"Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 қазанда № 14326 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.04.2020 № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйғатарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      такырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.";

      стандарт қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 5 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 13 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 484 бұйрығына 1-қосымша
  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің, сондай-ақ
мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі; мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-саттыққа қою
кестесіне енгізілген мемлекеттік
мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігішектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік
заңдытұлғалардың тізбесі

БСН

Атауы

ҰҚН

Сала

(1-деңгей)

сала

(4-деңгей)

Толық мекенжайы

Мемлекеттік қатысуы, %

Мәртебесі

1

2

3

4

5

6

7

8


      Ескертпе:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ҰҚН–ұйымдық-құқықтық нысаны

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 484 бұйрығына 2-қосымша
  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат
беру (мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік
заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік
меншік объектілерін сауда-саттыққа қою
кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік
туралыақпарат пен материалдар)"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

      1-нысан

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған нысан

      1. "БСН (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі)" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Тең;

      Тең емес;

      Қамтиды;

      Басталады;

      Аяқталады.

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      2. "СТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі)" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Тең;

      Тең емес;

      Қамтиды;

      Басталады;

      Аяқталады.

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      3. "Атауы (орыс тілінде)" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Тең;

      Тең емес;

      Қамтиды;

      Басталады;

      Аяқталады;

      Сөздерді қамтиды.

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      4. "ҰҚН (Ұйымдық-құқықтық нысан)" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      Акционерлік қоғам (бұдан әрі – АҚ);

      Жабық акционерлік қоғам (бұдан әрі – ЖАҚ);

      Ашық акционерлік қоғам (бұдан әрі – ААҚ);

      Мемлекеттік мекеме;

      Жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ЖМК);

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ШМК);

      Еншілес кәсіпорын (бұдан әрі – ЕК);

      Басқа да коммерциялық ұйымдар;

      Басқа да коммерциялық емес ұйымдар;

      Өкілдік;

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС);

      Филиал.

      5. "МНК (Меншік нысанының коды)" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      Коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана);

      Коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қала);

      Аудандық коммуналдық (басқаруға берілген);

      Республикалық меншік;

      Мемлекеттік холдингтердің меншігі.

      6. "Бұғаттау" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      1) белсенді;

      2) қашықтағы.

      7. "Сала (4-деңгей)" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтар жинауды және бөлуді бақылау;

      Тау-кен өндіру өнеркәсібі, кен шығару орнын игеру;

      Мемлекеттік басқару және қорғаныс;

      Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру;

      Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет;

      Үй қызметшілерін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі;

      Бұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдардың қызметі;

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

      Ақпарат және байланыс;

      Өнер, ойын-сауық және демалыс;

      Өңдеу өнеркәсібі;

      Білім беру;

      Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;

      Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу;

      Қызметтердің басқа да түрлерін көрсету;

      Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

      Ауыл, орман және балық шаруашылығы;

      Құрылыс;

      Көлік және қойма;

      Тұру және тамақтану жөнінде қызмет көрсету;

      Қаржы және сақтандыру қызметі;

      Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау.

      8. "Мемлекеттік қатысуы, %" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Тең;

      Тең емес;

      Астам;

      Астам немесе тең;

      Кем;

      Кем немесе тең;

      Аралық;

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      9. "Аумақ" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      Қазақстан:

      Ақмола облысы;

      Ақтөбе облысы;

      Алматы облысы;

      Алматы қ.;

      Астана қ.;

      Атырау облысы;

      Шығыс Қазақстан облысы;

      Жамбыл облысы;

      Батыс Қазақстан облысы;

      Қарағанды облысы;

      Қостанай облысы;

      Қызылорда облысы;

      Маңғыстау облысы;

      Павлодар облысы;

      Солтүстік Қазақстан облысы;

      Оңтүстік Қазақстан облысы.

      2-нысан

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған нысан

      1. Объектіні қарау кезінде

      1) Объект жөнінде ақпарат көрсетіледі:

      Объектінің ID;

      БСН;

      СТН;

      КҚЖК;

      Атауы (орыс тілінде).

      2. Қосымша мәліметтер:

      Атауы (қазақ тілінде);

      ҰҚН;

      МНК;

      Қаржыландыру көзі;

      Мемлекеттік тіркеу №;

      Мемлекеттік тіркеу күні;

      Мәртебесі;

      Бұғаттау;

      Мемлекеттік басқарма органы;

      Меншік иесі;

      Сала (1-деңгей);

      Сала (4-деңгей).

      3. Қосымша:

      Байланыс:

      Ел;

      Индекс;

      Облыс;

      Аймақ;

      Елді мекен, үй, пәтер;

      Телефон;

      Факс;

      Е-mail;

      Веб-сайт.

      4. Тәуелді ұйымдар:

      Бағынысты;

      Құрылған.

      5. Жарғылық капитал

      Жарғылық капитал, теңге (АҚ (ЖАҚ, ААҚ), ЖШС, ШМК және ЕК үшін қолданылады);

      Мемлекеттік салымы, теңге;

      Мемлекеттік қатысуы, %;

      Мемлекеттік пакеті, дана (тек АҚ (ЖАҚ және ААҚ үшін);

      Тіркеуші;

      Бос салымы, теңге

      Бос акциялары, дана (тек АҚ (ЖАҚ және ААҚ үшін);

      Қарыздағы акциялары, дана (тек АҚ (ЖАҚ және ААҚ үшін).

      6. Сыртқы интеграциялары:

      Жылжымайтын мүлік объектілері:

      Объекттің түрі;

      Қор;

      Жер телімінің алаңы (гектар);

      Қабат саны;

      Пайдалы алаң (шаршы метр);

      Құрылыс алаңы (шаршы метр);

      Объекттің облысы;

      Объекттің ауданы;

      Құқық түрі;

      Жылжымайтын мүлік түрі;

      Функционалдық мақсаты;

      Мекенжайы.

      7. Есептер:

      АҚ (ЖАҚ, ААҚ), ЖШС, ШМК және ЖМК үшін:

      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары;

      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есеп;

      Ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар үшін:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспары;

      Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындау жөніндегі есеп;

      Мемлекеттік мүлік тізбесіне ұсынылған акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы;

      Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясын орындау жөніндегі есеп;

      Ұйымдармен сыртқы және ішкі қарыздарды тарту туралы тоқсан сайынғы ақпарат;

      Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қарыздары және өтеу кестесі, қаржылық тұрақтылығы туралы тоқсан сайынғы және жартыжылдықтағы ақпарат.