Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 20342 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға Мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі
№ 362 бұйрыққа
1-қосымша

"Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1 нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау және Қағидаларға 1-қосымшаның 2 нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрауды (бұдан әрі - сұрау) салады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процессінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

      4. Сұрау www.gosreestr.kz "мемлекеттік мүлік тізілімі" веб-порталда (бұдан әрі - мемтізілім) автоматты түрде тіркеліп, 10 (он) минуттан артық емес өңделеді.

      5. Сұрауды өңдеудің нәтижесінде қарау режимінде келесі ақпарат қалыптастырылады:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын қателіктің нақты уақытын көрсете отырып, sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сауал жолдау арқылы хабардар етеді.

      7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде деректер енгізу автоматтандырылды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      8. Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      1) жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны;

      2) заңды тұлға үшін - атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі (бар болған жағдайда) және кіріс құжатының күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде күні мен уақытын, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      9. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап)жаңартылады .

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 6) трамақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқығы бар.

  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-саттыққа
қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы
ақпарат пен материалдар)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
1-нысан

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау

      1. "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" (бұдан әрі - БСН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      тең;

      тең емес;

      кіреді;

      кірмейді;

      қамтиды;

      басталады;

      аяқталады.

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      2. "Атауы (орыс тілінде)" өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      тең;

      тең емес;

      кіреді;

      кірмейді;

      қамтиды;

      басталады;

      аяқталады;

      сөздерді қамтиды.

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      3. "Ұйымдық-құқықтық нысан" (бұдан әрі - ҰҚН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      кіреді;

      кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      акционерлік қоғам (бұдан әрі - АҚ);

      жабық акционерлік қоғам (бұдан әрі - ЖАҚ);

      ашық акционерлік қоғам (бұдан әрі - ААҚ);

      мемлекеттік мекеме;

      жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - ЖМК);

      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - ШМК);

      еншілес кәсіпорын (бұдан әрі - ЕК);

      басқа да коммерциялықұйымдар;

      басқа да коммерциялықемесұйымдар;

      өкілдік;

      жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС);

      филиал.

      4. "Бұғаттау" өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      кіреді;

      кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      1) белсенді;

      2) қашықтағы.

      5. "Аумақ" өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      кіреді;

      кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      Қазақстан:

      Ақмола облысы;

      Ақтөбе облысы;

      Алматы облысы;

      Алматы қаласы;

      Нұр-Сұлтан қаласы;

      Шымкент қаласы;

      Атырау облысы;

      Шығыс Қазақстан облысы;

      Жамбыл облысы;

      Батыс Қазақстан облысы;

      Қарағанды облысы;

      Қостанай облысы;

      Қызылорда облысы;

      Маңғыстау облысы;

      Павлодар облысы;

      Солтүстік Қазақстан облысы;

      Түркістан облысы.

  2-нысан

      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау

      1. Объектіні қарау кезінде

      1) объект жөнінде ақпарат көрсетіледі:

      объектінің сәйкестендіргіші;

      БСН;

      салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - КҰЖЖ);

      атауы (орыс тілінде).

      2) қосымша мәліметтер:

      атауы (қазақ тілінде);

      ҰҚН;

      меншік нысанының коды ( бұдан әрі - МНК (4-деңгей);

      МНК;

      қаржыландыру көзі;

      мемлекеттік тіркеу №;

      мемлекеттік тіркеу күні;

      алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      мәртебесі;

      бұғаттау;

      мемлекеттік басқару органы;

      меншік иесі;

      сала (1-деңгей);

      сала (4-деңгей).

      3) қосымша:

      байланыстар:

      бірінші басшы;

      бас бухгалтер;

      ел;

      индекс;

      облыс;

      аймақ;

      елді мекен, үй, пәтер;

      телефон;

      факс;

      е-mail;

      веб-сайт.

      4) мекенжай тіркелімі

      мекен жайдың тіркеу коды (бұданәрі - МТК);

      республика;

      облыс;

      аудан;

      ауылдық округ;

      ауыл (село);

      көше;

      мекенжай.

      5) тәуелді ұйымдар:

      бағынысты;

      құрылған.

      6) жарғылық капитал

      жарғылық капитал, теңге (АҚ (ЖАҚ, ААҚ), ЖШС, ШМК және ЕК үшін қолданылады);

      мемлекеттік салым, теңге;

      мемлекеттік қатысу, %;

      мемлекеттік пакет, дана (тек АҚ (ЖАҚ және ААҚ үшін);

      тіркеуші;

      бос салымы, теңге;

      бос акциялар, дана (тек АҚ (ЖАҚ, және ААҚ үшін);

      акцияларға ауыртпалық салынды, дана (тек АҚ (ЖАҚ және ААҚ үшін).

      7) негізгі сәйкестендіргіштер;

      8) мемлекеттiк кәсiпкерлiк

      мәртебесі;

      бұғаттау;

      жоспарлы күні;

      іс жүзіндегі күні;

      ескертпе;

      жарғы бойынша қызмет түрі;

      сала коды ("Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);

      сала ("Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);

      келісілген күні;

      шығару күні.

      9) сыртқы интеграциялары:

      жылжымайтын мүлік объектілері:

      объектінің түрі;

      қор;

      жер учаскесінің алаңы (гектар);

      қабат саны;

      пайдалы алаң (шаршы метр);

      құрылыс алаңы (шаршы метр);

      объектінің облысы;

      объектінің ауданы;

      құқықтүрі;

      жылжымайтын мүлік типі;

      функционалдық мақсаты;

      мекенжайы;

      объектінің кадастрлық нөмірі;

      бастапқы объектінің кадастрлық нөмірі;

      жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

      кадастрлық нөмір;

      жаңартылған күні;

      пайдалануға берілген жылы;

      салық салынатын құн (теңге);

      операция күні;

      ауыртпалықтардың болуы туралы мәліметтер;

      тыйым салудың болуы туралы мәліметтер.

      10) электрондық деректеме

      аудиторлық есептер;

      қаржы-шаруашылық қызметі бойынша құжаттар;

      өзге де құжаттама;

      басқару органдарының шешімдері;

      құрылтай құжаттары.

      11) есептер:

      АҚ (ЖАҚ, ААҚ), ЖШС, ШМК және ЖМК үшін:

      мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары;

      мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуы бойынша есеп;

      ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар үшін:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспары;

      акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп;

      Мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынылатын акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы;

      акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың даму стратегиясының орындалуы жөніндегі есеп;

      ұйымдардың сыртқы және ішкі қарыздарды тартуы туралы тоқсан сайынғы ақпарат;

      акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қарыз алуы және оны өтеу кестесі, қаржылық тұрақтылығы туралы тоқсан сайынғы және жартыжылдықтағы ақпарат.

  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-саттыққа
қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы
ақпарат пен материалдар)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрау

      1. "Жекешелендіру объектісінің типі" өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      кіреді;

      кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      1) акциялар (акционерлік қоғам (бұдан әрі - АҚ);

      2) үлес (жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС);

      3) мүліктік кешен;

      4) машиналар мен жабдық;

      5) жылжымайтын мүлік;

      6) жылжымайтын мүлік (аяқталмағанқұрылыс);

      7) өзгелер;

      8) көлік.

      2. "Бұғаттау" өлшем шарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      кіреді;

      кірмейді.

      және сұрау жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      1) жекешелендірілуде;

      2) жекешелендірілген;

      3) алынып тасталған.

      3. "Меншік нысанының коды"(бұдан әрі - МНК) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      кіреді;

      кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      1) республикалық меншік;

      2) коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);

      3) коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);

      4) коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;

      5) "Қазарнаулыэкспорт" шаруашылық жүргізу құқұғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-саттыққа
қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы
ақпарат пен материалдар)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімділік арналары)

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) минут

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;
мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс күндері мен мереке күндерін санамағанда, дүйсенбіден - жұмаға дейін белгіленген кестеге сәйкес 9.00-ден 18.30 сағатқа дейін.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға;
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға;
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрау.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Жоқ

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-саттыққа
қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы
ақпарат пен материалдар)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

БСН

Атауы

ҰҚН

Сала
(1-деңгей)

Сала
(4-деңгей)

Толық мекенжайы

Мемлекеттік қатысуы, %

Мәртебесі

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескертпе:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ҰҚН - ұйымдық-құқықтық нысан

  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-саттыққа
қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы
ақпарат пен материалдар)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша

Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар

      1. Жекешелендіру объектісін қарап шығу кезінде

      1.1. Объект бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) объектінің сәйкестендіру нөмірі;

      2) жекешелендіру объектісінің типі:

      акциялар (акционерлік қоғам (бұдан әрі - АҚ);

      үлес (жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС);

      мүліктіккешен;

      машиналар мен жабдық;

      жылжымайтын мүлік;

      жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);

      өзгелер;

      көлік;

      3) сатушы;

      4) жекешелендіру объектісін сату кезеңі;

      5) объектінің мәртебесі:

      жекешелендірілуде;

      белсенді емес;

      жекешелендірілген;

      сауда-саттықтаналынған;

      6) объектіні бұғаттау:

      еркін;

      алып қоюға жатады;

      7) меншік нысанының коды (бұданәрі - МНК):

      республикалық;

      коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);

      коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);

      коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;

      8) қосымша деректер (жекешелендіру объектісінің типіне қарай).

      1.2. Объектіні бағалау туралы ақпарат көрсетіледі:

      1) бағалаушының атауы;

      2) есептің нөмірі;

      3) есептің күні;

      4) бағалау құны, теңге;

      5) бағалау күні.

      1.3. Объект бойынша құжаттар беттерге таратылған, "объектінің электрондық деректеріне" енгізілген, сканерленген түрде көрсетіледі:

      1) объектінің құжаттары;

      2) жер бойынша құжаттар;

      3) фотоальбом.

      2. Мерзімді баспа басылымдарында (бұдан әрі - МББ) жарияланған жекешелендіру объектісін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламалар жөніндегі ақпаратты қарап шығу кезінде

      2.1. МББ-ның атауы.

      2.2. Жарияланымның нөмірі мен күні.

      2.3. Сауда-саттық өткізудің күні мен уақыты.

      2.4. Сауда-саттық нысаны.

      2.5. Сауда-саттық түрі.

      2.6. Кепілдік жарна.

      2.7. МББ-да жарияланған хабарландырудың мәтіні:

      1) мемлекеттік тілде;

      2) орыс тілінде.

      3. Сауда-саттық туралы деректерді қарап шығу кезінде

      3.1. Сауда-саттық нысаны:

      1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);

      2) тікелей атаулы сатылым;

      3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);

      4) қор биржасы.

      3.2. Сауда-саттықтың әдісі.

      3.3. Қосымша шарттар.

      3.4. Сауда-саттықтың күні мен уақыты.

      3.5. Алғашқы баға, теңге.

      3.6. Кепілдік жарна, теңге.

      3.7. Өсу/төмендеу коэффициенті.

      3.8. Бастапқы баға, теңге.

      3.9. Ең төменгі баға, теңге.

      3.10. Сауда-саттық мәртебесі:

      1) өткізілген жоқ;

      2) болмайды;

      3) өткізілді;

      4) сауда-саттық күтілуде.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі
№ 362 бұйрыққа
2-қосымша

"Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға Мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға Мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және және "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға Мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жалға алу келісім-шарттың нөмірі туралы мәліметтер көрсетілген осы Қағидаларға 1-қосымшаларға сәйкес алуға арналған электрондық сұрауды (бұдан әрі - сұрау) саладыжәне куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын пароль арқылы қолын қояды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процессінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

      4. Сұрау электрондық үкімет шлюзі арқылы www.gosreestr.kz "мемлекеттік мүлік тізілімі" веб-порталға (бұдан әрі - мемтізілім) жолданып, 10 (он) минуттан артық емес өңделеді.

      5. Сұраудың өңдеуі нәтижесінде уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1 және 2 нысандарына сәйкес мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама қалыптастырылады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын қателіктің нақты уақытын көрсете отырып, sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сауал жолдау арқылы хабардар етеді.

      7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде деректер енгізу автоматтандырылды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      8. Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      1) жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны;

      2) заңды тұлға үшін - атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі (бар болған жағдайда) және кіріс құжатының күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде күні мен уақытын, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      9. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап)жаңартылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 6) трамақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқығы бар.

  "Мемлекеттік мүлікті жалға
алушылармен (сенімгерлік
басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару)
шарттары бойынша оларға
Мемлекеттік мүлік тізілімінен
шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік
бюджетке түскен төлемдер
туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Мемлекеттік мүлікті жалға алушылардың (сенімгерлік басқарушылардың) олармен жасалған шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша анықтаманы алу үшін сұрау

      Ұйымдарды іздеу өлшем шарттары

      1-қадам. Деректерді толтыру:

      1) жалдаушының БСН-і/ЖСН-і;

      2) шарттың нөмірі.

      2-қадам. ЭЦҚ-мен немесе бір рет қолданылатын парольдің көмегі арқылы қол қою:

      1) ЭЦҚ-мен қол қою немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу.

      3-қадам. Сұрау салудың нәтижесі (экранға шығару):

      1) жалдаушының БСН-і/ЖСН-і;

      2) сұрау салу нөмірі;

      3) қызметтің типі;

      4) сұрау салудың мәртебесі.

      Нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушыға олармен жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер бойынша мәліметтерді қамтитын анықтама беріледі. Қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушы анықтаманы PDF форматында жүктеп ала алады.

  "Мемлекеттік мүлікті жалға
алушылармен (сенімгерлік
басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару)
шарттары бойынша оларға
Мемлекеттік мүлік тізілімінен
шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік
бюджетке түскен төлемдер
туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға Мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімділік арналары)

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) минут

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық

6

Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс күндері мен мереке күндерін санамағанда, дүйсенбіден - жұмаға дейін белгіленген кестеге сәйкес 9.00-ден 18.30 сағатқа дейін.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

мемлекеттік мүлікті жалға алушылардың (сенімгерлік басқарушылардың) олармен жасалған шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша анықтаманы алуға арналған келісім-шарттың нөмірі және жеке тұлға үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген сұрау.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Жоқ

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болуы немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір рет қолданылатын парольді пайдалану шартында портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:
8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

  "Мемлекеттік мүлікті жалға
алушылармен (сенімгерлік
басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару)
шарттары бойынша оларға
Мемлекеттік мүлік тізілімінен
шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік
бюджетке түскен төлемдер
туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
1-Нысан

Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтамасы*

      Мәліметтер болған кезде

      Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама

      Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

      Бірегей нөмірі:

      Сұрау салынған күні мен уақыты:

      Анықтаманы алатын күні мен уақыты:

      Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін тұтынушы!

      Сіз тапсырған іздестіру өлшемшарттары бойынша: шарттың № - ____ және БСН/ЖСН - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорларында мыналар тіркелген:

      1) шарт және мемлекеттік мүлік бойынша мәліметтер:

Шарт типі: мүліктік жалға алу (жалдау)/сенімгерлік басқару


Жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы):

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Баланс ұстаушы:

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Жалдаушы (сенімгерлік басқарушы):

БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Шарттың нөмірі мен күні:


Мемлекеттік мүлік типі:

Көлік неғимараттағы үй-жай немесе ғимарат не жабдық немесе басқалар

Жалға алу (сенімгерлік басқару) кезеңі:


Жалға алу (сенімгерлік басқару) объектісі:

Мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы

      2) шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер:

Есептеу күні

Есептелді, теңге

Мерзімі өткен күндер саны

Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы Х мерзімі өткен күндер саны)

Мемлекеттік бюджетке түсті, теңге

Төлем күні







      Барлығы есептелді:

      жалдау ақысы, теңге: _________

      өсімпұл, теңге: _________

      мемлекеттік бюджетке түсті, теңге: _________

      жиыны төлемге, теңге: _________

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.



      штрих-код Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысы мен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған "Ақпараттық-есепте уорталығы" акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректерді қамтиды.

  2-Нысан

Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтамасы**

      Мәліметтер болмаған кезде

      Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама

      Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

      Бірегей нөмірі:

      Сұрау салынған күні мен уақыты:

      Анықтаманы алатын күні мен уақыты:

      Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін тұтынушы!

      Сіз тапсырған іздестіру өлшемшарттары бойынша: шарттың № - ____ және БСН/ЖСН - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорларында мәліметтер табылған жоқ.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.



      штрих-код Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысы мен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректерді қамтиды.

      Ескертпе:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      *Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтамасы мәліметтер болған кезде қалыптастырылады;

      **Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтамасы мәліметтер болмаған кезде қалыптастырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі
№ 362 бұйрыққа
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11483 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 35 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13344 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 наурызда жарияланған).

      4. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 74 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13490 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған).

      5. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 484 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14326 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 қазанда жарияланған).

      6. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 727 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16235 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 қантарда жарияланған).

      7. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 91 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16341 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 ақпанда жарияланған).

      8. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 449 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16846 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 мамырда жарияланған).

      9. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № 559 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17091 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 маусымда жарияланған).

      10. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18184 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 17 қаңтарда жарияланған).

      11. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 963 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19359 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған).