Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19057 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 16 шілдедегі
№ 512 бұйрығымен
бекiтiлген

Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-6) тармақшасына сәйкес әзiрленген және шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың әрекетi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн және қазақстандық кеме иелері Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы шегiнде қызметін жүзеге асыруға тартылатын барлық кемелерге (бұдан әрi - шетелдiк кемелер) қолданылады.

      Кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан, өз атынан кемені пайдаланатын, Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғасы қазақстандық кеме иесі болып табылады.

      3. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсатты (бұдан әрi - рұқсат) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкілетті орган) қазақстандық кеме иесіне каботажды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға, сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайларды салуға және құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін бередi.

      4. Рұқсат Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүдделерді қорғауды, кемелердің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету ескеріле отырып мына негіздерде беріледі:

      1) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болмауы.

      Аталған негіз қазақстандық кеме иелерiнен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн өздерiне тиесiлi кемелермен шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы ақпарат болмаған кезде белгіленеді;

      2) мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын қысқамерзімдік немесе бір реттік жұмыстарды жүргізу қажеттігі.

      Аталған негіз 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсатты алуға арналған өтінім (бұдан әрi - өтінім) берген кезде белгіленеді.

      5. Рұқсат әрбiр шетелдiк кемеге шартта (келісімшартта) көрсетiлген мерзімге, соның негiзiнде жұмыстың нақты түрлерін орындау үшін тартылатын шетелдiк кемеге, бiрақ 1 (бiр) жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

      Шарт (келісімшарт) рұқсатты алуға өтінім беретін қазақстандық кеме иесі және шетелдік кеменің меншік иесі немесе шетелдік кемені жалдайтын кеме иесі немесе орындау үшін тартылатын шетелдiк кемеге жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) тапсырыс берушінің арасында жасалады.

      6. Кемені басқа шарттың (келісімшарттың) шеңберінде жұмыстардың өзге де түрлерін орындау үшін басқа заңды немесе жеке тұлғаға беру кезінде осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте жаңа рұқсат алу қажет.

2-тарау. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру тәртiбi

      7. Рұқсатты алу үшiн осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" www.elicence.kz веб-порталы арқылы өтiнiм беріледi.

      8. Өтiнiмге мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берiледi:

      сыныптау куәлiгi немесе кеменің техникалық жарамдылығын растайтын өзге де құжат.

      Жолаушылар кемелерi үшiн:

      жолаушы куәлiгi;

      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершiлiгi міндетті түрде сақтандыру бойынша сақтандыру полисы*.

      Мұнайды екi мың және одан көп тонна көлемiнде тасымалдауға арналған кемелер үшiн:

      кемелерден мұнаймен ластанудың залалы үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлiк*.

      Ұқсас түрдегi бос қазақстандық және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болу негізінде рұқсат беруден дәлелді бас тартумен келіспеген жағдайда өтініш беруші мынадай қосымша құжаттарды қоса бере отырып өтінім енгізіледі:

      1) танылған сыныптау қоғамының еркін нысандағы қорытындысы (қазақстандық кемені жұмыстардың жүзеге асыруға техникалық жарамсыздық негіздеу қажет болған жағдайда);

      2) тапсырысты орындау үшін қажетті кемеге жұмыстар тапсырыс берушісінің еркін нысандағы техникалық сипаттамасы.

      Шет тiлiндегі құжаттар қазақ немесе орыс тiлдерiне нотариалды куәландырылған аудармамен қамтамасыз етіледі. Шет тiлiндегі құжатқа нотариалды куәландырылған аударманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

      9. Рұқсат немесе рұқсатты беруден осы Қағидалардың 13-тармағы 3) және 4) тармақшаларының негізінде дәлелді бас тарту "электрондық үкімет" www.elicence.kz веб-порталы арқылы өтінімді берген күнінен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні мерзімінде беріледі.

      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болуын немесе болмауын анықтау қажет болған жағдайда өтінімді берген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді уәкілетті орган өзінің ресми сайтында орналастырады.

      11. Егер өтiнiш уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн кемелердi пайдаланатын қазақстандық кеме иелерiнен мақсаттары үшiн шетелдiк кеме тартылатын қызметтi өздерiне тиесiлi кемелермен жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы ақпарат түспесе, мұндай мүмкiндiк жоқ деп есептеледi.

      12. Берiлген рұқсаттар туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне жiбередi.

      13. Рұқсатты беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:

      1) өтінімде және Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген деректерді және құжаттарды толық емес көлемде ұсыну;

      2) құжаттардың қолданылу мерзiмдерi және кеменi жыл сайын техникалық куәландыру мерзiмдерiнің өтiп кетуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болуы (дәлелді бас тартуда өздерiне тиесiлi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн кемелермен шетелдiк кеме тартылатын қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы ақпарат түскен қазақстандық кеме иелерiнің атауы көрсетіледі).

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда рұқсатты беруден дәлелді бас тарту өтінімді берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      14. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кешіктірмей шетелдiк кеме Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиiс.

      Ескертпе:

      * кемелерден мұнаймен ластанудың залалы үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлiк Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген) бекітілген тәртіпте, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершiлiгi міндетті түрде сақтандыру бойынша сақтандыру полисы "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте беріледі.

      Егер сыныптау куәлiгi немесе кеменің техникалық жарамдылығын растайтын өзге де құжат және жолаушы куәлiгi заңнамада белгіленген тәртіпте уәкілетті органмен танылмаған шетелдік сыныптау қоғамы берсе, "Кемелердің техникалық куәландыруын және сыныптауын жүзеге асыратын сыныптау қоғамдарын тану туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 35 бұйрығына сәйкес танылған сыныптау қоғамынан растама қажет.

  Шет мемлекеттiң туын көтерiп
жүзетiн кеменi Каспий теңізінің
қазақстандық секторында
пайдалануға рұқсат
беру қағидаларына
қосымша
Нысан

Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсатты алуға арналған өтінім

      1. Кеменің атауы ___________________________________________________________.

      2. Кемені тіркеу порты ______________________________________________________.

      3. Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _________________.

      4. Кеменің туы _____________________________________________________________.

      5. Кеменің типі ____________________________________________________________.

      6. Кеменің сыныбы _________________________________________________________.

      7. Кеменің өлшемдері: ұзындығы ______ ені ______ борттың биіктігі _______________.

      8. Тiркелiмдiк сыйымдылығы: таза _______________ жалпы ______________________.

      9. Суға шөгуі ______________________________________________________________.

      10. Жасалу жылы мен орны __________________________________________________.

      11. Бас қозғалтқыштарының қуаты (бар болса) __________________________________.

      12. Кеме меншік иесі ________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      (тегi, аты, азаматтығы, тұратын мекенжайы, паспорт деректері (жеке тұлғалар үшiн);

      атауы, орналасқан жерi (заңды тұлғалар үшiн)

      13. Шартты (келісімшартты) жасасқан кеме иесі _________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      (тегi, аты, азаматтығы, тұратын мекенжайы, паспорт деректері (жеке тұлғалар үшiн);

      атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), орналасқан жерi (заңды тұлғалар үшiн)

      14. Шарттың (келісімшарттың) атауын, күнін және қолданылу мерзімін көрсете отырып

      кеменiң жоспарланған қызмет түрлерi _______________________________________________.

      15. Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзу ауданы _______________________.

      16. Рұқсаттың қажетті мерзiмі ________________________________________________.

      17. Өздерiне тиесiлi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн

      кемелермен шетелдiк кеме тартылатын қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгiне қатысты

      қазақстандық кеме иелерімен келіспеу себептері (бар болса)

      _______________________________________________________________________________.

      Ұсынылған деректердің және қоса берілген құжаттардың нақтылығын растаймын