"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 мамырда № 20610 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызметтерді ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы
№ 27 бұйрығымен
бекітілген

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметтің көрсетілетін тәртібін айқындайды "электрондық үкіметтің" www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)

      2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар осы Ережелерге 1 және 2-қосымшадағы нысан бойынша"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің "электрондық үкімет"веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.

      Электрондық тіркеу кезінде қызмет бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - БНАЖ) арқылы көрсетіледі.

      4. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсетілген нәтижесін қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескеретін өзге де ақпараттар Стандартта берілген.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау кезінде, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Бұл жағдайда, егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаса, көрсетілетін қызметті беруші осы Ережелердің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат беру арқылы құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық пакеті ұсынылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      5. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәмілені мемлекеттік тіркеу жағдайында қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      6. Нотариус электрондық тіркеуді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға БНАЖ-де берілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі және жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркегені үшін төлем мөлшері туралы ақпарат беріледі.

      Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметке ақы төлегеннен кейін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЖМТ МДҚ) чектің деректемелері жіберіледі, сондай-ақ қызмет алушының "Электрондық үкімет" веб-порталындағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, ол ЖМТ МДҚ-детөлем расталған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын), сондай-ақ бұрын туындаған құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) қоспағанда, тіркеу кезінде оларға ұсынылған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі керек жылжымайтын мүлікке және басқа да мемлекеттік тіркеу объектілеріне құқықтардың (құқық ауыртпалықтарын) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттарға құқықтық талдау жүргізеді.

      7. Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет бір айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.

      Бұл жағдайда мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды алған сәттен бастап құжат берілгенге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеудің мерзімі аяқталуынан кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

      8. Тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құжат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру,немесе Стандарттың 9 тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған дәлелді жауап беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болады.

      БНАЖ арқылы электрондық тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші тіркеу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық-цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі дәлелді жауапты БНАЖ-ға жолдайды, сондай-ақ, мәміле тараптарының электрондық мекенжайларына болған жағдайда жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 59-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

  "Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
ережелеріне
1-қосымша
  Нысаны

___________________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы) Жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) бұдан әрі – Т.А.Ә)___________________

      _____________________________________________________________________

      ЖСН және тұратын жері ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: түрі_________, сериясы_____________,

      №_________ Берілді__________________________________, берілген күні

      (егер өтініш беруші біреуден артық болса, ақпаратты қайталау)

      ______________________________________________________________________

      _________________________________________________________ негізінде

                  (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      ___________________________________________ атынан іс-әрекет ететін

                  (уәкілетті өкіл толтырады)

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың

      /пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуын/ (керегінің астын сызу)

      тіркеуді сұраймын (сұраймыз).

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Төленгені туралы құжат: түрі_______№_____ сомасы__________теңге;

      2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат_______________________

      ____________________________________________________________________

                  (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      3. Некеде тұрғанын немесе тұрмағанын растайтын мәліметтер ______________

      ____________________________________________________________________

      меншік иесі туралы мәліметтер қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны

      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген

      мөлшерден аса ма Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      ________________/__________________/________________________________

      (күні) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Өтініш берген күні:____________20__ж. Уақыты______сағ____________мин

      Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі______________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерілді: күні ________________ 20 __ж.

      ____________________________________________________________________

                        (тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" _______________ ________(қолы)

  "Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
ережелеріне
2-қосымша
  Нысаны

___________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы) Заңды тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтарды ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш

      Заңды тұлғаның толық атауы_________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі________________, БСН: ________________

      Заңды мекенжайы ____________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә) басшысының немесе

      уәкілетті өкілдің__________________________________________________

      _________________________________________________________ негізінде

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________ атынан ісәрекет ететін

                  (уәкілетті өкіл толтырады)

      мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың

      /пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуы/ (керегінің астын сызу)

      тіркеуді сұраймын (сұраймыз).

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Ақы төленгені туралы құжат: түрі________№______ сомасы ____ теңге

      2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат______________________

      ____________________________________________________________________

                        (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      Меншік иесі туралы мәлімет қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны

      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген

      мөлшерден асып кетеді ме Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      ___________/_____________________________/__________________________

      (күні) (басшысының немесе уәкілетті өкілдің қолы) (Т.А.Ә.)

      ___________________________________________________________________

      (өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Өтініш берген күн: ___________ 20__ж. Уақыты_______сағ_______ мин

      Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі___________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерілді: күні _________________ 20 __ж.

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. және өтініш қабылдаған маманның қолы)

      Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететіндігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" _______________ ________ (қолы)

  "Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
ережелеріне
3-қосымша

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары)


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ;

электрондық үкіметтің веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының қызметті берушіге жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
жылжымайтын мүлікке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу бойынша, нотариалды расталмаған шарттарды қоспағанда - қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді;
нотариаттық куәландырылмаған мәміле бойынша мемлекеттік тіркеу бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;
3) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес, құжаттарды өтініш беруші мемлекеттік тіркеуге ұсыну үшін, егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса;
5) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты осы органдардан түсініктемелер алу немесе қажетті ақпарат сұратып алу үшін;
6) құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады;
7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін толық емес төлеу кезінде;
8) егер, үш жұмыс күн ішінде құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен сәттен бастап, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін немесе тұлғаны төлеуден босату үшін төлемнің расталуы түспеген жағдайда.
Электрондық тіркеу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрмайды.

4

Мемлекеттік қызмет нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады;
3) көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту.
БНАЖ арқылы:
1) электрондық тіркеу үшін жүргізілген тіркеу туралы хабарламаны жібереді;
2) көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Мемлекеттік тіркеуге төлемақы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" бұйрығымен белгіленген тарифтерге сәйкес алынады.
1. Меншік құқығының, шаруашылық жүргізудің, жедел басқарудың, сенімгерлік басқарудың, кепілзаттың, жалдаудың, пайдаланудың пайда болуын тіркеу үшін (сервитуттардан басқа):
1) пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осындай объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға - 1 073,7;
2) көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа - 17 178,6;
3) гараждарға - 1 073,7;
4) тұрғын емес мүлік кешендерінде (ғимараттар, құрылыстар, құрылыстар), соның ішінде:
- бір объектіні- 21 473,2;
- екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілерді- 32 209,8;
- алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілерді- 42 946,4;
- оннан көп жеке тұрған объектілерді қамтитын тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар) меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқықтарының туындауын тіркегені үшін- 53 683,0.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:
- көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осындай объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа, тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқықтарының туындауын тіркегені үшін - 2 147,3.
3. Жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркегені үшін - 1 073,7.
4. Сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін - 1 073,7.
5. Кондоминиум объектісін тіркегені үшін - 2 147,3.
6. Ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін - 536,8;
7. Құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін тіркегені үшін - 536,8.
8. Жылжымайтын мүліктің жойылуына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартуға байланысты және құқығының ауысуымен байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін - 536,8.
9. Құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін - 536,8.
10. Міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқығын басқаға беруді тіркегені үшін - 536,8.
11. Құқықтың туындауына (құқық ауыртпалығына) негізі болып табылатын шарт талабының немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін - 536,8.
12. Жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін - 1 073,7.
13. Заңдық талаптарды тіркегені үшін - 536,8.
14. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салатын (өндіретін) жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын тіркегені үшін - 0,0.
15. Республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін - 0,0.
16. Жылжымайтын мүлікке бұрын туындаған құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жүйелі тіркегені үшін - 0,0.
17. Мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлері өзгерген кезде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін тіркегені үшін - 0,0.
18. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін - 536,8.

7

Жұмыс кестесі

1) Қызметті берушінің қабылдау және қызмет нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньға қоюға болады, бұл ретте құжаттарды қабылдау кедергісіз қызмет көрсету арқылы операция залында жүзеге асырылады;
2) электрондық тіркеу кезінде БНАЖ арқылы нотариустың жұмыс кестесіне сәйкес.
3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережелерге 1 және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі мемлекеттік жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) тіркеу туралы өтінішті.
Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар немесе олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариалды тәртіппен куәландырылған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.
Ортақ үлестік меншік құқығының (өзге ортақ құқықтың) туындауын, өзгеруін, немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде барлық қатысушылар (уәкілетті өкілдер) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілуі тиіс.
2) Тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс.
Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады;
3) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Құқық (құқық ауыртпалықтары) шарты негізінде пайда болатын немесе өзге де нотариат куәландырмаған мәміле болған жағдайда, оларды белгіленген тәртіппен барлық қатысушылары өтініш беруге тиіс.
Банктік қарыз шартын қамтамасыз етудегі кепілдің басталуын және өзгеруін тіркеу үшін берілетін өтінішті, кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы береді. Өтінішті кепіл ұстаушы берген жағдайда, ондай тіркеуге кепіл берушінің нотариалды куәландырылған келісімі талап етіледі.
Талап ету құқықтарын беру (талаптар) кезінде, жылжымайтын мүлік кепіл шарттар бойынша, кепілдің басталуына және өзгеруін тіркеуге кепіл берушінің келісімінсіз құқықтары (талаптары) оған берілген кепіл ұстаушымен өтініш беріледі.
Неке шарты болған кезде, мұндай шарт екі данада беріледі, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.
Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді немесе неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе заңды тұлғаның атауы, тіркеу нөмірі өзгерген кезде өзгерістерді тіркеу туралы өтінішті осындай өзгерістер жататын құқық иеленуші береді.
- заңды тұлғалар құрылтай құжаттарында ұсынады;
- "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда құрылтайшылардың (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға жиналыстарының хаттамалары (олардан үзінді көшірмелер) ұсынылады;
- шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тілдегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады.
Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететіні туралы мәліметтер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.
Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.
Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың төлнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай екі көшірмесі беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері арасындағы сәйкессіздік, жылжымайтын мүлікке құқық немесе ауыртпалық құқығы немесе басқа тіркеу объектілері немесе олардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы негіздер заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
2) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізіміне енгізілген болса;
3) сәулет және қала құрылысы, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарынан тиісті ақпарат негізінде құрылыс жобаларының Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі туралы;
4) өтініш беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде, егер мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде қажетті құжаттар ұсынылмаған болса;
5) заң талаптарына сәйкес келмейтін нысан мен мазмұн бойынша құжаттарды тіркеуге тапсырған кезде;
6) Заңның 31-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеудің объектісін мемлекеттік тіркеуге кедергі келтіретін ауыртпалықтар болған кезде;
7) заңды күшіне енген сот актісі негізінде;
8) егер тіркеуді тоқтата тұру кезеңінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылмаса;
9) егер бұрын туындаған құқық, ол туындаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмесе, егер тіркеу объектісі осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты беру, өзгерту, тоқтату немесе белгілеу болса;
10) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеуге өтініш берген кезде, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын тіркеуді және тиісті саланың уәкілетті органын жалға алу құқығын тіркеуді қоспағанда.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттіккорпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан 1414, 88000807777 Біріңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алады.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 5-тарауда жекелеген құқық түрлерін мемлекеттік тіркеу ерекшеліктері қарастырылған.

  "Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
ережелеріне
4-қосымша
  Нысаны
  (Т.А.Ә. (болған жағдайда -
әкесінің аты)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)
___________________
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті берушіСіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.

      Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

      Телефоны ______________________

      Алдым: ______________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының / Т.А.Ә.қолы

      20___ жылғы "___" ____________