РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев
2018 жылғы 26 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
Т. Сүлейменов
2018 жылғы 3 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген |
Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру:
1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде;
2) кен орнын сынамалап пайдалану кезінде;
3) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде жүзеге асырылады.
3. Шикі газды факелде жағуға рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
4. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) (бұдан әрі – өтініш беруші) жобалау құжаттарын және Кодекстің 146-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) бойынша айқындалатын нормативтер мен көлемдер шегінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын сақтаған жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша шикі газды факелде жағуға жол беріледі.
2-тарау. Шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру тәртібі
1-параграф. Ұңғымалар объектілерін сынау кезінде шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру
5. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде өтініш беруші бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын жүргізу үшін базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға сәйкес, өтініш беруші бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.
Ұңғыма объектілерін сынау кезінде Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжатына сәйкес, өтініш беруші бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.
6. Өтініш беруші ұңғыма объектілерін сынау кезінде рұқсатты алу үшін "Электрондық үкіметтің" веб-порталына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшадағы нысанға сәйкес шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) өтініш беруші бекіткен ұңғыманың объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;
3) осыған дейін алынған рұқсат аясында ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, өтініш беруші олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркейді.
7. Ұңғыманың объектілерін сынау жоспарын өтініш беруші:
барлау кезеңінде – барлау кезеңінен, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жобалау құжатының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге;
өндіру кезеңінде – өндіру кезеңінен, сондай-ақ Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жобалау құжатының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге жасайды.
2-параграф. Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беру
8. Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсатты алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш ұсынылады.
Өтініш беруші сынамалап пайдалану кезінде барлау кезеңінен, сондай-ақ сынамалап пайдалану жобасының және шикі газды қайта өңдеу бағдарламасының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге рұқсат сұратады.
Өтініш беруші шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде өндіру кезеңі мерзімінен, сондай-ақ Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған базалық жобалау құжаты, әзірлеуді талдау немесе жобалау құжаты және шикі газды қайта өңдеу бағдарламасының қолдану мерзімінен аспайтын мерзімге рұқсат сұратады.
9. Егер кен орнын сынамалап пайдалану кезінде, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат алу үшін өтініш берілсе, өтініш берілген күннен бастап осындай кезеңнің өткен күндерін шегеріп тастағанда және жағылатын шикі газ көлемін тиісті қайта есептеумен уәкілетті органның рұқсат беру мерзімін шегеріп тастағандағы уәкілетті органмен бекітілген шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес кезең жағудың сұратылып отырған кезеңі болып көрсетіледі.
10. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде шикі газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат беріледі.
11. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат осы Қағидалардың 9-тармағын ескере отырып, шикі газды қайта өңдеу бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі.
12. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат уәкілетті органмен бекітілуге жататын әдістеме бойынша, шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделген есептелген нормативтер мен көлемдер шегінде беріледі.
3-параграф. Уәкілетті органның шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беруге өтініштерін қарауы
13. Рұқсатты беруді (беруден бас тартуды) уәкілетті орган осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
14. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.
Өтініш беруші рұқсат беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта жүгіне алады.
15. Өтініш беруші қайта ұйымдастырылған және (немесе) атауы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған сәттен бастап бір ай мерзім ішінде рұқсатты қайта ресімдеу туралы еркін нысанда өтінішті береді. Рұқсатты беру рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша нысан |
Шикі газды факелде жағуға РҰҚСАТ
Нөмірі: Берілген орны:
Берілген күні: ____________________________________________________________
берілді (жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың, сенімгерлік басқарушының атауы)
_____________________________________________________________________
(кен орны (құрылым), ұңғыма нөмірі)
____________________________________________________________көлемінде,
(жағуға рұқсат етілген шикі газдың көлемі)
_________________________________________________________________
(шикі газды жағу түрі)
_________________________________________________________________
(дайындық және аяқтау жұмыстарын ескере отырып, рұқсаттың қолданылу мерзімі)
Ескертпе: Басшы (уәкілетті адам): тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Электрондық-цифрлық қолтаңба
Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша нысан |
Шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін ӨТІНІШ (ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде) (керегінің астын сызу қажет)
(қайда) _____________________________________________________________
(көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның толық атауы) (кімнен)
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)
______________________________________________________________________
(кен орны (құрылым); ұңғыма нөмірі*)
______________________________________________________________________
(мәлімделген жылға жағу мерзімін көрсете отырып, жағылатын шикі газдың көлемі (млн. м3)
______________________________________________________________________
(жүргізілетін жұмыстардың жоспарлы мерзімі)
______________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін жобалау құжатының атауы, бекіту күні және қолдану мерзімі)
______________________________________________________________________
(көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін әдістемеге сәйкес шикі газды факелде жағу нормативтері мен көлемдерінің есептемесі)
Ұңғыма туралы деректер:*
Объектінің атауы және нөмірі | Көлемі, млн. м3 | Аралығы | Объектілер бойынша факелде шикі газдың жағылу күндері |
1 | 2 | 3 | 4 |
* ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде шикі газды жағуға рұқсат алу үшін
Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1. ______________________________________
2. ______________________________________
...
Ұйымның басшысы немесе уәкілетті адам (лауазымы)
________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Электрондық-цифрлық қолтаңба 20 __ ж." ____ " _________
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10023 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 128 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10784 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 639 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13100 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
4. "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 14 мамырдағы № 204 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13862 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).