"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызметтерді ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген |
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметтің көрсетілетін тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1 және 2 – қосымшаларға сәйкес нысан бойынша "жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш береді: www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық тіркеу тіркеуші органға құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі арқылы түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 26.04.2021 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолының төлнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеруге міндетті.
Мәмілені жасаған қол қоюшылардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) түпнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру рәсімінің аяқталуын растау көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің шарт даналарына белгі қоюы және қол қоюы болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Ережелердің 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бере отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы қолдаухатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәмілені мемлекеттік тіркеу жағдайында қызметті берушіге өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 26.04.2021 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Нотариус электрондық тіркеуді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға БНАЖ-де берілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі және жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркегені үшін төлем мөлшері туралы ақпарат беріледі.
Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметке ақы төлегеннен кейін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЖМТ МДҚ) чектің деректемелері жіберіледі, сондай-ақ қызмет алушының "Электрондық үкімет" веб-порталындағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, ол ЖМТ МДҚ-детөлем расталған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын), сондай-ақ бұрын туындаған құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) қоспағанда, тіркеу кезінде оларға ұсынылған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі керек жылжымайтын мүлікке және басқа да мемлекеттік тіркеу объектілеріне құқықтардың (құқық ауыртпалықтарын) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттарға құқықтық талдау жүргізеді.
7. Стандартта көрсетілген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатылады.
Бұл ретте мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжат берілген кезге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ), мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (болған кезде) тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоятын, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
БНАЖ арқылы электрондық тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші жүргізілген тіркеу туралы хабарламаны, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты көрсетілетін қызметті беруші басшысының БНАЖ – да электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (бар болса) жібереді.
Нотариалды куәландырылмаған мәмілелерді (сатып алу-сату, сыйға тарту және беру шарттары) электрондық тіркеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші жүргізілген тіркеу туралы хабарламаны не Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында береді, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (бар болса) жібереді.
Объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды қабылдау және тіркеу кезінде нәтижесі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы белгісі бар жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжат (жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау актісі) не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоятын,Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сатысындағы мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
10. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 59-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелеріне 1-қосымша |
|
Нысаны |
___________________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы) Жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш
(Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) бұдан әрі – Т.А.Ә)___________________
_____________________________________________________________________
ЖСН және тұратын жері ________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі_________, сериясы_____________,
№_________ Берілді__________________________________, берілген күні
(егер өтініш беруші біреуден артық болса, ақпаратты қайталау)
______________________________________________________________________
_________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
___________________________________________ атынан іс-әрекет ететін
(уәкілетті өкіл толтырады)
____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың
/пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуын/ (керегінің астын сызу)
тіркеуді сұраймын (сұраймыз).
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Төленгені туралы құжат: түрі_______№_____ сомасы__________теңге;
2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат_______________________
____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
3. Некеде тұрғанын немесе тұрмағанын растайтын мәліметтер ______________
____________________________________________________________________
меншік иесі туралы мәліметтер қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген
мөлшерден аса ма Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
________________/__________________/________________________________
(күні) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған кезде)
____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтініш берген күні:____________20__ж. Уақыты______сағ____________мин
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі______________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні ________________ 20 __ж.
____________________________________________________________________
(тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)
Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы "___" _______________ ________(қолы)
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелеріне 2-қосымша |
|
Нысаны |
___________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы) Заңды тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтарды ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш
Заңды тұлғаның толық атауы_________________________________________
Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі________________, БСН: ________________
Заңды мекенжайы ____________________________________________________
(Т.А.Ә.(болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә) басшысының немесе
уәкілетті өкілдің__________________________________________________
_________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________ атынан ісәрекет ететін
(уәкілетті өкіл толтырады)
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың
/пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуы/ (керегінің астын сызу)
тіркеуді сұраймын (сұраймыз).
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Ақы төленгені туралы құжат: түрі________№______ сомасы ____ теңге
2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат______________________
____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Меншік иесі туралы мәлімет қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген
мөлшерден асып кетеді ме Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
___________/_____________________________/__________________________
(күні) (басшысының немесе уәкілетті өкілдің қолы) (Т.А.Ә.)
___________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтініш берген күн: ___________ 20__ж. Уақыты_______сағ_______ мин
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі___________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні _________________ 20 __ж.
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. және өтініш қабылдаған маманның қолы)
Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететіндігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы "___" _______________ ________ (қолы)
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелеріне 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 28.09.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.04.2021 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызмет стандарты | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары) | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ; электрондық үкіметтің веб-порталы: www.egov.kz. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызмет нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. |
4-1. | Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі |
1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде жібереді: |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері |
Мемлекеттік тіркеуге төлемақы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" бұйрығымен белгіленген тарифтерге сәйкес алынады. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Қызметті берушінің қабылдау және қызмет нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін. |
8. | Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері арасындағы сәйкессіздік, жылжымайтын мүлікке құқық немесе ауыртпалық құқығы немесе басқа тіркеу объектілері немесе олардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы негіздер заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттіккорпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан 1414, 88000807777 Біріңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефоны ______________________
Алдым: ______________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының / Т.А.Ә.қолы
20___ жылғы "___" ____________