ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 229 (28.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10776 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Банктің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымын (резервтік міндеттемелер) банктің баланстық шоттарда көрсетілген ұлттық және шетел валютасындағы 1 (бір) жылға дейінгі (қысқа мерзімді міндеттемелер) және 1 (бір) жылдан астам (ұзақ мерзімді міндеттемелер) міндеттемелері құрайды.
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған.
Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған.
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған.";
5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Банк төмен резервтік талаптарды:
1) ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
2) ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша;
3) шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
4) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар сомасы ретінде есептейді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Ең төмен резервтік талаптар Ұлттық Банкке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған күн сайынғы мәліметтер негізінде есептеледі.";
мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Банк 2019 жылғы 13 тамыздан бастап ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың орташа мөлшерінің 50 (елу) пайызынан аспайтын көлемдегі кассадағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша сомасы мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар алып тасталсын;
9-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Ақша-кредит саясаты департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева А.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 16 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2012 | Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары |
2013 | Басқа банктердің корреспонденттік шоттары |
2014 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары |
2022 | Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары |
2023 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары |
2024 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2034 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2038 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек |
2044 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2048 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек |
2054 | Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2058 | Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек |
2064 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2068 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек |
2112 | Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары |
2113 | Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары |
2122 | Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары |
2123 | Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары |
2124 | Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары |
2125 | Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар |
2130 | Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2131 | Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты |
2133 | Басқа банктердің шартты салымдары |
2135 | Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2138 | Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2201 | Мемлекеттік бюджеттің ақшасы |
2202 | Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары |
2203 | Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары |
2204 | Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары |
2205 | Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары |
2206 | Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары |
2208 | Жеке тұлғалардың шартты салымдары |
2210 | Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері |
2211 | Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары |
2213 | Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2215 | Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары |
2219 | Заңды тұлғалардың шартты салымдары |
2222 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары |
2223 | Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2224 | Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2225 | Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек |
2226 | Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2228 | Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар |
2231 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2232 | Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2237 | Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты |
2240 | Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты |
2245 | Инвестициялық депозиттер |
2551 | Басқа банктермен есеп айырысулар |
2552 | Клиенттермен есеп айырысулар |
2701 | Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар |
2702 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2703 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар |
2704 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар |
2705 | Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар |
2706 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар |
2707 | Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар |
2711 | Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар |
2712 | Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2713 | Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар |
2714 | Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2718 | Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар |
2719 | Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2720 | Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2721 | Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2722 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2723 | Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар |
2727 | Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар |
2730 | Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар |
2731 | Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар |
2741 | Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2742 | Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2743 | Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2744 | Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2746 | Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2747 | Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2748 | Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2749 | Басқа да мерзімі өткен сыйақы |
2755 | Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар |
2855 | Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар |
2865 | Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер |
2891 | Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер |
2892 | Форвард операциялары бойынша міндеттемелер |
2893 | Опцион операциялары бойынша міндеттемелер |
2894 | Спот операциялары бойынша міндеттемелер |
2895 | Своп операциялары бойынша міндеттемелер |
2899 | Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер |
Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2133, 2135, 2138, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген резервтелетін міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2016 | Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары |
2052 | Шетелдiк орталық банктерден алынған қарыздар |
2126 | Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары |
2212 | Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары |
2216 | Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары |
2708 | Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар |
2717 | Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар |
Ескертпе: 2126 және 2708 баланстық шоттарда көрсетілген резервтелетін міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2036 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар |
2046 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар |
2056 | Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар |
2057 | Басқа банктерден алынған қаржы лизингi |
2066 | Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар |
2067 | Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi |
2127 | Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары |
2207 | Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары |
2217 | Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары |
2227 | Алынған қаржы лизингi |
2230 | Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек |
2301 | Айналысқа шығарылған облигациялар |
2303 | Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар |
2306 | Сатып алынған облигациялар |
2745 | Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар |
Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген резервтелетін міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат"
Индекс: ЕРТ
Кезеңділігі: әрбір 28 (жиырма сегіз) күн
Ұсынады: екінші деңгейдегі банктер
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: банктің резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан |
Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат
Банктің атауы ____________________________________________________________________
Ең төмен резервтік талаптарды белгілеу кезеңі ______ - _______ аралығында
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі ______ - _______ аралығында
мың теңгемен |
Ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі | Банктің ұлттық валютадағы міндеттемелері | Банктің шетел валютасындағы міндеттемелері | ||
Қысқа мерзімді | Ұзақ мерзімді | Қысқа мерзімді | Ұзақ мерзімді | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы:
Ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар | Шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар | Ең төмен резервтік талаптардың жиынтығы | Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі | Резервтік активтер | ||
Қысқа мерзімді | Ұзақ мерзімді | Қысқа мерзімді | Ұзақ мерзімді | (6)+(7)+(8)+(9) | ||
(2)*n1 | (3)*n2 | (4)*n3 | (5)*n4 | |||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам | тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | (қолы) |
Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам | тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | (қолы) |
Орындаушы | лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы, телефон нөмірі | |
Есепке қол қойылған күн 20 ___ жылғы "___" _________ |
Түсіндіру:
n1 - банктің ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n2 - банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n3 - банктің шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n4 - банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
"Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндіру
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндіру (бұдан әрі - Түсіндіру) "Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер әрбір 28 (жиырма сегіз) күн сайын толтырады және банктің резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
4. Толтырылған Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның міндеттерін атқаратын адам), бас бухгалтер мен орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндіру
5. Нысанда ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі резервтік міндеттемелер мен ең төмен резервтік талаптар бойынша орташа алынған шама, резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтер бойынша орташа алынған шама беріледі.
6. Нысандағы деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.
7. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.