"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығын

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 тамызда № 19234 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың магистратурасына, резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссияларымен және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілдесі аралығында жүргізіледі. КТ, шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамызы аралығында өткізіледі.

      ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 22 тамызына дейін жүргізіледі. Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 22-нен 27 тамызына дейін өткізіледі.

      Қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.";

      30, 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 7-қосымша) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық шәкіліге сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 8-қосымша) оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғарғы балл – 35 балл.

      Резидентураға тұлғаларды қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейінінен түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

      1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы үшін 7-қосымшаға сәйкес – кемінде 75 балл;

      2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін 8-қосымшаға сәйкес – кемінде 50 балл;

      3) резидентура үшін – кемінде 75 балл.

      Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға 50 балл есептеледі.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.";

      көрсетілген қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 12 тамыздағы
№ 358 бұйрығына
1-қосымша
  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын iске
асыратын бiлiм беру
ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
7-қосымша

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері

Тапсырма нысаны

Тапсыру тілі

Тест саны

Балл

Шет тілі бойынша тест

Тыңдалым Лексико-грамматикалық тест
Оқылым

Ағылшын/ Неміс/ Француз

50

50

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест *

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

20

40

Барлығы


130

150

      * шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 12 тамыздағы
№ 358 бұйрығына
1-қосымша
  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын iске
асыратын бiлiм беру
ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
8-қосымша

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

Тест түрлері

Тапсырма нысаны

Тапсыру тілі

Тест саны

Балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/Орыс/ Ағылшын

30

30

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшын

30

30

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Ағылшын

20

40

Барлығы



80

100