Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 наурызда № 20123 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы 2011 жылғы № 23 "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 187 бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6978 болып тіркелді 2011 жылғы 8 маусымда №180 (26601) "Казахстанская правда" газетінде жарияланды) күші жойылды деп есептелсін.

      3. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М.Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 13 наурыздағы
№ 211 бұйрығымен
бекітілген

Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері (бұдан әрі–Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі -Заң) сәйкес әзірленген және ол бастапқы кәсіби даярлыққа іріктеу тәртібі мен ішкі істер органдарына түсетін тұлғалардың одан өту шарттарын, сондай-ақ білім алушыларды бастапқы кәсіби даярлықтан шығару негіздемелерін айқындайды.

      2. Ішкі істер органдары (бұдан әрі -ІІО) қызметіне қатардағы, кіші және орта басшы құрамы лауазымдарына кандидаттардың қабылдануы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі -ІІМ) білім ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен соң ғана жүзеге асырылады.

      3. Қатардағы, кіші және орта басшы құрамы лауазымдарына орналасуға қойылатын талаптар Заңмен, "Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12442 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.10.2020 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысу бойынша шығындарды (іріктеу жүргізу орнына бару және кері қайту жол ақысы, медициналық комиссиядан өту, тұрғылықты орынды жалға алу, тұру) кандидат өз қаражаты есебінен жүргізеді.

2-тарау. Алғашқы кәсіптік даярлауға іріктеуді ұйымдастыру

      5. ІІМ орталық аппаратының кадр саясаты бөлінісі жыл сайын 1 желтоқсанға дейін ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметтерінің бөліністері берген өтінімдер негізінде келесі күнтізбелік жылға арналған алғашқы кәсіби оқытудың жоспар-кестесін әзірлейді және ішкі істер Министрі бекітеді.

      6. ІІМ-нің білім беру ұйымдарына алғашқы кәсіптік оқытуға кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру бос лауазымдары бар ІІМ ведомстволары, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдар, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.

      7. Кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметіне жүктеледі және бірқатар іс-шараларды қамтиды:

      1) ақпараттық-ұйымдастырушылық;

      2) кандидат туралы мәліметтерді зерделеуі;

      3) қызметке жарамдылығын анықтау және полиграфологиялық зерттеу үшін кандидаттарды ІІО әскери-дәрігерлік комиссияларына (бұдан әрі – ӘДК) медициналық куәландыруға жіберу;

      4) кандидаттардың жеке істерін қалыптастыруы;

      5) кандидаттарды ІІМ білім беру ұйымдарына және олардың жеке істерін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуден өту үшін жіберу.

      8. Халықты хабардар ету бос лауазымдар және оларға қойылатын біліктілік талаптары, ІІО-ға қызметке қабылдаудың тәртібі және қызмет шарттары туралы мәліметтерді, құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күнін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтиды.

      9. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар іріктеуге қатысу үшін ІІМ ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының кадр қызметтеріне еркін нысанда жазылған өтінішті "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығының 17-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9), 10), 11), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелді) (бұдан әрі – Конкурс өткізу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.10.2020 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Осы бұйрықтың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін кандидатқа:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссияларға (бұдан әрі – ӘДК) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту үшін жолдама беріледі.

      Кандидаттың медициналық куәландыру нәтижелері туралы ӘДК үш күндік мерзімде ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметіне хабарлайды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘДК-ден өткеннен кейін ІІО тиісті бөлінісіне полиграфологиялық зерттеуден өту үшін жолдама берілді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 № 632 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Заңның 11-бабының 6-тармағына сәйкес кандидат ІІМ білім беру ұйымында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет өткеру туралы осы Қағидаларға 1-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша міндеттеме қабылдайды.

      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 21.10.2020 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Медициналық және психофизиологиялық куәландыруға, полиграфологиялық зерттеуге жолдама берумен бір мезгілде ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметінің қызметкерлері оларға, сондай-ақ жеке парақта көрсетілген жақын туыстарына қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінің есебі бойынша тексеру жүргізеді.

      12. Медициналық және психофизиологиялық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелді) бұйрығы 5-қосымшасының талаптарына сәйкес жеке істер қалыптастырылады.

      13. Медициналық және психофизиологиялық куәландыру мен тексерудің теріс нәтижелері кезінде үміткерге емдеу және (немесе) Заңның 6-бабы 2-тармағының 5), 6) және 6-1) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің аяқталуы бойынша іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қайта беру мүмкіндігін көрсете отырып, жазбаша дәлелді бас тарту жіберіледі.

      14. Міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін материалдар кандидаттарды жіберген ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметтерінде сақталады және оларды алғашқы кәсіптік оқуға тыңдаушылар ретінде қабылдағаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік органдарының бөліністеріне жіберіледі. Арнайы тексерудің нәтижелері ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметінде сақталады.

      Арнайы тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда ІІМ білім беру ұйымына кандидатты алғашқы кәсіптік оқудан шығару қажеттілігі туралы хат жолданады.

3-тарау. Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жүргізу тәртібі

      14. Алғашқы кәсіптік даярлыққа үміткерлерді іріктеу қабылдау комиссиясына жүктеледі.

      Қабылдау комиссиясы ІІМ білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құрылады. Қабылдау комиссиясы кемінде бес адамнан тұрады, қабылдау комиссиясының төрағасы болып ІІМ білім беру ұйымының басшысы тағайындалады.

      Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізетін қабылдау комиссиясының құрамына өзіндік қауіпсіздік қызметтерінің, ІІМ ведомстволарының кадр қызметтерінің, бос лауазымдары бар ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер кіреді.

      15. Алғашқы кәсіптік даярлыққа үміткерлерді іріктеу бірқатар төмендегідей жүйелі кезеңдерден тұрады:

      1) бірінші кезеңде–келіп түскен жеке істер негізінде үміткерлердің тізімін құру;

      2) екінші кезеңде–Конкурс өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру;

      2) үшінші кезеңде – қабылдау комиссиясы үміткерлермен, ал үміткердің қалауы бойынша оның ата-анасын, зайыбын (жұбайын) шақыра отырып әңгімелесу өткізеді. Үміткердің ІІО-ға қызметке түсу себептері анықталады. Үміткердің назары қызметтегі шектеулерге, болашақ қызметінің сипатына, оны жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері қызметке тарту мүмкіндігіне, сондай-ақ ІІО-да қызмет өткеру кезіндегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға аударылады.

      Іріктеудің әрбір кезеңінен бір рет қана өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген үміткер келесі кезеңге жіберілмейді.

      16. Іріктеу қорытындысы хаттамамен ресімделеді, оның нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІМ білім беру ұйымы басшысының бұйрыққа қол қоюы және келісім-шарт жасасу жолымен ІІМ білім беру ұйымының тыңдаушыларының қатарына үміткерлерді қабылдау үшін негіз болып табылады.

      Тыңдаушыны алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметіне тапсырылады.

      17. Тыңдаушыны алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылдау туралы бұйрық тыңдаушыны ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тағылымдамадан өтушісі етіп тағайындауға негіз болып табылады.

      Алғашқы кәсіптік даярлықта оқу, тағылымдамадан өту кезеңіне кіреді.

      Тағылымдамадан өту кезеңінде ІІМ ведомстволары, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдар, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тыңдаушыны алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылдау қабылдау туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде ІІМ білім беру ұйымдарында еңбек шартын жасасады.

      Тыңдаушыға еңбек шартына сәйкес тағылымдамадан өту уақыты үшін атқаратын лауазымы бойынша штат кестесінде көзделген лауазымдық жалақы төленеді, сондай-ақ арнаулы атағы жоқ қызметкерлердің тиісті санаттары үшін белгіленген басқа да төлемдер жүргізіледі.

4-тарау. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары

      18. Алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушысына (бұдан әрі – тыңдаушылар) өзімен бірге:

      1) жеке куәлігі;

      2) маусымдық камуфляж түсті форма: жазғы – қалпақ, күрте, шалбар, камуфляж түсті футболка және қара түсті ұзын қонышты бәтеңке; қысқы – камуфляж түсті астары жылы күртеше, шалбар немесе комбинезон, сондай-ақ жүннен тоқылған бөрік және қара түсті ұзын қонышты жылы бәтеңке;

      3) спорттық форма және аяқ-киім;

      4) жеке гигиена заттары;

      5) жазу құралдары болуы қажет.

      19. Тыңдаушылар бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен және тұрумен қамтамасыз етіледі.

      20. Жедел, тергеу, жедел-криминалистикалық бөліністердің қызметкерлерін даярлау бағыттары бойынша алғашқы кәсіптік даярлықта оқу мерзімі 6 айды, қалғандарына–3 айды құрайды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 № 632 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Алғашқы кәсіптік даярлық ІІМ әзірлеген үлгілік оқу жоспарларына және ІІМ білім беру ұйымының бастығы бекіткен оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

      ІІМ білім беру ұйымы білімге ағымдық және қорытынды бақылау жүргізудің нысанын, тәртібін өздігінше анықтайды және ол білім беру ұйымының алқалы басқару органының шешімімен белгіленеді.

      Оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысты бір академиялық сағат кемінде 40 минутты құрайды.

      22. Тыңдаушылардың оқу сабақтарының барлық түрлері бойынша білімі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      23. Қорытынды бақылауды осы пәнге сәйкес біліктілігі бар оқытушылар, оқу бағдарламасының бөлімдерін оқу аяқталғаннан кейін оқу жұмысына жетекшілік ететін ІІМ білім беру ұйымы бастығының орынбасары бекіткен кестеге сәйкес жүргізеді.

      Кешенді емтиханды құрамы ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен бекітілетін емтихан комиссиясы жүргізеді. Емтихан комиссияларының құрамы аумақтық ІІО қызметкерлерінен (оқытудың тиісті санаттары бойынша), білім беру ұйымының профессорлық-оқытушылық құрамынан, өзіндік қауіпсіздік бөліністері мен ІІО ардагерлер кеңесінің өкілдерінен құрылады.

      24. Қорытынды бақылаулар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тыңдаушы қайта тапсыруға жіберіледі. Қайта тапсыру бір рет қана өткізіледі.

      Қайта тапсыру қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тыңдаушылар оқу бағдарламасының талаптарын орындамағаны үшін оқудан шығарылады.

      25. Бітіру емтихандарын табысты тапсырған тыңдаушыларға осы Қағидалары 3-қосымшаға сәйкес алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаны туралы қосымшасы бар сертификат беріледі, ол жеке іске тігіледі.

      26. ІІМ-нің білім беру ұйымы алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алғашқы кәсіптік даярлықтың қорытындылары туралы мәліметтерді қоса бере отырып, ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдар, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметіне есепті және тыңдаушылардың жеке істерін жолдайды.

      27. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту мерзімі Қазақстан Республикасы ІІО-дағы қызмет өтіліне (еңбек өткерген жылдарына) есептеледі.

      28. Тыңдаушыларды алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге жіберген ІІМ ведомстволары, ІІМ және оның ведомстваларының қарамағындағы аумақтық органдар, ІІМ және оның ведомстваларының қарамағындағы мемлекеттік мекемелері:

      1) алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдарды кадр құрамына қабылдайды;

      2) еңбек заңнамасына сәйкес тағылымдамадан өтушімен еңбек шартын бұзып, оған пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлейді.

      Лауазымға тағайындау ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер кадрына қабылданған күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

5. Алғашқы кәсіптік даярлықтан шығарудың негіздері

      29. Тыңдаушылар алғашқы кәсіптік даярлықтан төмендегідей негіздер бойынша шығарылады:

      1) қорытынды бақылауды тапсыра алмаудан немесе оқу бағдарламасын орындамаудан байқалған үлгермеушілігі үшін;

      2) ІІМ білім беру ұйымының жарғысында және ІІМ білім беру ұйымының ішкі тәртібі қағидаларында көзделген тәртіпті бұзғаны үшін:

      3) өз қалауы бойынша;

      4) Ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы тексеруінің теріс нәтижесі.

      ІІМ білім беру ұйымы бастығының тыңдаушыны алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару туралы бұйрығының көшірмесі екі жұмыс күні ішінде ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелерге жолданады.

      ІІМ ведомстволары, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдар, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметі тыңдаушымен еңбек келісімін бұзады және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлейді.

      30. 1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары бойынша тыңдаушыны шығару теріс қылық анықталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қызметтік тексеру қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      31. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адам құқық қорғау органында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда, үлгермеушілігіне және (немесе) тәртіп бұзуына байланысты ІІМ білім беру ұйымынан шығарылған, сондай-ақ өз қалауы бойынша кеткен жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны дайындау кезеңінде дайындауға, тамақтануға және тұруға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

      Бұл міндет әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы бойынша үш жыл бойында қызметтен босатылған жағдайда не штаттың қысқаруымен, құқық қорғау органының қайта құрылуымен немесе таратылуымен байланысты басқа лауазымда жұмыс істей алмау жағдайында, сондай-ақ оны басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру жағдайларында болған қызметкерге қолданылмайды.

  Ішкі істер органдарына
қабылданатын адамдар үшін
алғашқы кәсіптік даярлыққа
іріктеу қағидалары және одан
өту шарттары, сондай-ақ оларды
алғашқы кәсіптік даярлықтан
шығару негіздеріне
1-қосымша
  нысан

КЕЛІСІМШАРТ

      ______________ қ.                                           20__ж. "____" ______

      ___________________________________________________________________,

                              (ІІМ білім беру ұйымының атауы)

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан (20__ж. " " ______Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі берген №____ лицензия _________серия) Жарғының

      негізінде әрекет ететін, бұдан "ІІМ білім беру ұйымы" деп аталатын,

      ___________________________________________________________________

      (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      атынан бір жағынан, және бұдан әрі "тыңдаушы" деп аталатын

      ___________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      ___________________________________________________________________

      ІІМ білім беру ұйымына оқуға тіркелген

      _______________________________________________________________,

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      тұлға екінші жағынан төмендегі туралы осы Келісімшартты жасасты:

      1. Келісімшарттың мәні

      1. ІІМ білім беру ұйымы өзіне алғашқы кәсіптік даярлықтың білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушының оқуын ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді алады.

      Оқу мерзімі:

      __________________________________________________________________

                  (білім беру ұйымындағы оқу мерзімін көрсету)

      2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. ІІМ білім беру ұйымы:

      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы келісімшартты өзгертуге және бұзуға;

      2) тыңдаушыны көтермелеуге, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тәртіптік және материалдық жауаптылыққа тартуға;

      3) ІІМ білім беру ұйымының мүлкіне тыңдаушы келтірген зиянды өтетуге;

      4) оқу кезеңінде даярлыққа, тамақтануы мен тұруына жұмсалған бюджет қаражаттарын өтетуге құқылы.

      3. ІІМ білім беру ұйымы:

      1) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы ІІМ нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тыңдаушыны білім алудың жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      2) оқытудың жағдайларын жасауға;

      3) тыңдаушыны медициналық қызмет (дәрігерге дейінгі көмек, ТМККК аясында білікті медициналық көмек) көрсетумен қамтамасыз етуге;

      4) мемлекеттік мұрағатқа тыңдаушының оқу кезеңдерін растаушы құжаттарды тапсыруға;

      5) әскери билетін (тіркеу куәлігін), сондай-ақ еңбек кітапшасының сақталуын және оған қажетті жазбаларды енгізуді қамтамасыз етуге;

      6) тыңдаушының жеке ісіне оның оқуына шығыстар туралы анықтаманы тіркеуге;

      7) алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде тыңдаушыны ішкі істер органдарының аумақтық бөліністеріне тағылымдамаға жіберуге міндетті.

      4. Тыңдаушы:

      1) осы келісім-шартты өзгертуге және бұзуға;

      2) оқытудың, қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін тұру мен медициналық қамтамасыз етудің жағдайларына құқылы.

      5. Тыңдаушы:

      1) оқу бағдарламасы бойынша оқу және кәсіби қызметтің барлық түрлерін адал игеруге;

      2) қызметтік тәртіпті сақтауға;

      3) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарауға;

      4) еңбекті, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау жөніндегі қағидалардың талаптарын орындауға;

      5) оның лауазымдық жағдайына сәйкес оған сеніп тапсырылған қызметтік және өзге де заңмен қорғалатын мәліметтерді жарияламауға;

      6) адамдардың өмірі мен денсаулығына, білім беру ұйымы мүлкінің сақталуы мен білім алушыларға қауіп төндіруші жағдайлардың туындағаны туралы хабарлауға;

      7) отбасы жағдайындағы өзгерістер, оның немесе оның жақын туыстарының қылмыстық жауаптылыққа тартылған, олардың қайсы-біреулерінің тұрақты тұруға шетелге шыққан жағдайларда үш күндік мерзімде осы туралы тікелей бастығына баянатпен мәлімдеуге;

      8) алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде қызмет орнына келуге;

      9) ішкі істер органдарының тиісті бөлінісінде үш жылдан кем емес қызмет етуге;

      10) үлгермеушілігі, тәртіпті бұзғаны, өз еркі бойынша оқудан шығарылған, осы келісімшарттың қолданылуы тоқтағанға дейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан жағдайларда мемлекетке оның оқуына, тамақтануына және тұруына жұмсалған бюджеттік қаражаттарды өтеуге міндетті. Ұстауға жататын сома оқудың толық курсы үшін есептеледі.

      6. Келісімшарт екі тараптың келісімі немесе бір тараптың бастамасы бойынша, сондай-ақ Келісімшарттың талаптары бұзылған жағдайда бұзылады.

      7. Осы Келісімшарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      8. Келісімшарт 2 данада құрылып, біреуі тыңдаушының жеке ісінде сақталады.

      9. Осы Келісімшарт өзінің әрекетін тараптардың өз міндеттерін толық орындағаннан кейін тоқтатады.

      10. Осы Келісімшарт тараптарының арасында оның талаптарын орындау жөнінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте шешіледі.

      11. Осы Келісімшартпен көзделген міндеттемелерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.

Тыңдаушы:
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_________________________________________
Жеке басын растайтын құжаттың №___________
ЖСН_____________________________________
Мекенжайы________________________________
__________________________________________
Телефоны_________________________________
Электрондық поштасы ______________________
Қолы ________ Күні _________

ІІМ білім беру ұйымы:
Банктік реквизиттері:
ЖСК_______________________________
БСК________________________________
БСН________________________________
Код 16______________________________
Бастық:_____________________________
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қолы _________ Күні _________
М.О.

  Ішкі істер органдарына
қабылданатын адамдар үшін
алғашқы кәсіптік даярлыққа
іріктеу қағидалары және одан
өту юшарттары, сондай-ақ
оларды алғашқы кәсіптік
даярлықтан шығару негіздеріне
1-1 қосымша
  нысан

Міндеттеме

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 21.10.2020 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен, _____________________________________________________________________

                        (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасы "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 11-бабы

      6-тармағына сәйкес алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін үш жылдан

      кем емес мерзімде _________________________________________________________

                              (ІІО-дағы қызмет орнының атауын көрсетіңіз)

      қызмет өткеруді міндетіме аламын.

      Ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда немесе үлгермеушілігіме және (немесе) тәртіп бұзуыма байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымынан шығарылған, сондай-ақ өз қалауым бойынша кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес даярлау кезеңінде даярлауға, стипендия төлеуге, тамақтануға және тұруға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуді міндетіме аламын.

      Бұл міндет әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде қызметкер денсаулық жағдайы бойынша үш жыл ішінде қызметтен босатылған жағдайда не штаттың қысқаруымен, құқық қорғау органының қайта құрылуымен немесе таратылуымен байланысты басқа лауазымда жұмыс істей алмауы жағдайында, сондай-ақ оны басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру кезінде қолданылмайды.

      Кандидаттың Т.А.Ә. _________________                   қолы, күні ______________

      Кадр қызметі қызметкерінің Т.А.Ә.____________________________________________

  Ішкі істер органдарына
қабылданатын адамдар үшін
алғашқы кәсіптік даярлыққа
іріктеу қағидалары және одан
өту шарттары, сондай-ақ оларды
алғашқы кәсіптік даярлықтан
шығару негіздеріне
2-қосымша

Білім алушылардың оқу жетістіктерін төрт баллды жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Баллдардың сандық эквиваленті

Баллдары (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

  Ішкі істер органдарына
қабылданатын адамдар үшін
алғашқы кәсіптік даярлыққа
іріктеу қағидалары және одан
өту шарттары, сондай-ақ оларды
алғашқы кәсіптік даярлықтан
шығару негіздеріне
3-қосымша
  нысан



      ___________________________________

      (Білім беру ұйымының атауы)

СЕРТИФИКАТ

      ______________________________________________

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ___________________________________

      (оқудан өткен мерзімі)

      _____________________________________________

      санаты бойынша алғашқы кәсіптік даярлық курстарынан өтті

      Білім беру ұйымының бастығы __________________________________

      __________ қаласы 20 ____ ж. "___" ________ Тіркеу № _______

Толтыру сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысаны (сипаттау).

      1. Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуді растайтын құжат сертификат болып табылады.

      2. Сертификат А4 (297х210 өлшем) мм форматындағы жылтыр қағазды мұқабадан тұрады.

      3. Сертификаттың сыртқы беті мемлекеттік тілде толтырылады:

      1) диаметрі 110 мм Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасымен ашық-көгілдір түсті фон ортасында орналасады;

      2) шет жағынан 7 мм қашықтықта ені 7 мм қара-көк түсті ою-өрнекті жақтау.

      4. Құжаттың жоғарғы жағында:

      1) ою-өрнекті жақтаудың шетінен 2 мм қашықтықтағы орталықта диаметрі 30 мм Қазақстан Республикасының елтаңбасының (Қазақстан жазбасы латынша) бейнесі орналасқан;

      2) елтаңба бейнесінің астындағы 10 мм қашықтықтағы ортада "Білім беру ұйымының атауы" реквизиттерінің астына мәтіннің бос графасы. Бас әріптермен басылады, TimesNewRoman 14 жартылай қою қаріп;

      3) "Білім беру ұйымының атауы" реквизиттерінің астында 15 мм қашықтықта "СЕРТИФИКАТ" жазуы. Бас әріптермен басылады, TimesNewRoman 48 жартылай қою қаріп.

      5. "СЕРТИФИКАТ" жазбасынан 15 мм төмен 6 жол орналасқан:

      бірінші жол – "атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)" реквизиттеріне бос баған;

      екінші жол – "оқудан өткен мерзімі" реквизиттеріне бос баған;

      үшінші жол – "курс тақырыбы" реквизиттеріне бос баған;

      төртінші жол –"санаты бойынша алғашқы кәсіптік даярлық курстарынан өтті" мәтіні;

      бесінші жол –аты-жөні мен тегіне және қолы үшін бос бағанымен "Білім беру ұйымының атауы" мәтіні;

      алтыншы жол – "_________ қаласы 20___ жылғы "___" __________", бағаны, сол жағында орналасады, "Тіркеу № ___" графасы оң жағында орналасады.

      6. Сертификат типографиялық немесе компьютерлік әдіспен дайындалады (қолмен немесе баспа құралдарының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алусыз).

      Ескерту:

      мм – миллиметр.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өту туралы сертификатқа қосымша

      (тіркеу №_____________ сертификатсыз жарамсыз)

      _______________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты)

      _______________________________________________________________________

                        (білім беру ұйымының толық атауы)

      алғашқы кәсіптік даярлық уақытында

      ______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      келесі білімді көрсетті (бөлім атауы – баға/балл):

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Есепті қорғау:______________________________________________

      Бастық _____________________

      Бастықтың орынбасары _____________________

      М.О.

  Ішкі істер органдарына
қабылданатын адамдар үшін
алғашқы кәсіптік даярлыққа
іріктеу қағидалары және одан
өту шарттары, сондай-ақ оларды
алғашқы кәсіптік даярлықтан
шығару негіздеріне
4-қосымша
  нысан

Алғашқы кәсіптік даярлықтың нәтижелері туралы мәліметтер

      Білім алушылары санаты _______________________

      Оқу мерзімі ____________________________

№ р/с

ІІМ ведомствосының, ІІМ және оның ведомствосының қарамағындағы аумақтық орган, ІІМ және оның ведомствосының қарамағындағы мемлекеттік мекеме атауы

Жоспар

Тіркелгені

Кешігіп келгендер

Аяқтағандар

Көтермеленгендер

Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар

Оқудан шығарылғандар

Оқу бағдарламасының талаптарын орындамағаны үшін

Тәртіп бұзғаны үшін

Өз қалауы бойынша

Өзге себептер бойынша














Барлығы: