"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығына 1 қосымша |
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес және "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) - электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) лицензияны алу немесе қайта ресімдеу үшін құжаттарды Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағына сәйкес Портал арқылы, осы Қағидаларға 1-қосымша арқылы электрондық құжат нысанында жолдайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта баяндалған.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 6 жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні.
6. Лицензиялық алымды төлеу ЭҮТШ және екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады.
7. Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем ЭҮТШ арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қабылдау туралы хабарлама алады, Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштің орындаушысын анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады .
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтаманың болуы туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады .
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және лицензия беруге бұйрықты немесе дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі) дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тарауды 9-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің комиссия төрағасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жіберіледі және сақталады.
11. Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі - оператор) техникалық іркілістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін) шаралар қабылдайды.
12. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді .
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!15-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!16-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" (бұдан әрі - Стандарт) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Электронды Үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсету мерзімі: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия беру/қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес лицензиялық алым алынады: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші -демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі |
Лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;; |
10 | Ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетудің өзге де талаптары |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
(қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету)
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________________
Факс _____________________________________________________________________
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)
__________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
_____ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады, бұл:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға
лицензияны және (немесе)лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын
түрімен және(немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайды; қоса беріліп отырған
барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші
лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны; өтініш беруші өтінішті Халыққа қызмет көрсету
орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыруға келіседі
(Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөр орны (болған жағдайда) Толтыру күні: "____" ___ 20___ жыл
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағидаларды 2-1-қосымшамен толықтыру көзделген – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керегінің астын сызу) қайта
ресімдеуді сұраймын.) № _________ бастап _____________ 20____ берілген)
______________________ (лицензияның және(немесе) лицензияға қосымшаның
(қосымшасының) нөмірі, берілген күні, лицензияны және(немесе) лицензияға қосымшаны
берген лицензиардың атауы) _______________________________________________________
__________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және(немесе) кіші түрінің толық атауы)
келесі негіздеме бойынша (тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгеруі
__________________________________________________________________________
2) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауының өзгеруі
__________________________________________________________________________
3) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекен-жайының өзгеруі
__________________________________________________________________________
4) егер лицензияны иеліктен шығару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014
жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген
жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге
берілетін рұқсаттар" тобы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы
__________________________________________________________________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттары" тобы бойынша берілген лицензия үшін немесе
объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орнын
ауыстырмай объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту
__________________________________________________________________________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________________________________
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
__________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көшінің атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________________
Факс _____________________________________________________________________
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)
__________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
_____ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады, бұл:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға
лицензияны және (немесе)лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын
түрімен және(немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайды; қоса беріліп отырған
барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші
лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны; өтініш беруші өтінішті Халыққа қызмет көрсету
орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыруға келіседі
(Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөр орны (болған жағдайда) Толтыру күні: "____" ___ 20___ жыл
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан |
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сіздің [өтінім күні] жылғы № (Өтінім нөмірі) өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Бас тарту себебі
Қол қоюшының лауазымы Т.А.Ә.
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Нысан |
ЛИЦЕНЗИЯ
20 ___ жылғы "___" ___________ | № _____________ | |
Берілді |
_____________________________________________ | |
қызметіне |
_____________________________________________ | |
Ерекше шарттар |
_____________________________________________ | |
Ескертпе: |
_____________________________________________ | |
Лицензиар |
_____________________________________________ |
Басшы _____________________________________________(уәкілетті тұлға)
Бастапқы берілген күні: _________ ж "___" _______________
Лицензияның қолданылу мерзімі: ______ ж. "___" _______________
Берілген орны _____________________________________________
ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША
Лицензия нөмірі ___________
Лицензияның берілген күні 20___ жылдың "___" _________
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (түрлері):
________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің атауы)
Лицензиат |
_____________________________________________ |
Өндірістік база |
_____________________________________________ |
лицензия қолданылуының ерекше шарттары |
_____________________________________________ |
Лицензиар |
_____________________________________________ |
Басшы _____________________________________________(уәкілетті тұлға)
Қосымша нөмірі ____________
Лицензияның қолданылу мерзімі: ______ ж. "____" __________
Қосымшаның берілген күні: "___" _________ _________ г
Берілген орны _____________________________________________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16780 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 1538 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17788 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17061 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1616 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18016 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіндежарияланған).