Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамызда № 17274 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржы секторының шолуын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкі" 2017 жылғы 2 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің төрағасы

      ________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 23 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 139 қаулысымен
бекітілді

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібін нақтылайды.

      2. Мәліметтер Нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде жасалады.

      3. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар – халықаралық капитал нарықтарында қаражат тарту мақсатында қазақстандық компаниялар шет елдерде құратын еншілес ұйымдар;

      2) институционалдық бірліктер – активтерге иелік ететін, өздеріне міндеттемелер қабылдайтын, шаруашылық қызметпен және басқа институционалдық бірліктермен операциялармен айналысатын шаруашылық бірліктер;

      3) халықаралық банкаралық үзіліссіз байланысқан есеп айырысулар жүйесі (бұдан әрі – CLS халықаралық банкаралық жүйесі) - валюталық операциялар бойынша есеп айырысуға маманданатын төлем жүйесі, оның көмегімен ірі әлем банктері халықаралық валюта нарығында нақты уақыт режимінде сауда жасайды және ол валюталық операциялар бойынша есеп айырысулар кезінде кредиттік тәуекелді болдырмауға мүмкіндік береді;

      4) экономика секторы – айналысатын негізгі қызмет түрі бірдей институционалдық бірліктерді біріктіретін экономиканың негізгі бөлімшесі.

      4. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым" деген ұғым "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәнінде пайдаланылады.

      5. "Резидент" және "бейрезидент" деген ұғымдар "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерінде пайдаланылады.

2-тарау. Мәліметтерді жасау тәртібі

      6. Қаржы секторының шолуын қалыптастыруға арналған көрсеткіштер бойынша мәліметтер Нұсқаулыққа 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалады.

      Шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша мәліметтер Нұсқаулыққа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалады.

      7. Мәліметтер теңгемен жасалады.

      8. Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшалардағы мәліметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарының 2-тарауы 1, 2 және 3-параграфтарының шоттары (бұдан әрі – шот) бойынша жасалады, олар одан әрі Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес резиденттік белгілері, экономика секторы және валюталар түрі бойынша нақтыланады.

      Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшалардағы көрсеткіштер құрылымы АААА XYZ түріндегі цифрлық символдар жүйесін білдіреді, мұндағы:

      АААА – шоттың нөмірі;

      X – резиденттік белгісі (резиденттік белгісінің берілген кодтары Нұсқаулықтың 9-тармағында келтірілген);

      Y – экономика секторының белгісі (экономика секторларының берілген кодтары мен сипаты Нұсқаулықтың 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-тармақтарында келтірілген);

      Z – валюта түрінің белгісі (валюта түрлерінің берілген кодтары Нұсқаулықтың 19-тармағында келтірілген).

      9. X символы бойынша мынадай берілген кодтарға сәйкес резиденттік белгісі көрсетіледі:

      "1" коды – Қазақстан Республикасының резиденті;

      "2" коды – Қазақстан Республикасының бейрезиденті.

      10. Y символы бойынша мынадай берілген кодтарға сәйкес экономиканың мынадай секторлары көрсетіледі:

      1) мемлекеттік басқару органдары секторы:

      "1" коды – Орталық Үкімет;

      "2" коды – өңірлік және жергілікті басқару органдары;

      2) қаржы ұйымдары секторы:

      "3" коды – Орталық (ұлттық) банктер;

      "4" коды – басқа депозиттік ұйымдар;

      "5" коды – басқа қаржы ұйымдары;

      3) қаржылық емес ұйымдар секторы:

      "6" коды – мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;

      "7" коды – мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;

      4) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы:

      "8" коды – үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар;

      5) үй шаруашылықтары секторы:

      "9" коды – үй шаруашылықтары.

      11. Әрбір жеке институционалдық бірлік өзінің негізгі қызметінің түріне сәйкес экономиканың тұтастай бір секторына жатады. Институционалдық бірліктерді жіктеу қағидаты олар жүзеге асыратын негізгі қызмет түріне сәйкес оларды экономика секторлары бойынша бөлу болып табылады.

      Әрбір сектордың оны басқа секторлардан өзгеше ететін экономикалық сипаттары болады.

      12. Мемлекеттік басқару органдары секторына ел аумағында орналасқан басқа институционалдық бірліктерге қолданылатын заң шығарушылық, сот немесе атқарушылық билігі бар институционалдық бірліктер кіреді. Мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары: тұтастай қоғамды және жеке үй шаруашылықтарын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жауапкершілігі; бұл үшін қажетті қаржы қаражатын салық салу арқылы немесе басқа кірістер есебінен жұмылдыру; трансферттер арқылы кірістерді мен байлықты қайта бөлу және нарықтық емес өндірісті жүзеге асыру болып табылады. Бұл секторға Орталық Үкімет ("1" коды), өңірлік және жергілікті басқару органдары ("2" коды) кіреді.

      "1" кодына министрліктер, республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ведомстволар және агенттіктер, ғылыми-зерттеу институттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенттері – институционалдық бірліктер, мемлекеттік басқару органдардың бақылауындағы және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттің бақылауындағы және нарықтық өндіріспен айналыспайтын басқа ұйымдар жатады.

      "2" кодына облыс, қала және аудан деңгейінде басқару функцияларын жүзеге асыратын институционалдық бірліктер және өңірлік (жергілікті) бюджеттер қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар жатады.

      13. Қаржы ұйымдары секторына негізгі функциялары қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдыққа тығыз байланысты қосалқы қаржы қызметі болып табылатын институционалдық бірліктер кіреді. Бұл секторға Орталық (ұлттық) банктер ( "3" коды), басқа да депозиттік ұйымдар ("4" коды), басқа қаржы ұйымдары ("5" коды) кіреді.

      "3" кодына қаржы жүйесінің негізгі аспектілерін бақылауды жүзеге асыратын институционалдық бірліктер кіреді, олардың негізгі қызмет түрлері ұлттық валюталардың эмиссиясы, халықаралық резервтерді басқару, Халықаралық валюта қорымен және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен операцияларды жүзеге асыру, басқа депозиттік корпорацияларға кредит беру болып табылады.

      "4" кодына негiзгi қызмет түрi қаржылық делдалдық болып табылатын және мiндеттемелерiнің депозиттердiң немесе сол сияқтылардың (ауқымды ақшаның ұлттық анықтамасына кiретiн депозиттердiң жақын алмастырушылары) нысаны бар институционалдық бiрлiктер кіреді. Осы топқа банктер, оның ішінде исламдық қаржыландыруды жүзеге асыратын банктер жатады.

      "5" кодына түрлi делдалдық не қосалқы қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын немесе қызметi қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты болатын, бiрақ өздерi делдалдардың қызметiн атқармайтын осы сектордың қалған барлық институционалдық бiрлiктері жатады. Бұл топқа кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ипотекалық компаниялар, брокерлік және дилерлік компаниялар, арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар, инвестициялық қорлар, қаржылық лизингтік компаниялар, факторингтік компаниялар, сондай-ақ валюталық және қор биржалары, сақтандыру брокерлері, кепілдік беру қорлары және басқа да қаржы ұйымдары сияқты көптеген түрлі қаржы ұйымдары жатады.

      14. Қаржылық емес ұйымдар секторына негiзгi қызмет түрi басым түрде нарық тауарларының және қаржылық емес қызметтiң өндiрiсi болып табылатын институционалдық бiрлiктер кіреді. Осы секторға мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар ("6" коды) және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар ("7" коды) жатады.

      "6" кодына басым түрде нарықтық өндіріспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдарының бақылауындағы институционалдық бiрлiктер кіреді.

      Мемлекеттік басқару органдарының бақылауы:

      дауыс беретін акциялардың бақылау пакетін сатып алу немесе акционерлер дауыстарының жартысынан көбін бақылаудың нысандарын белгілеу арқылы;

      мемлекеттік басқару органдарына ұйымның саясатын айқындау немесе оның директорларын тағайындау құқығын беретін заңнаманы, жарлықты немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдау нәтижесінде жүзеге асырылады.

      Осы шағын топқа мемлекеттік басқару органдары бақылайтын және қаржыландыратын коммерциялық емес ұйымдар кірмейді, себебі олар мемлекеттік басқару органдары секторына жатады.

      "7" кодына басым түрде нарықтық өндіріспен және (немесе) қаржылық емес нарықтық қызметтермен айналысатын және мемлекеттік басқару органдары бақыламайтын институционалдық бірліктер кіреді.

      15. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы ("8" коды) тауарларды немесе қызметтерді өндіретін, бірақ осындай ұйымдарды бақылайтын институционалдық бірліктерге кіріс немесе өзге қаржылық игіліктерді әкелмейтін институционалдық бірліктерді қамтиды және оған мынадай:

      1) қауымдастықтары осы қауымдастықтардың мүшелерін тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету үшін тұлғалар құратын институционалдық бірліктер кіреді. Осындай қызметтер әдетте тегін көрсетіледі немесе жүйелі мүшелік жарналар есебінен қаржыландырылады. Оларға саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктер, қоғамдық, мәдени, ойын-сауық және спорт клубтары және басқалар жатады;

      2) қызметінің негізгі түрі қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын институционалдық бірліктер кіреді. Оларға қоғам мүшелерінің мүдделеріне қызмет көрсету үшін қайырымдылық мақсаттарда құрылатын қайырымдылық ұйымдары мен зардап шеккен немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөніндегі агенттіктер жатады. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін осы коммерциялық емес ұйымдар мұқтаж үй шаруашылықтарына нарықтық емес негізде тауарлар ұсынумен немесе қызмет көрсетумен айналысады. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін осындай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттік басқару органдарынан ақшалай немесе заттай нысанда келіп түсетін қайырмалдықтардың және бейрезиденттерден түсетін трансферттердің есебінен қалыптасады.

      16. Үй шаруашылықтары секторы ("9" коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкiн бiрiктiретiн (толық немесе iшiнара) және тауарлар мен қызметтердің белгiлi бір түрлерін (тұрғын үйді, тамақ өнiмдерiн және басқаларды) бiрлесiп тұтынатын жеке тұлғалардың шағын топтарынан (отбасылардан) құралған институционалдық бiрлiктерден тұрады. Бұл топқа, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатқызылады.

      17. Халықаралық ұйымдар мүше мемлекеттердің арасындағы саяси келісімнің негізінде құрылады. Осындай келісімнің халықаралық шарт мәртебесі болады. Халықаралық ұйымдарды құру мақсаты осы ұйымдар мүшелерінің ұжымдық тұтынуы үшін нарықтық емес қызметтер көрсету және (немесе) қаржылық делдалдықты жүзеге асыру не әртүрлі елдердің кредиторлары мен қарыз алушыларының арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық ұйымдарға белгілі артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Осындай ұйымдарға олар аумағында орналасқан елдің заңнамасы қолданылмайды. Осындай ұйымдар олар аумағында орналасқан елді немесе олардың қызметі таралатын елді қоса алғанда қандай да бір елдің резиденттері болып саналмайды.

      Қаржылық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдар экономиканың "Орталық (ұлттық) банктер" секторында есепке алынады. Барлық басқа халықаралық ұйымдар экономиканың "Орталық Үкімет" секторында есепке алынады.

      18. Холдинг компаниялар немесе бас офистер – еншілес кәсіпорындардың топтарын бақылайтын компаниялар, олардың негізгі қызметі осындай топтарға иелік етуді немесе олардың қызметін басқаруды білдіреді. Холдинг компаниялар немесе бас офистер жүзеге асыратын қызметіне байланысты қаржылық немесе қаржылық емес ұйымдарға жатқызылады.

      Бірліктердің холдинг компаниялар деп жиі аталатын екі түрі болады. Бірінші түрі – бас офис, ол еншілес кәсіпорындарды басқарушылық бақылаудың барлық аспектісін жүзеге асырады. Осы шағын топқа компаниялардың немесе кәсіпорындардың басқа бөлімшелерін қадағалау және оларды басқару, кәсіпорындардың олармен байланысты ағымдағы қызметін жедел бақылау және басқару кіреді. Еншілес ұйымдардың барлығы немесе көпшілігі қаржылық емес болып табылса, онда осы бас офис қаржылық емес корпорациялар секторына ("6" коды) жатқызылады, егер қаржылық болып табылса, онда тиісінше қаржылық корпорациялар секторына ("5" коды) жатқызылады.

      Екінші түрге еншілес корпорациялардың активтеріне иелік ететін, бірақ басқа компанияларға әкімшілік немесе өзге де басқаруды жүзеге асырмайтын холдинг компаниялар жатады. Олардың негізгі қызметі үлестік қатысуы бар кәсіпорындарға басқа қызметтер көрсетпей-ақ, осындай компаниялар тобына иелік ету болып табылады. Егер осы компанияларда қаржылық қызмет басым болса не олар бақылайтын корпорациялардың қарапайым көпшілігі қаржылық корпорациялар болып табылса, онда мұндай бірліктер қаржылық корпорациялар секторына ("5" коды) жатқызылады.

      19. Z символы бойынша төмендегі белгіленген кодқа сәйкес валюта түрі көрсетіледі:

      "1" коды – Қазақстан теңгесі, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (бұдан әрі – теңге);

      "2" коды – еркін айырбасталатын валюта (бұдан әрі – ЕАВ);

      "3" коды – басқа валюта түрлері (бұдан әрі – БВТ);

      ЕАВ тобына CLS халықаралық банкаралық жүйесінде есеп айырысуларға қабылданған және осы валютадағы төлемдер бойынша шектеулер болмайтын шетел валютасының түрлері жатады. Осы топқа мыналар кіреді:

      Австралия доллары (AUD)

      АҚШ доллары (USD)

      Біріккен Корольдіктің фунт стерлингтері (GBP)

      Венгрия форинті (HUF)

      Гонконг доллары (HKD)

      Дат кронасы (DKK)

      Еуро (EUR)

      Жаңа Зеландия доллары (NZD)

      Жаңа Израиль шекелі (ILS)

      Жапон йенасы (JPY)

      Канада доллары (CAD)

      Корей Республикасының вонасы (KRW)

      Қытай юані (CNY)

      Мексика песосы (MXN)

      Норвегия кронасы (NOK)

      Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)

      Сингапур доллары (SGD)

      Швед кронасы (SEK)

      Швейцария франкі (CHF);

      БВТ тобына теңгені және ЕАВ тобының валюталарын қоспағанда, барлық басқа да валюталар кіреді.

      20. X, Y және Z символдарындағы нөлмен белгілеу осы позиция бойынша нақтылаудың жоқтығын білдіреді.

      21. X және Y символдары бойынша активтерді нақтылау резиденттік және дебитор (эмитент) экономикасы секторы бойынша, сол позициялар бойынша міндеттемелерді нақтылау – резиденттік және кредитор экономикасы секторы бойынша жүргізіледі.

      22. Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшаларда мерзімдері бойынша активтер мен міндеттемелерді мынадай сыныптау қабылданды:

      1) қысқа мерзімді – қоса алғанда бір жылға дейін;

      2) ұзақ мерзімді – бір жылдан асатын.

3-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

      23. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және ипотекалық ұйымдар Ұлттық Банкке мәліметтерді Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде береді.

      24. Нұсқаулыққа 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша мәліметтерді күн сайынғы және ай сайынғы негізде:

      1) екінші деңгейдегі банктер:

      күн сайынғы мәліметтерді – есепті күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде берілетін айдың бастапқы есепті күндері үшін мәліметтерді қоспағанда);

      ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) Қазақстанның Даму Банкі ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3)ипотекалық ұйымдар ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      Мәліметтер болмаған жағдайда нысан нөлдік қалдықтарымен беріледі.

      25. Нұсқаулыққа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша мәліметтерді ай сайын айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша:

      1) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) ипотекалық ұйымдар есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      Мәліметтер болмаған жағдайда нысан берілмейді.

  Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстанның Даму Банкінің
және ипотекалық ұйымдардың
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне
қаржы секторына шолуды
қалыптастыруға арналған
мәліметтерді ұсынуы жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қаржы секторының шолуын қалыптастыруға арналған көрсеткіштер бойынша мәліметтер Есепті кезең: 20__ жылғы "___" "_________________"

      Индекс: 700-Н(Д)

      Мерзімділігі: күн сайын, ай сайын

      Ұсынатындар: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, ипотекалық ұйымдар

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімдері:

      1) екінші деңгейдегі банктер:

      күн сайынғы мәліметтерді – есепті күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бір мезгілде берілетін айдың бастапқы есепті күндері үшін мәліметтерді қоспағанда);

      ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) Қазақстанның Даму Банкі ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) ипотекалық ұйымдар ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі айдың 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Мәліметтер болмаған жағдайда нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Нысан

      ______________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің, Қазақстанның Даму Банкінің

      немесе ипотекалық ұйымның толық атауы)

      _______________жағдай бойынша

  (мың теңге)

Шот нөмірі

Нақтылау

Шоттың атауы (резиденттігі, экономика секторы, валюта түрі)

Сома

АААА

XYZ

1

000

Активтер

2

000

Міндеттемелер

3

000

Меншікті капитал

      Бірінші басшы немесе ол қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ____________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адам

      ____________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы _________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Телефон нөмірі: _______________________

      Қол қойылған күн 20___жылғы "___"__________

      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген

  Қаржы секторының шолуын
қалыптастыруға арналған
көрсеткіштер бойынша
мәліметтер нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Қаржы секторының шолуын қалыптастыруға арналған көрсеткіштер бойынша мәліметтер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қаржы секторының шолуын қалыптастыруға арналған көрсеткіштер бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер күн сайын және ай сайын, Қазақстанның Даму Банкі және ипотекалық ұйымдар ай сайын жасайды. Нысан есепті кезең соңындағы жағдай бойынша жасалады.

      4. Нысанда сома мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан көп сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді

      5. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанда мынадай баланстық тепе-теңдік сақталады:

      Активтер сомасы (1 000 жол) = Міндеттемелер сомасы (2 000 жол) + Меншікті капитал сомасы (3 000 жол).

      7. 1011, 1012, 1601, 1602, 1610, 1651-1699, 1854, 1857, 1873, 1874, 2854, 2857, 2861, 2872, 2873, 3001-3027, 3101, 3200, 3400, 3510, 3540, 3580, 3589, 3599 шоттары бойынша "000" нақтылау ретінде көрсетіледі.

      8. 1013, 1727, 2016, 2126, 2212, 2216, 2708, 2717 шоттары бойынша валюта коды бойынша "0" нақтылау көрсетіледі.

      9. 1811-1827, 1831-1845, 1871, 1880, 2041-2048, 2231, 2704, 2811-2820, 2831-2839, 2871, 2874, 2880, 3561-3564 шоттары бойынша экономика секторы бойынша "0" нақтылау көрсетіледі.

      10. 1007, 1009, 1603, 1604 шоттары бойынша 100 (резиденттер) нақтылау кодымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған ұлттық валютадағы коллекциялық монеталар және бағалы металдардан жасалған монеталар, 200 (резиденттер) нақтылау кодымен бағалы металдардан жасалған монеталар және резидент емес эмитенттердің коллекциялық монеталары көрінеді.

      11. 1405, 1406, 1425, 1752, 1864 шоттары бойынша вексел берушінің экономика секторы көрсетіледі.

      12. 1201, 1202, 1205, 1206, 1208, 1209, 1452, 1453, 1454, 1456, 1457, 1459, 1481, 1482, 1483, 1485, 1486, 1491, 1492, 1494, 1495, 1744, 1745, 1746, 1750, 1757 шоттары бойынша эмитенттің резиденттігі мен экономика секторы көрсетіледі.

      13. 2301, 2303, 2306, 2401, 2402, 2405, 2406 шоттары бойынша бағалы қағазды ұстаушының резиденттігі мен экономика секторын дұрыс анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда номиналды ұстаушының (сенім білдірілген меншік иесінің) резиденттігі мен экономика секторы көрсетіледі.

      14. Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға не "Қазпочта" акционерлік қоғамына екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық ұйымдардың салымдарын орналастыру бойынша операция орын алған болса, бұл операция тиісті экономика секторы көрсетіле отырып, 1250 "Басқа банктерге орналастырылған салымдар" топтарының шоттарында көрінеді.

  Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстанның Даму Банкінің
және ипотекалық ұйымдардың
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне
қаржы секторына шолуды
қалыптастыруға арналған
мәліметтерді ұсынуы жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Шетелдік компаниялардың филиалдары және өкілдіктерімен операциялар бойынша мәліметтер Есепті кезең: 20__ жылғы "___" "_________________" жағдай бойынша

      Индекс: 700(ДФ)

      Мерзімділігі: ай сайын

      Кім ұсынады: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, ипотекалық ұйымдар,

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімдері:

      1) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) ипотекалық ұйымдар есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Мәліметтер болмаған жағдайда нысан ұсынылмайды.

  Нысан

      ______________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің, Қазақстанның Даму Банкінің

      немесе ипотекалық ұйымның толық атауы)

      _______________ жағдай бойынша

  (мың.теңге)

Шот нөмірі

Шоттың атауы

Сома

1401

Клиенттерге берілген овердрафт қарыздары


1403

Клиенттердің кредит карточкалары бойынша шоттар


1405

Клиенттердің есепке алынған вексельдері


1406

Клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша бұрынғы вексель ұстаушылар есептеген сыйақы


1407

Клиенттерге факторинг


1409

Клиенттердің факторинг бойынша мерзімі өткен берешегі


1411

Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар


1417

Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар


1420

Клиенттерге берілетін қаржы лизингі


1421

Клиенттердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі


1422

Клиенттерге форфейтинг


1423

Клиенттердің форфейтинг бойынша мерзімі өткен берешегі


1424

Клиенттердің қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегі


1425

Клиенттердің наразылық білдірілген вексельдері


1426

Клиентке сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша қойылатын талаптар


1427

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек


1428

Клиенттерге берілген қарыздар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)


1429

Клиенттерге берілген басқа да қарыздар


1434

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша дисконт


1435

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйлықақы


1445

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер


1461

Бағалы қағаздармен кері репо операциялары


1462

Бағалы қағаздармен кері репо операциялары бойынша мерзімі өткен берешек


1552

Клиенттермен есеп айырысулар


1740

Клиенттерге берілген қарыздар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер


1741

Клиенттерге берілген қарыздар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы


1748

Бағалы қағаздармен кері репо операциялары бойынша есептелген кірістер


1749

Басқа да мерзімі өткен сыйақы


1752

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістер


1753

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістер


1755

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша есептелген кірістер


1756

Басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер


1772

Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек


1792

Алынған қарыздар мен салымдар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу


1799

Басқа да алдын ала төлемдер


1853

Акционерлермен есеп айырысулар (дивидендтер бойынша)


2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары


2210

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер


2211

Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары


2212

Клиенттердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары


2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары


2216

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары


2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары


2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары


2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым


2224

Клиенттердің талап етілгенге дейінгі салымдары бойынша мерзімі өткен берешек


2225

Клиенттермен жасалған басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек


2226

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек


2227

Алынған қаржы лизингі


2228

Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар


2230

Алынған қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек


2232

Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек


2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты


2238

Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы


2239

Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт


2240

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты


2245

Инвестициялық депозиттер


2255

Бағалы қағаздармен репо операциялары


2451

Мерзімсіз қаржы құралдары


2552

Клиенттермен есеп айырысулар


2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар


2717

Клиенттердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстары


2718

Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар


2719

Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар


2720

Клиенттердің талап етілгенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар


2721

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар


2723

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салымдар бойынша есептелген шығыстар


2725

Бағалы қағаздармен репо операциялары бойынша есептелген шығыстар


2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар


2741

Алынған қарыздар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы


2742

Талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы


2743

Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы


2745

Алынған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар


2746

Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы


2747

Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы


2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы


2749

Басқа да мерзімі өткен сыйақы


2755

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша есептелген шығыстар


2757

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстар


      Бірінші басшы немесе ол қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ____________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адам

      ____________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы _________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Телефон нөмірі: _______________________

      Қол қойылған күн 20___жылғы "___"__________

      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген

  Шетелдік компаниялардың
филиалдарымен және
өкілдіктерімен
операциялар бойынша
мәліметтер нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Шетелдік компаниялардың филиалдары және өкілдіктерімен операциялар бойынша мәліметтер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Шетелдік компаниялардың филиалдары және өкілдіктерімен операциялар бойынша мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және ипотекалық ұйымдар ай сайын жасайды. Нысан айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша жасалады.

      4. Нысандағы сома мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан көп сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      5. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілеттілік берілген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша Түсіндірме

      6. Нысанда Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және бейрезиденттерге жататын шетелдік компаниялардың филиалдары және өкілдіктерімен жасалған операциялар бойынша ғана мәліметтер ұсынылады.

      Мәліметтер мынадай экономика секторлары бойынша нақтылаумен ұсынылады:

      1) басқа қаржы ұйымдары – "5" коды;

      2) мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – "6" коды;

      3) мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – "7" коды;

      4) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – "8" коды.

      Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялар филиалдарының және өкілдіктерінің экономика секторлары олардың бас компанияларының экономика секторларына сәйкес келеді.

  Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстанның Даму Банкінің
және ипотекалық ұйымдардың
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне
қаржы секторына шолуды
қалыптастыруға арналған
мәліметтерді ұсынуы жөніндегі
нұсқаулыққа
3-қосымша

Нақтылау

Нақтылауды ашып жазу
(резиденттілігі, экономика секторы, валюта түрі)

XYZ

000


100

(резидент)

101

(резидент, теңге)

102

(резидент, ЕАВ)

103

(резидент, БВТ)

110

(резидент, Қазақстан Республикасының Үкіметі )

111

(резидент, Қазақстан Республикасының Үкіметі , теңге)

112

(резидент, Қазақстан Республикасының Үкіметі , ЕАВ)

113

(резидент, Қазақстан Республикасының Үкіметі , БВТ)

120

(резидент, өңірлік және жергілікті басқару органдары)

121

(резидент, өңірлік және жергілікті басқару органдары, теңге)

122

(резидент, өңірлік және жергілікті басқару органдары, ЕАВ)

123

(резидент, өңірлік және жергілікті басқару органдары, БВТ)

130

(резидент, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі)

131

(резидент, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, теңге)

132

(резидент, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ЕАВ)

133

(резидент, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, БВТ)

140

(резидент, екінші деңгейдегі банктер)

141

(резидент, екінші деңгейдегі банктер, теңге)

142

(резидент, екінші деңгейдегі банктер, ЕАВ)

143

(резидент, екінші деңгейдегі банктер, БВТ)

150

(резидент, қаржы ұйымдары)

151

(резидент, қаржы ұйымдары, теңге)

152

(резидент, қаржы ұйымдары, ЕАВ)

153

(резидент, қаржы ұйымдары, БВТ)

160

(резидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар)

161

(резидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, теңге)

162

(резидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, ЕАВ)

163

(резидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, БВТ)

170

(резидент, мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар)

171

(резидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, теңге)

172

(резидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, ЕАВ)

173

(резидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, БВТ)

180

(резидент, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар)

181

(резидент, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар, теңге)

182

(резидент, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар, ЕАВ)

183

(резидент, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар, БВТ)

190

(резидент, үй шаруашылықтары)

191

(резидент, үй шаруашылықтары, теңге)

192

(резидент, үй шаруашылықтары, ЕАВ)

193

(резидент, үй шаруашылықтары, БВТ)

200

(бейрезидент)

201

(бейрезидент, теңге)

202

(бейрезидент, ЕАВ)

203

(бейрезидент, БВТ)

210

(бейрезидент, Шет мемлекеттің Орталық Үкіметі)

211

(бейрезидент, Шет мемлекеттің Орталық Үкіметі, теңге)

212

(бейрезидент, Шет мемлекеттің Орталық Үкіметі, ЕАВ)

213

(бейрезидент, шет мемлекеттің Орталық Үкіметі, БВТ)

220

(бейрезидент, өңірлік және жергілікті басқару органдары )

221

(бейрезидент, өңірлік және жергілікті басқару органдары, теңге)

222

(бейрезидент, өңірлік және жергілікті басқару органдары, ЕАВ)

223

(бейрезидент, өңірлік және жергілікті басқару органдары, БВТ)

230

(бейрезидент, шетелдік Орталық банктер )

231

(бейрезидент, шетелдік Орталық банктер , теңге)

232

(бейрезидент, шетелдік Орталық банктер , ЕАВ)

233

(бейрезидент, шетелдік Орталық банктер , БВТ)

240

(бейрезидент, шетелдік банктер )

241

(бейрезидент, шетелдік банктер, теңге)

242

(бейрезидент, шетелдік банктер, ЕАВ)

243

(бейрезидент, шетелдік банктер, БВТ)

250

(бейрезидент, қаржы ұйымдары)

251

(бейрезидент, қаржы ұйымдары, теңге)

252

(бейрезидент, қаржы ұйымдары, ЕАВ)

253

(бейрезидент, қаржы ұйымдары, БВТ)

260

(бейрезидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар)

261

(бейрезидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, теңге)

262

(бейрезидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, ЕАВ)

263

(бейрезидент, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, БВТ)

270

(бейрезидент, мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар)

271

(бейрезидент, мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар, теңге)

272

(бейрезидент, мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар, ЕАВ)

273

(бейрезидент, мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар, БВТ)

280

(бейрезидент, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар)

281

(бейрезидент, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар, теңге)

282

(бейрезидент, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар, ЕАВ)

283

(бейрезидент, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар, БВТ)

290

(бейрезидент, үй шаруашылықтары)

291

(бейрезидент, үй шаруашылықтары, теңге)

292

(бейрезидент, үй шаруашылықтары, ЕАВ)

293

(бейрезидент, үй шаруашылықтары, БВТ)