"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығын

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 маусымда № 18851 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 14 маусымдағы
№ 269 бұйрығы бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 600 бұйрығымен
бекітілген

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы"2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі–ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджетнемесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі

      3. ЖЖОКБҰ-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.

      4. Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, "Педагогикалық ғылымдар", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша–кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттарын қоспағанда, ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пәннен – кемінде 5 балл және арнаулы емтихан бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнаулы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

      5. ЖЖОКБҰ-лар ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін Заңның 43-1-бабының 2) тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекіткен Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларымен реттелетін қосымша емтихан өткізеді.

      6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.

      "Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      ЖЖОКБҰ-ға жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      7. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ларға қабылдауды ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.

      Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

      8. ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу кезінде "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы қарастырылады.

      9. ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдарды қабылдау "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – сертификат) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білімнің жекелеген білім беру бағдарламаларына білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар ЖЖОКБҰ-ларда жүзеге асырылады.

      11. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-ларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілерден құжаттар ЖЖОКБҰ-ның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) бекітілген дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген пилоттарды даярлау жөніндегі ЖЖОКБҰ-да оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру ұсынылады.

      12. Әр ЖЖОКБҰ-да басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ректор, проректорлар, ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы құрамының саны тақ санды құрайды. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ-ның басшысы болып табылады. ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.

1-параграф. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі

      13. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде "Педагогика ғылымдары" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      14. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.

      Комиссияның құрамына ЖЖОКБҰ өкілдері оның ішінде, профессорлық-оқытушылық құрамның қатарынан, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

      "Өнер" және "Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау" даярлау бағыты бойынша шығармашылық емтихандар бойынша комиссия құрамына тиісті бейінді білімі бар және мәдениет және спорт саласындағы жергілікті уәкілетті орган ұсынған өкілдер кіреді. Комиссия тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      15. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылады.

      Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсыру үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:

      1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);

      2) 3 x 4сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

      5) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.

      16. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

      Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

      17. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

      Осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны бекітіледі.

      18. "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау жәнеарнаулы емтихан өткізу ЖЖОКБҰ-ларда күнтізбелік жылғы 20 маусым – 14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

      "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу медициналық жоғары білім беру ұйымдарында және жоғары білім беру ұйымдарының медициналық факультеттерінде күнтізбелік жылғы 20 маусым -7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

      "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

      19. Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-ларда шығармашылық емтиханды тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқутілі) бойынша балдар ескеріледі.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін арнайы пәннен балдары ескеріледі.

      20. "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

      "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және арнайы пәндер бойынша балдар ескеріледі.

      21. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ-лар әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

      22. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

      23. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

      Бұл ретте арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

      24. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілергеемтихан материалдары беріледі және титулдық парақты ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

      25. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралықұжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

      "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.

      26. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомосымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

      27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.

      28. "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша арнаулы емтиханның нәтижелеріне сәйкес оқуға түсушіге қабылдайтын ЖЖОКБҰ-ға ұсыну үшін бағалау ведомосынан үзінді беріледі.

      Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.

      29. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен төрағасын қосқанда тақ саннан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

      30. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

      31. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

      32. Меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау үшін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның қорытындысын арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан аяқталған күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне береді.

3-тарау. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау тәртібі

      33. Түсушілерді ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылдау ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.

      Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.

      Оқуға түсушілер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш:

      1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

      5) ҰБТ сертификатын;

      6) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)"білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);

      7) білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

      Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

      1) еңбек кітапшасының көшірмесін (төлнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі);

      2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

      3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;

      4) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

      5) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартын;

      6) еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;

      7) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.

      Үлгілік қағидалардың осы тармағына сәйкес ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге:

      1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа);

      2) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;

      3) № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

      4) ҰБТ сертификатын қоса береді.

      34. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімді кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балл алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

      ЖЖОКБҰ-да білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін аталған адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 204 бұйрық) белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.

      35. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жөнінде өтініш береді және ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады.

      Жоғары білімнің шығармашылық білім беру бағдарламалары топтары бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.

      Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.

      36. № 204 бұйрықпен белгіленген мерзімге сәйкес ҰБТ тапсырған ағымдағы жылғы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар және осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.

      Бұл ретте орта білімді ұйымдардың бітіруші 11 (12) сыныптың білім алушылары күнтізбелік жылғы 1 ақпан мен 25 тамыз аралығы кезеңінде жалпы орта білім туралы құжат алғанға дейін ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.

      Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғаннан кейін оқуға түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 33-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды тапсырады.

      37. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген ҰБТ-ның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.

      Өтінішке ҰБТ сертификаты мен уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.

      Осы Үлгілік қағидалардың 15, 33, 36, 37-тармақтарында белгіленген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушіден құжат қабылдамайды.

      38. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі.

      Шығармашылық емтихандар белгіленген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.

      "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан бойынша нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі.

      39. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылданады.

      Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төленуі тиіс соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап 4 (төрт) аптадан асырылмай ұзартылады.

      40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдык уәландырылған аудармасы болуы тиіс.

      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

      41. ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, қабылдау аяқталғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ЖЖОКБҰ-ға студенттерді қабылдау бойынша қорытынды есеп ұсынады.

  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

В001

Педагогика және психология

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

В014

География мұғалімдерін даярлау

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

В020

Арнайы педагогика мамандарын даярлау

В084

Мейірбике ісі

В086

Жалпы медицина

В087

Стоматология

В088

Педиатрия

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

В021

Орындаушылық өнер

В022

Эстрада өнері

В023

Аспапта орындаушылық

В024

Музыкану және өнертану

В025

Дәстүрлі музыка өнері

В026

Дирижирлеу және композиция

В027

Театр өнері

В028

Хореография

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

В030

Бейнелеу өнері

В031

Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

В033

Дінтану және теология

В042

Журналистика және репортер ісі

В073

Сәулет

В092

Тынығу

  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

1

2

3

Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

В001

Педагогика және психология

Педагогикалық жағдаятты шешу

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Педагогикалық жағдаятты шешу

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Педагогикалық жағдаятты шешу

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В014

География мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В020

Арнайы педагогика мамандарын даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В084

Мейірбике ісі

Психометрикалық емтихан

В086

Жалпы медицина

Психометрикалық емтихан

В087

Стоматология

Психометрикалық емтихан

В088

Педиатрия

Психометрикалық емтихан

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

1

2

3*

4

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Спорт түрлері бойынша нормативтер

Спорт ойындары

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Мамандану бойынша нормативтер

Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Орындау шеберлігі

Жалпы музыкалық қабілетін көрсету

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті)

Кескіндеме (натюрморт)

В021

Орындаушылық өнер

Соло бағдарламаны орындау

Элементарлық музыка теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант

В022

Эстрада өнері

Эстрада вокалы. Аспапшылар үшін бағдарлама орындау

Музыка теориясы бойынша ауызша емтихан және сольфеджиодан диктант

В023

Аспапта орындаушылық

Соло бағдарламаны орындау

Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан

В024

Музыкатану және өнертану

Музыкалық әдебиет бойынша ауызша емтихан.
Музыкалық тақырыптарды орындау.
Өнер туындыларына жазбаша талдау жұмыс талдау және кинотеледраматургия бойынша эссе

Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант
Өнер тарихы бойынша ауызша емтихан.

В025

Дәстүрлі музыка өнері

Соло бағдарламаны орындау

Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант.
Этносольфеджио бойынша диктант.
Жалпы музыкалық және ақындық қабілеттерін көрсету.

В026

Дирижерлеу және композиция

Дирижерлеу және коллоквиум.
Өз шығармаларын ұсыну және коллоквиум.

Гармония бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант

В027

Театр өнері

Актерлік шеберлік, сахна тілі

Би, вокал немесе коллоквиум

В028

Хореография

Орындау шеберлігі

Коллоквиум. Балетмейстер өнері бойынша тәжірибелік жұмыс.

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Практикалық жұмыс – павильонда және табиғатта түсіру. Режиссура бойынша жазбаша жұмыс.

Коллоквиум.
"Режиссура" бойынша ауызша емтихан.
Композиция.

В030

Бейнелеу өнері

Сурет, кескіндеме

Композиция

В031

Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

Реферат немесе арт-жобаны таныстыру.
Сурет, кескіндеме.

Коллоквиум.
Композиция немесе сызу.

В033

Дінтану және теология

Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу

Дін негіздері бойынша ауызша емтихан

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығарма

Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу

В073

Сәулет

Сурет

Сызу

В092

Тынығу

Орындау шеберлігі

Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері

      * қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша "В029 - Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс" білім беру бағдарламалары тобын қоспағанда

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 14 маусымдағы
№ 269 бұйрығы бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 600 бұйрығына
2-қосымша

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау тәртібі дербес анықталады.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) магистранттарын, докторанттарын қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың (бұдан әрі – ғылыми ұйымдардың) резидентурасы тыңдаушыларын қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі

      3. Магистратураға, докторантураға, оның ішінде мақсатты даярлау бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі-КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Магистратураға, докторантураға және резидентураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      4. ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдарға шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте, шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 5 (бес) күнге дейін жүргізіледі.

      5. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес танылады немесе нострификацияланады.

      6. Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдарда қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

      Қабылдау комиссиясының құрамы және қызметі ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдар басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      Қабылдау комиссиялары:

      1) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша консультация беру, КТ және/немесе түсу (шығармашылық) емтиханының рәсімімен таныстыруды;

      2) түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды;

      3) КТ-ға кіруге рұқсаттамалары мен белгіленген үлгідегі КТ сертификаттарын беруді қамтамасыз етуді;

      4) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу (шығармашылық) емтихандарды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      7. ЖЖОКБҰ магистратурасына, докторантурасына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссияларымен және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілде аралығында.

      КТ, білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары, шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамызы аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

      8. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және ЖЖОКБҰ докторантурасына қабылдау екі кезеңмен жүргізіледі: алдын ала іріктеу, түсу емтихандары.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және ЖЖОКБҰ докторантурасына түсушілерді алдын ала іріктеу түсу емтихандары басталғанға дейін, күнтізбелік жылғы 1 ақпаннан 31 мамырға дейін жүргізіледі.

      Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін алдын ала іріктеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары және ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін өткізілген алдын ала іріктеудің нәтижелері түсу емтиханын тапсыруға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу болып табылады.

      MBA және DBA білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау ЖЖОКБҰ-лармен дербес жүргізіледі.

1-параграф. Магистратураға, резидентураға қабылдау және түсу емтихандарын, КТ өткізу

      9. Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын, резидентураға жоғары білімнің және интернатураның білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.

      10. Магистратураға түсуші тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға, ал резидентураға түсуші тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына немесе ЖЖОКБҰ-ға, ғылыми ұйымдарға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) сәйкес белгіленген нысанда ұйым басшысының атына (резидентура үшін еркін түрде) өтінішті;

      2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);

      3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесін (резидентураға түсу үшін);

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      5) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

      6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

      7) осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

      11. Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

      1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;

      2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

      12. КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

      КТ нәтижесі бойынша сертификат беріледі.

      Түсу (шығармашылық) емтихандарын және КТ-ны тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Білім беру бағдарламалар тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өткізіледі.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі. Бұл ретте түсушілер шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.

      Магистратураға шығармашылық емтиханды өткізу кезеңінде ЖЖОКБҰ-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан комиссиясы құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

      Емтихан комиссияларының құрамы тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан қалыптастырылады және ЖЖОКБҰ басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      Шығармашылық емтихандарын өткізу бағдарламалары ЖЖОКБҰ-мен әзірленеді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі.

      Шығармашылық емтихандарың кестесі (емтихан өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізу орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі және түсушілердің назарына құжат қабылдау уақытынан кешіктірілмей жеткізіледі.

      Шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудиожазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

      Шығармашылық емтихан өткізу қорытындысының баға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

      ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

      Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.

      13. Резидентураға түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтихандарын тапсырады.

      Резидентураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдар дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша түсу емтиханын түсетін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда тапсырады.

      Резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың мәндес бағыты бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

      14. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 163 балл),

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46),

      Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453,

      Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 65),

      International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5.5);

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі);

      француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 400 балл).

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-ден босатылады.

      "Бизнес және басқару" мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.

      15. Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 (үш) ЖЖОКБҰ-ға дейін көрсетеді.

      КТ, түсу (шығармашылық) емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

2-параграф. Докторантураға қабылдау және түсу емтихандарын өткізу

      16. Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.

      17. Докторантураға түсуші тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы келесідей құжаттарды тапсырады:

      1) өтінішті (еркін түрде);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);

      4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;

      5) № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

      6) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

      7) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;

      8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда);

      9) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім саласы бойынша).

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

      18. Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты даярлау аясында тұлғалардың өтініштерін (еркін түрде) қабылдау ЖЖОКБҰ-да жүргізіледі.

      19. Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады:

      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 138 балл),

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 32),

      Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 400,

      Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 47),

      International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 4.5);

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

      француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 400 балл).

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.

      20. 5-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын докторантураның білім беру бағдарламасына қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖЖОКБҰ-да ғана тапсырады.

      21. Докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде – ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

      22. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан қалыптастырылады.

      Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының өткізу бағдарламасы мен кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) ЖЖОКБҰ әзірлейді және қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі және түсу емтихандары басталғанға дейін 3 (үш) күн бұрын түсушілердің назарына жеткізіледі.

      Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

      Түсу емтиханын өткізу қорытындысының баға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

      ЖЖОКБҰ-лар меншік нысанына қарамастан білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханы аяқталғаннан кейін, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда түсу емтихандарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ түсу емтихандарының қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations ( грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда докторантураға түсу емтиханынан босатылады.

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.

      Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

3-параграф. Апелляциялық комиссиялардың жұмысы

      23. ЖЖОКБҰ-лар және ғылыми ұйымдар түсу (шығармашылық) емтихандарын өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін ҚР БҒМ және ҚР ДСМ-ге докторантура, магистратура, резидентура білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу (шығармашылық) емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.

      24. Түсу (шығармашылық) емтиханының және КТ нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарастыру үшін ҚР БҒМ жанында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір КТ өткізу пункттерінде, ЖЖОКБҰ-да және ғылыми ұйымдарда апелляциялық комиссия құрылады.

      Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы, КТ өткізу пункттерінде құрылатын апелляциялық комиссиялар төрағалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.

      ЖЖОКБҰ-дағы және ғылыми ұйымдардағы апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      25. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептері бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

      Апелляциялық комиссия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу (шығармашылық) емтихандарының немесе КТ нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.

      Апелляциялық комиссия магистратурада білім алу үшін КТ бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

      Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде магистратурада оқу үшін КТ нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.

      26. Магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші тұлға апелляцияға берілетін өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептері бойынша өтініштер КТ, түсу (шығармашылық) емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

      Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

      27. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      28. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

      29. Түсу емтихандарын және КТ өткізу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында КТ өткізу пункттеріне және ЖЖОКБҰ-ларға ҚР БҒМ өкілдері жіберіледі.

4-параграф. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

      30. Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 7-қосымша) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 15 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 8-қосымша) оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 10 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 74 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 17 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғарғы балл – 35 балл.

      Резидентураға тұлғаларды қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейінінен түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандардың жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

      1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы үшін 7-қосымшаға сәйкес – кемінде 100 балл;

      2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін 8-қосымшаға сәйкес – кемінде 60 балл;

      3) резидентура үшін – кемінде 75 балл.

      Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға 50 балл есептеледі.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

      32. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда докторантураға қабылдау кезінде басым құқық білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған білім беру бағдарламалары тобының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

      33. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар ЖЖОКБҰ арасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік жылғы 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.

      Бұл ретте, ең алдымен тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары нәтижелерінің неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖЖОКБҰ-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған білім беру бағдарламасының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары топтарының ішінде жүзеге асырылады. Дайындық бағыты бойынша үміткерлер болмаған жағдайда қайта бөлу білім саласының ішінде жүргізіледі. Игерілмеген орындарды қайта бөлу күнтізбелік жылғы 30 қыркүйекке дейін уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      34. ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

3-тарау. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

      35. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖЖОКБҰ-ға күнтізбелік жылғы 25 тамызға дейін:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

      3) КТ және шет тілі бойынша түсу емтихандарының сертификатын немесе осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламаларға тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесін(бар болған жағдайда) және білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (бар болған жағдайда) (магистратура үшін);

      4) түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (резидентура үшін);

      5) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын және білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (докторантура үшін);

      6) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болған жағдайда);

      7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      8) алдын ала іріктеу нәтижелерін ("Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім саласы бойынша докторантура үшін) тапсырады.

      36. Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс КТ және/немесе білім беру бағдарламасының топтары бойынша түсу (шығармашылық) емтиханының балына сәйкес жүргізіледі.

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

Шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім бағдарламалар тобының коды

Білім бағдарламалар тобы

1-пән

2 - пән

M023

Музыкатану

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M024

Аспаптық орындау

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M025

Вокалдық өнер

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M026

Дәстүрлі музыкалық өнер

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M027

Композиция

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M028

Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M029

Режиссура

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M034

Актерлік өнер

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M035

Эстрада өнері

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M036

Хореография

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M037

Сценография

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M038

Операторлық өнер

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M039

Аудиовизуалды құралдар және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M040

Кескіндеме

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M041

Графика

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M042

Мүсін

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M043

Сәндік өнер

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M044

Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M045

Полиграфия

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M046

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

M050

Арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Рефератты қорғау

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

GRE халықаралық стандартталған тест

Кешенді тестілеу

Тест секциялары

"Педагогикалық ғылымдар" білім салаларына арналған, "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар", "Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары" білім салаларына арналған, "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

Тестілеу түрлері

Балл

Quantitative Reasoning

кемінде 155 балл

кемінде 160 балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

30

Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест

70

Verbal Reasoning

145 балдан кем емес

кемінде 140 балл

Шет тілі бойынша тест

50

Analytical Writing

3 балдан кем емес

2 балдан кем емес

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
3-қосымша

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

GRE халықаралық стандартталған тест

Кешенді тестілеу

Тест
секциялары

"Педагогикалық ғылымдар" білім салаларына арналған, "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар", "Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары" білім салаларына арналған, "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

Тестілеу түрлері

Балл

Quantitative Reasoning

кемінде 155 балл

160 балдан кем емес

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

30

Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест

70

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 14 маусымдағы
  № 269 бұйрығына
4-қосымша

GMAT стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

GMAT халықаралық стандартталған тест

Кешенді тестілеу

Тест секциялары

"Бизнес и управление"
кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

Тест түрлері

Балл

Quantitative Reasoning

кемінде 40 балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

30

Integrated Reasoning

кемінде 4 балл

Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест

70

Verbal Reasoning

кемінде 20 балл

Шет тілі бойынша тест

50

Analytical Writing

кемінде 3 балл

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
5-қосымша

Докторантура білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Докторантура білім беру бағдарламасы тобының атауы

D001

Педагогика және психология

D002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

D003

Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау

D004

Бастапқы әскери дайындық педагогтерін даярлау

D005

Дене шынықтыру педагогтерін даярлау

D006

Музыка педагогтерін даярлау

D007

Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау

D008

Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау

D009

Құқық және экономика негіздері

D010

Математика педагогтерін даярлау

D011

Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

D012

Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

D013

Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

D014

Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

D015

География педагогтерін даярлау

D016

Тарих педагогтерін даярлау

D017

Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

D018

Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

D019

Шет тілдері педагогтерін даярлау

D020

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлау

D021

Арнайы педагогика мамандарын даярлау

D022

Музыкатану

D023

Аспаптық орындаушылық

D024

Вокалдық өнер

D025

Дәстүрлі музыка өнері

D026

Композиция

D027

Дирижирлеу

D028

Театр режиссурасы

D029

Кино режиссурасы

D030

Анимация режиссурасы

D031

Хореография режиссурасы

D032

Дыбыс режиссурасы

D033

Актер өнері

D034

Эстрада өнері

D035

Хореография

D036

Сценография

D037

Операторлық өнер

D038

Аудиовизуалды құралдар және медиа өндіріс

D039

Кескіндеме

D040

Графика

D041

Мүсін

D042

Сәндік-қолданбалы өнер

D043

Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн

D044

Полиграфия

D045

Өнертану

D046

Театртану

D047

Кинотану

D048

Кинотеледраматургия

D049

Арт-менеджмент

D050

Философия және әдеп

D051

Дінтану және теология

D052

Исламтану

D053

Тарих және археология

D054

Түркітану

D055

Шығыстану

D056

Аударма ісі, ілеспе аударма

D057

Лингвистика

D058

Әдебиет

D059

Шетел филологиясы

D060

Филология

D061

Әлеуметтану

D062

Мәдениеттану

D063

Саясаттану және конфликтология

D064

Халықаралық қатынастар

D065

Аймақтану

D066

Психология

D067

Журналистика және репортерлық іс

D068

Қоғаммен байланыс

D069

Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі

D070

Экономика

D071

Мемлекеттік және жергілікті басқару

D072

Менеджмент және басқару

D073

Аудит және салық салу

D074

Қаржы, банктік және сақтандыру ісі

D075

Маркетинг және жарнама

D076

Еңбек дағдылары

D077

Бағалау

D078

Құқық

D079

Сот сараптамасы

D080

Биология

D081

Генетика

D082

Биотехнология

D083

Геоботаника

D084

География

D085

Гидрология

D086

Метеорология

D087

Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

D088

Гидрогеология және инженерлік геология

D089

Химия

D090

Физика

D091

Сейсмология

D092

Математика және статистика

D093

Механика

D094

Ақпараттық технологиялар

D095

Ақпараттық қауіпсіздік

D096

Коммуникация және коммуникациялық технологиялар

D097

Химиялық инженерия және процесстер

D098

Жылу энергетикасы

D099

Энергетика және электр техникасы

D100

Автоматтандыру және басқару

D101

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

D102

Роботты техника және мехатроника

D103

Механика және металл өңдеу

D104

Көлік, көліктік техника және технология

D105

Авиациалық техника және технологиялар

D106

Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

D107

Ғарыштық инженерия

D108

Наноматериалдар және нанотехнологиялар (сала бойынша)

D109

Мұнай және кен геофизикасы

D110

Теңіз техникасы және технологиялары

D111

Тамақ өнімдерін өндіру

D112

Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы (қолдану саласы бойынша)

D113

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы

D114

Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар

D115

Мұнай инженериясы

D116

Тау-кен инженериясы

D117

Металлургиялық инженерия

D118

Пайдалы қазбалар байыту

D119

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

D120

Маркшейдерлік іс

D121

Геология

D122

Сәулет

D123

Геодезия

D124

Құрылыс

D125

Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

D126

Көлік құрылысы

D127

Инженерлік жүйелер мен желілер

D128

Жерге орналастыру

D129

Гидротехникалық құрылыс

D130

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

D131

Өсімдік шаруашылығы

D132

Мал шаруашылығы

D133

Орман шаруашылығы

D134

Балық шаруашылығы

D135

Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

D136

Автокөлік құралдары

D137

Су ресурстары және суды пайдалану

D138

Ветеринария

D139

Қоғамдық денсаулық сақтау

D140

Фармация

D141

Медицина

D142

Әлеуметтік жұмыс

D143

Туризм

D144

Бос уақыт

D145

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

D146

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

D147

Көлік қызметі

D148

Логистика (сала бойынша)

D149

Құқық қорғау қызметі

D150

Өрт қауіпсіздігі

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
6-қосымша

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы

GRE халықаралық стандартталған тест

Түсу емтихандары

Тест секциялары

"Педагогикалық ғылымдар" білім салаларына арналған, "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар", "Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары" білім салаларына арналған, "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар


Балл

Quantitative Reasoning

кемінде 159 балл

кемінде 164 балл

Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханы

100

Verbal Reasoning

149 балдан кем емес

145 балдан кем емес

Жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат

100

Analytical Writing

3 балдан кем емес

2 балдан кем емес

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
7-қосымша

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері

Тапсырма нысаны

Тапсыру тілі

Тест саны

Балл

Шекті балл

Шет тілі бойынша тест

Тыңдалым
Лексико-грамматикалық тест
Оқылым

Ағылшын/
Неміс/
Француз

50

50

25

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

15

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест *

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

15

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

20

40

20

Барлығы


130

150

75**

      * шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады

      ** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға қабылдау үшін шекті балл – 74 балл.

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
8-қосымша

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

Тест түрлері

Тапсырма нысаны

Тапсыру тілі

Тест саны

Балл

Шекті балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/Орыс/
Ағылшын

30

30

7

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшын

30

30

8

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Ағылшын

20

40

10

Барлығы



80

100

25