Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 44 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20254 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 04.08.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 72-1-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 04.08.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 04.08.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 149 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19306 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19845 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген, өзгерістер енгізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік етін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы "____"____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы "____"____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 44 қаулысымен бекітілді

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 04.08.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Сақтандыру қызметі туралы заң) 67-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 72-1-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты (бұдан әрi – рұқсат) беруден бас тарту тәртібін айқындайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида 1-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттар беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелі берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) филиалына берілгеннен кейін рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелі берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) филиалына берілгеннен кейін рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) Стандартта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы электрондық түрде ұсынады.

      4. Уәкілетті орган өтінішхатты барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) айдың ішінде қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері, процестің сипаты, көрсету нысаны, мазмұны және нәтижесі қамтылатын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ескерілген өзге мәліметтер Стандартта көзделген.

      Шет мемлекеттердің қаржылық қадағалау органы, құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс.

      Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және уәкілетті органға "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды куәландырылып ұсынылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіз уәкілетті органның өтініш берушіден Стандартта көзделген құжаттарды портал арқылы алуы болып табылады.

      7. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішхат түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері түскен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхат тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және Стандарттың 8-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі не қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың талаптарына сәйкес ескертулерді жою және пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулері бар хат жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың талаптарына сәйкес ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген) құжаттарды портал арқылы ұсынады. Бұл ретте уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының ескертулерді жою мерзіміне үзілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін жоймаған жағдайда, уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартады.

      10. Ұсынылған құжаттардың толық болуы фактісі анықталған жағдайда уәкілетті органның жауапты бөлімшесі Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзім ішінде құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті тоқтату жүргізуге рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) қаулы жобасын (бұдан әрі - уәкілетті орган Басқармасының қаулысы) әзірлейді және уәкілетті орган Басқармасының қарауына жібереді. Уәкілетті органның Басқармасы рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      11. Уәкілетті орган Басқармасының рұқсат беру туралы қаулысы қабылданғаннан кейін жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті тоқтатуға рұқсат беру туралы уәкілетті органның Басқармасы қаулысының электрондық көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарлама жібереді.

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті тоқтатуға рұқсат беруден бас тарту Сақтандыру қызметі туралы заңның 68-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      Рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      13. Уәкілетті орган Басқармасының қаулысын алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органға сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензиялардың түпнұсқаларын және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті орган Басқармасының қаулысы күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса) қайтарады.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жіберіледі.

      16. Уәкілетті органның басшысына жіберілген шағымда:

      1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы (жеке тұлғалар үшін);

      2) атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні (заңды тұлғалар үшін) көрсетіледі.

      Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының мынадай: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      18. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының өз еркiмен
таратылуына,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының қызметін ерікті
түрде тоқтатуға рұқсат беру не
аталған рұқсатты беруден бас
тарту қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның толық
атауы)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру туралы ӨТІНІШХАТ

      _______________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының

      ___________________________________________________________________

      (өткізілетін орны)

      _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес өз еркімен таратылуына рұқсат беруді сұрайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Қоса берілген құжаттар:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметті пайдалануға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы (қолы)

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшысы (ол болмаған кезде, осы өкілеттікті растайтын құжатты қоса бере отырып қол қоюға уәкілеттік берілген адам).

      Күні ______ жылғы "____"__________

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының өз еркiмен
таратылуына,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының қызметін ерікті
түрде тоқтатуға рұқсат беру не
аталған рұқсатты беруден бас
тарту қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның толық
атауы)

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы ӨТІНІШХАТ

      _________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының

      ________________________ _____ жылғы "____" _______________ № ______

      (өткiзiлетiн орны)

      шешіміне сәйкес _____________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруді сұрайды

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (филиал тарапынан орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған немесе филиал тарапынан тиісінше орындалмаған кезде) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға міндеттенеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Қоса берілген құжаттар:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметті пайдалануға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы (қолы)

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы не осы өкілеттікті растайтын құжатты қоса бере отырып Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қол қоюға уәкілеттік берген адам).

      Күні ______ жылғы "____"__________

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының өз еркiмен
таратылуына,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының қызметін ерікті
түрде тоқтатуға рұқсат беру не
аталған рұқсатты беруден бас
тарту қағидаларына
3-қосмыша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталға жүгінген және барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) ай ішінде.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда уәкілетті орган өтінішхат тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы хабарлама, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату не уәкілетті орган басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішхаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатқа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысымен белгіленген нысандар бойынша міндеттемелердің көлемі бойынша "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу туралы есептер;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) филиалына беру туралы шарттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ерікті таратуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатқа қол қоюға уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын куәландыратын электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ерікті түрде тарату туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22322 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 наурыздағы № 24 қаулысымен белгіленген нысандар бойынша міндеттемелердің көлемі бойынша "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу туралы есептер;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) филиалына беру туралы шарттың электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын болжамды ерікті тарату немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату нәтижесінде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерінің бұзылуы;
2) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелер бойынша есеп айырысу үшін қаражатының жеткіліксіздігі;
5) берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына сақтандыру портфелін беру жөнінде шаралар қолданбау жатады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және порталда орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.