Тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 қыркүйекте № 17371 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 22.06.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 22.06.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 22.06.2022 № 48 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексеру парағының нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 22.06.2022 № 48 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      ______________Қ.Т. Жақыпбаев

      2018 жылғы 27 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 31 шілдегі
№ 3 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 22.06.2022 № 48 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін
атқарушының
2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 3 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Тексеру парағы

      Ескерту. Нысаны жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 22.06.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

      _____________________________________________________ саласында/аясында

      138 және 139-баптарына сәйкес

      ______________________________________________________________ қатысты

      бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________

      ______________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау

      туралы акт ____________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4









      Лауазымды адам (-дар) __________________________________ _____________

                                                лауазымы                   қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы _______________ ___________

                                                      лауазымы             қолы

      _______________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)