Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қарашада № 19629 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15696 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 13-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 14 қарашадағы
№ 192 қаулысымен
бекітілді

Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Нормативтер) "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін белгілейді.

      Нормативтердің мақсаттары үшін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар түсініледі.

      2. Пруденциялық нормативтердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:

      1) микроқаржы ұйымы үшін:

      жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың жеткіліктілігі;

      бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

      левередж коэффициенті;

      2) кредиттік серіктестік пен ломбард үшін:

      жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

      левередж коэффициенті кіреді.

2-тарау. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшері

      3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      1) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тіркеуден өткен, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге болатын микроқаржы ұйымын қоспағанда, микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:

      кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында өз қызметін жүзеге асыратын, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, ломбард үшін - 70 000 000 ( жетпіс миллион) теңге;

      4) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс өз қызметін жүзеге асыратын, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, ломбард үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңге.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.04.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      1) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті органда есептік тіркеуден өткен, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге болатын микроқаржы ұйымын қоспағанда, микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:

      кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында орналасқан, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында орналасқан ломбард үшін - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      4) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс орналасқан, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс орналасқан ломбард үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңге.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.04.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемесі

      5. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жектіліктілігі k1 коэффициентімен сипатталады және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған меншікті капиталдың баланс бойынша активтердің және провизияларды (резервтерді) шегергенде, кепілсіз тұтынушылық микрокредиттердің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

      Кепілсіз тұтынушылық микрокредит деп жеке тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес қызметтерді сатып алуға берілген микрокредит түсініледі.

      K1 коэффициентінің мәні кемінде 0,1 құрайды.

      6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталы:

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтерді;

      басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның инвестицияларын шегергенде,

      төленген жарғылық капиталының;

      қосымша капиталының;

      өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының (шығынының) (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлардың, резервтердің);

      есепті кезеңде бөлінбеген таза пайданың (шығынның) мөлшерінің;

      негізгі қаражатты қайта бағалау мөлшерінің;

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды тұлғалары (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аумақтардың тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттемелері түріндегі реттелген борыштың сомасы ретінде есептеледі.

      7. Қамтамасыз етілмеген міндеттемені реттелген борышқа жатқызу талаптары мынадай талаптарды бір мезгілде орындау болып табылады:

      1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде 5 (бес) жылды құрайды;

      2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талап қоя алмайды;

      3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме пруденциалдық нормативтердің Нормативтерде белгіленген мәндерден төмендеуіне әкеп соқпайтын талаптарда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;

      4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме соңғы кезекте (қалған мүлікті қатысушылар арасында бөлу алдында) қанағаттандырылады.

      8. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған инвестициялары заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның салымдарын білдіреді.

      9. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері k2 коэффициентімен сипатталады және микроқаржы ұйымының бір қарыз алушыға тәуекел мөлшерінің микроқаржы ұйымының меншікті капиталына оның міндеттемелері бойынша қатынасы ретінде есептеледі.

      K2 коэффициентінің мәні 0,25-тен аспайды.

      10. Микроқаржы ұйымының бір қарыз алушыға тәуекелінің мөлшері:

      Лондон бағалы металлдар нарығының қауымдастығы (London bіllіon market assocіatіon) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delіvery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған бағалы металдары;

      Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түрінде берілген микрокредиттер бойынша нақты құрылған провизиялар сомасын, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде;

      микроқаржы ұйымының қарыз алушыға микрокредиттер және дебиторлық берешек түрінде қоятын талаптары;

      микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға қоятын талаптары сомасы ретінде есептеледі.

      11. Микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгі жалпы көлемі осы Нормативтерде белгіленген шектеулер шегінде болып, бірақ соңынан соңғы 3 (үш) ай ішінде микроқаржы ұйымының меншікті капиталының деңгейі кемінде 5 (бес) пайыз төмендеуіне байланысты көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда бір қарыз алушыға деген тәуекел нормативінің ең жоғары мөлшері орындалды деп есептеледі.

      Көрсетілген жағдайларда микроқаржы ұйымы шектеулерден асып кету фактісі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген асып кету пайда болған күннен кейінгі күн ішінде хабардар етеді және ағымдағы және одан кейінгі айларда шектеуден асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кетуді микроқаржы ұйымы көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, бір қарыз алушыға ең жоғары тәуекел мөлшерінің нормативі шегінен асып кету көрсетілген шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы деп қарастырылады.

      12. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды міндеттемелерге капиталдандыру k3 левередж коэффициентімен сипатталады және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жиынтық міндеттемелері сомасының оның меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.

      Микроқаржы ұйымы және кредиттік серіктестік үшін k3 коэффициентінің мәні 10-нан аспайды.

      Ломбард үшін k3 коэффициентінің мәні 8-ден аспайды.

      Кредиттік серіктестік үшін k3 коэффициентін есептеу кезінде кредиттік серіктестіктің жиынтық міндеттемелерінен ұлттық басқарушы холдингтер мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.03.2020 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.