"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызметтерді ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген |
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметтің көрсетілетін тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1 және 2 – қосымшаларға сәйкес нысан бойынша "жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш береді: www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық тіркеу тіркеуші органға құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі арқылы түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 26.04.2021 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты не көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттамалары сервисінен электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі қамтылған мәліметтермен тексереді (сәйкестендіру үшін).
Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолының төлнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеруге міндетті.
Мәмілені жасаған қол қоюшылардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) түпнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру рәсімінің аяқталуын растау көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің шарт даналарына белгі қоюы және қол қоюы болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы қолдаухатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәмілені мемлекеттік тіркеу жағдайында қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жеделдетілген тәртіппен электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жүргізіледі.
Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 755 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Нотариус электрондық тіркеуді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға БНАЖ-де берілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі және жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркегені үшін төлем мөлшері туралы ақпарат беріледі.
Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметке ақы төлегеннен кейін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЖМТ МДҚ) чектің деректемелері жіберіледі, сондай-ақ қызмет алушының "Электрондық үкімет" веб-порталындағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, ол ЖМТ МДҚ-детөлем расталған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын), сондай-ақ бұрын туындаған құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) қоспағанда, тіркеу кезінде оларға ұсынылған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі керек жылжымайтын мүлікке және басқа да мемлекеттік тіркеу объектілеріне құқықтардың (құқық ауыртпалықтарын) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттарға құқықтық талдау жүргізеді.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тоқтата тұру бір айдан аспайтын мерзімге мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейін;
3) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
4) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, өтініш берушінің осы Заңның 21-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;
5) мемлекеттік органдардан, егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына байланысты түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін;
6) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін;
7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы толық төленбеген кезде;
8) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы немесе тұлғаның ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе, тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып хабарлама жібереді.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжат берілген кезге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.
Егер тіркеуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуден бас тарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы алдын ала шешім жөнінде хабардар етеді.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны жөнінде хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоятын, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
БНАЖ арқылы электрондық тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші жүргізілген тіркеу туралы хабарламаны, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты көрсетілетін қызметті беруші басшысының БНАЖ – да электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (бар болса) жібереді.
Нотариалды куәландырылмаған мәмілелерді (сатып алу-сату, сыйға тарту және беру шарттары) электрондық тіркеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші жүргізілген тіркеу туралы хабарламаны не Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында береді, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (бар болса) жібереді.
Объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды қабылдау және тіркеу кезінде нәтижесі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы белгісі бар жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжат (жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау актісі) не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоятын,Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сатысындағы мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарауды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелеріне 1-қосымша |
|
Нысаны |
___________________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы) Жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш
(Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) бұдан әрі – Т.А.Ә)___________________
_____________________________________________________________________
ЖСН және тұратын жері ________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі_________, сериясы_____________,
№_________ Берілді__________________________________, берілген күні
(егер өтініш беруші біреуден артық болса, ақпаратты қайталау)
______________________________________________________________________
_________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
___________________________________________ атынан іс-әрекет ететін
(уәкілетті өкіл толтырады)
____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың
/пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуын/ (керегінің астын сызу)
тіркеуді сұраймын (сұраймыз).
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Төленгені туралы құжат: түрі_______№_____ сомасы__________теңге;
2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат_______________________
____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
3. Некеде тұрғанын немесе тұрмағанын растайтын мәліметтер ______________
____________________________________________________________________
меншік иесі туралы мәліметтер қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген
мөлшерден аса ма Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
________________/__________________/________________________________
(күні) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған кезде)
____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтініш берген күні:____________20__ж. Уақыты______сағ____________мин
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі______________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні ________________ 20 __ж.
____________________________________________________________________
(тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)
Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы "___" _______________ ________(қолы)
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелеріне 2-қосымша |
|
нысан |
_______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _____________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы) Заңды тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтарды ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Заңды тұлғаның толық атауы_________________________________________
Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі________________, БСН: ________________
Заңды мекенжайы ____________________________________________________
(Т.А.Ә.(болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә) басшысының немесе
уәкілетті өкілдің__________________________________________________
_________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________ атынан ісәрекет ететін
(уәкілетті өкіл толтырады)
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың
/пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуы/ (керегінің астын сызу)
тіркеуді сұраймын (сұраймыз).
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Ақы төленгені туралы құжат: түрі________№______ сомасы ____ теңге
2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат______________________
____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Меншік иесі туралы мәлімет қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген
мөлшерден асып кетеді ме Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
___________/_____________________________/__________________________
(күні) (басшысының немесе уәкілетті өкілдің қолы) (Т.А.Ә.)
___________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтініш берген күн: ___________ 20__ж. Уақыты_______сағ_______ мин
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі___________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні _________________ 20 __ж.
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. және өтініш қабылдаған маманның қолы)
Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететіндігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ "___" ________ 20__ ж.
(қолы)
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелеріне 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.04.2021 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2021 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызмет стандарты | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары) | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ; электрондық үкіметтің веб-порталы: www.egov.kz. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызмет нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. |
4-1. | Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі |
1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде жібереді: |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері |
Мемлекеттік тіркеуге төлемақы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" бұйрығымен белгіленген тарифтерге сәйкес алынады. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Қызметті берушінің қабылдау және қызмет нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері арасындағы сәйкессіздік, жылжымайтын мүлікке құқық немесе ауыртпалық құқығы немесе басқа тіркеу объектілері немесе олардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы негіздер заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефоны ______________________
Алдым: ______________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының / Т.А.Ә.қолы
20___ жылғы "___" ____________