Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 103 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 18995 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 103 қаулысына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 27 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8767 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада "Заң газеті" газетінде № 169 (2370) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың және оларды сақтау мерзімдерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

59.

Зейнетақы төлемдерiн алуға БЖЗҚ-қа, ЕЖЗҚ-қа ұсынылған құжаттар (өтініштер, зейнетақы төлемдерiн алушының, сенім білдірілген тұлғаның, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттардың, қайтыс болу туралы, мұраға құқық туралы куәліктің көшірмелері, хабарламалар (бар болса), сенімхаттар және өзге де құжаттар)

Жеке зейнетақы шоты жабылған сәттен бастап 10 жыл1

Жеке зейнетақы шоты жабылған сәттен бастап 10 жыл1

1Қағаз тасымалдағышта – жеке зейнетақы шоты жабылған күннен бастап 10 жыл, электрондық тасымалдағышта – қажеттілігі өткенге дейін, кем дегенде 10 жыл

      ";

      3. "Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 218 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8801 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 187 (2388) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарда:

      6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен мыналар:

      міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ашылған және жабылған жеке зейнетақы шоттары туралы ақпаратпен алмасу;

      төлем құжаттарымен алмасу;

      Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен ақпараттың негізінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) деректемелеріне өзгерістер енгізу бойынша өзара іс-қимыл етуді қамтамасыз етеді.";

      39-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.

      4. "Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құнын айқындау тәртібі мен әдістемесі қор биржасының директорлар кеңесі бекітетін қор биржасының iшкi құжатында белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құны борыштық бағалы қағаздардың кірістілігінің орташа мөлшерленген мөлшерлемесінің мәндеріне қарай белгіленеді.

      Кірістіліктің орташа мөлшерленген мөлшерлемелері қор биржасының атқарушы органының шешімімен бір күнтізбелік тоқсанға белгіленеді және борыштық бағалы қағаздардың осы тоқсанның алдындағы он екі айдың қорытындылары бойынша есептелген кірістілігінің жылдық орташа мөлшерленген мөлшерлемесінің мәндеріне қарай айқындалады. Бұл ретте кірістіліктің орташа мөлшерленген мөлшерлемелері "Борыштық бағалы қағаздар" секторының әрбір жеке санаты (шағын санаты) үшін мынадай бағалы қағаздар топтарының әрқайсысы үшін қор биржасы ресми тізімінің оқшауланған алаңдары шеңберінде есептеледі:

      теңгемен номинирленген индекстелмеген борыштық бағалы қағаздар;

      теңгемен номинирленген және инфляция бойынша индекстелген не теңге бағамының шетел валютасына тәуелді болмайтын өзгермелі мөлшерлемесі бар борыштық бағалы қағаздар;

      теңгемен номинирленген және барлық шетел валюталарына теңге бағамы бойынша индекстелген борыштық бағалы қағаздар және барлық шетел валюталарымен номинирленген борыштық бағалы қағаздар.

      Есептеуге қажет параметрлердің болмау себебінен қандай да бір топтың өтімді емес борыштық бағалы қағаздары кірістілігінің кезекті тоқсанға орташа мөлшерленген мөлшерлемесін айқындау мүмкін болмаған жағдайда, қор биржасының атқарушы органы олардың әділ құнын айқындау үшін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен борыштық бағалы қағаздар кірістілігінің орташа мөлшерленген мөлшерлемесін есептеу әдістемесінде көзделген шараларды қабылдайды.

      Қор биржасы атқарушы органының кезекті тоқсанға кірістіліктің орташа мөлшерленген мөлшерлемелерін белгілеу туралы шешімі қор биржасының интернет-ресурсында осы тоқсанның бірінші айының оныншы жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірілмей жарияланады.";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қор биржасы апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кеш емес мерзімде өз интернет-ресурсында мынадай:".

      5. "Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11974 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларында және оның үлгілік нысанында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. БЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ қызметкері заңды тұлға болып табылатын салымшының және алушының құжаттарын қабылдаған кезде:

      1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, алушының жеке сәйкестендіру нөмірінің болуын (алушыны сәйкестендіру үшін);

      2) заңды тұлға жарғысының және лицензиясының (салымшының қызметі лицензияланатын жағдайда) түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің болуын;

      4) заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттіктерін (мәртебесін) растайтын құжаттың көшірмесін;

      5) заңды тұлғаның атынан Шартқа қол қою жөніндегі өкілеттіктері көрсетілген заңды тұлға сенімхатының көшірмесін;

      6) заңды тұлғаның атынан Шартқа қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;

      7) заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізуді тіркеуші жүзеге асыратын шаруашылық серіктестер құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) тексереді.

      Осы тармақтың 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін заңды тұлғаның атынан Шартқа қол қоюға уәкілетті адамның қолымен куәландырады.

      1 (бір) парақтан көп парақтан тұратын құжаттар парақтар саны көрсетіле отырып тігіледі және заңды тұлғаның атынан Шартқа қол қоюға уәкілетті адамның қолымен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. БЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ жасасқан Шарттарды есепке алу Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жеке Шарттарды есепке алу журналында (бұдан әрі – Журнал) электрондық түрде жүргізіледі.

      Журнал бұрын енгізілген жазбаға өзгерістер енгізу мүмкіндігін болдырмастан, Шарттарды жасасуға байланысты жазбаларды енгізу уақытының автоматты тіркелуін қамтамасыз етеді.";

      қосымша осы Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысанында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қор Салымшыға (Алушыға) ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта:

      1) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен және сұратылатын кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақының шамасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, зейнетақы жинақтары аударымдарының, төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      5) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Салымшының (Алушының) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Шарт:

      1) заңды күшіне енгізілген сот шешімінің негізінде;

      2) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары және Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының (Алушының) бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      3) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары және Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай өткен болса Қордың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      5) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының, аударылған зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жүзеге асырылған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      6) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының, төленген зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      7) Қордағы Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысанында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қор Алушыға ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта:

      1) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен және сұратылатын кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақының шамасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, зейнетақы жинақтары аударымдарының, төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      5) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Алушының ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Шарт Алушы мен Қордың өзара келісімі бойынша өзгертіледі және толықтырылады:

      1) Алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, пошта және (немесе) электрондық мекенжайлары, байланыс телефондарының нөмірлері, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі өзгерген жағдайда жазбаша және (немесе) электрондық түрде;

      2) Алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі өзгерген жағдайда жазбаша түрде.

      24. Шарт:

      1) заңды күшіне енгізілген сот шешімінің негізінде;

      2) Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары және Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының немесе Алушының бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      3) Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары және Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай өткен болса Қордың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      5) Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жарналарының, аударылған зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жүзеге асырылған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      6) Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының, төленген зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      7) Қордағы Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.";

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысанында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қор Салымшыға (Алушыға) ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта:

      1) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қорға зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қордан зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Шарт:

      1) заңды күшіне енгізілген сот шешімінің негізінде;

      2) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары және Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының (Алушының) бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      3) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары және Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай өткен болса Қордың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      5) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының, аударылған зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жүзеге асырылған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      6) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының, төленген зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      7) Қордағы Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.";

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысанында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қор Алушыға ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта:

      1) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қорға зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қордан зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Алушының жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Шарт:

      1) заңды күшіне енгізілген сот шешімінің негізінде;

      2) Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары және Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының немесе Алушының бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      3) Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары және Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай өткен болса Қордың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      5) Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының, аударылған зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жүзеге асырылған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      6) Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының, төленген зейнетақы жинақтарының және Шарт бойынша зейнетақы жарналары түсімдерінің қайтарылуы болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      7) Қордағы Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.".

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12529 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Егемен Қазақстан" № 7 (28735) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінде:

      2-тармақта:

      отыз төртінші және отыз бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен мыналар:

      міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ашылған және жабылған жеке зейнетақы шоттары туралы ақпаратпен алмасу;";

      отыз жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалған шарттың негізінде жеке зейнетақы шоттарындағы, шартты зейнетақы шоттарындағы қозғалыс;";

      отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен ақпараттың негізінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшысының (алушысының), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның деректемелеріне өзгерістер енгізу бойынша өзара іс-қимыл етуді қамтамасыз етеді.".

  Өзгерістер енгізілетін Қазақстан
Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша
  Ерікті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шартты
жасасу қағидаларына
қосымша
  Нысан

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды есепке алу журналы

      __________________________________________________________________________

      (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

Шарт жасасқан, жеке тұлға болып табылатын салымшының (алушының) деректемелері

Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасасқан, жеке немесе заңды тұлға болып табылатын салымшының деректемелері

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туылған күні

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Жеке басын куәландыратын құжатты берген орган және берілген күні

Пайдасына шарт жасасқан алушының деректемелері

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туылған күні

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Жеке басын куәландыратын құжатты берген орган және берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      Кестенің жалғасы

Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасасқан, жеке немесе заңды тұлға болып табылатын салымшының деректемелері

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі

Зейнетақымен қамсыздандыру шарты жасалған күні

Жеке тұлға болып табылатын салымшының деректемелері

Заңды тұлға болып табылатын салымшының деректемелері

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туылған күні

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі мен күні

Заңды тұлға басшысының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қол қою құқығына сенімхаттың нөмірі мен күні (бар болса)

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі

12

13

14

15

16

17

18

19

20

      Ескерту:

      Салымшы (алушы) жасасқан ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды есепке алған кезде журналдың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 19, 20-бағандары толтырылады.

      Үшінші тұлғаның пайдасына жеке тұлға жасаған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды есепке алған кезде журналдың 1, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20-бағандары толтырылады.

      Үшінші тұлғаның пайдасына заңды тұлға жасаған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды есепке алған кезде журналдың 1, 7, 8, 9, 10, 11, 15, 16, 17, 18, 19, 20-бағандары толтырылады.