Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қарашада № 19629 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15696 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 13-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 14 қарашадағы
№ 192 қаулысымен
бекітілді

Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Нормативтер) "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін белгілейді.

      Нормативтердің мақсаттары үшін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар түсініледі.

      2. Пруденциялық нормативтердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:

      1) микроқаржы ұйымы үшін:

      жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың жеткіліктілігі;

      бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

      левередж коэффициенті;

      2) кредиттік серіктестік пен ломбард үшін:

      жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

      левередж коэффициенті кіреді.

2-тарау. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшері

      3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      1) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тіркеуден өткен, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге болатын микроқаржы ұйымын қоспағанда, микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:

      кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге, болатын ломбардты қоспағанда, ломбард үшін - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-1. Өз қызметін 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырған және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарғылық капиталды көрсетілген мерзімге дейін мүлкімен толтырған ломбардтарға жарғылық капиталдың есебіне мүлікке, оның ішінде ақшамен енгізілген капитал сомасын енгізуге жол беріледі.

      Өз қызметін 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырған және бір заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру процесінде тұрған ломбардтарға жарғылық капиталдың есебіне қайта ұйымдастырылған ломбардтар капиталдарының сомасын қосуға жол беріледі.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.08.2020 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      1) микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (жүз миллион) теңге, мына жағдайларды қоспағанда:

      2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті органда есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымы үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (жүз миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;

      2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:

      кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында орналасқан, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында орналасқан ломбард үшін - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      4) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс орналасқан, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс орналасқан ломбард үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңге.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемесі

      5. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жектіліктілігі k1 коэффициентімен сипатталады және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына (бұдан әрі – Активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес қалыптастырылған меншікті капиталдың:

      баланс бойынша активтердің,

      провизияларды (резервтерді) шегергенде, кепілсіз тұтынушылық микрокредиттердің сомасына Активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) шегергенде, Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген микрокредиттердің үш еселенген сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

      Кепілсіз тұтынушылық микрокредит сомасын айқындау мақсатында жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредит бойынша негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасы ескеріледі.

      Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген микрокредит сомасын айқындау мақсатында Заңның 4-бабының 3-1-тармағының талаптарында жеке тұлғаға берілген микрокредит бойынша негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасы ескеріледі.

      k 1 коэффициентінің мәні кемінде 0,1 құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 115 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5-1. K1 нормативін орындаудың міндетті шарты несие портфелінің жалпы сомасында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің үлесіне лимиттің (бұдан әрі – лимит) сақталуы болып табылады.

      Лимитті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Л =


      мұнда:

      Л – лимит,

      ММ90 – микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда ескеретін және баланстан тыс есепке есептен шығарылған негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар есепті кезең соңындағы микрокредиттер.

      ММ90 көрсеткіші Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есептемегенде, мерзімі өткен берешек бойынша негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасын қамтиды.

      НП – есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша несие портфелі.

      НП көрсеткіші микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын және баланстан тыс есепке есептен шығарылған Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есептемегенде, негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасын қамтиды.

      Лимиттің мәні 20 (жиырма) пайыздан аспайды.

      Есепті күнгі лимиттен асып кету k1 нормативін бұзуға әкеп соғады.

      Микроқаржы ұйымы лимиттен асып кету орын алған есепті кезеңнен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей негізгі борыш, есептелген сыйақы, бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер бойынша берешекті реттеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) әзірлейді және оны мақұлдау үшін уәкілетті органға ұсынады.

      Іс-шаралар жоспары кемінде 3 (үш) ай мерзімге әзірленеді және төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:

      негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер бойынша берешекті несие портфелінің 20%-нан кем немесе оған тең деңгейге дейін төмендету жөніндегі шаралар;

      Іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды іске асыру тәртібі және мерзімдері;

      Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлердің тізбесі (Іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындауға жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).

      Уәкілетті орган микроқаржы ұйымы ұсынған Іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қарау нәтижелерін микроқаржы ұйымына Іс-шаралар жоспары уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

      Уәкілетті орган Іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды. Іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған кезде, жазбаша нысанда ескертулер ұсынады.

      Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып Іс-шаралар жоспарын мақұлдайда немесе олармен келіспеген жағдайда, наразылық танытады.

      Бұл ретте уәкілетті органның Іс-шаралар жоспарын мақұлдауы үшін мерзім есепті күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер бойынша берешек несие портфелінің 20%-нан кем немесе оған тең деңгейге дейін төмендетілген кезде, микроқаржы ұйымы мерзімі өткен берешектің нақты төмендеуі орын алған есепті кезеңнен кейінгі 1 (бір) күннен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлама жібереді.

      Ескерту. Әдістеме 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 115 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталы:

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтерді;

      басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның инвестицияларын шегергенде,

      төленген жарғылық капиталының;

      қосымша капиталының;

      өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының (шығынының) (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлардың, резервтердің);

      есепті кезеңде бөлінбеген таза пайданың (шығынның) мөлшерінің;

      негізгі қаражатты қайта бағалау мөлшерінің;

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды тұлғалары (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аумақтардың тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттемелері түріндегі реттелген борыштың сомасы ретінде есептеледі.

      7. Қамтамасыз етілмеген міндеттемені реттелген борышқа жатқызу талаптары мынадай талаптарды бір мезгілде орындау болып табылады:

      1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде 5 (бес) жылды құрайды;

      2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талап қоя алмайды;

      3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме пруденциалдық нормативтердің Нормативтерде белгіленген мәндерден төмендеуіне әкеп соқпайтын талаптарда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;

      4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме соңғы кезекте (қалған мүлікті қатысушылар арасында бөлу алдында) қанағаттандырылады.

      8. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған инвестициялары заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның салымдарын білдіреді.

      9. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері k2 коэффициентімен сипатталады және микроқаржы ұйымының бір қарыз алушыға тәуекел мөлшерінің микроқаржы ұйымының меншікті капиталына оның міндеттемелері бойынша қатынасы ретінде есептеледі.

      K2 коэффициентінің мәні 0,25-тен аспайды.

      10. Микроқаржы ұйымының бір қарыз алушыға тәуекелінің мөлшері:

      Лондон бағалы металлдар нарығының қауымдастығы (London bіllіon market assocіatіon) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delіvery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған бағалы металдары;

      Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түрінде берілген микрокредиттер бойынша нақты құрылған провизиялар сомасын, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде;

      микроқаржы ұйымының қарыз алушыға микрокредиттер және дебиторлық берешек түрінде қоятын талаптары;

      микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға қоятын талаптары сомасы ретінде есептеледі.

      11. Микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгі жалпы көлемі осы Нормативтерде белгіленген шектеулер шегінде болып, бірақ соңынан соңғы 3 (үш) ай ішінде микроқаржы ұйымының меншікті капиталының деңгейі кемінде 5 (бес) пайыз төмендеуіне байланысты көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда бір қарыз алушыға деген тәуекел нормативінің ең жоғары мөлшері орындалды деп есептеледі.

      Көрсетілген жағдайларда микроқаржы ұйымы шектеулерден асып кету фактісі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген асып кету пайда болған күннен кейінгі күн ішінде хабардар етеді және ағымдағы және одан кейінгі айларда шектеуден асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кетуді микроқаржы ұйымы көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, бір қарыз алушыға ең жоғары тәуекел мөлшерінің нормативі шегінен асып кету көрсетілген шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы деп қарастырылады.

      12. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды міндеттемелерге капиталдандыру k3 левередж коэффициентімен сипатталады және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жиынтық міндеттемелері сомасының оның меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.

      Микроқаржы ұйымы және кредиттік серіктестік үшін k3 коэффициентінің мәні 10-нан аспайды.

      Ломбард үшін k3 коэффициентінің мәні 8-ден аспайды.

      Кредиттік серіктестік үшін k3 коэффициентін есептеу кезінде кредиттік серіктестіктің жиынтық міндеттемелерінен ұлттық басқарушы холдингтер мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.03.2020 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.