"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген |
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.06.2019 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және "Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі–ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі
3. ЖЖОКБҰ-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
4. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:
– ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл;
– басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.4-1. SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және немесе осы Үлгілік қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады. SAT (САТ) балдарын ҰБТ-ға ауыстыру SAT reasoning (САТ ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте SAT subject (САТ сабджект) нәтижелерін ҰБТ балына ауыстыру бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана жүргізіледі.
Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.5. ЖЖОКБҰ Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Заңның 26-бабының 8 және 9-тармақтарында көрсетілген түсушілерді қоспағанда, қабылдау тәртібін, нысанын, қосымша емтихан өткізу бағдарламасын және (немесе) даярлық бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, түсушілер үшін өту балын айқындайды.
Қосымша емтиханға қатысу үшін өтінішті қабылдау, сондай-ақ оны ЖЖОКБҰ-ның өткізуі 01 мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген балдарға сәйкес мәлімделген ЖЖОКБҰ-ға қосымша емтиханға қатысуға өтініш береді.
Түсуші қосымша емтиханнан өткен және (немесе) ЖЖОКБҰ белгілеген шекті өту балын жинаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.
"Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
ЖЖОКБҰ-ға жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
7. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ларға қабылдауды ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Бұл ретте шетелдік азаматтарды білім беру гранты және ақылы негізде қабылдауды Заңның 9-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ-лар жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.8. ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу кезінде "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы қарастырылады.
9. ЖЖОКБҰ-ға түсушілерді қабылдау "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификат және (немесе) үміткердің бірегей деректері бар ұлтттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін растайтын Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланатын электрондық сертификат (бұдан әрі – ҰБТ сертификаты) балдарына сәйкес олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.10. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білімнің жекелеген білім беру бағдарламаларына білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар ЖЖОКБҰ-ларда жүзеге асырылады.
11. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-ларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілерден құжаттар ЖЖОКБҰ-ның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) бекітілген дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген пилоттарды даярлау жөніндегі ЖЖОКБҰ-да оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру ұсынылады.
12. Әрбір ЖЖОКБҰ-да басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ЖЖОКБҰ-ның басшысы, проректорлар, ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы құрамының саны тақ санды құрайды. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ-ның басшысы болып табылады. ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.1-параграф. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі
13. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде "Педагогика ғылымдары" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
14. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.
Комиссияның құрамына ЖЖОКБҰ өкілдері оның ішінде, профессорлық-оқытушылық құрамның қатарынан, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
"Өнер" және "Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау" даярлау бағыты бойынша шығармашылық емтихандар бойынша комиссия құрамына тиісті бейінді білімі бар және мәдениет және спорт саласындағы жергілікті уәкілетті орган ұсынған өкілдер кіреді. Комиссия тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
15. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылады.
Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсыру үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
2) 3 x 4сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.
16. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
17. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.
Осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны бекітіледі.
18. ЖЖОКБҰ-ға "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салаласы бойынша оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау және оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының немесе ЖЖОКБҰ-ның медицина факультеттерінің (бөлімшелерінің) орналасқан жері бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 24 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.19. Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-ларда шығармашылық емтиханды тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқутілі) бойынша балдар ескеріледі.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін арнайы пәннен балдары ескеріледі.
20. "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.
"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және арнайы пәндер бойынша балдар ескеріледі.
21. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ-лар әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
22. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
23. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
Бұл ретте арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
24. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілергеемтихан материалдары беріледі және титулдық парақты ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
25. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралықұжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.
"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.
26. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомосымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.
28. "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша арнаулы емтиханның нәтижелеріне сәйкес оқуға түсушіге қабылдайтын ЖЖОКБҰ-ға ұсыну үшін бағалау ведомосынан үзінді беріледі.
Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.
29. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен төрағасын қосқанда тақ саннан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
30. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.
31. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
32. Меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау үшін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның қорытындысын арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан аяқталған күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне береді.
3-тарау. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау тәртібі
33. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушіге порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда қызмет берушіге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылдың 10 мен 25 тамызы аралығында ұсынады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызметті алушыны ЖЖКОБҰ студенттерінің қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.33-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағида 33-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.33-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Ескерту. Қағида 33-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.33-3. Түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқу үшін ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарынақабылдау ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ЖЖОКБҰ-ныңқабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 мен 25 тамыз аралығында өткізеді.
Ескерту. Қағида 33-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.34. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімді кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балл алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.
ЖЖОКБҰ-да академиялық оқу кезеңі аяқталғаннан кейін осы тұлғалар жыл бойы ҰБТ-ны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 204 бұйрық) белгіленген мерзімде тапсырады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.35. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жөнінде өтініш береді және ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады.
Жоғары білімнің шығармашылық білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру гранты иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.
Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.36. № 204 бұйрықпен белгіленген мерзімге сәйкес ҰБТ тапсырған ағымдағы жылғы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар және осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.
Бұл ретте орта білімді ұйымдардың бітіруші 11 (12) сыныптың білім алушылары күнтізбелік жылғы 1 ақпан мен 25 тамыз аралығы кезеңінде жалпы орта білім туралы құжат алғанға дейін ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.
Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғаннан кейін оқуға түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 33-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды тапсырады.
37. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген ҰБТ-ның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.
Өтінішке ҰБТ сертификаты мен уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
Осы Үлгілік қағидалардың 15, 33, 36, 37-тармақтарында белгіленген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушіден құжат қабылдамайды.
38. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан бойынша нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі.
39. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылданады.
Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төленуі тиіс соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап 4 (төрт) аптадан асырылмай ұзартылады.
40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдык уәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
41. ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, қабылдау аяқталғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ЖЖОКБҰ-ға студенттерді қабылдау бойынша қорытынды есеп ұсынады.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша |
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.
Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі | Білім беру бағдарламалары топтарының атауы |
Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары | |
В001 | Педагогика және психология |
В002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
В008 | Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау |
В009 | Математика мұғалімдерін даярлау |
В010 | Физика мұғалімдерін даярлау |
В011 | Информатика мұғалімдерін даярлау |
В012 | Химия мұғалімдерін даярлау |
В013 | Биология мұғалімдерін даярлау |
В014 | География мұғалімдерін даярлау |
В015 | Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау |
В016 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау |
В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау |
В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау |
В019 | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
В020 | Арнайы педагогика |
В084 | Мейіргер ісі |
В086 | Жалпы медицина |
В087 | Стоматология |
В088 | Педиатрия |
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары | |
В004 | Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау |
В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау |
В006 | Музыка мұғалімдерін даярлау |
В007 | Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау |
В021 | Орындаушылық өнер |
В022 | Музыкатану |
В023 | Режиссура, арт-менеджмент |
В024 | Өнертану |
В025 | Дирижирлеу |
В026 | Композиция |
В027 | Театр өнері |
В028 | Хореография |
В029 | Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс |
В030 | Бейнелеу өнері |
В031 | Сән, дизайн |
В033 | Дінтану және теология |
В042 | Журналистика және репортер ісі |
В073 | Сәулет |
В092 | Тынығу |
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша |
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.
Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі | Білім беру бағдарламалары топтарының атауы | Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы |
1 | 2 | 3 |
Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары | ||
В001 | Педагогика және психология | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В008 | Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В009 | Математика мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В010 | Физика мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В011 | Информатика мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В012 | Химия мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В013 | Биология мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В014 | География мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В015 | Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В016 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В019 | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В020 | Арнайы педагогика | Педагогикалық жағдаятты шешу |
В084 | Мейіргер ісі | Психометрикалық емтихан |
В086 | Жалпы медицина | Психометрикалық емтихан |
В087 | Стоматология | Психометрикалық емтихан |
В088 | Педиатрия | Психометрикалық емтихан |
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары | |||
1 | 2 | 3* | 4 |
В004 | Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау | Спорт түрлері бойынша нормативтер | Спорт ойындары |
В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | Мамандану бойынша нормативтер | Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер |
В006 | Музыка мұғалімдерін даярлау | Орындау шеберлігі | Жалпы музыкалық қабілетін көрсету |
В007 | Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау | Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті) | Кескіндеме (натюрморт) |
В021 | Орындаушылық өнер | Жеке (соло) бағдарламасын орындау | Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/ гармония/ сольфеджио / этносольфеджио) |
В022 | Музыкатану | Музыкалық әдебиеттен ауызша емтихан. Музыкалық тақырыптарды орындау | Гармония бойынша ауызша емтихан; сольфеджио бойынша Диктант |
В023 | Режиссура, арт-менеджмент | Жазбаша жұмыс эссе / реферат немесе Арт-жобаның презентациясы | Коллоквиум. |
В024 | Өнертану | Жазбаша жұмыс: Кинотеледраматургия бойынша эссе және өнер туындыларын талдау | Өнер тарихы бойынша ауызша емтихан. |
В025 | Дирижерлеу | Дирижерлеу және коллоквиум. | Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант. |
В026 | Композиция | Өз шығармаларын ұсыну және коллоквиум. | Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
В027 | Театр өнері | Актерлік шеберлік, сахна тілі | Би, вокал |
В028 | Хореография | Орындау шеберлігі | Коллоквиум. Балетмейстер өнері бойынша тәжірибелік жұмыс. |
В029 | Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс | Жазбаша жұмыс-аудиовизуалды немесе медиа жұмысты талдау | Коллоквиум және портфолио |
В030 | Бейнелеу өнері | Сурет, кескіндеме | Композиция |
В031 | Сән, дизайн | Сурет, кескіндеме. | Композиция немесе сызу. |
В033 | Дінтану және теология | Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу | Дін негіздері бойынша ауызша емтихан |
В042 | Журналистика және репортер ісі | Шығарма | Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу |
В073 | Сәулет | Сурет | Сызу |
В092 | Тынығу | Орындау шеберлігі | Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері |
* қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша "В029 - Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс" білім беру бағдарламалары тобын қоспағанда
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-1-қосымша |
SAT (ЭсЭйТи – САТ), АСТ (ЭйСиТи), IВ (АйБи) балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы Халықаралық стандартталған SAT тест сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы
Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.
SAT халықаралық стандартталған тест | ҰБТ | ||
Тест түрлері | Баллдар | Тест түрлері | Баллдар |
SAT reasoning | 1 050 балдан кем емес | 1 блок (міндетті пәндер) | 60 |
SAT subject | 2 бейінді пәндердің әрқайсысы бойынша 650 балдан кем емес* | 2 блок (2 бейінді пән) | 80 |
* "ағылшын тілі" пәні үшін IELTS нәтижелері ескеріледі
Ескерту: SAT балдарын ҰБТ-ға ауыстыру тек бір уақытта SAT subject және SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. SAT subject нәтижелерін ҰБТ балына ауыстыру бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана жүргізіледі.
ACT стандартталған тестінің халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы
ACT халықаралық стандартталған тест | ҰБТ | ||
Тест бөлімдері | Баллдар | Тест түрлері | Баллдар |
English | әрбір бөлім бойынша кемінде 18 балл | 1 блок (міндетті пәндер) | 60 |
Science (биология, география, химия, физика) | кемінде 18 балл* | 2 блок (2 бейінді пән) | 80 |
* "ағылшын тілі" пәні үшін IELTS нәтижелері ескеріледі.
IB Халықаралық бакалавриат бағдарламасының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы
№ | Пәндер/ бағалар | IB | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
1 | Қазақ тілі (оқу сауаттылығы) | 6 | 9 | 12 | 15 | 17 | 19 | 20 |
2 | Қазақ тілі (бейіндік пән) | 12 | 18 | 24 | 30 | 34 | 38 | 40 |
3 | Орыс тілі (оқу сауаттылығы) | 6 | 9 | 12 | 15 | 17 | 19 | 20 |
4 | Орыс тілі (бейіндік пән) | 12 | 18 | 24 | 30 | 34 | 38 | 40 |
5 | Қазақстан Тарихы | 6 | 9 | 12 | 15 | 17 | 19 | 20 |
6 | Математика (Математикалық сауаттылық) | 6 | 9 | 12 | 15 | 17 | 19 | 20 |
7 | Математика (бейіндік пән) | 12 | 18 | 24 | 30 | 34 | 38 | 40 |
8 | Бейіндік пәндер | 12 | 18 | 24 | 30 | 34 | 38 | 40 |
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
3-қосымша
Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.
"Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) – (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде 1 жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық және (немесе) қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат және ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық беру болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс графигі | Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекен-жайлары: 1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz; 2) порталда: www.egov.kz орналастырылған. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі | көрсетілетін қызметті алушы ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде: 1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш; 2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа); 3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін; 5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы электронды форматта медициналық анықтаманы; 6) ҰБТ сертификатын; 7) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін); 8) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлікті қоса береді. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары - көрсетілетін қызметті алушылар артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін: 1) еңбек кітапшасы (төлнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі); 2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); 3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы; 4) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер; 5) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартын; 6) еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні; 7) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді. Осы 1) тармақшада көрсетілген құжат көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда); 3) 3x4 көлеміндегі сандық фото; 4) № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысаны бойынша электрондық форматта медициналық анықтама; 5) ҰБТ электрондық сертификаты; 6) білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы мәліметтерді, медициналық анықтама, ҰБТ электрондық сертификаты және білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (ақпараттық жүйелерде болған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы порталда "жеке кабинетінде" ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік жылдың 10-25 тамыз аралығында құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер | Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден келесі негіздемелер бойынша бас тартады: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін толық емес құжаттар топтамасын ұсынған; 3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кеш ұсынған жағдайда. |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | 1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут (практиканы ескере отырып). Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz және бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777. |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына 2-қосымша |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.06.2019 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) магистранттарын, докторанттарын қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың (бұдан әрі – ғылыми ұйымдардың) резидентурасы тыңдаушыларын қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі
3. Магистратураға, докторантураға, оның ішінде мақсатты даярлау бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі-КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Магистратураға, докторантураға және резидентураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
4. ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдарға шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте, шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 5 (бес) күнге дейін жүргізіледі.
5. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес танылады немесе нострификацияланады.
6. Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдарда қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.
Қабылдау комиссиясының құрамы және қызметі ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдар басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
Докторантураға және резидентураға түсушілер үшін қабылдау комиссиясы:
1) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша консультация беру, түсу емтиханының рәсімімен таныстыруды;
2) түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды;
3) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Магистратураға түсушілер үшін қабылдау комиссиясы:
1) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша консультация беруді, КТ және/немесе түсу (шығармашылық) емтиханының рәсімімен таныстыруды;
2) араб тілінен түсу емтиханын және (немесе) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша шығармашылық емтихандарды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.7. ЖЖОКБҰ магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында жүргізіледі.
Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандар ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 20 - 28 шілде аралығында өткізіледі.
Магистратураға КТ күнтізбелік жылдың 1 мен 15 тамызы аралығында өткізіледі.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 3 мен 25 шілде аралығында жүргізеді. Қабылдау емтихандары күнтізбелік жылдың 8 мен 16 тамыз аралығында өткізіледі.
ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызына дейін жүргізіледі. Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 4-нен 20 тамызына дейін өткізіледі.
Қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.7-1. МВА (МВА) білім беру бағдарламаларына түсу емтихандарын өткізу және қабылдау мерзімдерін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.
МВА (МВА) білім беру бағдарламалары бойынша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте, МВА (ЕМВА) бағдарламаларына қабылдауды Заңның 9-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ-лар жүзеге асырады.
Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.8. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және ЖЖОКБҰ докторантурасына қабылдау екі кезеңмен жүргізіледі: алдын ала іріктеу, түсу емтихандары.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және ЖЖОКБҰ докторантурасына түсушілерді алдын ала іріктеу түсу емтихандары басталғанға дейін, күнтізбелік жылғы 1 ақпаннан 31 мамырға дейін жүргізіледі.
Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін алдын ала іріктеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары және ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.
Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін өткізілген алдын ала іріктеудің нәтижелері түсу емтиханын тапсыруға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу болып табылады.
MBA және DBA білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау ЖЖОКБҰ-лармен дербес жүргізіледі.
8-1. DВА білім беру бағдарламаларына түсу емтихандарын өткізу және қабылдау мерзімдерін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.
DВА білім беру бағдарламалары бойынша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте, DВА бағдарламаларына қабылдауды Заңның 9-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ-лар жүзеге асырады.
Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.1-параграф. Магистратураға, резидентураға қабылдау және түсу емтихандарын, КТ өткізу
9. Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын, резидентураға жоғары білімнің және интернатураның білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.
10. Магистратураға немесе резидентураға түсуші тұлғалар күнтізбелік жылдың 25 мен 28 тамызы аралығында көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Үлгілік қағидаларға 1-1- қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушіге порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда қызмет берушіге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін ұсынады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызмет алушыны ЖЖКОБҰ магистранттардың немесе резидентура тыңдаушылардың қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.10-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.10-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Ескерту. Қағида 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.11. Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:
1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;
2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары тобының магистратурасына түсуші тұлғалар:
1) араб тілі бойынша түсу емтиханын;
2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.12. КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.
КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.
Түсу (шығармашылық) емтихандарын және КТ-ны тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өткізіледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі. Бұл ретте түсушілер шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.
Магистратураға шығармашылық емтиханды өткізу кезеңінде ЖЖОКБҰ-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан комиссиясы құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.
Емтихан комиссияларының құрамы тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан комиссия төрағасын комиссия мүшелерінің арасынан сайлау арқылы қалыптастырылады және ЖЖОКБҰ басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
Шығармашылық емтихандарын өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ-мен әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
Шығармашылық емтихандардың кестесін (емтихан өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізу орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және түсушілердің назарына құжат қабылдау уақытынан кешіктірілмей жеткізіледі.
Шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудиожазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
Шығармашылық емтихан өткізу қорытындысының баға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.
ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.
Араб тілінен түсу емтихандары жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ-мен дербес жазбаша түрде өткізіледі. Бұл ретте түсушілер араб тілінен түсу емтиханын оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.
Араб тілінен түсу емтиханын өткізу кезеңінде ЖЖОКБҰ-да емтихан комиссиясы құрылады.
Емтихан комиссияларының құрамы тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан комиссия төрағасын комиссия мүшелерінің арасынан сайлау арқылы қалыптастырылады және ЖЖОКБҰ басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
Араб тілінен түсу емтихандарын өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ әзірлейеді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
Араб тілінен түсу емтихандарының кестесін (емтихан өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізу орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және түсушілердің назарына құжат қабылдау уақытынан кешіктірілмей жеткізіледі.
Араб тілінен түсу емтихандары бейне және (немесе) аудиожазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
Араб тілінен емтиханды өткізу қорытындысының баға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.
ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда араб тілінен емтиханды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ араб тілінен емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы араб тілінен емтиханның нәтижелері бойынша түсушіге араб тілінен емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.13. Резидентураға түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтихандарын тапсырады.
Резидентураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдар дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша түсу емтиханын түсетін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда тапсырады.
Резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың мәндес бағыты бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.
14. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:
ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6.0;
IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 6,0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 543;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;
TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл – кемінде 498;
Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 95;
CEFR (Common European Framework of Reference - СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);
француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
"Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.
"Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес балдармен GraduateRecordExaminations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-ден босатылады.
"Бизнес және басқару" мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Management AdmissionTest (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға қабылдау кезінде ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
Осы тармақта көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі.
Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға КТ тестілеуінің "Шет тілі" (ағылшын тілі) бөлімін тапсырудан босатылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.15. Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 (үш) ЖЖОКБҰ-ға дейін көрсетеді.
КТ, түсу (шығармашылық) емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
2-параграф. Докторантураға қабылдау және түсу емтихандарын өткізу
16. Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.
17. Докторантураға түсуші тұлғалар күнтізбелік жылдың 22 мен 28 тамызы аралығында көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе портал арқылы осы Үлгілік қағидаларға 1-1- қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушіге порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда қызмет берушіге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін ұсынады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызметті алушыны ЖЖОКБҰ докторанттары қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.17-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңыны 5 -бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағида 17-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.17-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Ескерту. Қағида 17-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.18. Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты даярлау аясында тұлғалардың өтініштерін (еркін түрде) қабылдау ЖЖОКБҰ-да жүргізіледі.
19. Докторантураға түсушілер шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:
ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5,5;
IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 5,5;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 460;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46);
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;
Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 85;
CEFR (Common European Framework of Reference - СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2,
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);
француз тілі: Test de Franзais International™ - Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ-ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде осы тармақта көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.20. 5-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын докторантураның білім беру бағдарламасына қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖЖОКБҰ-да ғана тапсырады.
21. Докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде – ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.
22. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан қалыптастырылады.
Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының өткізу бағдарламасы мен кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) ЖЖОКБҰ әзірлейді және қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі және түсу емтихандары басталғанға дейін 3 (үш) күн бұрын түсушілердің назарына жеткізіледі.
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
Түсу емтиханын өткізу қорытындысының баға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.
ЖЖОКБҰ-лар меншік нысанына қарамастан білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханы аяқталғаннан кейін, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда түсу емтихандарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ түсу емтихандарының қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
"Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда докторантураға түсу емтиханынан босатылады.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.
Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
3-параграф. Апелляциялық комиссиялардың жұмысы
23. ЖЖОКБҰ-лар және ғылыми ұйымдар түсу (шығармашылық) емтихандарын өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін ҚР БҒМ және ҚР ДСМ-ге докторантура, магистратура, резидентура білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу (шығармашылық) емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.
24. Түсу (шығармашылық) емтиханының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарастыру үшін ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдарда апелляциялық комиссиялар құрылады. ЖЖОКБҰ-дағы апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
КТ нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарастыру үшін ҚР БҒМ жанында Республикалық апелляциялық комиссия құрылады. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.
КТ-ны қағаз форматта жүргізген кезде әр КТ өткізу пунктінде апелляциялық комиссиялар құрылады. Апелляциялық комиссиялардың төрағалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.25. Апелляциялық комиссия резидентураға, докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептері бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
Республикалық апелляциялық комиссия магистратураға түсетін тұлғалардың тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептері бойынша өтініштерін қарайды.
Апелляциялық комиссия және (немесе) Республикалық апелляциялық комиссия түсу (шығармашылық) емтиханының немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары топтары бойынша КТ нәтижелеріне шағымданатын адамның өтініші туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.26. Докторантураға, резидентураға, магистратураға түсуші тұлғалардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі.
Өтініштер түсу (шығармашылық) емтихандары мен КТ нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
КТ-ны қағаз форматта өткізу кезінде КТ өткізу пунктінде орналасқан апелляциялық комиссия КТ нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды. КТ өткізу пункттеріндегі апелляциялық комиссия апелляцияны қарау нәтижелерін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде КТ нәтижелеріне шағымданатын тұлғаның өтініші бойынша шешім қабылдайды.
КТ электрондық форматта өткізу кезінде түсуші апелляцияға тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш береді. Республикалық апелляциялық комиссия өтініштердің негізділігін тестілеу өткізілгеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен 5 (бес) күнге дейінгі аралықта қарайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.27. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
28. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
29. Түсу емтихандарын және КТ өткізу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында КТ өткізу пункттеріне және ЖЖОКБҰ-ларға ҚР БҒМ өкілдері жіберіледі.
4-параграф. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
30. Магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 7-қосымша) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық шәкіліге сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 8-қосымша) оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғарғы балл – 35 балл.
Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ және араб тілін білуді талап ететін түсу емтихандардың нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: араб тілі бойынша – кемінде 25 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Резидентураға тұлғаларды қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейінінен түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары, араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары топтары үшін 7-қосымшаға сәйкес – кемінде 75 балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін 8-қосымшаға сәйкес – кемінде 50 балл;
3) резидентура үшін – кемінде 75 балл.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.32. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда докторантураға қабылдау кезінде басым құқық білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған білім беру бағдарламалары тобының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде Clarivate Analytics компаниясының Web of science деректер қорының Journal Citation Reports деректері бойынша соңғы 3 күнтізбелік жылдағы 1, 2 тоқсанға кіретін рейтингтік ғылыми жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.33. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар ЖЖОКБҰ арасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік жылғы 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.
Бұл ретте, ең алдымен тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары нәтижелерінің неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖЖОКБҰ-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған білім беру бағдарламасының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары топтарының ішінде жүзеге асырылады. Дайындық бағыты бойынша үміткерлер болмаған жағдайда қайта бөлу білім саласының ішінде жүргізіледі. Игерілмеген орындарды қайта бөлу күнтізбелік жылғы 30 қыркүйекке дейін уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
34. ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3-тарау. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
35. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖЖОКБҰ-ға күнтізбелік жылғы 25 тамызға дейін:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) КТ және шет тілі бойынша түсу емтихандарының сертификатын немесе осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламаларға тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесін(бар болған жағдайда) және білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (бар болған жағдайда) (магистратура үшін);
4) түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (резидентура үшін);
5) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын және білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (докторантура үшін);
6) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болған жағдайда);
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
8) алдын ала іріктеу нәтижелерін ("Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім саласы бойынша докторантура үшін) тапсырады.
36. Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс КТ және/немесе білім беру бағдарламасының топтары бойынша түсу (шығармашылық) емтиханының балына сәйкес жүргізіледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша |
Шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.
Білім бағдарламалар тобының коды | Білім бағдарламалар тобы | 1-пән | 2-пән |
М022 | Музыкатану | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M023 | Аспаптық орындау | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M024 | Вокалдық өнер | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M025 | Дәстүрлі музыкалық өнер | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M026 | Композиция | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M027 | Дирижирлеу | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M028 | Режиссура | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M029 | Театр өнері | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
М030 | Эстрада өнері | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
М031 | Хореография | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M032 | Аудиовизуалды құралдар және медиа өндіріс | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M033 | Бейнелеу өнері | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M034 | Өнертану | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M035 | Сән, дизайн | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M036 | Полиграфия | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M037 | Арт-менеджмент | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-1-қосымша |
"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: магистратураға – күнтізбелік жылдың 25 мен 28 тамызына дейін; докторантураға-күнтізбелік жылдың 22 мен 28 тамызына дейін. КҰЖЖ қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүзеге асырылады. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық беру болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс графигі | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары: 1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz; 2) порталда: www.egov.kz орналастырылған |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі | 1. Магистратураға немесе резидентураға түсуші тұлғалар: ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде: 1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтінішті; 2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа); 3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін); 4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 5) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет; 6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттаманы сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұданәрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы; 7) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6,0), IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор) шекті балл – кемінде 6,0, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 543, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 498, Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 95, Common European Framework of Reference (CEFR, шекті балл-В2), Deutsche Sprachpruеfung fuеrden Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/деңгейC1), TestDaF–Prufung (Niveauc1/C1 деңгейі), Test de Franзais International ™ (TFI-оқу және тыңдау секциялары бойынша В1деңгейінен төмен емес), Diplome d' Etudes en Langue Franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл) (болған жағдайда) (бар болған жағдайда); 8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін); 9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда). Осы тармақтың 3), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды. портал арқылы өтініш жасаған кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) жоғары білім туралы электрондық құжат; 3) интернатураны бітіргені туралы электрондық куәлік (резидентураға түсу үшін); 4) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат (ағылшын, неміс, француз тілдері) International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6,0), IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор) шекті балл – кемінде 6,0, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 543, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 498, Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 95, Common European Framework of Reference (CEFR, шекті балл-В2), Deutsche Sprachpruеfung fuеrden Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/деңгейC1), TestDaF–Prufung (Niveauc1/C1 деңгейі), Test de Franзais International ™ (TFI-оқу және тыңдау секциялары бойынша В1деңгейінен төмен емес), Diplome d' Etudes en Langue Franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл) (болған жағдайда); 5) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін); 6) көлемі 3x4 сантиметр сандық фото; 7) № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы электрондық форматта медициналық анықтама; 8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда). Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі. 2. Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады: ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде: 1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш; 2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы); 3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language tests System (IELTS, шекті балл кемінде – 5,5), IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор) шекті балл – кемінде 5,5, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 460, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 46), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 453), Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 85, Common European Framework of Reference (CEFR, шекті балл-В2), Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), Test DaF– Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі), Test de Franзais international ™ (TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, В2 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл); 5) № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы электрондық форматта медициналық анықтама; 6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет; 7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат; 8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар); 9) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім саласы бойынша). Осы тармақтың 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды. портал арқылы өтініш жасаған кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми Консультантпен келісілген Жоспарланған диссертациялық зерттеу негіздемесінің электрондық құжаты; 3) білімі туралы электрондық құжат; 4) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат (ағылшын, неміс, француз тілдері) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language tests System (IELTS, шекті балл кемінде – 5,5), IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор) шекті балл – кемінде 5,5, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 460, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 46), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 453), Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 85, Common European Framework of Reference (CEFR, шекті балл-В2), Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), Test DaF– Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі), Test de Franзais international ™ (TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, В2 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл); 5) көлемі 3x4 сантиметр сандық фото; 6) № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы электрондық форматта медициналық анықтама; 7) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін); 8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар). Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады. |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер | Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден келесі негіздемелер бойынша бас тартады: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін толық емес құжаттар топтамасын ұсынған; 3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кеш ұсынған жағдайда. |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | 1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут (практиканы ескере отырып). Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz және бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777. |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша |
GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы
GRE халықаралық стандартталған тест | Кешенді тестілеу | |||
Тест секциялары | "Педагогикалық ғылымдар" білім салаларына арналған, "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар | "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар", "Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары" білім салаларына арналған, "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар | Тестілеу түрлері | Балл |
Quantitative Reasoning | кемінде 155 балл | кемінде 160 балл | Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | 30 |
Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест | 70 | |||
Verbal Reasoning | 145 балдан кем емес | кемінде 140 балл | Шет тілі бойынша тест | 50 |
Analytical Writing | 3 балдан кем емес | 2 балдан кем емес |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 3-қосымша |
GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы
GRE халықаралық стандартталған тест | Кешенді тестілеу | |||
Тест | "Педагогикалық ғылымдар" білім салаларына арналған, "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар | "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар", "Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары" білім салаларына арналған, "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар | Тестілеу түрлері | Балл |
Quantitative Reasoning | кемінде 155 балл | 160 балдан кем емес | Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | 30 |
Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест | 70 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 14 маусымдағы |
|
№ 269 бұйрығына 4-қосымша |
GMAT стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы
GMAT халықаралық стандартталған тест | Кешенді тестілеу | ||
Тест секциялары |
"Бизнес и управление" | Тест түрлері | Балл |
Quantitative Reasoning | кемінде 40 балл | Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | 30 |
Integrated Reasoning | кемінде 4 балл | Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест | 70 |
Verbal Reasoning | кемінде 20 балл | Шет тілі бойынша тест | 50 |
Analytical Writing | кемінде 3 балл |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 5-қосымша |
Докторантура білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Докторантура білім беру бағдарламасы тобының атауы |
D001 | Педагогика және психология |
D002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
D003 | Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау |
D004 | Бастапқы әскери дайындық педагогтерін даярлау |
D005 | Дене шынықтыру педагогтерін даярлау |
D006 | Музыка педагогтерін даярлау |
D007 | Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау |
D008 | Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау |
D009 | Құқық және экономика негіздері |
D010 | Математика педагогтерін даярлау |
D011 | Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) |
D012 | Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) |
D013 | Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) |
D014 | Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) |
D015 | География педагогтерін даярлау |
D016 | Тарих педагогтерін даярлау |
D017 | Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау |
D018 | Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау |
D019 | Шет тілдері педагогтерін даярлау |
D020 | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлау |
D021 | Арнайы педагогика |
D022 | Музыкатану |
D023 | Аспаптық орындаушылық |
D024 | Вокалдық өнер |
D025 | Дәстүрлі музыка өнері |
D026 | Композиция |
D027 | Дирижирлеу |
D028 | Режиссура |
D029 | Театр өнері |
D030 | Эстрада өнері |
D031 | Хореография |
D032 | Аудиовизуалды құралдар және медиа өндіріс |
D033 | Бейнелеу өнері |
D034 | Өнертану |
D035 | Сән, дизайн |
D036 | Полиграфия |
D037 | Арт-менеджмент |
D050 | Философия және әдеп |
D051 | Дінтану және теология |
D052 | Исламтану |
D053 | Тарих және археология |
D054 | Түркітану |
D055 | Шығыстану |
D056 | Аударма ісі, ілеспе аударма |
D057 | Лингвистика |
D058 | Әдебиет |
D059 | Шетел филологиясы |
D060 | Филология |
D061 | Әлеуметтану |
D062 | Мәдениеттану |
D063 | Саясаттану және конфликтология |
D064 | Халықаралық қатынастар |
D065 | Аймақтану |
D066 | Психология |
D067 | Журналистика және репортерлық іс |
D068 | Қоғаммен байланыс |
D069 | Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі |
D070 | Экономика |
D071 | Мемлекеттік және жергілікті басқару |
D072 | Менеджмент және басқару |
D073 | Аудит және салық салу |
D074 | Қаржы, банктік және сақтандыру ісі |
D075 | Маркетинг және жарнама |
D076 | Еңбек дағдылары |
D077 | Бағалау |
D078 | Құқық |
D079 | Сот сараптамасы |
D080 | Биология |
D081 | Генетика |
D082 | Биотехнология |
D083 | Геоботаника |
D084 | География |
D085 | Гидрология |
D086 | Метеорология |
D087 | Қоршаған ортаны қорғау технологиясы |
D088 | Гидрогеология және инженерлік геология |
D089 | Химия |
D090 | Физика |
D091 | Сейсмология |
D092 | Математика және статистика |
D093 | Механика |
D094 | Ақпараттық технологиялар |
D095 | Ақпараттық қауіпсіздік |
D096 | Коммуникация және коммуникациялық технологиялар |
D097 | Химиялық инженерия және процесстер |
D098 | Жылу энергетикасы |
D099 | Энергетика және электр техникасы |
D100 | Автоматтандыру және басқару |
D101 | Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
D102 | Роботты техника және мехатроника |
D103 | Механика және металл өңдеу |
D104 | Көлік, көліктік техника және технология |
D105 | Авиациалық техника және технологиялар |
D106 | Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану |
D107 | Ғарыштық инженерия |
D108 | Наноматериалдар және нанотехнологиялар (сала бойынша) |
D109 | Мұнай және кен геофизикасы |
D110 | Теңіз техникасы және технологиялары |
D111 | Тамақ өнімдерін өндіру |
D112 | Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы (қолдану саласы бойынша) |
D113 | Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы |
D114 | Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар |
D115 | Мұнай инженериясы |
D116 | Тау-кен инженериясы |
D117 | Металлургиялық инженерия |
D118 | Пайдалы қазбалар байыту |
D119 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы |
D120 | Маркшейдерлік іс |
D121 | Геология |
D122 | Сәулет |
D123 | Геодезия |
D124 | Құрылыс |
D125 | Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі |
D126 | Көлік құрылысы |
D127 | Инженерлік жүйелер мен желілер |
D128 | Жерге орналастыру |
D129 | Гидротехникалық құрылыс |
D130 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) |
D131 | Өсімдік шаруашылығы |
D132 | Мал шаруашылығы |
D133 | Орман шаруашылығы |
D134 | Балық шаруашылығы |
D135 | Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету |
D136 | Автокөлік құралдары |
D137 | Су ресурстары және суды пайдалану |
D138 | Ветеринария |
D139 | Қоғамдық денсаулық сақтау |
D140 | Фармация |
D141 | Медицина |
D142 | Әлеуметтік жұмыс |
D143 | Туризм |
D144 | Бос уақыт |
D145 | Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі |
D146 | Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар |
D147 | Көлік қызметі |
D148 | Логистика (сала бойынша) |
D149 | Құқық қорғау қызметі |
D150 | Өрт қауіпсіздігі |
D151 | Мейіргер ғылымы |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 6-қосымша |
GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы
GRE халықаралық стандартталған тест | Түсу емтихандары | |||
Тест секциялары | "Педагогикалық ғылымдар" білім салаларына арналған, "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар | "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар", "Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары" білім салаларына арналған, "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар | Балл | |
Quantitative Reasoning | кемінде 159 балл | кемінде 164 балл | Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханы | 100 |
Verbal Reasoning | 149 балдан кем емес | 145 балдан кем емес | Жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат | 100 |
Analytical Writing | 3 балдан кем емес | 2 балдан кем емес |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 7-қосымша |
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығымен.
Тест түрлері | Тапсырма нысаны | Тапсыру тілі | Тест саны | Балл |
Шет тілі бойынша тест* | Тыңдалым Лексика-грамматикалық тест Оқылым | Ағылшын/ Неміс/ Француз | 50 | 50 |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | Бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/ Орыс | 30 | 30 |
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест ** | Бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/ Орыс | 30 | 30 |
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/ Орыс | 20 | 40 | |
Барлығы | 130 | 150 |
* араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсу үшін араб тілінен түсу емтиханы тапсырылады.
** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 8-қосымша |
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.08.2019 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тест түрлері | Тапсырма нысаны | Тапсыру тілі | Тест саны | Балл |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | Бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/Орыс/ Ағылшын | 30 | 30 |
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест | Бір дұрыс жауапты таңдау | Ағылшын | 30 | 30 |
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау | Ағылшын | 20 | 40 | |
Барлығы | 80 | 100 |