Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 649 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 833 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12698 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 06.11.2018 № 1529 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.11.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 1-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мына:

      1) мемлекеттік нотариустардың қызметін тексеру парақтар осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын тексеру парақтар осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) тексеру парақтар осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін тексеру парақтар осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 245 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7100 тіркелді, 2012 жылғы 15 мамырдағы № 236-241 (27315) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң "Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесiнiң бағалау өлшемдерiн бекiту туралы" 2011 жылғы 29 маусымдағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7450 тіркелді, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан"; 2012 жылғы 26 мамырдағы, № 154-156 (26973-26975) "Казахстанская правда" газеттерінде, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2012 жылғы № 3 (тираждың шыққан уақыты 2012 жылғы 20 маусымында) жарияланды);

      3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 257 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9710 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 10 қыркүйекте жарияланды) күшін жойды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін;

      2) ай сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 10 күніне және есеп беру жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтары күніне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында облыстардың, Астана және Алматы қалалары бойынша жүргізілген тексерістер және олардың нәтижелері туралы ведомстволық есеп берудің жиынтық деректерін жарияласын.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
_____________Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев


Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_____________ М. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 649 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 833 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік нотариустардың қызметіне қатысты
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін бақылау субъектінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің ЖСН ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тексерілетін субъектінің нотариаттық әрекеттер жасаған кезде нотариат туралы заңнаманы сақтауы





2

Тексерілетін субъектінің нотариаттық iс жүргiзу жасаған кезде нотариат туралы заңнаманы сақтауы





3

Тексерілетін субъектімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға уақытсыз хабарлама және мәлімдеме бергенін сақтауы





4

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінде нотариаттық іс-әрекеттерді электрондық реестрде тіркеуі






      Лауазымды адам (адамдар):

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы:

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 649 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 833 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарының қызметтеріне қатысты ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін бақылау субъектінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің ЖСН_________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Лауазымды адамға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру туралы аттестациялық комиссияның шешімі болуы





2

Тексерілетін субъектінің нотариаттық әрекеттер жасаған кезде нотариат туралы заңнаманы сақтауы





3

Тексерілетін субъектінің нотариаттық iс жүргiзу жасаған кезде нотариат туралы заңнаманы сақтауы





4

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінде нотариаттық іс-әрекеттерді электрондық реестрде тіркеуі






      Лауазымды адам (адамдар):

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы:

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 649 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 833 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Жеке практикамен айналысатын нотариустардың
(жекеше нотариустар) қызметіне қатысты
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін бақылау субъектінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің ЖСН_________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиясының болуы





2

Жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартының болуы





3

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды үй-жайының болуы





4

Тексерілетін субъектімен нотариаттық әрекеттер жасаған кезде нотариат туралы заңнаманы сақтауы





5

Тексерілетін бақылау субъектімен нотариаттық iс жүргiзуді жасаған кезде нотариат туралы заңнаманы сақтауы





6

Тексерілетін субъектімен Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы





7

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінде нотариаттық іс-әрекеттерді электрондық реестрде тіркеуі






      Лауазымды адам (адамдар):

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы:

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 649 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 833 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Аумақтық нотариаттық палатаның қызметіне қатысты
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін бақылау субъектінің атауы_______________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН____________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру





2

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыруы





3

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру





4

Жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастыру






      Лауазымды адам (адамдар):

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы:

      ___________________________ ___________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 649 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 833 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер

      1. Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) 2015 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспанғанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесіне сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асыратын тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленеді.

      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тексерілетін субъект - "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, аумақтық нотариаттық палаталар;

      2) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі - субъективтік критерийлер) - нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;

      3) тәуекел - нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асыруы нәтижесінде, тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру мүмкіндігінің пайда болуы, салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;

      4) өрескел бұзушылықтар – жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартының болмауына; жеке және заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына қолайлы үй-жайының сәйкес келмеуіне; нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтау және нотариаттық іс-жүргізу сақтығын қамтамасыз ету талаптарын орындамауына; мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ақпараты болуына; тексерілетін субъектісіне қатысты арыз немесе шағымның расталу фактісінің болуына; нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан жерін өзгерткенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламауына; кәсіпкерлік қызметпен айналысуына байланысты бұзушылықтар;

      5) елеулі бұзушылықтар - нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты уақытылы ұсынбағаны; аумақтық нотариалдық палата тарапынан нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастырмауы; жекеше нотариаттық мұрағаттарды құрмау, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастырмауы; нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру ережесін сақтамауы; бақылау субъектісіне қатысты шағымның түсу фактісінің орын алуы; нотариустың нотариаттық іс-жүргізуді жүзеге асыру барысында мемлекет, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келетін Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтамауы; әкімшілік, тәртіптік жауаптылыққа тарту; бақылау субъектісінің есептік тіркеуден тыс қызметті жүзеге асыруы.

      6) болмашы бұзушылықтар - нотариалдық палаталардың өздерінің қызметі жайлы ақпаратты уақытылы ұсынбауы, Бақылау субъектілерінің нотариаттық іс-жүргізуді жүзеге асыру барысында нотариат туралы заң талаптарын сақтамауы;

      3. Нотариаттық қызмет саласында ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.

2. Субъективті критерийлер

      4. Субъективті критерийлер:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      5. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау заңнаманы бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздерінен пайдаланады:

      1) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      2) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ақпарат;

      3) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны.

      6. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті критерийлер бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.

      Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін келесі тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есептеу тәртібі пайдаланылады.

      Тексерілетін субъектіге бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 теңеледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы көрсеткіштердің бұзушылықтары бойынша қосынды мәні есептелінеді.

      Елеулі бұзушылықтардың көрсеткіштерін анықтаған кезде 0,7 коэффициенті қолданылады және ол көрсеткіш мына формула бойынша есептелінеді:

     

Рз = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,7

      мұндағы:

     

Рз – елеулі көрсеткіштердің мәні;

     

Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;

     

Р2 – елеулі бұзушылықтардың анықталған саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін анықтаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады және ол көрсеткіш мына формула бойынша есептелінеді:

     

Рн = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,3

      мұндағы:

     

Рн – болмашы көрсеткіштердің мәні;

     

Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;

     

Р2 – болмашы бұзушылықтардың анықталған саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (УР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:

     

Р =

Рз +

Рн

      мұндағы:

     

Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

     

Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

     

Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлер осы Критерийлерге қосымшада келтірілген.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға:

      1) 60-тан бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілгенде – жоғары тәуекел дәрежесіне;

      2) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмегенде - жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.

      Тәуекел дәрежесін талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.

      Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспауы тиіс.

      Алынған мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жылына бір рет келесі жылдың бірінші сәуіріне дейін жүргізіледі. Талдау кезеңі болып өткен жыл табылады.

      Ішінара тексерулер реттеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшысы бекіткен жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың сәуірінен бастап келесі жылдың сәуіріне дейін есептік кезеңге қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі. Ішінара тексерулер тізімі тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберіледі.

      Ішінара тексерулердің тізімдері:

      субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;

      мемлекеттік органды тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.

  Нотариаттық қызмет саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне қосымша

Тексерілетін субъектіге қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері

Ақпарат көзі

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

Бұрынғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамау жағдайында белгіленеді)

Жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартының болуы

Өрескел

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген Нотариустың үй-жайы талаптарына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына қолайлы үй-жайының сәйкес келуі

Өрескел

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережесіне сәйкес тексерілетін субъектілердің нотариаттық іс-жүргізуді жүзеге асыру барысында нотариат туралы заң талаптарын сақтауы

Болмашы

Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтау және нотариаттық іс-жүргізу сақтығын қамтамасыз ету талаптарын орындауы

Өрескел

Нотариаттық қызметпен айналасу құқығына лицензиясы қолданысының тоқтатыла тұру фактісінің болуы

Өрескел

Тексерілетін субъектінің бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактісінің болуы

Елеулі

Тексерілетін субъектінің бір жыл ішінде Нотариустың ар-намыс кодексі бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылу фактісінің болуы

Елеулі

Тексерілетін субъектінің қызметті есептік тіркеусіз жүзеге асыруы

Елеулі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін сақтауы

Елеулі

Тексерілетін субъектінің өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткенi, сондай-ақ үй-жайының орналасқан жерінің өзгергені туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарлауы

Өрескел

Тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы хабарламаны уәкілетті органға уақытылы ұсынуы

Елеулі

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуы

Өрескел

Жекеше нотариустардың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуі жөнінде оқытуды ұйымдастыруы

Елеулі

Жекеше нотариаттық мұрағаттарды құрмау, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыруы

Елеулі

Нотариаттық палаталардың өз қызметі бойынша хабарламаны уақытылы ұсынуы

Болмашы

Мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ақпарат

Соттың тексерілетін субъектіге қатысты жеке қаулы немесе ұйғарым шығару фактісінің орын алуы

Өрескел

Соттың заңды күшіне енген бақылау субъектісінің кінәсі көрсетілген, ол куәландырған мәмілені жарамсыз деп тану бойынша шешім шығару фактісінің болуы

Өрескел

Соттың заңды күшіне енген бақылау субъектісіне қатысты нотариаттық іс-әрекетке қатысты немесе оларды жүзеге асырудан заңсыз бас тарту туралы негізді арыздарға сәйкес шешім шығару фактісінің болуы

Өрескел

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны

Бір арыз немесе шағымның расталу фактісінің болуы

Өрескел