Пруденциялық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15696 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.11.2019 № 192 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны бекітілсін.

      2. Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген электрондық форматтағы есептілікті ұсынады.

      Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.

      Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есептілікке қол қоюға уәкілетті адамдар және орындаушы қол қояды және микроқаржы ұйымында сақталады.

      Микроқаржы ұйымының электрондық форматта ұсынылатын есептілігі деректерінің қағаз тасымалдағыштағы деректерге сәйкестігін бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есептілікке қол қоюға олар уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Пруденциалдық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 382 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8317 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті төрағасының м.а.

      _______________ Г. Керімханова

      2017 жылғы 15 тамыз

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 148 қаулысына
1-қосымша

Пруденциялық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де
нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі

      1. Осы Пруденциялық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Пруденциялық нормативтер) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және пруденциялық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін белгілейді.

      2. Пруденциялық нормативтердің және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:     

      1) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

      2) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

      3) меншікті капиталдың жеткіліктілігі;

      4) бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

      5) левередж коэффициенті кіреді.

      3. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды.

      4. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды.

      5. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілігі k1 коэффициентімен сипатталады және меншікті капиталдың баланс бойынша активтер сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

      K1 коэффициентінің мәні кемінде 0,1 құрайды.

      6. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталы:

      микроқаржы ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтерді;

      басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған микроқаржы ұйымының инвестицияларын

      шегергенде,

      төленген жарғылық капиталының;

      қосымша капиталының;

      өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының (шығынының) (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлардың, резервтердың);

      есепті кезеңде бөлінбеген таза пайданың (шығынның) мөлшерінің;

      негізгі қаражатты қайта бағалау мөлшерінің;

      микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалар және бейрезиденттері (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аумақтардың тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттемелері түріндегі реттелген борыштың сомасы ретінде есептеледі.

      7. Қамтамасыз етілмеген міндеттемені реттелген борышқа жатқызу талаптары мынадай талаптарды бір мезгілде орындау болып табылады:

      1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде 5 (бес) жылды құрайды;

      2) кредитордың қамтамасыз етілмеген міндеттемені ол туындаған сәттен бастап 5 (бес) жылдан бұрын кері қайтару (орындау) туралы талапты ұсынуға құқығы жоқ;

      3) егер бұл іс-әрекет меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәндерін Пруденциялық нормативтердің 4-тармағында белгіленген мәннен төмен азайтуға әкелмесе, микроқаржы ұйымының бастамасы бойынша тек 5 (бес) жыл өткеннен кейін ғана мерзімінен бұрын кері қайтарылды (орындалды);

      4) микроқаржы ұйымы таратылған кезде соңғы кезекте (қалған мүлікті қатысушылар арасында бөлу алдында) қанағаттандырылатын талаптарды білдіреді.

      8. Микроқаржы ұйымының басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған инвестициялары кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдарының, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау қызметін көрсететін ұйымдардың және күзету қызметіне лицензиясы бар ұйымдардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне микроқаржы ұйымының салымдарын білдіреді.

      9. Бір қарыз алушыға тәуекелдің мөлшері:

      Лондон бағалы металлдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған бағалы металдары;

      Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түрінде қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде;

      микроқаржы ұйымының қарыз алушыға микрокредиттер және дебиторлық берешек түрінде қойылатын талаптар;

      микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қойылатын талаптар сомасы ретінде есептеледі.

      10. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері k2 коэффициентімен сипатталады және микроқаржы ұйымының бір қарыз алушыға тәуекел мөлшерінің микроқаржы ұйымының меншікті капиталына оның міндеттемелері бойынша қатынасы ретінде есептеледі.

      K2 коэффициентінің мәні 0,25-тен аспайды.

      11. Микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгі жалпы көлемі осы Пруденциялық нормативтерде белгіленген шектеулер шегінде болып, бірақ соңынан соңғы 3 (үш) ай ішінде микроқаржы ұйымының меншікті капиталының деңгейі 5 (бес) пайыздан аспай төмендеуіне байланысты көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы 3 (үш) ай ішінде қарыз алушыға қойылатын талаптар 10 (он) пайыздан асқан деп көрсетілген теңгенің шетел валюталарына қатысты орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қоятын талаптарының өсуіне байланысты бір қарыз алушыға деген тәуекел нормативінің ең жоғары мөлшері орындалды деп есептеледі.

      Көрсетілген жағдайларда микроқаржы ұйымы шектеулерден асып кету фактісі туралы микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына жоғарыда көрсетілген асып кету пайда болған күннен кейінгі күн ішінде хабардар етеді және ағымдағы және одан кейінгі айларда шектеуден асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кетуді микроқаржы ұйымы көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, бір қарыз алушыға ең жоғары тәуекел мөлшерінің нормативі шегінен асып кету көрсетілген шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы деп қарастырылады.

      12. Міндеттемелерге қатысты микроқаржы ұйымының капиталдандыруы k3 левередж коэффициентімен сипатталады және микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелері сомасының оның меншікті капиталына қатысты сома ретінде есептеледі.

      K3 коэффициентінің мәні 10-нан аспайды.

      13. Микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелерінен k3 коэффициентін есептеу мақсатында халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

      Осы нормативтің мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:

      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

      Африка даму банкі (the African Development Bank);

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

      Халықаралық даму қауымдастығы;

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық валюта қоры;

      Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;

      Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 148 қаулысына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы есеп

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Есепті кезең: 20 __ жылғы "___" __________ жағдай бойынша

      Индекс: PN-1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынады: микроқаржы ұйымы

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей

__________________________________________________________ (микроқаржы ұйымының атауы)

  (мың теңгемен)

Баптардың атауы

Сомасы

1

2

3

1

Төленген жарғылық капитал


2

Қосымша капитал


3

Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (зияны)


4

Өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер


5

Есепті кезеңде бөлінбеген таза пайда (зиян)


6

Негізгі құрал-жабдықты қайта бағалау


7

Микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері заңды тұлғалар (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттеме түріндегі реттелген борыш


8

Микроқаржы ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер


9

Кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдарының, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау қызметін көрсететін ұйымдардың және күзет қызметіне лицензиясы бар ұйымдардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне инвестициялар


10

Микроқаржы ұйымының есептік меншікті капиталы


11

Микроқаржы ұйымының балансы бойынша активтер


12

K1 меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті


13

Бір қарыз алушының микроқаржы ұйымының алдындағы жиынтық берешегі (ұйымның балансынан есептен шығарылғанды қоса алғанда)


14

Қарыз алушының Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген аффинирленген бағалы металдар түрінде қамтамасыз етуі


15

Қарыз алушының Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түрінде қамтамасыз етуі


16

K2 бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициенті


17

Халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерді қоспағанда, микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелері


18

K3 жиынтық міндеттемелердің ең жоғары лимитінің коэффициенті


19

Микроқаржы ұйымының микрокредиттерінің жиынтық мөлшері


      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Орындаушы ______________________________________________ ______________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Телефон: ______________

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "___" __________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада берілген.

  Пруденциялық нормативтердiң
және сақталуы мiндеттi өзге де
нормалар мен лимиттердiң
орындалуы туралы есептің
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "Пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Микроқаржы ұйымы Нысанды тоқсан сайын жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілетті адамдар, және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанның 13, 14, 15 және 16-жолдарында микроқаржы ұйымының алдындағы ең жоғары жиынтық берешегі бар қарыз алушы бойынша ақпарат көрсетіледі.

      6. Нысанның 18-жолында микрокредиттердің баланстық құны көрсетіледі, онда негізгі борыш, мерзімі өткен берешек қосылып, дисконт алынып, сыйлықақы қосылып, негізгі борыш бойынша есептелген, бірақ өтелмеген (алынбаған) сыйақы қосылып, құнсыздануға резервтер алынып және тұрақсыздық (егер активті тану өлшемшарттарына сәйкес келетін тұрақсыздық сомасын есептеу шартта көзделсе) қосылып қамтылады.

      7. 12, 16, 18-жолдарда үтірден кейін үш таңбасы бар мәндер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 148 қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Емсепті кезең: 20 __ жылғы "___" __________ жағдай бойынша

      Индекс: 1-BVU_R_MRZ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын: микроқаржы ұйымдары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей

____________________________________________ (микроқаржы ұйымының атауы)

  (мың теңгемен)

Қарыз алушының атауы

ЖСН/
БСН

Қарыз (микрокредит) бойынша талаптардың сомасы

Барлығы негізгі борыштың сомасы

Есептелген сыйақы сомасы

1

2

3

4

5






Жиынтығы:





      кестенің жалғасы:

Активті тану өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар және өсімпұлдар)

Дисконт (сыйлықақы)

Барлығы іс жүзінде құрылған провизиялар сомасы

Баланстық құны

6

7

8

9









      кестенің жалғасы:

Пруденциялық нормативтердің 9-тармағына сәйкес қамтамасыз ету

Есепті кезеңде қарыз (микрокредит) бойынша баланстан есептен шығару

Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген аффинирленген бағалы металдар

Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері

Негізгі борыш

Есептелген сыйақы

Активті тану өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар және өсімпұлдар)

10

11

12

13

14











      кестенің жалғасы:

Дебиторлық берешек бойынша талаптар сомасы

Бір қарыз алушының микроқаржы ұйымы алдындағы жиынтық берешегі
(ұйымның балансынан есептен шығарылғандарды қоса алғанда)

Дебиторлық берешек

Барлығы нақты құрылған провизиялар сомасы

Баланстық құны

15

16

17

18





      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Орындаушы _______________________________________________ _____________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Телефон: ______________

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "___" __________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада берілген.

  Бір қарыз алушыға қатысты
тәуекелдің ең жоғары
мөлшерінің талдамасы туралы
есептің нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан тоқсан сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілетті адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанды толтырған кезде Пруденциялық нормативтердің 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес есептелген мәліметтер көрсетіледі.

      6. Нысанның 5-бағанында есептелген, бірақ өтелмеген (алынбаған) сыйақы сомасы көрсетіледі.