Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16902 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.04.2026 № 152-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      Д. Абаев

      2018 жылғы 26 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі

      Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 3 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 25 сәуірдегі
№ 140 бұйрығымен
бекітілген

Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2023 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.04.2026 № 152-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      3) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, "цифрлық үкіметтің" құрауышы болып табылатын цифрлық жүйе;

      4) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объектілер;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 14.04.2026 № 152-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру:

      1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде;

      2) кен орнын сынамалап пайдалану кезінде;

      3) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде жүзеге асырылады.

      4. "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі ) осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

2-тарау. Шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру тәртібі

1-параграф. Ұңғымалар объектілерін сынау кезінде шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру

      5. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде шикі газды жағуға жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) (бұдан әрі – арыз беруші) бекіткен және Кодекс көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын жүргізу үшін базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға сәйкес, арыз беруші бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.

      Ұңғыма объектілерін сынау кезінде Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатына сәйкес, арыз беруші бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.

      6. Өтініш беруші ұңғыма объектілеріне сынақ жүргізу кезінде рұқсат алу үшін Портал арқылы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.

      7. Ұңғыма объектілерін, оның ішінде нақты немесе жобалық ұңғымаларды бұрғылау бойынша сынау жоспарын арыз беруші:

      барлау кезеңінде – барлау кезеңінен, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жобалау құжатының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге;

      өндіру кезеңінде – өндіру кезеңінен, сондай-ақ Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жобалау құжатының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге жасайды.

2-параграф. Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру

      8. Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсатты алу үшін Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар ұсынылады.

      9. Арыз беруші сынамалап пайдалану кезінде барлау кезеңінен, сондай-ақ сынамалап пайдалану жобасының және шикі газды қайта өңдеу бағдарламасының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге рұқсат сұратады.

      Арыз беруші шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде өндіру кезеңі мерзімінен, сондай-ақ базалық жобалау құжатының, әзірлеуді талдаудың немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатының және шикі газды қайта өңдеу бағдарламасының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге рұқсат сұратады.

      10. Егер кен орнын сынамалап пайдалану кезінде, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат алу үшін өтініш берілсе, өтініш берілген күннен бастап осындай кезеңнің өткен күндерін шегеріп тастағанда және жағылатын шикі газ көлемін тиісті қайта есептеумен уәкілетті органның рұқсат беру мерзімін шегеріп тастағандағы Кодекстің 147-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес кезең жағудың сұратылып отырған кезеңі болып көрсетіледі.

3-тарау. Уәкілетті органның шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беруге өтініштерін қарауы

      11. Өтініш келіп түскен күні көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайтын жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына береді.

      Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.

      Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" көрсетілетін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе Портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Уәкілетті орган жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) егер өтініш берушінің тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;

      2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) мемлекеттік органдарда сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;

      4) өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:

      1) осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;

      2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен шешілгенге дейін;

      3) осы тармақтың төртінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ұңғыма объектілерін сынау кезінде 6 (алты) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жойылғанға дейін тоқтатылады.

      Бұл ретте осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;

      2) өтініш беруші заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайларда тоқтата тұрады.

      Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын өтініш беруші ұсынбаған жағдайларда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.

      Құжаттарды қайтадан ұсынуды өтініш беруші көмірсутектер саласындағы уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін ұңғыма объектілерін сынау кезінде 6 (алты) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал кен орнын сынамалап пайдалану және шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, өтініш беруші алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган анықталған кемшіліктер осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.08.2026 № 328-н/қ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Өтініш беруші ұңғыма объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде рұқсат алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды 6 (алты) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген кен орнын сынамалы пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің дұрыстығы және олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі кезінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша шикі газды факелде жағуға рұқсат беруді (бұдан әрі – рұқсат беру), осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.08.2026 № 328-н/қ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде тыңдау өткізілмейді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.08.2026 № 328-н/қ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.04.2026 № 152-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.04.2026 № 152-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекет жасауына (әрекетсіздік танытуына) шағымдану үшін шағым уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекет жасағаны (әрекетсіздік танытқаны) туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.

      Өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген арыз иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.08.2026 № 328-н/қ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, арыз беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша

"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.04.2026 № 152-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.08.2026 № 328-н/қ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде;
2) кен орнын сынамалап пайдалану кезінде;
3) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы


Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.


2.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense. kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету мерзімі

1) ұңғымалар объектілерін сынау кезінде факелде шикі газды жағуға рұқсат беру кезінде – 8 (сегіз) жұмыс күні;
2) кен орнын сынамалы пайдалану кезінде факелде шикі газды жағуға рұқсат беру – 2 (екі) жұмыс күні;
3) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде факелде шикі газды жағуға рұқсат беру – 2 (екі) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
Электрондық (жартылай цифрланған).
Факелде шикі газды жағуға рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту нысанында.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету нәтижесі

Барлық кіші түрлері бойынша:
Факелде шикі газды жағуға рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту нысанында.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Қызмет берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде арыздарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Порталға: ұңғымалар объектілерін сынау кезінде:
1) "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) көрсетілетін қызметті алушы бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;
3) бұрын алынған рұқсат шеңберінде ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы оларды жүргізбеу себептерін түсіндіретін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін тіркейді; кен орнын сынамалы пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес өтініш беріледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16902 болып тіркелген) бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында белгіленген рұқсат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметі алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
6) мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде; Порталда орналастырылған;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар;
4) Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
қосымша
Нысан

Шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш

      Кімге:__________________________________________________________

      (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның толық атауы)

      Кімнен:__________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі,

      заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі, байланыс деректері (телефон нөмері, электрондық пошта мекенжайы))

      ___________________________________________________________________

      (кен орны (құрылым); ұңғыма нөмірі*)

      __________________________________________________________________

      (мәлімделген жылға шикі газды жағу көлемі (млн. м3), жағу кезеңін көрсете отырып

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу арналған жобалау

      құжатының атауы, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі)

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Энергетика минситрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №164

      бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16961

      болып тіркелген) бекітілген "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды

      жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне"

      сәйкес көмірсутектер шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерінің есебі.

      Ұңғыма туралы деректер:*

Объектінің атауы және нөмірі

Көлемі, миллион м3

Аралығы

Объектілер бойынша факелде шикі газдың жағылу күндері

1

2

3

4









      * ұңғымаларды сынау объектілерінде шикі газды жағуға рұқсат алу үшін

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1._________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      Осы арқылы өтініш берушінің рұқсат беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған,

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді

      пайдалануға келісетіні расталады.

      Басшысы

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Электрондық цифрлық қолтаңба 20 __ жылғы "____" _______________________

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.08.2026 № 328-н/қ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО деректемелері мемлекеттік тілде




[МО атауы (орыс тілінде)]
МО деректемелері орыс тілінде


Рұқсат беруден уәжді бас тарту


Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]

Жер қойнауын пайдаланушының атауы
(жер қойнауын пайдалануға арналған
келісімшарт бойынша оператордың,
сенімгерлік басқарушының атауы)


[МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарап,
______________________________________ хабарлайды.
[Бас тарту себебі].


[Көмірсутектер саласындағы уәкілетті
органның жауапты құрылымдық
бөлімшесінің басшысы]

[тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)]



  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[УО атауы (мемлекеттік тілде)]
[УО реквизиттері мемлекеттік тілде]



 

УО атауы (орыс тілінде)]
[УО реквизиттері орыс тілінде]

Шикі газды факелде жағуға
РҰҚСАТ

Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]

Жер қойнауын пайдаланушының атауы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың, сенімгерлік басқарушының атауы)

 
Берілді: ________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланушының атауы (оператор келісімшарт
бойынша сенімгерлікпен басқарушының жер қойнауын пайдалану))
Кен орны, ұңғыма: ______________________________________________
(кен орны (құрылымы), ұңғыма нөмірі)
Көлемінде:______________________________________________________
(газды шикі жағудың рұқсат етілген көлемі)
Шикі газды жағу түрі:____________________________________________
(шикі газды жағу түрі)
Рұқсаттың қолдану мерзімі: ______________________________________
(дайындық және қорытынды жұмыстарды ескере отырып
рұқсаттың қолдану кезеңі)
Ескертпе: ________________________________________________________


[Көмірсутектер саласындағы уәкілетті
органның жауапты құрылымдық
бөлімшесінің басшысы]

[тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)]

 


 

  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.08.2026 № 328-н/қ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 25 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10023 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 128 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10784 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 639 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13100 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 14 мамырдағы № 204 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13862 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).