Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.04.2020 № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1-ші тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға Мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 08.08.2016 № 484 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.12.2017 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 25 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________________ Е. Досаев
2015 жылғы 26 сәуір
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына 1-қосымша |
"Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрауды ұсынған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толығымен автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі бойынша;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар бойынша.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде күні мен уақытын, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың, нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілген қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма қол беріледі.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеу барысында (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігішектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңдытұлғалардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 08.08.2016 № 484 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БСН | Атауы | ҰҚН | Сала (1-деңгей) | Сала (4-деңгей) | Толық мекенжайы | Мемлекеттік қатысуы, % | Мәртебесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ескертпе:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ҰҚН–ұйымдық-құқықтық нысаны
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.01.2019 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар
1. Жекешелендіру объектісін қарап шығу кезінде
1. Объекті бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) Объектінің сәйкестендіру нөмірі (ID):
2) жекешелендіру объектісінің түрі:
акциялар (акционерлік қоғам (бұдан әрі - АҚ);
үлес (жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС);
мүліктік кешен;
машиналар мен жабдық;
жылжымайтын мүлік;
жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
өзгелер;
көлік;
3) сатушы;
4) жекешелендіру объектісін сату кезеңі;
5) объектінің мәртебесі:
жекешелендірілуде;
белсенді емес;
жекешелендірілген;
сауда-саттықтан алынған;
6) объектіні бұғаттау:
еркін;
алып тастауға жатады;
7) меншік нысанының коды (бұдан әрі - МНК):
республикалық;
коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);
коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);
коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;
8) қосымша деректер (жекешелендіру объектісінің түріне қарай).
2. Объектіні бағалау туралы ақпарат көрсетіледі:
1) бағалаушының атауы;
2) есептің нөмірі;
3) есептің күні;
4) бағалау құны, теңге;
5) бағалау күні.
3. Объекті бойынша құжаттар беттерге таратылған, "объектініңэлектрондық деректеріне" енгізілген, сканерленген түрде көрсетіледі:
1) объектінің құжаттары;
2) жер бойынша құжаттар;
3) фотоальбом.
2. Мерзімді баспа басылымдарында (бұдан әрі - МББ) жарияланған, жекешелендіру объектісін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламалар жөніндегі ақпаратты қарап шығу кезінде
1. МББ-ның атауы.
2. Жарияланымның нөмірі мен күні.
3. Сауда-саттық өткізудің уақыты мен күні.
4. Сауда-саттық нысаны.
5. Сауда-саттық түрі.
6. Кепілдік жарна.
7. МББ-да жарияланған хабарландырудың мәтіні:
1) мемлекеттік тілде;
2) орыс тілінде.
3. Сауда-саттық туралы деректерді қарап шығу кезінде
1. Сауда-саттық нысаны:
1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);
2) тікелей атаулы сатылым;
3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);
4) қор биржасы.
2. Сауда-саттықтың әдісі.
3. Қосымша шарттар.
4. Сауда-саттықтың күні мен уақыты.
5. Алғашқы баға, теңге.
6. Кепілдік жарна, теңге.
7. Өсу/төмендеу коэффициенті.
8. Бастапқы баға, теңге.
9. Ең төменгі баға, теңге.
10. Сауда-саттық мәртебесі:
1) өткізілген жоқ;
2) болмайды;
3) өткізілді;
4) сауда-саттық күтілуде.
Ескертпе:
ID;
АҚ;
ЖШС.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған нысан
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.01.2019 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.09.2019 № 963 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" (бұдан әрі – БСН) өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
Тең;
Тең емес;
Кіреді;
Кірмейді;
Қамтиды;
Басталады;
Аяқталады.
және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.
2. "Атауы (орыс тілінде)" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
Тең;
Тең емес;
Кіреді;
Кірмейді;
Қамтиды;
Басталады;
Аяқталады;
Сөздерді қамтиды.
және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.
3. "Ұйымдық-құқықтық нысан" (бұдан әрі – ҰҚН) өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
Кіреді;
Кірмейді.
және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
АҚ;
Жабық акционерлік қоғам (бұдан әрі - ЖАҚ);
Ашық акционерлік қоғам (бұдан әрі - ААҚ);
Мемлекеттік мекеме;
Жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - ЖМК);
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - ШМК);
Еншілес кәсіпорын (бұдан әрі - ЕК);
Басқа да коммерциялық ұйымдар;
Басқа да коммерциялық емес ұйымдар;
Өкілдік;
ЖШС;
Филиал.
4. "Бұғаттау" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
Кіреді;
Кірмейді.
және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
1) белсенді;
2) қашықтағы.
5. "Аумақ" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
Кіреді;
Кірмейді.
және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
Қазақстан:
Ақмола облысы;
Ақтөбе облысы;
Алматы облысы;
Алматы қаласы;
Нұр-Сұлтан қаласы;
Шымкент қаласы;
Атырау облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Жамбыл облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қарағанды облысы;
Қостанай облысы;
Қызылорда облысы;
Маңғыстау облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Түркістан облысы.
2-нысан |
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған нысан
1. Объектіні қарау кезінде
1) Объект жөнінде ақпарат көрсетіледі:
Объектінің сәйкестендіргіші;
БСН;
Салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТТН);
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (КҰЖЖ);
Атауы (орыс тілінде).
2) Қосымша мәліметтер:
Атауы (қазақ тілінде);
ҰҚН;
МНК (4-деңгей);
МНК;
Қаржыландыру көзі;
Мемлекеттік тіркеу №;
Мемлекеттік тіркеу күні;
Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;
Мәртебесі;
Бұғаттау;
Мемлекеттік басқарма органы;
Меншік иесі;
Сала (1-деңгей);
Сала (4-деңгей).
3) Қосымша:
Байланыс:
Бірінші басшы;
Бас бухгалтер;
Ел;
Индекс;
Облыс;
Аймақ;
Елді мекен, үй, пәтер;
Телефон;
Факс;
E-mail;
Веб-сайт.
4) Мекенжай тіркелімі
Мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК);
Республика;
Облыс;
Аудан;
Ауылдық округ;
Ауыл (село);
Көше;
Мекенжай.
5) Тәуелді ұйымдар:
Бағынысты;
Құрылған.
6) Жарғылық капитал
Жарғылық капитал, теңге (АҚ (ЖАҚ, ААҚ), ЖШС, ШМК және ЕК үшін қолданылады);
Мемлекеттік салымы, теңге;
Мемлекеттік қатысуы, %;
Мемлекеттік пакеті, дана (тек АҚ (ЖАҚ және ААҚ үшін);
Тіркеуші;
Бос салымы, теңге
Бос акциялары, дана (тек АҚ (ЖАК, және ААҚ үшін);
Қарыздағы акциялары, дана (тек АҚ (ЖАҚ және ААҚ үшін).
7) Негізгі сәйкестендіргіштер;
8) Мемлекеттiк кәсiпкерлiк
Мәртебесі;
Бұғаттау;
Жоспарлы күні;
Іс жүзіндегі күні;
Ескертпе;
Жарғы бойынша қызмет түрі;
Саланың коды ("Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);
Сала ("Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);
Келісілген күні;
Шығару күні.
9) Сыртқы интеграциялары:
Жылжымайтын мүлік объектілері:
Объекттің түрі;
Қор;
Жер телімінің алаңы (гектар);
Қабат саны;
Пайдалы алаң (шаршы метр);
Құрылыс алаңы (шаршы метр);
Объекттің облысы;
Объекттің ауданы;
Құқық түрі;
Жылжымайтын мүлік түрі;
Функционалдық мақсаты;
Мекенжайы.
Объектінің кадастрлық нөмірі;
Бастапқы объектінің кадастрлық нөмірі
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
Кадастрлық нөмір;
Жаңартылған күні;
Пайдалануға беру жылы
Салық салынатын құн (теңге);
Операция күні;
Ауыртпалықтардың болуы туралы мәлімет;
Тыйым салудың болуы туралы мәлімет.
10) Электрондық дерекнама
Аудиторлық есептер;
ҚШҚ бойынша құжаттар;
Өзге де құжаттамалар;
Басқару органдарының шешімдері;
Құрылтай құжаттары.
11) Есептер:
АҚ (ЖАҚ, ААҚ), ЖШС, ШМК және ЖМК үшін:
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары;
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есеп;
Ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар үшін:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспары;
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындау жөніндегі есеп;
Мемлекеттік мүлік тізбесіне ұсынылған акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы;
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясын орындау жөніндегі есеп;
Ұйымдармен сыртқы және ішкі қарыздарды тарту туралы тоқсан сайынғы ақпарат;
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қарыздары және өтеу кестесі, қаржылық тұрақтылығы туралы тоқсан сайынғы және жартыжылдықтағы ақпарат.
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.01.2019 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген, мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған нысан
1. "Жекешелендіру объектісінің түрі" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
Кіреді;
Кірмейді.
және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
1) акциялар (АҚ);
2) үлес (ЖШС);
3) мүліктік кешен;
4) машиналар мен жабдық;
5) жылжымайтын мүлік;
6) жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
7) өзгелер;
8) көлік.
2. "Бұғаттау" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
Кіреді;
Кірмейді.
және сұрау жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
1) жекешелендірілуде;
2) жекешелендірілген;
3) алынып тасталған.
3. "МНК" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
Кіреді;
Кірмейді.
және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді
таңдаймыз:
1) республикалық меншік;
2) коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана);
3) коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қала);
4) коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;
5) Қазарнаулыэкспорт.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына 2-қосымша |
"Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) минут;
электрондық кезек талонын алған сәттен бастап күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкері ресімдеуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
2) порталға жүгінген кезде – 10 (он) минут.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толығымен автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алған кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-сенбі аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша заңды тұлғаның, нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша уәкілетті өкілдің жеке басын сәйкестендіру үшін);
"Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және көрсетілетін қызметті алушыға берілген құжаттардың түпнұсқаларын қайтарады;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес олармен жасалған мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарттың нөмірін және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған, жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірін, заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Министрліктің атына беріледі.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиал, бөлім басшысының атына жіберіледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеу барысында (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414 немесе 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты жеріне барып отырып жүргізеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет - ресурсында;
3) порталда орналастырылған.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольді пайдаланған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.16.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
нысан
Мәліметтер болған жағдайда
Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы
шарт бойынша анықтама
Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____ және БСН/ЖСН – _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мыналар тіркелген:
1) шарт және мемлекеттік мүлік бойынша мәліметтер:
Шарт түрі: мүліктік жалға алу (жалдау)/сенімгерлік басқару | ||
Жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы) | БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары | |
Баланс ұстаушы: | БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары | |
Жалдаушы (сенімгерлік басқарушы): | БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері | |
Шарттың нөмірі мен күні: | ||
Мемлекеттік мүлік түрі: | көлік немесе ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат немесе жабдық немесе басқалар | |
Жалға алу (сенімгерлік басқару) кезеңі: | ||
Жалға алу (сенімгерлік басқару) нысаны: | мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы |
2) шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер:
Есептеу күні | Есептелді, теңге | Мерзімі өткен күндер саны | Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы х мерзімі өткен күндер саны) | Мембюджетке түсті, теңге | Төлем күні |
Барлығы есептелді:
жалға алу төлемі, теңге: _________
өсімпұл, теңге: _________
Мемлекеттік бюджетке түсті, теңге: _________
Жиыны төлемге, теңге: _________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.
Мәліметтер болмаған кезде
Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы
шарт бойынша анықтама
Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____ және БСН/ЖСН – _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мәліметтер табылған жоқ.
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.
Ескертпе:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Басшыға
__________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
(Т.А.Ж., жеке тұлғаның ЖСН және
атауы, заңды тұлғаның БСН)
Өтініш
Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы ___ жылғы № ___ шарт бойынша анықтама беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
___________ "___" ______20__ж.
(қолтаңба)
Ұйымдарды іздеу өлшемдері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-қадам. Деректерді толтыру:
1) жалдаушының БСН-і/ЖСН-і;
2) шарттың нөмірі.
2-қадам. ЭЦҚ-мен қол қою немесе бір рет қолданылатын парольдің көмегі арқылы:
1) ЭЦҚ-мен қол қою немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу.
3-қадам. Сұрау салудың нәтижесі (экранға шығару):
1) жалдаушының БСН-і/ЖСН-і;
2) сұрау салу нөмірі;
3) қызметтің түрі;
4) сұрау салудың мәртебесі.
Нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушыға жасалған жалға алу (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беріледі. Қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушы анықтаманы PDF форматында көшіре алады.
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, бар болса әкесінің аты
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.01.2016 № 35 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияcы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының № ____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ______________________________;
2) ______________________________;
3) ______________________ ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон _______________________
Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына 3-қосымша |
"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.