Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең тө

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10776 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 229 (28.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескерпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының тақырыбын жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 52 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 247 (27.02.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 52 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті (Бөбеев М.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2015 жылғы 12 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің Төрағасы

      Ә. Смайылов ___________________

      2015 жылғы 23 сәуір



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 38 қаулысымен
бекітілген

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тәртіптің тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 52 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 52 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптарды айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Ең төменгі резервтік талаптар.
Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымы

      1. Ең төменгі резервтік талаптар – екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) өз кассасындағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттардағы ақша (резервтік активтер) түрінде қолдайтын міндеттемелері сомасының міндетті үлесі.

      2. Ең төменгі резервтік талаптарды айқындау үшін әрбір банк үшін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері қолданылады.

      3. Міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері – бұл тізбесі Қағидаларда белгіленген міндеттемелердің сомасынан пайызбен көрсетілген үлес.

      4. Банктің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымын (резервтік міндеттемелер) банктің баланстық шоттарда көрсетілген ұлттық және шетел валютасындағы 1 (бір) жылға дейінгі (қысқа мерзімді міндеттемелер) және 1 (бір) жылдан астам (ұзақ мерзімді міндеттемелер) міндеттемелері құрайды.

      Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған.

      Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған.

      Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін Ұлттық Банк Басқармасы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің құрылымына сәйкес резервтік міндеттемелердің әрбір түрі бойынша бөлек белгілейді.

      14. Банк төмен резервтік талаптарды:

      1) ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;

      2) ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша;

      3) шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;

      4) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар сомасы ретінде есептейді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Банк резервтік талаптарды есептеген кезде негізгі борыш, сыйақы және олар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша (бар болса) міндеттемелердің сомасы есепке алынады.

      16. Ең төмен резервтік талаптар Ұлттық Банкке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған күн сайынғы мәліметтер негізінде есептеледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау талаптары және оларды резервке алу тәртібі

      17. Банк ең төменгі резервтік талаптарды орындау үшін ақшаны резервтік активтерге орналастырады. Резервтік активтердің орташа мөлшерлемесі оларды қалыптастыру кезеңінде ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төменгі резервтік талаптардың кемінде орташа мөлшерін құрайды.

      18. Банк 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 маусым аралығында ең төменгі резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаның сомасы мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.

      19. Банк 2015 жылғы 23 маусымнан бастап 2016 жылғы 4 қаңтар аралығында ең төменгі резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төменгі резервтік талаптардың орташа мөлшерінің 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын көлемдегі кассадағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша сомасы мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.

      20. 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді банк кассадағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 52 (05.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 маусым аралығында ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі күнтізбелік он төрт күнді құрайды, ең төменгі резервтік талаптарды айқындау аптасының бірінші сейсенбісінен басталады және он төрт күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісімен аяқталады.

      22. 2015 жылғы 23 маусымнан бастап ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды және ең төменгі резервтік талаптарды айқындау аптасының бірінші сейсенбісінен басталады және жиырма сегіз күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісімен аяқталады.

      23. 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 маусым аралығында ең төменгі резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі күнтізбелік он төрт күнді құрайды, ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі басталатын аптаның бірінші бейсенбісінен басталады және ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі аяқталатын аптаның сәрсенбісінде аяқталады.

      24. 2015 жылғы 23 маусымнан бастап ең төменгі резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды, ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі аяқталғаннан кейінгі аптаның бірінші сейсенбісінен басталады және резервтік активтерді қалыптастырудың жиырма сегіз күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісімен аяқталады.

      25. Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі үшін 2015 жылғы 23 маусымнан бастап 2015 жылғы 20 шілде аралығында ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі 2015 жылғы 26 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 маусым аралығында күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды.

      25-1. Банк 2019 жылғы 13 тамыздан бастап ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың орташа мөлшерінің 50 (елу) пайызынан аспайтын көлемдегі кассадағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша сомасы мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.

      Ескерту. Қаулы 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Банк Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес электрондық форматта ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсынады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Қағаз тасымалдағыштағы ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпаратқа бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды және банкте сақталады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға, ең төмен
резервтік талаптарды есептеу, ең төмен
резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шоттың нөмірі

Баланстық шоттың аты

2012

Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары

2013

Басқа банктердің корреспонденттік шоттары

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары

2022

Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары

2023

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары

2024

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

2044

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2048

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

2054

Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар

2058

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2068

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2112

Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары

2113

Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары

2122

Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары

2123

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары

2124

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары

2125

Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар

2130

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2131

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2133

Басқа банктердің шартты салымдары

2135

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2138

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2201

Мемлекеттік бюджеттің ақшасы

2202

Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2210

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері

2211

Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2222

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2225

Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек

2226

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2228

Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар

2231

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2232

Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2245

Инвестициялық депозиттер

2551

Басқа банктермен есеп айырысулар

2552

Клиенттермен есеп айырысулар

2701

Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар

2702

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар

2703

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар

2704

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар

2705

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2706

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар

2711

Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар

2712

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2713

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2714

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2722

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2730

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы

2742

Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2743

Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2746

Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2747

Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзімі өткен сыйақы

2755

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2865

Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер

2891

Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша міндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша міндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша міндеттемелер

2899

Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер

      Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2133, 2135, 2138, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген резервтелетін міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

  Банктердің ең төмен резервтік
талаптарды есептеу үшін
қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең
төмен резервтік талаптар туралы
қағидаларға, ең төмен
резервтік талаптарды есептеу,
ең төмен резервтік талаптардың
нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды
резервтеу және олардың
нормативтерінің орындалуын
бақылауды жүзеге асыру
тәртібіне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шоттың нөмірі

Баланстық шоттың аты

2016

Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары

2052

Шетелдiк орталық банктерден алынған қарыздар

2126

Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары

2212

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары

2216

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары

2708

Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2717

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

      Ескертпе: 2126 және 2708 баланстық шоттарда көрсетілген резервтелетін міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

  Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға, ең төмен
резервтік талаптарды есептеу, ең төмен
резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібіне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шоттың нөмірі

Баланстық шоттың аты

2036

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар

2046

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2056

Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2057

Басқа банктерден алынған қаржы лизингi

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2067

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi

2127

Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2227

Алынған қаржы лизингi

2230

Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2306

Сатып алынған облигациялар

2745

Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

      Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген резервтелетін міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

  Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға, ең төмен
резервтік талаптарды есептеу, ең төмен
резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібіне 4-қосымша

Банктің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелерінің тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға, ең төмен
резервтік талаптарды есептеу, ең төмен
резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібіне 5-қосымша

Банктiң шетел валютасындағы қысқамерзімді iшкi мiндеттемелерiнің тізбесі

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға, ең төмен
резервтік талаптарды есептеу, ең төмен
резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібіне 6-қосымша

Банктің сыртқы қысқамерзімді шетел валютасындағы міндеттемелерінің тізбесі

      Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға, ең төмен
резервтік талаптарды есептеу, ең төмен
резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібіне 7-қосымша

Банктің шетел валютасындағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелерінің тізбесі

      Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға, ең төмен
резервтік талаптарды есептеу, ең төмен
резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібіне 8-қосымша

Банктің шетел валютасындағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелерінің тізбесі

      Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банктердің ең төмен резервтік
талаптарды есептеу үшін
қабылданатын
міндеттемелерінің құрылымын
қоса алғанда, ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға, ең
төмен резервтік талаптарды
есептеу, ең төмен резервтік
талаптардың нормативтерін
орындау, ең төмен резервтік
талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің
орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртібіне
9-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат"

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 117 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Индекс: ЕРТ

      Кезеңділігі: әрбір 28 (жиырма сегіз) күн

      Ұсынады: екінші деңгейдегі банктер

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: банктің резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат

      Банктің атауы ____________________________________________________________________

      Ең төмен резервтік талаптарды белгілеу кезеңі ______ - _______ аралығында

      Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі ______ - _______ аралығында

  мың теңгемен

Ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі

Банктің ұлттық валютадағы міндеттемелері

Банктің шетел валютасындағы міндеттемелері

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді





1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы:

Ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар

Шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар

Ең төмен резервтік талаптардың жиынтығы

Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі

Резервтік активтер

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

(6)+(7)+(8)+(9)

(2)*n1

(3)*n2

(4)*n3

(5)*n4

6

7

8

9

10

11

12









Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

(қолы)

Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

(қолы)

Орындаушы

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы, телефон нөмірі

Есепке қол қойылған күн 20 ___ жылғы "___" _________

      Түсіндіру:

      n1 - банктің ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі

      n2 - банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі

      n3 - банктің шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі

      n4 - банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі

  Ең төменгі резервтік
талаптардың нормативтерін
орындау туралы ақпарат
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпарат 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректер жинауға арналған "Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанда ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі резервтік міндеттемелер бойынша деректер және резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтер бойынша деректер беріледі. Нысандағы деректер ұлттық валютада резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі аяқталғаннан кейін толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан міндеттемелер тізбесіне сәйкес банктің резервтік міндеттемелері мен резервтік активтері құрылымын ашады.

      6. Нысанда ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін және резервтік активтерді есепке ала отырып резервтік міндеттемелердің түрі ашылады. Ең төменгі резервтік талаптар тиісті резервтік міндеттемелер түрі бойынша ең төменгі резервтік талаптардың нормативтеріне көбейтілген резервтік міндеттемелерді қосу және орташалау арқылы есептеледі.

      7. Мәндер бүтін мың теңгемен көрсетіледі:

      500 (бес жүзге) тең және одан аз мәндер нөлге дейін дөңгелектенеді;

      500 (бес жүзден) артық мәндер 1000 (мыңға) дейін дөңгелектенеді.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 38 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы № 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі № 83 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7194 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 13 қазанда № 149 (1965) жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 290 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8036 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 729-734 (27806) жарияланған).