні мен уақыты, жылжымайтын мүлік кепілі шартының бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-да сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі.;
Тіркеуші орган:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-да жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін төлемді, төлемнің толықтығын және электрондық чекте және жылжымайтын мүлік кепілі шартының электрондық көшірмесінде көрсетілген жылжымайтын мүлік кепілі шартының бірегей нөмірінің сәйкестігін растайтын электрондық чектің болуын тексереді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені расталған жағдайда, жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге келіп түскен құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексереді;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тіркеуші орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы жазба енгізеді.
Екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесіне заңнамада көзделген негіздерді көрсете отырып, жүргізілген тіркеу не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді;
тіркеу ісінде сақтау үшін жылжымайтын мүлік кепіл шартын, жүргізілген тіркеу туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде кепілдің туындауы мен өзгеруін тіркеуге өтінішті кепіл берушінің келісімінсіз осындай тіркеуге құқық (талап ету) берілген кепіл ұстаушы береді.
Неке шарты болған кезде осы Шарт екі данада ұсынылады, оның біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.
Деректері құқық белгілейтін құжатта қамтылмаған басқа жұбайдың құқықтарын тіркеу үшін "неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұру фактісінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетеді.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде өзгерістерді тіркеу туралы өтінішті осындай өзгерістер жататын құқық иесі береді.
Бұл ретте заңды тұлғалар, сондай-ақ:
құрылтай құжаттары;
"Акционерлік қоғамдар туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда, жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен шығаруға құрылтайшылар (қатысушылар, Директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының хаттамалары (олардан үзінді көшірмелер).
Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады.
Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететіні туралы мәліметтер қамтылса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.
Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.
Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың түпнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай құжаттың куәландырылған екі көшірмесі ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Құжаттарды ЭҮП арқылы берген жағдайда өтініш беруші электрондық өтінімнің белгіленген нысанын толтырады, сканерленген құжаттарды тіркейді осы стандарттардың 8-тармағына сәйкес электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем жүргізеді

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері арасындағы сәйкессіздік, жылжымайтын мүлікке құқық немесе ауыртпалық құқығы немесе басқа тіркеу объектілері немесе олардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы негіздер заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
2) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізіміне енгізілген болса;
3) сәулет және қала құрылысы, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарынан тиісті ақпарат негізінде құрылыс жобаларының Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі туралы;
4) өтініш беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде, егер мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде қажетті құжаттар ұсынылмаған болса;
5) заң талаптарына сәйкес келмейтін нысан мен мазмұн бойынша құжаттарды тіркеуге тапсырған кезде;
6) Заңның 31-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеудің объектісін мемлекеттік тіркеуге кедергі келтіретін ауыртпалықтар болған кезде;
7) заңды күшіне енген сот актісі негізінде;
8) егер тіркеуді тоқтата тұру кезеңінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылмаса;
9) егер бұрын туындаған құқық, ол туындаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмесе, егер тіркеу объектісі осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты беру, өзгерту, тоқтату немесе белгілеу болса;
10) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеуге өтініш берген кезде, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын тіркеуді және тиісті саланың уәкілетті органын жалға алу құқығын тіркеуді қоспағанда.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
ережелеріне
4-қосымша
  Нысаны
  (Т.А.Ә. (болған жағдайда -
әкесінің аты)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)
___________________
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.

      Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

      Телефоны ______________________

      Алдым: ______________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының / Т.А.Ә.қолы

      20___ жылғы "___" ____________