Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 қарашада № 17706 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 4-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мына:

      1) нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) мемлекеттік нотариустардың қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарды тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 649 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 833 бірлескен бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12698 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2016 жылғы 12 қаңтарда жарияланған.).

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі _____________М. Бекетаев

Қазақстан Республика
Ұлттық экономика министрі ____________Т.Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрінің
  2018 жылғы 6 қарашадағы
  № 1529
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 6 қарашадағы
  № 60 бірлескен бұйрығына
  1-қосымша

Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қарашасындағы Кәсіпкерлік кодекісінің және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесіне сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асыратын тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленеді.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі - субъективтік критерийлер) - нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;

      5) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      6) бақылау субъекті (объекті) - "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк және жекеше нотариустар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар, мемлекеттік және жекеше нотариустар және аумақтық нотариаттық палаталар;

      7) өрескел бұзушылықтар – нотариаттық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген талаптарды бұзу, соның салдарынан жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің едәуір бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, оның ішінде:

      бақылау субъектісінің бір жыл ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылу фактісінің болуы;

      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының күші тоқтатыла тұрған болса;

      жеке және заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына қолайлы үй-жайының болмауы;

      тексерілетін субъектінің бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактісінің болуы;

      нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсынбауы;

      азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты болмауы;

      нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтамау;

      нотариаттық iс-әрекеттерді дұрыс жасамау;

      жекеше нотариаттық мұрағаттарды құрмау, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастырмау;

      лауазымды тұлғаның нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру туралы аттестациялық комиссияның шешімі болмауы;

      соттың бақылау субъектісіне қатысты заңды күшіне жеке қаулы немесе ұйғарым шығару фактісінің орын алуы;

      бақылау субъектісімен куәландырылған мәмілелерді заңсыз деп тану туралы заңды күшіне енген соттың, оның кінәсін көрсетіп қабылдаған шешім фактісінің болуы;

      соттың бақылау субъектіге қатысты нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға түскен шағымдардына сәйкес оның кінәсі көрсетілген заңды күшіне енген қабылданған шешім фактісінің орын алуы;

      кәсіпкерлік қызметпен айналысуы;

      8) елеулі бұзушылықтар - нотариаттық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген талаптардың бұзылуы, оның ішінде:

      нотариаттық палаталардың өз қызметі бойынша жартыжылдық және жылдық қортындысы бойынша ақпаратты ұсынбау;

      өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бақылау субъектілері бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынбау;

      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткердің тағылымдамадан өтуін дұрыс ұйымдастырмау;

      жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруын ұйымдастыру және жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы туралы аумақтық әділет органдарына хабарламау;

      бақылау субъектісіне қатысты екі және одан да көп арыз немесе шағымның расталу фактісінің болуы;

      9) болмашы бұзушылықтар - нотариаттық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген талаптардың бұзылуы, оның ішінде дұрыс нотариаттық іс жүргізбеу.

2-тарау. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге арналған тәсілдер

      3. Нотариаттық қызмет саласында бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау субъективті және объективті өлшемшарттарды қолдану арқылы қалыптастырылады.

      1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттарды бақылау субъекті (объекті) жоғары тәуекел дәрежесіне мемлекеттік нотариустар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар, жекеше нотариустар және аумақтық нотариаттық палаталар.

      Жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылған бақылау субъектіге (объектіге) қатысты жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау өткізу қолданылады.

      5. Жоғары дәрежелі тәуекелге бақылау субъектісін (объектісін) жатқызу жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүдделеріне жасалған нотариаттық іс-әрекеттер құпиялығын сақтауды қамтамасыз етуге байланысты, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы сақтау саласында азаматтардың құқығын қорғау, нотариаттық іс-әрекеттердің құпиялығын заңсыз таратуға жол беруі мүмкін, мемлекет кепілдік берген азаматтардың бостандықтары мен құқықтары бұзылуына қолайсыз жағдайлардың туындау ықтималдығын ескере отырып жүзеге асырылады.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау өткізу жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      8. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері пайдаланылады. Бұл ретте бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      4) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.

      9. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтары үш дәрежеге бөлінеді: өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтар.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бір бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі біткен деректер.

      10. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Бақылау субъектісіне қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттың қосымшасында жазылған.

      11. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша субъекті (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ді қоса алғанда дейінгі көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде жоғары тәуекел дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі қоса алғанда көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмегенде жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.

      12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.

      13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      14. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SР3 = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРН = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SР3 + SРН,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

4-тарау. Тексеру парақтары

      15. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында анықталған шарттарды сақтай отырып талаптарды қамтиды.

      16. Тексеру парақтары осы бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

  Нотариаттық қызмет
  саласындағы тәуекел дәрежесін
  бағалау өлшемшарттарына
  қосымша

Бақылау субъектіге (объектіге) қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

өлшемшарттары

Бұзушылық дәрежесі

Бақылау субъектісімен ұсынылатын есептілік және мәліметтер монторингінің нәтижелері бойынша, сонымен қатар мемлекеттік органдармен, мекемелермен және салалық ұйымдармен жүргізілетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы

1-тарау. Мемлекеттік нотариустарға және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамға қатысты

1

Тексерілетін субъектінің бір жыл ішінде бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылу фактісінің болуы

өрескел

2

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау құпиялылығының сақталмауы

өрескел

2-тарау. Жекеше нотариусқа қатысты

3

Тексерілетін субъектінің бір жыл ішінде бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылу фактісінің болуы

өрескел

4

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның күші тоқтатыла тұрған болса

өрескел

5

Тексерілетін субъектінің бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактісінің болуы

өрескел

6

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуы

өрескел

7

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау құпиялылығының сақталмауы

өрескел

3-тарау. Аумақтық нотариаттық палатаға қатысты

8

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау құпиялылығының сақталмауы

өрескел

9

Нотариаттық палаталардың өз қызметі жөнінде жарты жылдық және жылдық қортындысы бойынша ақпаратты ұсынбауы

өрескел

Бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері

4-тарау. Мемлекеттік нотариустарға қатысты

10

Нотариаттық іс дұрыс жүргізбеу:
құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;
істер номенклатурасын жасау; істерді қалыптастыру; істерді ресімдеу, істердің тізбесін жасау; істерді сақтау;
 істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; істерді жою; нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімін, нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуді жүргізу; шетелде іс-әрекет етуге арналған құжаттарды ресімдеу; нотариустың мөрі, мөртабаны және бланкісін пайдалану; мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу; өсиетхаттарды есепке алу

болмашы

11

Нотариустармен нотариаттық іс-әрекеттердің дұрыс жасамау:
мәмілелерді куәландыру;
шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
мұраны басқаратын сенімгерді тағайындау;
мұраға құқық туралы куәлік беру;
жалпы бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар ерлі-зайыптылар мен басқа да тұлғаларға ортақ мүлкiндегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк беру;
құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру ;
құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру;
бiр тiлден екiншi тiлге аударылған аударымның дұрыстығын куәландыру;
азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру;
азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру;
құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
ақшаны депозитке қабылдау;
атқарушылық жазбаларды жасау;
дауды реттеу туралы келісімді куәландыру;
вексель наразылықтарын жасау;
сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдау;
теңiз наразылықтарын жасау;
дәлелдемелердi қамтамасыз ету

өрескел

12

Нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсынбауы

өрескел

13

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаға тағылымдама ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу

өрескел

14

Өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бақылау субъектілері бір ай ішінде аумақтық әділет органына уақытылы ұсынбауы

өрескел

15

Жеке және заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына қолайлы үй-жайының болмауы

өрескел

5-тарау. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамға қатысты

16

Лауазымды адамға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру туралы аумақтық әділет органдарының аттестаттау комиссиясы шешімінің болмауы

өрескел

17

Нотариаттық іс-әрекеттерді дұрыс жасамау:
өсиеттерді куәландыру:
құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру ;
құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру

өрескел

18

Нотариаттық істі дұрыс жүргізбеу:
іс номенклатурасын құрастыру;
істерді құрастыру;
істерді рәсімдеу;
құжаттарды сақтау;
істерді Мемлекеттік архивке тапсыру;
істерді жою;
лауазымды адамның мөрін, мөртабанын және бланкін пайдалану және сақтау;
өсиеттерді есепке алу және нотариусқа табыстау;
нотариаттық құжаттарды пайдалану және сақтау
қағаз түріндегі тізілімге нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу

болмашы

6-тарау. Жекеше нотариусқа қатысты

19

Жеке және заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына қолайлы үй-жайының болмауы

өрескел

20

Нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсынбауы

өрескел

21

Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты болмауы

өрескел

22

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға тағылымдама ұйымдастыруды қамтамасыз ету

елеулі

23

Өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бақылау субъектілері бір ай ішінде аумақтық әділет органына уақытылы ұсынбауы

елеулі

24

Нотариаттық істі дұрыс жүргізбеу:
құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;
істер номенклатурасын жасау; істерді қалыптастыру; істерді ресімдеу, істердің тізбесін жасау; істерді сақтау;
 істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; істерді жою; , шетелде іс-әрекет етуге арналған құжаттарды ресімдеу; нотариустың мөрі, мөртабаны және бланкісін пайдалану; мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу; өсиетхаттарды есепке алу, сонымен қатар нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімін және Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің электронды тізілімінде нотариаттық
іс-әрекеттерді тіркеу

болмашы

25

Нотариаттық іс-әрекеттерді дұрыс жасамау, атап айтқанда:
мәмілелерді куәландыру;
шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
мұраны басқаратын сенімгерді тағайындау;
мұраға құқық туралы куәлік беру;
жалпы бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар ерлі-зайыптылар мен басқа да тұлғаларға ортақ мүлкiндегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк беру;
құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру ;
құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру;
бiр тiлден екiншi тiлге аударылған аударымның дұрыстығын куәландыру;
азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру;
азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру;
құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
ақшаны депозитке қабылдау;
атқарушылық жазбаларды жасау;
дауды реттеу туралы келісімді куәландыру;
вексель наразылықтарын жасау;
сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдау;
теңiз наразылықтарын жасау;
дәлелдемелердi қамтамасыз ету

өрескел

7-тарау. Аумақтық нотариаттық палатаға қатысты

26

Жекеше нотариаттық мұрағаттарды құрмау, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастырмау
сақтауға құжаттар қабылдауды ұйымдастыру;
құжаттардың құндылығына сараптама өткізуді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін рәсімдеу;
істердің, құжаттардың тізбесін жасау;
сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт жасау;
ғылыми-техникалық құжаттамамен істерді қалыптастыру және өңдеу;
құжаттарды сақталуын ұйымдастыру;
істерді қоюды және сақтауды қамтамасыз ету;
құжаттардың сақталу режимін қамтамасыз ету;
архивтік сақтаудан құжаттарды беруді ұйымдастыру;
архивтік құжаттардың жағдайы

өрескел

27

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруын ұйымдастыруды қаматамасыз етпеу және жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етпеу:
нотариустардың азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын есепке алуды ұйымдастыру;
нотариустардың азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасаудан бас тарту жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз ету және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да талаптарын бұзу

елеулі

28

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға тағылымдама ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу:
тағылымдама туралы шарт жасау;
нотариус- жетекшінің қорытындысын қарау және оны бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдама мерзімдерін қысқарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету

елеулі

Расталған арыздар мен шағымдардың болуы және саны

29

Нотариустың іс-әрекетіне қатысты екі және одан да көп арыз немесе шағымның расталу фактісінің болуы

елеулі

Уәкілетті органдармен және ұйымдармен ұсынылатын мәліметтерді
талдау нәтижелері

30

Соттың бақылау субъектісіне қатысты зады күшіне енген жеке қаулы немесе ұйғарым шығару фактісінің орын алуы

өрескел

31

Бақылау субъектісімен куәландырылған мәмілелерді заңсыз деп тану туралы заңды күшіне енген соттың, оның кінәсін көрсетіп қабылдаған шешім фактісінің болуы

өрескел

32

Соттың бақылау субъектіге қатысты нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға түскен шағымдардына сәйкес оның кінәсі көрсетілген заңды күшіне енген қабылданған шешім фактісінің орын алуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрінің
  2018 жылғы қарашадағы
  № 1529 және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы қарашадағы
  № 60 бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Мемлекеттік нотариустардың қызметін тексеру парағы

      Нотариаттық қызмет (саласы/аумағы)

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік нотариус қатысты

      Бақылау субъектісі тобының біртекті атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау туралы

      Акті

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы _______________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан мекен-жайы _________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Нотариаттық іс жүргізу:
құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;
істер номенклатурасын жасау; істерді қалыптастыру; істерді ресімдеу, істердің тізбесін жасау; істерді сақтау;
 істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; істерді жою; нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімін, нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуді жүргізу; шетелде іс-әрекет етуге арналған құжаттарды ресімдеу; нотариустың мөрі, мөртабаны және бланкісін пайдалану; мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу; өсиетхаттарды есепке алу

2

Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау, атап айтқанда:
мәмілелерді куәландыру;
шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
мұраны басқаратын сенімгерді тағайындау;
мұраға құқық туралы куәлік беру;
жалпы бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар ерлі-зайыптылар мен басқа да тұлғаларға ортақ мүлкiндегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк беру;
құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру ;
құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру;
бiр тiлден екiншi тiлге аударылған аударымның дұрыстығын куәландыру;
азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру;
азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру;
құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
ақшаны депозитке қабылдау;
атқарушылық жазбаларды жасау;
дауды реттеу туралы келісімді куәландыру;
вексель наразылықтарын жасау;
сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдау;
теңiз наразылықтарын жасау;
дәлелдемелердi қамтамасыз ету

3

Нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсыну

4

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру

5

Өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бақылау субъектілері бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсыну

6

Жеке және заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына қолайлы
үй-жайының болуы

      Лауазымды адам (адамдар):

      ________________________ ___________ _______________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      ___________________________ ___________ ________________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы:

      ___________________________ ___________ _______________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрінің
  2018 жылғы 6 қарашадағы
  № 1529 және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы қарашадағы
  № 60 бірлескен бұйрығына
  3-қосымша

Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарының қызметтеріне қатысты тексеру парағы

      Нотариаттық қызмет (саласы/аумағы)

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың,

      кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық

      iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамға қатысты

      бақылау субъектісі тобының біртекті атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау туралы

      акті

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы _______________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________________________________

      Орналасқан мекен-жайы __________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Лауазымды адамға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру туралы аттестаттау комиссиясы шешімінің болуы

2

Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау, атап айтқанда:
өсиеттерді куәландыру:
құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру ;
құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру

3

Нотариаттық іс жүргізу:
іс номенклатурасын құрастыру;
істерді құрастыру;
істерді рәсімдеу;
құжаттарды сақтау;
істерді Мемлекеттік архивке тапсыру;
істерді жою;
лауазымды адамның мөрін, мөртабанын және бланкін пайдалану және сақтау;
өсиеттерді есепке алу және нотариусқа табыстау;
нотариаттық құжаттарды пайдалану және сақтау
қағаз түріндегі тізілімге нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу

      Лауазымды адам (адамдар):

      ________________________ ___________ _______________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      ___________________________ ___________ ________________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы:

      ___________________________ ___________ _______________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрінің
  2018 жылғы 6 қарашадағы
  № 1529 және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы қарашадағы
  № 60 бірлескен бұйрығына
  4-қосымша

Жеке практикамен айналысатын нотариустардың (жекеше нотариустар) қызметін ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Нотариаттық қызмет саласы/аумағы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес

      жекеше нотариус қатысты

      бақылау субъектісі тобының біртекті атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау туралы

      акті

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы _______________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан мекен-жайы __________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жеке және заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына қолайлы
үй-жайының болуы

2

Нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсыну

3

Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты болу

4

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру

5

Өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бақылау субъектілері бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсыну

6

Нотариаттық іс жүргізу:
құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;
істер номенклатурасын жасау; істерді қалыптастыру; істерді ресімдеу, істердің тізбесін жасау; істерді сақтау;
 істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; істерді жою; ; шетелде іс-әрекет етуге арналған құжаттарды ресімдеу; нотариустың мөрі, мөртабаны және бланкісін пайдалану; мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу; өсиетхаттарды есепке алу, сонымен қатар нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімін және Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің электронды тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу

7

Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау:
мәмілелерді куәландыру;
шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
мұраны басқаратын сенімгерді тағайындау;
мұраға құқық туралы куәлік беру;
жалпы бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар ерлі-зайыптылар мен басқа да тұлғаларға ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру;
құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру ;
құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру;
бір тілден екінші тілге аударылған аударымның дұрыстығын куәландыру;
азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру;
азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру;
құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
ақшаны депозитке қабылдау;
атқарушылық жазбаларды жасау;
дауды реттеу туралы келісімді куәландыру;
вексель наразылықтарын жасау;
сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдау;
теңiз наразылықтарын жасау;
дәлелдемелердi қамтамасыз ету

      Лауазымды адам (адамдар):

      ________________________ ___________ _______________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      ___________________________ ___________ ________________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы:

      ___________________________ ___________ _______________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрінің
  2018 жылғы 6 қарашадағы
  № 1529 және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы қарашадағы
  № 60 бірлескен бұйрығына
  5-қосымша

Аумақтық нотариаттық палатаның қызметін ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Нотариаттық қызмет саласы/аумағы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес

      аумақтық нотариаттық палата қатысты

      Бақылау субъектісі (объектісі) тобының біртекті атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылау туралы акті_______________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан мекен-жайы ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жеке нотариаттық архив құру үшін жағдайды қамтамасыз ету, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөнiндегi функцияларын ұйымдастыру:
сақтауға құжаттар қабылдауды ұйымдастыру;
құжаттардың құндылығына сараптама өткізуді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін рәсімдеу;
істердің, құжаттардың тізбесін жасау;
сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт жасау;
ғылыми-техникалық құжаттамамен істерді қалыптастыру және өңдеу;
құжаттарды сақталуын ұйымдастыру;
істерді қоюды және сақтауды қамтамасыз ету;
құжаттардың сақталу режимін қамтамасыз ету;
архивтік сақтаудан құжаттарды беруді ұйымдастыру;
архивтік құжаттардың жағдайы

2

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруын ұйымдастыру:
нотариустардың азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын есепке алуды ұйымдастыру;
нотариустардың азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасаудан бас тарту жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз ету және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да талаптарын бұзу

3

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру: