"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-6) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығымен бекітілген |
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-6) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы шегiнде қызметін жүзеге асыру үшін қазақстандық кеме иелері тартатын, шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн барлық кемелерге (бұдан әрi - шетелдiк кемелер) қолданылады.
Кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан, өз атынан кемені пайдаланатын Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғасы қазақстандық кеме иесі болып табылады.
2-тарау. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру тәртібі
3. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсатты (бұдан әрi - рұқсат) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкілетті орган) қазақстандық кеме иесіне каботажды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға, сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайларды салуға және құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты қызметті (бұдан әрі – өтініш беруші) жүзеге асыру үшін бередi.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.06.2023 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Өтініш беруші уәкілетті органға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алу үшін өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жолдайды.
Өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) кертірілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандартында келтірілген.
Уәкілетті органның құжаттарды қарау және рұқсат берудің жалпы мерзімі 9 (тоғыз) жұмыс күнін құрайды.
5. Рұқсат Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүдделерді қорғауды, кемелердің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болмау жағдайында беріледі.
6. Рұқсат әрбiр шетелдiк кемеге шартта (келісімшартта) көрсетiлген мерзімге, соның негiзiнде жұмыстың нақты түрлерін орындау үшін тартылатын шетелдiк кемеге, бiрақ 1 (бiр) жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
Шарт (келісімшарт) рұқсатты алуға өтінім беретін қазақстандық кеме иесі және шетелдік кеменің меншік иесі немесе шетелдік кемені жалдайтын кеме иесі немесе орындау үшін тартылатын шетелдiк кемеге жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) тапсырыс берушінің арасында жасалады.
7. Кемені басқа шарттың (келісімшарттың) шеңберінде жұмыстардың өзге де түрлерін орындау үшін басқа кеме иесіне беру кезінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жаңа рұқсат алу қажет.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.06.2023 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді. Уәкілетті орган басшысының орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты), не заңды тұлға - меншік иесін мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғаларға қатысты ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болуын немесе болмауын анықтау үшін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Егер өтiнiм уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақстандық кеме иелерiнен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн өздеріне тиесілі кемелермен шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы ақпарат түспесе, ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос кемелер жоқ деп есептеледi.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.06.2023 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Оң қорытынды болған кезде уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсатты рәсімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде рұқсат беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жолдайды.
Рұқсат беруден бас тарту Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
12. Ұқсас түрдегі бос Қазақстандық және осы мақсаттар үшін шетелдік кеме тартылатын қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі бар кемелердің болуы негізінде рұқсат берудің дәлелді бас тартуымен келіспеген жағдайда, өтініш беруші мынадай қосымша құжаттарды қоса бере отырып өтініш қайта енгізіледі:
1) танылған шетелдік сыныптау қоғамының еркін нысандағы қорытындысы (қазақстандық кеменің жұмыстарды жүзеге асыруға техникалық жарамсыздығын негіздеу қажет болған жағдайда);
2) тапсырысты орындау үшін қажетті кемеге жұмыстар тапсырыс берушісі еркін нысандағы техникалық ерекшелігі.
Шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармасымен қамтамасыз етіледі. Шет тіліндегі құжатқа нотариалды куәландырылған аударманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
13. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
14. Берiлген рұқсаттар туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне жiбередi.
Рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кешіктірмей шетелдiк кеме Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиiс.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысаны |
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алуға өтінім
1. Кеменің атауы___________________________________________________
2. Кемені тіркеу порты______________________________________________
3. Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
________________________________________________________________
4. Кеменің туы_______________________________________________________
5. Кеме түрі_________________________________________________________
6. Кеме сыныбы______________________________________________________
7. Кеме өлшемдері: ұзындығы ________ ені _______ борт биіктігі____________
8. Тіркелім сыйымдылығы: таза ______________ жалпы _________________
9. Шөгу ___________________________________________________________
10. Салынған күні мен орны____________________________________________
11. Бас қозғалтқыштардың қуаты (бар болса) ___________________________
12. Кеменің меншік иесі ____________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, азаматтығы, тұратын мекенжайы, төлқұжат деректері (жеке тұлғалар үшін);
атауы, орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін)
13. Шарт (келісімшарт) жасалған кеме иесі _____________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, азаматтығы, тұратын мекенжайы, төлқұжат деректері (жеке тұлғалар үшін); атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін)
14. Шарттың (келісімшарттың) атауын, қолданылу күнін және мерзімін көрсете отырып, кеме қызметінің жоспарланған түрлері ________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
15. Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзу ауданы ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
16. Рұқсат қажет етілетін мерзім________________________________________
17. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелердің өздеріне тиесілі шетел кемесі тартылатын қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне қатысты қазақстандық кеме иелерімен келіспеу себептері (бар болса) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған мәліметтердің және қоса берілетін құжаттардың дұрыстығын растаймын
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
___________ 20 __ жылғы "__" __________ (қолы)
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.06.2023 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" (бұдан әрі – портал): www. egov. kz, www. eli cens e. kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 9 (тоғыз) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көсетілетін қызмет тегін жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Порталда: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Ескертпе:
* кемелерден мұнаймен ластанудан болған залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлік Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығымен бекітілген тәртіппен беріледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген), тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Егер сыныптау куәлігін немесе кеменің техникалық жарамдылығын растайтын өзге де құжатты және жолаушылар куәлігін сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен танымаған шетелдік сыныптау қоғамы берсе, онда "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес танылған сыныптау қоғамынан растау қажет.
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша |
|