Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16902 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      Д. Абаев

      2018 жылғы 26 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі

      Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 3 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 25 сәуірдегі
№ 140 бұйрығымен
бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2023 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 146-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру:

      1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде;

      2) кен орнын сынамалап пайдалану кезінде;

      3) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде жүзеге асырылады.

      3. Шикі газды факелде жағуға рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      4. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) (бұдан әрі – өтініш беруші) жобалау құжаттарын және Кодекстің 146-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) бойынша айқындалатын нормативтер мен көлемдер шегінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын сақтаған жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша шикі газды факелде жағуға жол беріледі.

2-тарау. Шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру тәртібі

1-параграф. Ұңғымалар объектілерін сынау кезінде шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру

      5. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде өтініш беруші бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын жүргізу үшін базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға сәйкес, өтініш беруші бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.

      Ұңғыма объектілерін сынау кезінде Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжатына сәйкес, өтініш беруші бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.

      6. Өтініш беруші ұңғыма объектілерін сынау кезінде рұқсатты алу үшін "Электрондық үкіметтің" веб-порталына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшадағы нысанға сәйкес шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш (бұдан әрі - өтініш);

      2) өтініш беруші бекіткен ұңғыманың объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;

      3) осыған дейін алынған рұқсат аясында ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, өтініш беруші олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркейді.

      7. Ұңғыманың объектілерін сынау жоспарын өтініш беруші:

      барлау кезеңінде – барлау кезеңінен, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жобалау құжатының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге;

      өндіру кезеңінде – өндіру кезеңінен, сондай-ақ Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жобалау құжатының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге жасайды.

2-параграф. Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру

      8. Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсатты алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш ұсынылады.

      Өтініш беруші сынамалап пайдалану кезінде барлау кезеңінен, сондай-ақ сынамалап пайдалану жобасының және шикі газды қайта өңдеу бағдарламасының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге рұқсат сұратады.

      Өтініш беруші шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде өндіру кезеңі мерзімінен, сондай-ақ Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған базалық жобалау құжаты, әзірлеуді талдау немесе жобалау құжаты және шикі газды қайта өңдеу бағдарламасының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге рұқсат сұратады.

      9. Егер кен орнын сынамалап пайдалану кезінде, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат алу үшін өтініш берілсе, өтініш берілген күннен бастап осындай кезеңнің өткен күндерін шегеріп тастағанда және жағылатын шикі газ көлемін тиісті қайта есептеумен уәкілетті органның рұқсат беру мерзімін шегеріп тастағандағы уәкілетті органмен бекітілген шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес кезең жағудың сұратылып отырған кезеңі болып көрсетіледі.

      10. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде шикі газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат беріледі.

      11. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат осы Қағидалардың 9-тармағын ескере отырып, шикі газды қайта өңдеу бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі.

      12. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат уәкілетті органмен бекітілуге жататын әдістеме бойынша, шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделген есептелген нормативтер мен көлемдер шегінде беріледі.

3-Параграф. Уәкілетті органның шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беруге өтініштерін қарауы

      Ескерту. 3-параграф жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Рұқсатты беруді (беруден бас тартуды) уәкілетті орган осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      14. Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көзделген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      15. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алты жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған мәліметтер дұрыс болған және олар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде рұқсатты дайындайды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес мынадай негіздер бойынша рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді:

      1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатыны туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын бойынша білдіру мүмкіндігі үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шикі газды жағуға рұқсат беруден уәжді бас тартуды ұсыну арқылы рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      17. Уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.

      Өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін өтініш берушіге оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК-ның 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Ескерту. Қағида 18-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
нысан

Шикі газды факелде жағуға РҰҚСАТ

      Нөмірі: Берілген орны:

      Берілген күні: ____________________________________________________________

      берілді (жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың, сенімгерлік басқарушының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (кен орны (құрылым), ұңғыма нөмірі)

      ____________________________________________________________көлемінде,

      (жағуға рұқсат етілген шикі газдың көлемі)

      _________________________________________________________________

      (шикі газды жағу түрі)

      _________________________________________________________________

      (дайындық және аяқтау жұмыстарын ескере отырып, рұқсаттың қолданылу мерзімі)

      Ескертпе: Басшы (уәкілетті адам): тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Электрондық-цифрлық қолтаңба

  Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
нысан

Шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (қайда) _____________________________________________________________

      (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның толық атауы) (кімнен)

      ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)

      ______________________________________________________________________

      (кен орны (құрылым); ұңғыма нөмірі*)

      ______________________________________________________________________

      (мәлімделген жылға жағу мерзімін көрсете отырып, жағылатын шикі газдың көлемі (млн. м3)

      ______________________________________________________________________

      (жүргізілетін жұмыстардың жоспарлы мерзімі)

      ______________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін жобалау құжатының атауы, бекіту күні және қолдану мерзімі)

      ______________________________________________________________________

      (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін әдістемеге сәйкес шикі газды факелде жағу нормативтері мен көлемдерінің есептемесі)

      Ұңғыма туралы деректер:*

Объектінің атауы және нөмірі

Көлемі, млн. м3

Аралығы

Объектілер бойынша факелде шикі газдың жағылу күндері

1

2

3

4









      * ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде шикі газды жағуға рұқсат алу үшін

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. ______________________________________

      2. ______________________________________

      ...

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті адам (лауазымы)

      ________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Электрондық-цифрлық қолтаңба 20 __ ж." ____ " _________

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

8 жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасынының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Порталға:
1) Шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беруші бекіткен ұңғыманың объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;
3) осыған дейін алынған рұқсат аясында ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, өтініш беруші олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркейді.
Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде өтініш ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында белгіленген рұқсат беру үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде порталда орналастырылған;
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста көрсетілген www.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777.

  Шикі газды факелде
жағуға рұқсат
беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[УО атауы (мемлекеттік тілде)]
[УО реквизиттері мемлекеттік тілде]



 

[УО атауы (орыс тілінде)]
[УО реквизиттері орыс тілінде]

Өтінішті одан әрі қараудан/ рұқсат беруден дәлелді бас тарту

Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]

Жер қойнауын пайдаланушының атауы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың, сенімгерлік басқарушының атауы)

[УО атауы], Сіздің [өтініш берген күн] № [өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, хабарлайды____________________________________.
[Бас тарту себебі].


 

Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы

[тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]

 


 

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________ берілді

      (өтініш берушінің толық атауы)

      Осы хабарламамен __________________________________________МО

      (уәкілетті органның толық атауы)

      Сіздің [өтінім күні] жылғы №[Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап,

      көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган "Шикі газды факелде жағуға рұқсат

      беру" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша алдын ала шешімге

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      ұстанымын _________________________________________________________

      (тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)

      білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Уәкілетті орган басшысы ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ), лауазымы)

  Хабарлама жолданған күні
және уақыты:
20__ жылғы "___" ________
"__" сағат "__" мин
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 25 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10023 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 128 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10784 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 639 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13100 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 14 мамырдағы № 204 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13862 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).