Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнiнiң сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң түрлерін белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 маусымда № 17005 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін:

      1) мынадай пруденциялық нормативтер белгіленсін:

      меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күн сайын кемінде 1 болады;

      өтімділік коэффициентінің мәні күн сайын:

      2018 жылғы 1 шілдеден бастап – кемінде 1,2;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде 1,3;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде 1,4;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде 1,5 болады;

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу мақсатында брокерлер және (немесе) дилерлер үшін:

      жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері – кемінде 10 000 000 000 (он миллиард) теңге;

      меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері – кемінде 10 000 000 000 (он миллиард) теңге;

      2) пруденциялық нормативтердің сақталуын сипаттайтын мынадай көрсеткіштер:

      өтімді активтер;

      баланс бойынша міндеттемелер;

      меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің есебіне қабылданатын меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

      жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары бекітілсін.

      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      7. Осы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      ____________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 22 мамыр

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 80 қаулысымен бекітілді

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиісті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиісті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі – ЕЖЗҚ), ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – ИПБ1), ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – ИПБ2) қоса алғанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – брокер және (немесе) дилер) сақтауға тиісті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган), екінші деңгейдегі банктерге, Ұлттық почта операторына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, уәкілетті органмен жасалған активтерді инвестициялық басқару шартына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушыларға қолданылмайды.

      3. Брокердің және (немесе) дилердің, ЕЖЗҚ-нің, ИПБ1-дің, ИПБ2-нің үлестес тұлғалары бөлігінде Қағидаларда көзделген нормалар заңды тұлғаларға және олардың "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде брокермен және (немесе) дилермен, ЕЖЗҚ-мен, ИПБ1-мен, ИПБ2-мен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.

      4. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін есептеу мақсаты үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері қолданылады.

2-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу тәртібі

      5. Брокер және (немесе) дилер меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

      К = (ӨА-М)/МКТМ, мұндағы:

      ӨА – Қағидалардың 9-тармағына сәйкес өтімді болып танылатын, есептеу күніндегі қолда бар брокердің және (немесе) дилердің көрсетілген өтімді активтері;

      М – есептеу күніндегі қолда бар баланс бойынша міндеттемелер;

      МКТМ – меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері:

      номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК болатын МКТМ;

      клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокердің және (немесе) дилердің 53 000 (елу үш мың) АЕК болатын МКТМ.

      6. Брокердің және (немесе) дилердің өтімділік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

      Өк = ӨА/М, мұндағы:

      ӨА – Қағидалардың 9-тармағына сәйкес өтімді болып танылатын, есептеу күніндегі қолда бар брокердің және (немесе) дилердің көрсетілген өтімді активтері;

      М – есептеу күніндегі қолда бар баланс бойынша міндеттемелер.

      7. Уәкілетті орган Standard & Poor's агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен бекітілген Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын да таниды.

      8. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:

      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

      Африка даму банкі (the African Development Bank);

      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

      Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры;

      Халықаралық даму қауымдастығы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation).

      8-1. Қағидалардың мақсаты үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есеп айырысу көрсеткіштері (индекстері) түсініледі:

      САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);

      DAX (Deutscher Aktienindex);

      DJIA (Dow Jones Industrial Average);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index);

      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);

      HSI (Hang Seng Index);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index);

      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index);

      MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index);

      NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index);

      RTSI (Russian Trade System Index);

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);

      TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index).

      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, тиісті көлемде бағала қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебінде көрсетілген активтер брокердің және (немесе) дилердің өтімді активтері ретінде танылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қағидалардың 9-тармағында көзделген өтімді активтер есебіне мыналар енгізілмейді:

      1) брокердің және (немесе) дилердің меншік құқығы шектелген брокердің және (немесе) дилердің міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтер (репо операцияларын қоспағанда);

      Кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, тиісті көлемде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебінде көрсетілген көлемде брокердің және (немесе) дилердің өтімді активтер есебіне енгізіледі;

      2) параметрлері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізімі) кіретін акцияларды қоспағанда, брокерге және (немесе) дилерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің тікелей алдындағы әрбір демалыс күндерінің соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi брокердің және (немесе) дилердің пруденциялық нормативтері мәндерінің есебiн жүргiзедi.

3-тарау. ЕЖЗҚ пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу тәртібі

      12. ЕЖЗҚ-ның меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      К = (ӨА - М) / МКТМ, мұндағы:

      ӨА – Қағидалардың 15 және 17-тармақтарында көрсетілген, есептеу күніндегі қолда бар ЕЖЗҚ-ның өтімді және басқа да активтері;

      М – есептеу күніндегі қолда бар баланс бойынша міндеттемелер;

      МКТМ – меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын, Қағидалардың 14-тармағына сәйкес есептелген ЕЖЗҚ-ның меншікті капиталының ең төменгі мөлшері.

      13. ЕЖЗҚ-ның өтімділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      Өк = ӨА/М, мұндағы:

      ӨА – Қағидалардың 15 және 17-тармақтарында көрсетілген, есептеу күніндегі қолда бар ЕЖЗҚ-ның өтімді және басқа да активтері;

      М – есептеу күніндегі қолда бар баланс бойынша міндеттемелер;

      14. Егер:

      инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ 107 000 (жүз жеті мың) АЕК болады;

      инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден астам болса, онда МКТМ 107 000 (жүз жеті мың) АЕК + (БҚА - 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге)*0,0001 болады, мұндағы БҚА инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері болып табылады.

      15. Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, тиісті көлемдегі бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебінде көрсетілген ЕЖЗҚ-ның меншікті активтері ЕЖЗҚ-ның өтімді активтері ретінде танылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Қағидалардың 15-тармағында көзделген өтімді активтердің есебіне мыналар енгізілмейді:

      1) ЕЖЗҚ-ның мінеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) ЕЖЗҚ-ның меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда).

      Кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебінде көрсетілген көлемде ЕЖЗҚ-ның өтімді активтерінің есебіне енгізіледі;

      2) ЕЖЗҚ-ға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар;

      3) ЕЖЗҚ-ның ірі акционерлеріне тиесілі ЕЖЗҚ-ның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушылары және осы сенімгерлікпен басқарушылардың үлестес тұлғалары шығарған бағалы қағаздар;

      4) ЕЖЗҚ-ға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар және ағымдағы шоттар.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. ЕЖЗҚ Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің тікелей алдындағы әрбір демалыс күндерінің соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi ЕЖЗҚ-ның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебiн жүргiзедi.

      19. ЕЖЗҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8794 тіркелген Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесінің, олардың нормативтік мәндерінің және есептеу әдістемесінің, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерінің 3-тарауына сәйкес инвестициялау лимиттерін сақтайды.

      20. ЕЖЗҚ-ның меншікті активтерінің есебінен мәмілелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8815 тіркелген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларының 2-тарауында белгіленген тәртіпте жасалады.

4-тарау. ИПБ1 немесе ИПБ2 пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу тәртібі

      21. ИПБ1 немесе ИПБ2 меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      К = (ӨА - М) /МКТМ, мұндағы:

      ӨА – Қағидалардың 24-тармағына сәйкес өтімді болып танылатын, есептеу күніндегі қолда бар ИПБ1 немесе ИПБ2-нің өтімді активтері;

      М – есептеу күніндегі қолда бар баланс бойынша міндеттемелер;

      МКТМ – меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын, Қағидалардың 23-тармағына сәйкес есептелген ИПБ1 немесе ИПБ2-нің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері.

      22. ИПБ1 немесе ИПБ2-нің өтімділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      Өк = ӨА/М, мұндағы:

      ӨА – Қағидалардың 24-тармағына сәйкес өтімді болып танылатын, есептеу күніндегі қолда бар ИПБ1 немесе ИПБ2-нің өтімді активтері;

      М – есептеу күніндегі қолда бар баланс бойынша міндеттемелер.

      23. Егер:

      ИПБ1 басқаруға қабылдаған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ 107 000 (жүз жеті мың) АЕК болады;

      ИПБ1 басқаруға қабылдаған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден артық болса, онда МКТМ 107 000 (жүз жеті мың)

      АЕК + (БҚА – 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге)* 0,0001-ге тең болады, мұндағы БҚА инвестициялық басқаруға қабылданған активтер болып табылады;

      ИПБ2 басқаруға қабылдаған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ 85 000 (сексен бес мың) АЕК-ге тең болады;

      ИПБ2 басқаруға қабылдаған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден артық болса, онда МКТМ 85 000 (сексен бес мың)

      АЕК + (БҚА – 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге)* 0,0001-ге тең болады, мұндағы БҚА инвестициялық басқаруға қабылданған активтер болып табылады.

      24. Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, тиісті көлемдегі бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебінде көрсетілген активтер ИПБ1 немесе ИПБ2-ның өтімді активтері ретінде танылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген ИПБ1 немесе ИПБ2 өтімді активтердің есебіне мыналар енгізілмейді:

      1) ИПБ1 немесе ИПБ2-ның міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) ИПБ1 немесе ИПБ2 меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда);

      Репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебінде көрсетілген көлемде ИПБ1 немесе ИПБ2 өтімді активтерінің есебіне енгізіледі;

      2) параметрлері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, ИПБ1 немесе ИПБ2-ге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар (қор биржасының өкілдік тізімі).

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. ИПБ1 немесе ИПБ2 Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің тікелей алдындағы әрбір демалыс күндерінің соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi ИПБ1 немесе ИПБ2 пруденциялық нормативтері мәндерінің есебiн жүргiзедi.

5-тарау. Пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеуді ұсыну тәртібі

      27. Брокер және (немесе) дилер, ЕЖЗҚ, ИПБ1 немесе ИПБ2 Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебін ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Уәкілетті органның талабы бойынша брокер және (немесе) дилер, ЕЖЗҚ, ИПБ1 немесе ИПБ2 сұрату алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті уәкілетті органға ұсынады.

      29. Қағидалардың 27-тармағында көзделген пруденциялық нормативтер мәндерінің есебі ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

      30. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін брокердің және (немесе) дилердің, ЕЖЗҚ-ның, ИПБ1 немесе ИПБ2-нің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

      31. Уәкілетті органға ұсынылған Қағидалардың 27-тармағында көзделген пруденциялық нормативтер мәндерінің есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда брокер және (немесе) дилер, ЕЖЗҚ, ИПБ1 немесе ИПБ2 уәкілетті органға Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша пысықталған пруденциялық нормативтер мәндерінің есебін және тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептері көрсетілген жазбаша түсініктемені ұсынады.

      32. Пруденциялық нормативтерді бұзған жағдайда, брокер және (немесе) дилер, ЕЖЗҚ, ИПБ1 немесе ИПБ2 бұзушылық болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті пруденциялық нормативтің бұзылуын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, бұзылу фактісі мен себептері туралы хабарлайды.

  Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдар сақтауға
тиісті пруденциялық
нормативтердің мәндерін
есептеу қағидаларына
қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі"

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы "__"________ жағдай бойынша

      Индекс: К1 - BD

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынады: бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей

      (мың теңгемен)

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сома

Есепке алынатын көлем (пайызбен)

Есептеу сомасы

1

2

3

4

5

1

Ақша және салымдар - барлығы (1.1 -1.13-жолдар қосындысы), оның ішінде:

х

х


1.1

Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада кассадағы ақша


100


1.2

осы Қосымшаның 1.9 және 1.10-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.3

осы Қосымшаның 1.11-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


90


1.4

орталық депозитарийдегі шоттардағы ақша


100


1.5

клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарна, маржа салымдары, ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын Ұйымның ақшасы


100


1.6

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша


100


1.7

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша


100


1.8

Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша (International Securities Services Association)


100


1.9

Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитенттер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болатын эмитенттер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


100


1.10

Мына талаптардың біреуіне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктері, олардың бас банктері шетел валютасында Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылады.


100


1.11

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-ден "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


90


1.12

Standard & Poor's агенттігінің "АА-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар


100


1.13

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар


100


2

Борыштық бағалы қағаздар – барлығы (2.1 -2.15-жолдар қосындысы), оның ішінде

х

х


2.1

Басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары


100


2.2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар


100


2.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына кіретін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе шетел валютасында номинирленген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


90


2.6

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


60


2.7

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары


100


2.8

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85


2.9

Standard & Poor's агенттігінің "АА-" төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген бағалы қағаздар


100


2.10

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары


100


2.11

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары


90


2.12

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары


80


2.13

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


2.14

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85


2.15

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70


3

Акциялар және депозитарлық қолхаттар – барлығы (3.1 - 3.7-жолдар қосындысы), оның ішінде:

х

х


3.1

негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.2

қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.3

қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары, немесе шетел валютасында номинирленген, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары, және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80


3.4

қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "акциялар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары, және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60


3.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.6

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80


3.7

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60


4

Өзге бағалы қағаздар – барлығы (4.1 – 4.3-жолдар қосындысы), оның ішінде:

х

х


4.1

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары


70


4.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлар бойынша баға белгілеулері негізгі қор индексіне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) пайлары


90


4.3

Morningstar рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыз" төмен емес рейтингтік бағасы бар, Exchange Traded Funds (ETF), Exchange Traded Commodities (ETC), Exchange Traded Notes (ETN) пайлары


80


5

Өзге активтер – барлығы (5.1 - 5.4-жолдар қосындысы), оның ішінде:

х

х


5.1

Тазартылған бағалы металдар және металл депозиттер


100


5.2

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақы бойынша (шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген) дебиторлық берешек (Ұйымның үлестес тұлғаларының дебиторлық берешегін қоспағанда) - Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада


100


5.3

Бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде қарастырылған бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің шарттары бойынша мерзімі өтпеген)


100


5.4

Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі Ұйымның негізгі құрал-жабдықтары


100


6

Өтімді активтердің (ӨА) жиынтығы (1-5-жолдардың қосындысы)

х

х


7

Баланс бойынша міндеттемелер

х

х


8

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері (МКТМ)

х

х


9

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті
(К)

х

х


10

Өтімділік коэффициенті (Кл)

х

х



Атауы
_____________________________
_____________________________

Мекенжайы
_____________________________
_____________________________

      Телефоны _____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы ______________________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

      Бас бухгалтер (не орның орнындағы адам)

      ______________________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

      Бірінші басшы (не орның орнындағы адам)

      ______________________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

  "Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымның
пруденциялық нормативтері
мәндерінің есебі" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

"Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс – К1 - BD, кезеңділігі – ай сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым Нысанды ай сайын есепті кезеңнің соңында толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың орнындағы адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Егер қаржы құралы Нысанда белгіленген екі немесе одан да көп өлшемшарттарға сәйкес келсе, қаржы құралының санатын Ұйым дербес анықтайды.

      6. 5.4-жолда көрсетілген Ұйымның жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтар пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде баланстық құны мен нарықтық құнының ең аз мөлшерінің 100 (жүз) пайызы көлемінде ескеріледі.

      Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін негізгі құрал-жабдықтардың нарықтық құнын анықтау үшін Ұйым олардың құнын жылына кемінде бір рет бағалаушы арқылы бағалайды.

      7. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер толтырылады.

      8. 5-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңында есептеуге арналған, 3 және 4-бағандарда көрсетілген деректердің көбейтіндісі ретінде есептелген сома көрсетіледі.

      9. 9-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер айырмасының меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәні көрсетіледі.

      10. 10-жолда өтімді активтердің баланс бойынша міндеттемелерге қатынасы ретінде есептелген өтімділік коэффициентінің мәні көрсетіледі.

  Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдар сақтауға
тиісті пруденциялық
нормативтердің мәндерін есеп
айырысу қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдар сақтауға
тиісті пруденциялық
нормативтердің мәндерін есеп
айырысу қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысан

Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушының, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебі

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 80 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9736 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 қазанда "Заң газеті" газетінде № 148 (2542) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 18-тармағы.

      3. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойлатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 2-қосымшасына сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 13-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 5 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16498 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда 2018 года Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.