ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 406 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларында:
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Тану туралы куәлік алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Кеме қатынасы тіркеліміне ұйымды немесе сынақ зертханасын тану туралы өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
"Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып хабарлама жолданады.
Кеме қатынасы тіркелімі құжаттарды қараудың, куәландырудың және Тану туралы куәлікті берудің жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнді құрайды.
"Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу" мемлекеттік қызметі заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Куәландыру мен сынақтардың қанағаттанарлық нәтижелері кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген мерзімде Кеме қатынасы тіркелімі уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Тану туралы куәлікті ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді.
Мәлімделген жұмыстардың бір немесе бірнеше түрлері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмегенде, Тану туралы куәлік сапасы расталатын жұмыс түрлеріне беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларына 3-1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10906 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) навигациялық - кеменің порт айдынына кіруі/шығу кезінде кемелер қозғалысын басқару жүйесі не жағалаулық радиолокациялық жүйе және басқа да навигациялық жабдық (қалтқылар, вехтер, маяктар, жарылыс белгілері, радиобайланыс құралдары) арқылы навигация және байланыс құралдарымен навигациялық қызметтерді ұсыну;".
3. "Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10548 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Ауысым ұзақтығы 12 сағаттан аспайтын, катерлер мен катамарандарды қоса алғанда, жұмыс персоналын Каспий теңізінде вахтаны атқару орнына дейін тасымалдауға арналған, адамдарды Каспий теңізіндегі апат орнынан Қазақстан Республикасының қауіпсіз портына дейін эвакуациялау үшін бір реттік рейсті орындау кезінде жедел эвакуациялау мамандандырылған кемелерінде, сондай-ақ (оның ішінде әуе жастығында), жалпы сыйымдылығы 300 тіркелім тоннадан кем қосалқы флот кемелерінде, кеме экипажының ең аз құрамына тек капитан және аға механик немесе екінші механик (вахталық механик) кіреді.
Ауысым ұзақтығы 12 сағаттан аспайтын, әуе жастықшасы бар кемелерде 300-ден астам тіркелім тонна кеме экипажының ең аз құрамына капитан, аға механик немесе екінші механик (вахта механигі) және матрос кіреді.".
4. "Теңiзде жүзу кiтапшасының үлгiсiн, оны ресiмдеу және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 156 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10661 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Теңізде жүзу кітапшасы теңіз көлігі мамандарын даярлаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ресімделеді және беріледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. "Теңізде жүзу кітапшасын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидаларына 2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 13-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Теңiз көлiгіндегі экспедиторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 486 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11199 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңiз көлiгіндегі экспедиторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
5-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) контейнерлерді, көлiк ыдысы мен орамын жөндеу;".
7. "Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізшілерге диплом беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген адамдар үшін кәсіби дипломның қолданылу мерзімі 5 жыл құрайды.
Кәсіби дипломның растамасы кәсіби дипломның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күшін жояды және кәсіби дипломсыз жарамсыз болып табылады.
Қатардағы құрам үшін кәсіби дипломның қолданылу мерзімі жоқ.
Капитанның немесе басқару құрам тұлғасының алғашқы кәсіби дипломды алу үшін жүзу өтілі жалпы сыйымдылығы немесе бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты аталған кәсіби дипломда көрсетілген кемелерде жиналады.";
42, 43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матростың кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА II/4 қағидаларына сәйкес кандидаттың:
1) капитан, капитанның вахталық көмекшісі немесе білікті матростың басқаруымен палуба командасының құрамында 6 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-II/4 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-II/4 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және диплом алған маманның басшылығымен қозғалыс көпіршесінде вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді орындай отырып оқу бағдарламасының бөлігі ретінде 2 айдан кем емес жүзу өтілі;
2) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттары бар.
43. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы матростың кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА II/5 қағидаларына сәйкес кандидаттың:
1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матростың кәсіби дипломы;
2) навигациялық вахта құрамындағы матростың лауазымында 18 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-II/5 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-II/5 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және навигациялық вахта құрамындағы матростың лауазымында 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттары;
4) "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі бар.
44. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы мотористтің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/4 қағидаларына сәйкес кандидаттың:
1) машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен машина командасының құрамында 6 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-IIІ/4 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-IІI/4 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен машиналық вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді орындай отырып оқу бағдарламасының бөлігі ретінде 2 айдан кем емес жүзу өтілі;
2) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттары бар.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізшілерге диплом беру қағидаларына 1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. "Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19057 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өтініш беруші уәкілетті органға "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алу үшін өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жолдайды.
Өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) келтірілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.
Уәкілетті органның құжаттарды қарау және рұқсат берудің жалпы мерзімі 9 (тоғыз) жұмыс күнін құрайды.
Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынғанда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді. Уәкілетті орган басшысының орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты), не заңды тұлға - меншік иесін мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғаларға қатысты ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Оң қорытынды болған кезде уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсатты ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде рұқсат беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жолдайды.
Рұқсат беруден бас тарту Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. "Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 602 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19199 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Міндетті түрде көрсететін қызметтердің тізбесіне:
корабельдік;
навигациялық;
арнамен өткен үшін;
айлақтық;
зәкірлік;
арқандап байлау;
табиғат қорғау іс-шаралары саласында;
карантиндік кіреді.
1) Кеменің қызмет көрсетуіне арналған баға (тариф) кеме теңіз портына әрбір рет кірген және порттан шыққан кезде қолданылады және кеменің әрбір брутто тіркелген тоннасына белгіленеді.
2) Навигациялық орталықтың қызметтерін пайдалану "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін бағалар (тарифтер) бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.
Кемелердің қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Инвистициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Навигациялық орталықтың қызметтерін пайдаланудың бағасы (тарифі) кеменің өлшемдік куәлігінде көрсетілген кеменің жалпы сыйымдылық бірлігі үшін белгіленеді және кеме қозғалысын басқару жүйесі әрекет ету аймағында кеменің кіруі үшін және кеме қозғалысын басқару жүйесі әрекет ету аймағында кеменің шығуы үшін бөлек қолданылады.
Өлшеу куәлігі жоқ кемелер үшін навигациялық орталықтың қызметтерін пайдалану бағасының (тарифінің) есебі кеме құжаттарында көрсетілген кеме бортының ең көп ұзындығы, ең көп ені және ең көп биіктігі – кеменің үш көлемінің көбейтіндісі арқылы текше метріне есептелетін кеменің шартты көлемі бойынша 0,35 коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі.
Баржабуксирлік құрамның, керуендер мен өзге де құрамдық жүзу объектілерінің (соның ішінде салдар) жалпы сыйымдылығы навигациялық орталығының қызметтерінің көлемін есептеу кезінде жүзу объектілердің барлық элементтерінің жалпы сыйымдылығының қосындысы ретінде айқындалады. Жүзу объектілерінің жалпы сыйымдылығы болмаған жағдайда, кеме құжаттарында немесе жүзу объектілерінің басқа құжаттарында көрсетілген кеме бортының ең көп ұзындығы, ең көп ені және ең көп биіктігі – кеменің үш көлемінің көбейтіндісі арқылы текше метріне есептелетін кеменің шартты көлемі бойынша 0,35 коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі.
Ақтау портының навигациялық қызметтері (навигациялық мән-жай құралдарын пайдалану) үшін бағалар (тарифтер) кеменің портқа әрбір кіруі мен шығуы кезінде қолданылады және кеменің әрбір брутто-тіркелу тоннасы үшін белгіленеді.
Навигациялық орталықтың қызметтеріне арналған баға (тариф) әскери кемелерге және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-Теңіз күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кемелеріне, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және (немесе) жою бойынша шараларды қабылдау, оларға дайындықты арттыру (оқытулар, жаттығулар) бойынша іс-шараларға қатысу үшін тартылатын мемлекеттік органдардың кемелеріне қолданылмайды.
3) Каналмен өткені үшін баға (тариф) соңғы баратын жеріне каналдан әрбір өткен сайын қолданылады және кеменің әрбір брутто тіркелген тоннасына белгіленеді.
4) Жүк операцияларына айлақты пайдалану бағасы (тарифі) айлақтың басындағы жүк кеменің тұрағына қолданылады және әрбір бруттосына тіркелген тоннасына белгіленеді және айлақтың басындағы кемелерден алынады (рейдік айлақтан басқа).
Жүк операцияларынан тыс операцияларына айлақты пайдалану бағасы (тарифі) айлақтың басындағы тұрақта тұрған уақыт ішінде кемелердің әрбір бруттосына тіркелген тоннасына белгіленеді және айлақтың басында тұрған уақыт үшін кемелерден алынады (рейдтік айлақтан басқа).
5) Зәкірлік қызмет үшін баға (тариф) рейдте және/немесе айлақта кемелерге зәкірлік тұрақ үшін қолданылады және кеменің әрбір бруттосына тіркелген тоннасына белгіленеді.
6) Арқандап байлау қызметі үшін баға (тариф) арқанның ұштарын тарату, арқанды босату және кемелерді тарту бойынша арқан байлаушылардың жұмысына қолданылады.
Арқандап байлау қызметі үшін арналған баға (тариф) бір операцияға белгіленеді.
7) Табиғатты қорғау іс-шаралары үшін баға (тариф) портта кемелердің тұрақта тұрған әр тәулігіне белгіленеді.
8) Карантиндік қызметтер үшін баға (тариф) кеменің бір рет кіргені үшін белгіленеді.
6. Осы портқа тіркелген кемелер кеменің теңізде автономды жұмыс істеу мерзімінен көп болуына байланысты жүктен тыс операцияларды (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе өзге де мәжбүрлі қажеттілік) жүзеге асыру үшін портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы), мемлекет реттеп көрсететін қызметтерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер ұсынады.
Қазақстан Республикасының теңіз және аумақтық суларында балық аулауды жүзеге асыратын осы теңіз портына тіркелген кемелер портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы) арқандап байлау қызметтері, жүк (жүктен тыс) операциялары бойынша айлақты пайдаланғаны үшін төлемдерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктерді ұсынады.".
10. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20309 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.
Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні ресімдеу және беру үшін негіздердің болуын тексеру нәтижелері туралы жазбаша қорытындының жобасын дайындайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Бұйрығына 1-қосымша |
|
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларына 3-1-қосымша |
"Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Кеме қатынасы тіркелімі" филиалы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тану туралы куәлік немесе осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымды немесе сынақ зертханасын тану туралы өтінім; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Бұйрығына 2-қосымша |
|
Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидаларына 2-қосымша |
"Теңізде жүзу кітапшасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы | Теңізде жүзу кітапшасын беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Порттың теңіз әкімшілігі |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік корпорация арқылы: |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабына сәйкес мемлекеттік баж төленген күні белгіленген 3,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1)өтініш; |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: Министрліктің - www.miid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі; Мемлекеттік корпорация - www.gov4c.kz. |
Бұйрығына 3-қосымша |
|
Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 13-қосымша |
нысан
Теңiз кемесін бербоут-чартер тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеуге өтініш
1. Көрсетілетін қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _________
2. Кеменің атауы ______________________________________________
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығына
шешiмнiң мерзімі (бар болса) _________________________________________
4. Кеменi жалдаушының атауы ____________________________________
5. Кеменi жалдаушының мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы ____________
6. Кеменің жүзу ауданы _________________________________________
7. Кемені жалдау мерзіміне тіркеу порты _____________________________
8. Бұрынғы тіркеу порты _________________________________________
9. Бұрынғы тіркеуді тоқтату күні ___________________________________
10. Бұрынғы тіркеудің тоқтатуын аяқтау күні _________________________
11. Кеменің жүк көтерімділігі (қолданылса) __________________ тонна
12. Жолаушы сыйымдылығы (қолданылса) ________________ адам
13. Кеменің бас қозғалтқышының түрі (қолданылса) __________________
14. Қозғалтқыштардың түрі ___________________________________
15. Винттер саны ___________________________________________
16. Суға барынша шөгу: жүк болғанда _______ метр, жүк болмағанда ____ метр
17. Тіркелімдік сыйымдылық: таза ______ тонна, жалпы __________ тонна
18. Жүрістің ең жоғары жылдамдығы: жүкпен ____ буын, жүксіз ____ буын
19. Құтқару шлюпкалары мен салдарының саны мен сыйымдылығы ________
20. Кеменің тіркеу нөмірі _________________________________
21. Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ______
22. Шақыру сигналы (бар болса) ___________________________________
23. Негізгі тіркеу порты __________________________________________
24. Кеменің түрі _________________________________________________
25. Кемені салу жылы мен орны ___________________________________
26. Корпустың материалы _________________________________________
27. Бас қозғалтқыштарының саны мен қуаты (бар болса) _______________
28. Кеменің бұрынғы атауы (бар болса) __________________________
29. Танктар сыйымдылығы: отындық ______, тұщы су ____, балласт __
30. Кеменің өлшемдері (метрлерде): ұзындығы ___, ені ___, борт биіктігі
31. Кеменің сыныбы ______________________________________________
32. Өлшеу куәлігі _________________________________________________
(қашан, кім берген, нөмірі)
33. Жолаушылар куәлігі (бар болса) _________________________________
(қашан, кім берген, нөмірі, қолданылу мерзімі)
34. Жүзуге жарамдылық туралы куәлік (бар болса) ____________________
(қашан, кім берген, нөмірі, қолданылу мерзімі)
35. Сыныптау куәлігі ______________________________________________
(қашан, кім берген, қолданылу мерзімі)
36. Кеме меншік иесі _____________________________________________
(атауы, мекенжайы, қандай мемлекеттің құқығы бойынша тіркелген
(заңды тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), азаматтығы,
мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғалар үшін), телефоны,
электрондық пошта)
37. Кеменің ауыртпалығы туралы мәліметтер (қолданылса) ____________
(пайда болу негізі, құжаттардың деректемелері, мерзім)
38. Көрсетілетін қызмет алушының қолы және мағлұматтары __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Күні ________________
Бұйрығына 4-қосымша |
|
Теңізшілерге диплом беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан | |
____________________________ |
Кәсіби дипломды беруге арналған өтініш
1. Кәсіби дипломды беруге арналған өтініш (керектісін белгілеу):
жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі | ТДВА II/1 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының аға көмекшісі | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының аға көмекшісі | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің капитаны | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің капитаны | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының вахталық көмекшісі | ТДВА II/3 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны | ТДВА II/3 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі | ТДВА III/1 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигі | ТДВА III/3 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі | ТДВА III/2 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигі | ТДВА III/3 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға механигі | ТДВА III/2 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электромеханигі | ТДВА III/6 ережесі | |
ҚБЖТЖ радиооператоры | ТДВА IV/2 ережесі | |
ҚБЖТЖ жүзуі шектелген ауданның радиооператоры | ТДВА IV/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матрос | ТДВА II/4 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы матрос | ТДВА II/5 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы моторист | ТДВА III/4 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі бірінші санаттағы моторист | ТДВА III/5 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электригі | ТДВА III/7 ережесі |
1-1. Кәсіби дипломды растауға арналған өтініш:
Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларындағы жүк операциялары үшін теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері (капитандар және басшы құрамының тұлғалары) | ТДВА V/1 ережесі |
2. Өтініш берушінің деректері:
Тегі | |||
Аты | |||
Туған күні | |||
Туған жері | |||
Азаматтығы | |||
Үй мекенжайы | |||
Ұйым | |||
Телефон | |||
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі | Беру органы және күні | ||
Теңізші кітапшасының нөмірі | Беру органы және күні | ||
ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының нөмірі | Беру органы және күні |
Бұйрығына 5-қосымша |
|
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 9 (тоғыз) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көсетілетін қызмет тегін жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алуға өтінім |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Ескертпе:
* кемелерден мұнаймен ластанудан болған залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлік Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығымен бекітілген тәртіппен беріледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген), тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Егер сыныптау куәлігін немесе кеменің техникалық жарамдылығын растайтын өзге де құжатты және жолаушылар куәлігін сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен танымаған шетелдік сыныптау қоғамы берсе, онда "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес танылған сыныптау қоғамынан растау қажет.
Бұйрығына 6-қосымша |
|
"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органы - Порттың теңіз әкімшілігі |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Көрсету мерзімі - 8 (сегіз) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасы кодексінің 615-бабына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www. miid. gov. kz интернет-ресурсында ("Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер") және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) ТЖК-ні беру туралы өтiнiш-сауалнама (бұдан әрi - өтiнiш-сауалнама); |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында мыналар: анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар және өтініштер бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www. miid. gov. kz интернет-ресурсында ("Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |