"Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 13 шiлдедегi № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 тамызда № 17285 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 09.08.2021 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы №100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11021 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 98 (28576) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін I санаттағы объектілер бойынша жобалардың мемлекеттік экологиялық сараптамасына қолданылмайды.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі";

      8-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға арналған материалдар электрондық түрде ұсынылады және мыналарды қамтиды:

      1) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім;

      2) қоршаған ортаға әсер ететін межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы болған жағдайда мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге межеленіп отырған қызметтің жобаалды немесе жобалау құжаттамасы;

      Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық қызметтің түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      3) эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары болған жағдайда:

      эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;

      4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары болған жағдайда:

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің жобалары болған жағдайда:

      жаратылыстану-ғылыми негіздемелер немесе техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерлерін босалқы жерге ауыстыруға, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарының шекараларын және (немесе) аудандарын өзгертуге техникалық-экономикалық негіздемелері болған жағдайда мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      7) өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер болған жағдайда:

      биологиялық негiздемелердің жобалары;

      8) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары болған жағдайда мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге аумақтарды зерттеу материалдары;

      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және білім беру салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;

      9) жерді одан әрі шаруашылық айналымына беру үшін ядролық қаруды сынау (жүргізілген сынақтардың салдарын бағалау) нәтижелерін жүргiзiлген жер учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеу материалдары болған жағдайда, мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге кешендi экологиялық зерттеу материалдары;

      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы;

      жобаның электрондық нұсқасы;

      10) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары болған жағдайда, мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге шаруашылық қызмет жобалары;

      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      жобаның электрондық нұсқасы.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сараптамалық органдар материалдарды қарауды және сараптама объектісінің бағалауын жүргізу барысында оған дәлелденген және объективті сараптамалық қорытындыны қалыптастыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың рәсімі біртіндеген кезеңдерінен тұрады және өзіне:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінішті уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарында тіркеуді;

      2) сараптамаға жіберілген материалдардың, деректемелердің, межеленіп отырған шаруашылық қызметтің ҚОӘБ қоса алғанда, толықтығы және бар болуын тексеруді;

      3) сараптаманың қажетті деңгейін анықтауды, материалдарды бағалауды және талдап өңдеуді, көзделген немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің экологиялық қауіпсіздігінің дәрежесін, сараптама объектілерін іске асырудың жеткіліктігі мен шындығын қарастыратын сараптаманы;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған жобаларға және оларға қоса берілген материалдарға ескертулер болған кезде ескертулерді табиғат пайдаланушымен www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жоюды;

      5) жекелеген сараптамалық бағалар мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытуды, материалдарды келісу немесе келісуден бас тарту туралы сараптамалық қорытындыны дайындауды қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3 және 14-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "14-1. Сараптама органдары жүргізетін мемлекеттік экологиялық сараптаманың мерзімдері мен ұзақтығы өтінімді тіркеген күннен бастап:

      I санаттағы объектілер үшін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен;

      II санаттағы объектілер үшін 30 (отыз) жұмыс күнінен;

      III және IV санаттардағы объектілер үшін 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      14-2. Қабылданған құжаттар өтінімді тіркеген күннен бастап сараптама органдарымен I санаттағы объектілер толықтығы үшін бес жұмыс күнінен аспайтын, ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырылады.

      Ұсынылған құжаттар толық емес болған жағдайда, сараптама органдары оларды ұсынған адамға кері қайтарады.

      14-3. Сарапшылар мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында:

      1) Кодекстің 53-бабының 6-тармағына сәйкес жобаны тапсырыс берушілерден мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсін жан-жақты және объективтi бағалау үшiн маңызы бар қосымша материалдарды Кодекстің 50-бабында белгілеген мерзімде сұратады және алады;

      2) осы Қағидалардың 14-4-тармағында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында дәлелді ескертулер береді.";

      14-4. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың барысында сарапшылар, тапсырыс берушiге портал арқылы берiлетiн дәлелдi ескертулерді олар болған жағдайда, мына мерзімдерден кешiктiрмей жiбередi:

      I санаттағы объектілер үшін 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде және ескертулер берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушімен порталда жойылады;

      II санаттағы объектілер үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде және ескертулер берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушімен порталда жойылады;

      ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде және ескертулер берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушімен порталда жойылады.

      Ескертулер белгіленген мерзімде жойылған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі.

      Ескертулер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы беріледі.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізудің нәтижелері";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. "Келісілмейді" деген тұжырымы бар теріс қорытынды болған жағдайда, сараптамаға тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптаманың ескертулері бойынша материалдарды пысықтайды және оларды мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсырады немесе көзделген қызметтен бас тартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      Ж. Қасымбек____________________

      2018 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов ___________________

      2018 жылғы 20 шілде