ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз
"Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 149 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19306 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19845 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген, өзгерістер енгізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік етін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2020 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы "____"____________
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 44 қаулысымен бекітілді |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағынада қолданылады.
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат алуға өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі, мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың процестің сипаты, көрсету нысаны, мазмұны және нәтижесі қамтылатын негіздер, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ескерілген өзге мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Өтініш беруші өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіз уәкілетті органның өтініш берушіден Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құжаттарды портал арқылы алуы болып табылады.
5. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішхат түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхат тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган олардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді, уәкілетті орган Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) туралы қаулысын (бұдан әрі – уәкілетті орган Басқармасының қаулысы) қабылдайды, оны 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеуді жүзеге асырады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері Басқарманың қаулысы қабылданған күннен кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін өтініш берушіге "жеке кабинетке" уәкілетті органның уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.
6. Уәкілетті орган Басқармасының қаулысы оны өтініш беруші алған күннен бастап күшіне енеді.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.
3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
8. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жіберіледі.
9. Уәкілетті органның басшысына жіберілген шағымда:
1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы (жеке тұлғалар үшін);
2) атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні (заңды тұлғалар үшін) көрсетіледі.
Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының мынадай телефоны бойынша алуға болады: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру туралы ӨТІНІШХАТ
____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының
________________________ _____ жылғы "____" _______________ № ____
(өткізілетін орны)
шешіміне сәйкес ____________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
өз еркімен таратылуына рұқсат беруді сұрайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлардың
талаптарын толық көлемде қанағаттандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтінішхатқа қоса берілген
құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға
байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті
органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметті пайдалануға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол
болмаған кезде, осы өкілеттікті растайтын құжатты қоса бере отырып қол қоюға уәкілетті оның орнындағы адам).
______________________________________ ____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы (қолы)
күні ______ жылғы "____"__________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларына 2-қосымша |
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) ай ішінде. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Уәкілетті орган басқармасының тиісті қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру (беруден бас тарту). |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
1) уәкілетті орган – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру туралы өтінішхат; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
1) болжанып отырған ерікті түрде тарату нәтижесінде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерінің бұзылуы; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және порталында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414. |