Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 16241 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алуы шартының үлгілік нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шартының үлгілік нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын басым шартты тұтынушыларға сатуы шартының үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 163 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10780 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 533 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14760 тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрi

      Т. Сүлейменов ___________

      2017 жылғы "__" ________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығына
1-қосымша
  Үлгілік нысан

Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын
энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алуы шарты

      № _________

      Бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын, Қазақстан Республикасы

      ____________________________________________________ мекенжайы бойынша тіркелген

                  (заңды мекенжайы көрсетілсін)

      БСН: ______________, бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын _____________________

      _______________________________________________________________________ атынан

      (қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетілсін)

      __________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)

      __________________________________________________________________ бір тараптан

      (лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)

      және Қазақстан Республикасы ___________________________________ мекенжайы бойынша

                                    (орналасқан жері көрсетілсін)

      тіркелген, БСН: ______________, бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын

      _______________________________________________________________________ атынан

      (толық атауы көрсетілсін)

      __________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)

      _______________________________________________________________ екінші тараптан

      (лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)

      мыналарды:

      1) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-VI Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң);

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар);

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары;

      4) Сатушының осы шартты жасасуға берілген өтінімін (20__ жылғы "___"_____ кіріс № ___) (Қағидаларға қосымша);

      5) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) Сатушының Сатып алушыға аукциондық баға бойынша жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сату ниетін назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукциондық баға - аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, ЖЭК пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға;

      2) беру нүктесі - ЖЭК пайдалану объектісін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу нүктесі;

      3) берілетін ай - тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де басталатын және тиісті айдың соңғы күні сағат 24.00-де аяқталатын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша берілетін электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;

      4) берілетін электр энергиясы - беру нүктесіне берілген, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келетін, ЖЭК пайдалану объектісі өндірген барлық электр энергиясы;

      5) жұмыс күні - Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;

      6) жүйелік оператор - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану дайындығында ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      7) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі - ЖО ҰДО) - электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстанның БЭЖ жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, Жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;

      8) ЖЭК пайдалану объектісін коммерциялық пайдалану басталған күн - электр энергиясы энергия беруші ұйымның электр желілеріне берілетін, Сатушының ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн;

      9) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      10) қаржы ұйымы - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) Шарт - Сатушы мен Сатып алушының арасында жасалған осы электр энергиясын сатып алу шарты;

      12) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) - электр энергиясын есепке алу деректерін өлшеуге, жинауға, өңдеуге, сақтауға және жіберуге арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешендер жиынтығы.

      Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының ЖЭК-ті пайдалануды қолдау және электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Шарттың нысанасы

      2. Шартқа сәйкес Сатушының ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген және беру нүктесіне берілген электр энергиясының барлық көлемін Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады. Сатушы электр энергиясын мынадай ЖЭК пайдалану объектісінде өндіретін болады:

      1) атауы - __________ ;

      2) ЖЭК пайдалану объектісінің түрі (пайдаланылатын ЖЭК түріне байланысты) - _________ (күн электр станциялары үшін қосымша фотоэлектрлік модуль типі мен қолданылатын кремнийдің өндіруші-елі көрсетіледі);

      3) ЖЭК пайдалану объектісі орналасатын жер учаскесі(лері) - кадастрлық нөмірі: - _________, жер учаскесінің жалпы ауданы - __________ гектар;

      4) негізгі генерациялайтын жабдықтың (күн электр станциялары үшін - тұрақты токтың фотоэлектрлік модульдері, жел электр станциялары, гидро электр станциялары және биоэлектр станциялары үшін - ауыспалы токтың электр энергия генераторлары) номиналды (паспорттық деректерде көрсетілген) қуаттарының жиынтығы ретінде айқындалатын, негізгі генерациялайтын жабдықтың паспорттық деректерін негізге ала отырып, ЖЭК пайдалану объектісінің генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуаты _____ (МВт);

      5) ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатын пайдаланудың болжамдық коэффициенті ___;

      6) электр желісіне қосылу нүктесі - _____________________________.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қосымша құн салығын есепке алмағанда, электр энергиясының 1 (бір) киловатт-сағатына _____ (__________) құрайтын аукциондық баға - шарт бойынша электр энергиясының бағасы болып табылады. Аукциондық бағаны жыл сайын индекстеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______________№_____ қаулысымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      4. Индекстеу нәтижесінде аукциондық бағаның шамасын не Сатушымен келісілген аукциондық бағаны индекстеу тәртібін өзгерту Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын тиісті өзгерістерді қолдану басталған күн көрсетіле отырып, осы Шартқа қосымша келісімге қол қою арқылы ресімделеді.

3. Электр энергияның көлемін есепке алу және төлеу

      5. Жеткізетін электр энергиясының көлемін есепке алу беру нүктесінде орнатылған Сатушының коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.

      6. ЭКЕАЖ-дің өз объектісінде жұмыс істеуін қамтамасыз еткеннен кейін, Сатып алушы Сатушы жеткізетін электр энергиясының көлемдерін және Сатушы мен Сатып алушы арасындағы коммерциялық өзара есеп айырысуларды есепке алу және анықтау үшін ЭКЕАЖ деректерін пайдалануға құқылы.

      7. Электр станциясын қоса алғанда, ЖЭК пайдалану объектілерінен алынатын электр энергиясы теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді Сатып алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Даулы жағдайларда ЖОҰДО беретін, Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін түпкілікті құжат болып табылады.

      9. Коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе беру нүктесінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары жарамсыз болған кезеңде ЖЭК пайдалану объектісі өндірген және энергия беруші ұйымның желісіне берілген электр энергиясына Сатып алушы ақы төлемейді және Тараптардың өзара есеп айырысулары кезінде ескерілмейді. Бұл ретте Сатушының коммерциялық есепке алу аспаптарының болмауы немесе олардың жарамсыз болуы фактілері мен кезеңі желілеріне ЖЭК пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымның тиісті актісімен расталуға тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Сатушымен ұсынылған шот-фактурасы және көлемдерін салыстырып-тексеру актісі негізінде шартты тұтынушылар үшін бекітілген төлем мерзімі аяқталған кезден бастап, электр энергияның төлемі он бес жұмыс күн ішінде Сатып алушымен жасалады.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Сатушы:

      1) ай сайын, беру айынан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей беру айында электр энергиясын өндірудің, энергия беруші ұйымның желісіне жіберудің іс жүзіндегі тәулік сайынғы көлемі туралы ақпаратты Сатып алушыға беруге;

      2) ай сайын беру айынан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей Сатып алушыға электр энергиясының электр желілеріне берілген іс жүзіндегі көлемі үшін шот-фактураны және салыстырып-тексеру актісін ұсынуға;

      3) жыл сайын 1 - 31 қаңтар аралығындағы кезеңде өткен қаржы жылына өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеруді жүргізуге;

      4) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына, беру айы басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын электр энергиясын шығарудың, оны желілерге жіберудің болжамды көлемі туралы ақпаратты беруге;

      5) жыл сайын бірінші қарашаға қарай айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпаратты жолдауға;

      6) егер өз бастамасы бойынша Шартты бұзса, ол болжамды бұзу күніне дейін бір ай бұрын Сатып алушыны жазбаша хабардар етуге;

      7) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Сатып алушыны дереу хабардар етуге;

      8) ЖЭК пайдалану объектісінің коммерциялық пайдаланылуына дейін өзінің ЖЭК пайдалану объектісінде ЭКЕАЖ-нің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. ЭКЕАЖ-нің Жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына деректерді қашықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс;

      9) электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешендік сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы-есеп айырысу орталығына оған қатысты осы сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісі үшін Өтініш беруші мен энергия беруші ұйым арасында қол қойылған, ЖЭК-ті пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын, электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін ұсынуға;

      10) ЖЭК пайдалану объектісінің энергия қондырғылары пайдалануға кезең-кезеңмен енгізілген жағдайда, ЖЭК пайдалану объектісінің энергия қондырғыларын кешенді сынаудың аралық актісінің көшірмесін оған қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, бірақ кешендік сынау өткізілген беру айы аяқталғанға дейін кешіктірмей ұсынуға;

      11) кешендік сынауды өткізу басталар алдында 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүйелік оператормен келісілген кешендік сынаулар бағдарламасының көшірмесін және ЭКЕАЖ-ні пайдалануға енгізу актісінің көшірмесін ұсынуға;

      12) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясы өндірісінің тәуліктік графиктерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      13) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12562 тіркелген) 46-тармағына сәйкес электр энергиясын өндіру-тұтынудың жүйелік операторы бекіткен тәуліктік графикке түзетулерді уақтылы енгізуге;

      14) егер ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуаты кемінде бір мегаватт болған жағдайда, электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісінің генерациялайтын қондырғыларының жүйелік оператор белгілеген жұмыс режимдерін сақтауға;

      15) ЖЭК пайдалану объектісі мен электр желілеріне ЖЭК пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйым арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісінің көшірмесін - беру айынан кейінгі айдың жетінші күнінен кешіктірмей беруге;

      16) күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде, жел және биогазды электр станциясы үшін сатып алу шартына қол қойған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, гидро электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде: оған қатысты сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесін қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      17) күн электр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде - Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес оған қатысты шарт жасалған ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте, егер осы тармақшаның бірінші бөлігімен көзделген мерзімі аяқталуына, ЖЭК объектісінің құрылысы бойынша жалпы жұмыс көлемінен 70% кем емес көлемде ЖЭК объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмысын орындау туралы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (тұлғадан) растау ұсынылған жағдайында, көрсетілген мерзімдер күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;

      18) оған қатысты Шарт жасалған ЖЭК пайдалану объектілері үшін энергия беруші ұйым мен Сатушы арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесін - тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК пайдалану объектілерін кешенді сынаудан өткізу басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      19) оған қатысты Шарт жасалған ЖЭК пайдалану объектілері үшін энергия беруші ұйым мен Сатушы арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану бойынша объектілердегі коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын, электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін - электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап және ЖЭК пайдалану объектілерін кешенді сынаудан өткізу басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      20) Қаржы-есеп айырысу орталығының сұранысы бойынша ЖЭК пайдалану объектісі құрылысының барысы туралы ақпарат жолдауға;

      21) Қағидалардың 95-101-тармақтарында қойылатын талаптарға сәйкес осы Шартқа қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ____________ мөлшерінде Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді Сатып алушыға ұсынуға;

      22) ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысына алынған шетелдік валютадағы кредиттік міндеттемелер бар болуы туралы ақпаратты жыл сайын бірінші қазанға қарай беруге;

      23) Сатушының бірігуі, банкрот болуы немесе таратылуы туралы Сатып алушыны дереу хабардар етуге;

      24) ЖЭК пайдалану объектісін жаңа генерациялау (бұған дейін пайдаланылмаған) қондырғыларын пайдаланып салуға;

      25) Қаржы-есеп айырысу орталығының сұранысы бойынша электр энергиясын өндіру үшін ЖЭК пайдалану объектісінде пайдаланылатын ЖЭК бастапқы ресурсының негізгі сипаттамалары туралы ақпаратты беруге міндетті.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Сатып алушы:

      1) Сатушыдан орындалған жұмыстар актісін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оған қол қоюға немесе егер ол Сатушының электр энергиясының берілген көлемі туралы деректерімен келіспесе, сол мерзімде Сатушыға бас тартудың негізділігін растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, өзінің жазбаша дәлелді бас тартуын жіберуге;

      2) тұтынушылар үшін белгіленген төлем мерзімі өткен соң он бес жұмыс күні ішінде тиісті көлемдерді салыстырып-тексеру актісінде көрсетілген электр энергиясының беру айында берілген барлық көлемі үшін Сатушыға ақы төлеуге;

      3) жыл сайын 1-31 қаңтар аралығындағы кезеңде өткен қаржы жылына өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеруді жүргізуге;

      4) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Сатушыны дереу хабардар етуге;

      5) Шарттың 11-тармағы 17) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде ЖЭК пайдалану объектісін іске қосқан жағдайда жазбаша өтінішті берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасын немесе оның бөліктерін қайтаруға;

      6) Сатып алушының бірігуі, банкрот болуы немесе таратылуы туралы Сатушыны дереу хабардар етуге міндетті.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Сатушы:

      1) Сатып алушыдан Шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

      2) Шартта көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінің генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуатын ұлғайтпау шартымен ЖЭК пайдалану объектісіне ағымдағы немесе күрделі жөндеуді, оның ішінде негізгі генерациялайтын жабдықты ауыстыра отырып жүзеге асыруға;

      3) Сатып алушыны талаптарды басқаға беру туралы тиісті шарт жасасқанға дейін хабардар ете отырып, Шарттан туындайтын өзінің қолда бар және болашақтағы құқықтары мен талаптарын Сатып алушыға беруге құқылы. Бұл ретте, осы тармақшада көзделген құқықтар мен талаптарды беру Уәкілетті орган осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын Тараптың Шарттың 11-тармағының 21) тармақшасына сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді ұсына отырып, сондай-ақ Сатып алушы, Сатушы және осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын Тарап арасында тиісті келісім жасай отырып, ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне тиісті өзгерістерді енгізгеннен кейін жүзеге асырады;

      4) ЖЭК пайдалану объектісі үшінші тұлғаға иеліктен шығарылған жағдайда, осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін нақ осы тұлғаға толықтай беруге құқылы. Мұндай жағдайда, осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер ЖЭК пайдалану объектісіне арналған құқықтармен бір мезгілде үшінші тұлғаға өтеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Сатып алушы:

      1) Сатушыдан осы Шарттың ережелерін орындауды талап етуге;

      2) егер электр энергиясының беру айында берілген көлемі туралы Тараптар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудің қорытындылары бойынша Сатып алушының Сатушыға артық сома төлеу фактісі анықталатын болса, болашақ төлемдерде Сатушыға тиесілі сомалардан артық төленген соманы ұстап қалуға;

      3) Шартқа және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энерия көздері және электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес Сатушының басқа міндеттемелерін орындауды талап етуге құқылы.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      15. Егер Сатушы Шарттың 11-тармағының 16) тармақшасына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарламаның көшірмесін ұсыну мерзімдерін 6 айдан асырып бұзса, онда Сатып алушы Қағидалардың 98-тармағында белгіленген тәртіпте Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30%-ын ұстап қалады және ол туралы Сатушыға жазбаша хабарлайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Егер Сатушы Шарттың 11-тармағы 17) тармақшасының бірінші бөлігіне сәйкес ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну бойынша мерзімді бұзса, Сатып алушы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% көлемінде ұстайды және ол туралы Сатушыны жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте осы Шарттың 15-тармағына сәйкес Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының бөлігін ұстаған жағдайда, Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің 70% көлемінде ұстайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Шартта көзделген төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін Сатып алушы Сатушының талап етуі бойынша оған мерзімін өткізіп алған әрбір күнтізбелік күн үшін мерзімін өткізіп алған соманың 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ мерзімін өткізіп алған соманың 10 %-нан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      18. Тараптар Шартпен көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес жауапты болады.

      19. Осы Шарттың талаптары Тараптардың өзара келісімі бойынша ғана өзгертілуі және жазбаша нысанда ресімделуі мүмкін.

      19-1. Сатып алушы белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің нақты мәнінің болжамнан ауытқуы үшін, сондай-ақ электр энергиясын диспетчерлендіруге, беруге және бөлуге байланысты үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілікте болмайды.

      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Форс-мажорлық мән-жайлар

      20. Егер Шарт талаптарының орындалмағаны және (немесе) тиісінше орындалмағаны форс-мажор мән-жайларының салдарынан болса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      21. Осы Шарттың орындалуына кедергі келтіретін, Тараптардың бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылуына немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және күтпеген жерден болатын сипаты бар оқиға форс-мажорлық мән-жай деп танылады.

      22. Қандай да бір себеппен Сатып алушыда жеткілікті ақшаның болмауы форс-мажорлық мән-жай болып табылмайды және Сатып алушыны төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін жауаптылықтан босатпайды.

      23. Форс-мажорлық мән-жай әсеріне ұшыраған Тарап бұл туралы екінші Тарапты форс-мажорлық мән-жайдың сипатын, туындау себебін және растайтын құжаттарды ұсынып, олардың болжамды ұзақтығын көрсете отырып, күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.

6.1. ЖЭК пайдалану объектісін салу үшін Сатушы қаржы ұйымдарында қарыз тартқан жағдайда Тараптардың іс-әрекеттері

      Ескерту. 6.1-тараумен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23-1. Егер Сатушы осы Шарт бойынша ақша түсімдерін кепілге қою арқылы ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысын салуға қаржы ұйымдарында қаржыландыруды тартқан жағдайда, Сатушы осы хабарламаның қолдану мерзімін көрсете отырып, ақша түсімдерін кепілге қою туралы тиісті хабарламаны Сатып алушыға жібереді.

      23-2. Сатушының Сатып алушыға ақша түсімдерін кепілге қою туралы хабарламаны беруі, осы шартқа қатысты Сатып алушының мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асыруына Сатушының қайтарып алынбайтын және сөзсіз келісімін білдіреді:

      1) Сатып алушының қаржы ұйымының пайдасына одан тиісті талапты алған кезде Сатушыға тиесілі төлемдерді (ай сайынғы төлемдер шегінде) жүзеге асыруы. Қаржы ұйымының пайдасына жасалған әрбір төлем Сатып алушының осы шарт бойынша Сатушы алдындағы ақшалай міндеттемесін тиісінше орындауы болып есептеледі.

      2) Сатып алушыға бұндай ауыстыру қажеттігі туралы қаржы ұйымынан талап түскен кезде Сатушыны ауыстыруды жүзеге асыру. Қаржы ұйымының талап етуі бойынша Сатушыны ауыстыру уәкілетті орган Заңның 6-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

      3) Сатып алушының шарттың қолданылуын тоқтатуға немесе тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкін Сатушының осы шарт бойынша Сатып алушы алдындағы міндеттемелерін орындамау жағдайлары туралы қаржы ұйымына ақпарат береді.

7. Дауларды шешу

      24. Осы Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

      25. Тараптар осы Шарт бойынша дауларды тікелей келіссөздер арқылы шешуге тырысуға тиіс.

      26. Тараптардың әрқайсысы осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты дауды шешу, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де дауларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.

      27. Осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты, сондай-ақ өзгеше жолмен осы Шартқа байланысты басқа даулар, талапкер Қағидалардың 104-1-тармағына сәйкес "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығында дауларды қарау туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, Сатып алушының орналасқан жері бойынша мемлекеттік соттың қарауына жатады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8. Шарттың және аукциондық бағаның қолданылу мерзімі

      28. Осы Шарт Тараптармен қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      29. Шарт және онда көрсетілген аукциондық баға шығарылған электр энергиясы энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап он бес жыл өткен соң немесе қайсысы бұрын басталғанына байланысты, Шарттың 11-тармағы 17) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім аяқталғаннан кейін келесі күні өз қолданысын тоқтатады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Қорытынды ережелер

      30. Шарт:

      1) Сатушының Шарттың 11-тармағы 17) тармақшасында көзделген ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға беру мерзімін бұзуы;

      2) егер Сатушы Шарттың қолданылу кезеңінде өндірілетін электр энергияны Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес тұтынушылармен жасалған екіжақты шарттарға сәйкес келіскен бағамен өткізетін болса;

      3) Қағидалардың 95-тармағына сәйкес Сатушы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну мерзімін бұзған кезде өз қолданысын тоқтатады.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      31. Шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары тек қана жазбаша түрінде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылған жағдайда жарамды болып табылады.

      32. Тараптар арасындағы барлық хат алмасу қағаз нұсқасындағы хатты жіберу жолымен жазбаша түрде орындалуы тиіс.

      33. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада, қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      34. Шарт Нұр-Сұлтан қаласында жасалды, оған екі Тарапта қол қойды және Сатып алушы оны 20__ жылғы "_____"_________ № _____ жасалған шарттар тізіліміне тіркеді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Осы Шарттың барлық талаптары тұрақты болып табылады, Қазақстан Республикасы заңнамаларының өзгеруіне тәуелді емес және тек Сатып алушымен келісім бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.

10. Тараптардың деректемелері және қолтаңбалары

Сатушы
_________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:_________________
Нақты мекенжайы:_________________
Тел./факс:_______________________
БСН______________________________
БСК______________________________
ЖСК______________________________
_________________________________
(банктің атауы)
(лауазымы)
______ (тегі, аты, әкесінің аты)
м.о.

Сатып алушы
________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:________________
Нақты мекенжайы:________________
Тел./факс:______________________
БСН_____________________________
БСК_____________________________
ЖСК ____________________________
________________________________
(банктің атауы)
(лауазымы)
______ (тегі, аты, әкесінің аты)
м.о.


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығына
2-қосымша
  Үлгілік нысан

Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарты

      № ______


      Бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын, Қазақстан Республикасы

      _____________________________________________________ мекенжайы бойынша тіркелген

      (заңдық мекенжайы көрсетілсін)

      БСН: __________, бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын, ___________________________ атынан

      _________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________ бір тараптан

      (лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)

      және Қазақстан Республикасы ___________________________________ мекенжайы бойынша

                                    (орналасқан жері көрсетілсін)

      тіркелген, БСН: ______________, бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________________ атынан

                  (            (толық атауы көрсетілсін)

      __________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)

      _______________________________________________________________ екінші тараптан

                        (лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)

      мыналарды:

      1) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң);

      2) Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар);

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №118 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтерді айқындау қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифтерді айқындау қағидалары) назарға ала отырып;

      төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасты.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шарт – Сатушы мен Сатып алушының арасында жасалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сатудың осы шарты;

      2) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;

      2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар су электр станциялары;

      3) берілетін электр энергиясы – Қазақстан Республикасында қолданылатын нормалар мен талаптарға сәйкес келетін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясы;

      4) есепті кезең – тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-ден бастап тиісті айдың соңғы күні сағат 24.00-ге дейін берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша берілетін электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;

      5) жұмыс күні – Сатушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;

      6) Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі (бұдан әрі – іс жүзіндегі теңгерім) – орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, есепті кезең ішінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін мекенжай бойынша бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Іс жүзіндегі теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады.

      7) Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) – электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстанның БЭЖ жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, Жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;

2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарт бойынша Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады.

      3. Егер ЖОҰДО беретін Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгеріміне сәйкес айқындалған, Сатушы Сатып алушыға берген электр энергиясының іс жүзіндегі мөлшері тараптармен келісілген электр энергиясының мөлшерінен өзгеше болса, Сатушы Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгеріміне ЖО ҰДО қол қойғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сатып алушыға түзетілген шот-фактура шығару арқылы айырмашылық шамасына түзету жүргізуге міндетті.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері

      4. Сатушы:

      1) акт негізінде электр энергиясын берудің есепті айынан кейінгі айдың 20 (жиырмасы күнінен) кешіктірмей Сатып алушыға шот-фактураны жіберуге;      2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін тоқсан сайын келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз салыстырып-тексеру жүргізуге міндетті.

      5.Сатып алушы:

      1) ай сайын ЖЭК объектілерінен электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымдардың желісіне жіберудің болжамды көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден қабылдау туралы ақпаратты Сатушыға беруге;

      2) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай алдағы жылға арналған электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің болжамды жылдық ай сайынғы көлемдері туралы ақпаратты Сатушыға жіберуге;

      3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен беру айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Сатушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын есепті кезең ішінде бергені үшін ақы төлеуге;

      4) тиісті шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сатушыны хабардар етуге және Сатушыға наразылықтарын көрсетіп, жазбаша өтініш беруге, егер Сатып алушы шығарылған шот-фактураның дұрыстығына қарсы болса, ол Сатушыны хабардар етеді;

      5) электр энергиясының дау айтылып отырған көлеміне қатысты Сатушы мен Сатып алушы арасындағы осы көлемге қатысты дау реттелгеннен кейін, 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей дау реттелгеннен кейін келесі айда электр энергиясының Тараптармен келісілген көлеміне ақы төлеуге;

      6) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін тоқсан сайын келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз салыстырып-тексеру жүргізуге міндетті;

      7) Жаңартылатын энергия көздері объектілерінен алынатын электр энергиясын берудің есепті айынан кейінгі айдың бесіне дейін, ай сайын Сатушыға электр энергиясын шығарудың, желіге босатудың немесе электр энергиясын Қазақстан Республикасының шегінен тыс қабылдаудың нақты көлемдері туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Шартта көзделген төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін Сатып алушы Сатушының талап етуі бойынша оған мерзімін өткізіп алған әрбір күнтізбелік күн үшін мерзімін өткізіп алған соманың 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ мерзімін өткізіп алған соманың 10 %-нан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      7. Тараптар осы Шартта көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Дауларды шешу

      8. Осы Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      9. Есепті айда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау айтылған кезде Тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлеміне қатысты жазбаша қарсылықтарды Сатушы Сатып алушыдан алған кезден бастап күнтізбелік отыз күні ішінде осы дауды келіссөздер арқылы шешуге күш-жігерін салуға міндетті. Егер тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау бойынша келісімге келе алмаса, дау сот тәртібімен түпкілікті шешуге жатады. Әрбір Тараптың осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты дауды шешу, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де дауларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.

      10. Даулы жағдайларда ЖОҰДО беретін, Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін түпкілікті құжат болып табылады.

      11. Осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне және бұзылуына, сондай-ақ осы Шартқа өзге де мәселелерге байланысты барлық даулар Сатушының орналасқан жері бойынша соттың қарауына жатады.

6. Форс-мажорлық мән-жайлар

      12. Егер Шарт талаптарының орындалмағаны және (немесе) тиісінше орындалмағаны форс-мажор мән-жайларының салдарынан болған болса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      13. Осы Шарттың орындалуына кедергі келтіретін, Тараптардың бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылуына немесе ұқыпсыздыққа байланысты емес және күтпеген жерден болатын сипаты бар оқиға форс-мажорлық мән-жай деп танылады.

      14. Форс-мажорлық мән-жай әсеріне ұшыраған Тарап бұл туралы екінші Тарапты форс-мажорлық мән-жайдың сипатын, туындау себебін және растайтын құжаттарды ұсынып, олардың болжамды ұзақтығын көрсете отырып, күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.

7. Шарттың қолданылу мерзімі

      15. Осы Шарт ____ жылғы "___" __________ бастап күшіне енеді.

      16. Осы Шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы "__" ______ бастап 20___ жылғы 31 желтоқсанды қоса.

      17. Осы шарт кез келген Тараптың бастамасы бойынша, осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы өзгертілуі мүмкін.

      18. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.

      19. Осы Шарт Нұр-Сұлтан қаласында жасалды, оған екі Тарапта қол қойды және Сатушы оны 20 __ жылғы "__"_________№ _____ жасалған шарттар тізіліміне тіркеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10.Тараптардың деректемелері мен қолы

Сатушы
_________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:_________________
Нақты мекенжайы:_________________
Тел./факс:_______________________
БСН______________________________
БСК______________________________
ЖСК______________________________
_________________________________
(банктің атауы)
(лауазымы)
______ (тегі, аты, әкесінің аты)
м.о.

Сатып алушы
________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:________________
Нақты мекенжайы:________________
Тел./факс:______________________
БСН_____________________________
БСК_____________________________
ЖСК ____________________________
________________________________
(банктің атауы)
(лауазымы)
______ (тегі, аты, әкесінің аты)
м.о.


  Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығына
3-қосымша
  Үлгілік нысан

Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын басым шартты тұтынушыларға сатуы шарты

№ ________


      _________________                                     __ __________20___ж.

      шартты келісу орны

      Бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын, Қазақстан Республикасы

      ____________________________________________________ мекенжайы бойынша тіркелген

      (заңды мекенжайы көрсетілсін)

      БСН: ______________, бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын

      _______________________________________________________________________ атынан

      (қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетілсін)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________ бір тараптан

      (лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)

      және Қазақстан Республикасы ___________________________________ мекенжайы бойынша

                                    (орналасқан жері көрсетілсін)

      тіркелген, БСН: ______________, бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________________ атынан

      (БШТ болып табылатын ұйымның толық атауы көрсетілсін)

      __________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)

      _______________________________________________________________ екінші тараптан

      (лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)

      мыналарды:

      1) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-VI Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң);

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар);

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын (бұдан әрі – ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары);

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын (бұдан әрі – Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары) назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасты.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шарт - Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың осы шарты;

      2) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі - шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;

      2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар су электр станциялары;

      4) басым шартты тұтынушылар (бұдан әрі – БШТ) – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы аталған тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;     

      5) берілетін электр энергиясы – Қазақстан Республикасында қолданылатын нормалар мен талаптарға сәйкес келетін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясы;

      6) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      7) күнтізбелік жыл – тиісті жылдың бірінші күні сағат 00.00-ден бастап тиісті жылдың соңғы күні сағат 24.00-ге дейін берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін жыл;

      8) жұмыс күні – ҚЕАО үшін жұмыс күні болып табылатын күн;

      9) Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі (бұдан әрі – іс жүзіндегі теңгерім) – орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, есепті кезең ішінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін мекенжай бойынша бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Іс жүзіндегі теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады;

      10) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталған күн –ЖЭК электр станциясының электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн;

      11) Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) – электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстанның БЭЖ жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, Жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;

      12) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану дайындығында ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      13) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі ЭКЕАЖ) - электр энергиясын есепке алу деректерін өлшеуге, жинауға, өңдеуге, сақтауға және жіберуге арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешендер жиынтығы.

      Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының ЖЭК-ті пайдалануды қолдау және электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарт бойынша ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады.

      3. Сатып алушыға сатып алуға жататын электр энергиясының көлемі Қағидаларға сәйкес есептеледі.

      4. Сатып алушы электр энергиясын төмендегі ЖЭК пайдалану бойынша объектілерде өндіретін болады (ЖЭК пайдалану бойынша әрбір объект туралы ақпарат көрсетіледі):

      1) атауы – __________;

      2) ЖЭК пайдалану бойынша объектінің түрі (пайдаланылатын ЖЭК түріне байланысты) - ________ (күн электр станциялары үшін қосымша фотоэлектрлік модуль типі мен қолданылатын кремнийдің өндіруші-елі көрсетіледі);

      3) ЖЭК пайдалану бойынша объектінің орналасатын алаңдары – кадастрлық нөмірі:– _________, жер учаскесінің жалпы ауданы – __________ гектар;

      4) пайдаланылатын ЖЭК түрлері бойынша бөле отырып, ЖЭК пайдалану бойынша объектінің генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуаты (МВт);

      5) ЖЭК пайдалану бойынша объектінің электр станциясының белгіленген қуатын пайдаланудың болжамдық коэффициенті ___.

      6) электр желісіне қосылу нүктесі - _____________________.

      5. Сатып алушы электр энергиясын мынадай электр станцияларында (әрбір шартты тұтынушы бойынша ақпарат көрсетіледі) өндіреді:

      1) атауы – __________;

      2) шартты тұтынушының электр станциясының түрі - _________;

      3) шартты тұтынушының генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуаты - _____ (МВт);

      6. Коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе беру нүктесінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары жарамсыз болған кезеңде Сатып алушымен өндірген және энергия беруші ұйымның желісіне берілген электр энергиясы Тараптардың өзара есеп айырысулары кезінде ескерілмейді. Бұл ретте Сатып алушы коммерциялық есепке алу аспаптарының болмауы немесе олардың жарамсыз болуы фактілері мен кезеңі желілеріне ЖЭК пайдалану бойынша объектісі қосылған энергия беруші ұйымның тиісті актісімен растауға тиіс.

      7. ЖОҰДО беретін Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі Тараптар арасында өзара есеп айырысуға арналған түпкілікті құжат болып табылады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      8. Сатушы:

      1) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін тоқсан сайын келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз салыстыру жүргізуге;

      2) көлемдерді салыстырып-тексеру актісі негізінде электр энергиясын берудің есепті айынан кейінгі айдың 20 (жиырмасы күнінен) кешіктірмей Сатып алушыға шот-фактураны жіберуге;

      3) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Сатып алушыны дереу хабардар етуге міндетті.

      9. Сатып алушы:

      1) ай сайын ЖЭК объектілерінен электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымдардың желісіне жіберудің болжамды көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден қабылдау туралы ақпаратты Сатушыға беруге;

      2) жыл сайын 1 қарашаға дейін электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымдардың желілеріне жіберудің энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға берудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпаратты Сатушыға беруге;

      3) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейін ЖЭК объектілерінен электр энергиясы берілген айға дейін электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымдардың желісіне жіберудің нақты көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден қабылдау туралы ақпаратты Сатушыға беруге;

      4) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін тоқсан сайын келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз салыстыру жүргізуге;

      5) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Сатушыны дереу хабардар етуге;

      6) Сатып алушы іске қосқан тиісті сынау басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын ЖЭК пайдалану бойынша объектінің электр қондырғыларының кешендік сынау өткізілетін күніне дейін ағымдағы жылдың аяғына дейінгі мерзімде айларға бөле отырып, электр энергиясын желіге шығарудың болжамды көлемдері туралы Сатушыны хабардар етуге;

      7) тиісті шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сатушыны хабардар етуге және егер Сатып алушы берілген шот-фактураның дұрыстығына қарсы болса,наразылықтарын жазып, Сатушыға жазбаша өтініш беруге;

      8) дау реттелгеннен кейінгі келесі айда 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей электр энергиясының Тараптармен келісілген көлеміне ақы төлеуге;

      9) есептік ай аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығы айқындаған және бекіткен ЖЭК қолдауға арналған тариф бойынша берілген электр энергиясы үшін қаржы-есеп айырысу орталығына төлеуге;

      10) электр станциясының коммерциялық пайдаланылуына дейін өзінің ЖЭК пайдалану объектісінде ЭКЕАЖ-нің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. ЭКЕАЖ-нің Жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына деректерді қашықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс;

      11) осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған бекітілген тәртіпте ЖЭК пайдалану бойынша объектіні пайдалануға қабылдап алу актісінің көшірмесін Сатушыға ұсынуға;

      12) осы шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесін Сатушыға ұсынуға;

      13) осы шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясының коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін Сатушыға ұсынуға міндетті.

      10. Сатушы Сатып алушыдан Шарттың ережелерін орындауды талап етуге құқылы.

      11. Сатып алушы:

      1) Сатушыдан Шарттың ережелерін орындауды талап етуге;

      2) осы Шартта көрсетілген, ЖЭК пайдалану бойынша объектілерінің генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуатын ұлғайтпау шартымен ЖЭК пайдалану бойынша объектісіне ағымдағы немесе күрделі жөндеуді, оның ішінде негізгі генерациялайтын жабдықты ауыстыра отырып жүзеге асыруға құқылы.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      12. Шартта көзделген төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін Сатып алушы Сатушының талап етуі бойынша оған мерзімін өткізіп алған әрбір күнтізбелік күн үшін мерзімін өткізіп алған соманың 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ мерзімін өткізіп алған соманың 10 %-нан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      13. Тараптар осы Шартта көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      14. ЖЭК пайдалану бойынша объектісі беретін электр энергиясының көлемін есепке алу беру нүктесінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.

      15. ЭКЕАЖ-нің ЖЭК пайдалану бойынша объектісінде жұмыс істеуін қамтамасыз еткеннен кейін, ЖЭК пайдалану бойынша объектісі беретін электр энергиясының көлемдерін және Сатушы мен Сатып алушы арасындағы коммерциялық өзара есеп айырысуларды есепке алу және анықтау үшін ЭКЕАЖ деректерін пайдалануға Сатушы құқылы.

      16. Осы Шарттың талаптары Тараптардың өзара келісімі бойынша ғана өзгертілуі және жазбаша нысанда ресімделуі мүмкін.

      17. Электр энергиясының тиісті үлесін Сатып алушыға қайта есептеу мен қайта бөлу тәртібі Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

5. Дауларды шешу

      18. Осы Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

      19. Тараптар осы Шарт бойынша дауларды тікелей келіссөздер арқылы шешуге тырысуға тиіс.

      20. Күнтізбелік жылда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау болған кезде Тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлеміне қатысты жазбаша наразылықтарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы дауды келіссөздер арқылы шешуге күш-жігерін салуға міндетті. Егер Тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау бойынша келісімге келе алмаса, дау сот тәртібімен түпкілікті шешуге жатады.

      21. Даулы жағдайларда ЖОҰДО беретін, Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін түпкілікті құжат болып табылады.

      22. Тараптардың әрқайсысының осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты дауды шешу, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де дауларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.

      23. Осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты, сондай-ақ осы Шарт бойынша өзге де мәселелерге байланысты барлық даулар Сатушының орналасқан жері бойынша соттың қарауына жатады.

6. Форс-мажорлық мән-жайлар

      24. Егер Шарт талаптарының орындалмағаны және (немесе) тиісінше орындалмағаны форс-мажор мән-жайларының салдарынан болса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      25. Осы Шарттың орындалуына кедергі келтіретін, Тараптардың бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылуына немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және күтпеген жерден болатын сипаты бар оқиға форс-мажорлық мән-жай деп танылады.

      26. Форс-мажорлық мән-жай әсеріне ұшыраған Тарап бұл туралы екінші Тарапты форс-мажорлық мән-жайдың сипатын, туындау себебін және растайтын құжаттарды ұсынып, олардың болжамды ұзақтығын көрсете отырып, күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабардар етуге міндетті.

7. Шарттың қолданылу мерзімі

      27. Осы Шарт ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күшіне енеді және 20 ___жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

8. Шартты өзгерту жағдайлары

      28.Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы осы Шарт кез келген Тараптың бастамасымен өзгертілуі мүмкін.

9. Шарттың өзге жағдайлары

      29. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада, қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      30. Осы Шарт Нұр-Сұлтан қаласында жасалды және Сатып алушы оны 20__ жылғы "_____"_________ № _____ жасалған шарттар тізіліміне тіркеді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2019 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Тараптардың деректемелері және қолтаңбалары

Сатушы
_________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:_________________
Нақты мекенжайы:_________________
Тел./факс:_______________________
БСН______________________________
БСК______________________________
ЖСК______________________________
_________________________________
(банктің атауы)
(лауазымы)
______ (тегі, аты, әкесінің аты)
м.о.

Сатып алушы
________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:________________
Нақты мекенжайы:________________
Тел./факс:______________________
БСН_____________________________
БСК_____________________________
ЖСК ____________________________
________________________________
(банктің атауы)
(лауазымы)
______ (тегі, аты, әкесінің аты)
м.о.