Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 16138 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. "Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 439 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8884 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 8 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 596 бұйрығымен
бекітілді

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына
шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 46-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (бұдан әрі – білім берудің барлық деңгейлерінің) жан басына шаққандағы қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      2) білім беру процесі – білім берудің барлық деңгейлерінің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      3) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      4) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

2-тарау. Білім берудің барлық деңгейлерінің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі

      3. Жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру республика және жергілікті бюджеттердің есебінен іске асырылады.

      4. Жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру үшін арналған республика және жергілікті бюджеттерден қаражатты бөлу және пайдалану осы Қағидалардың ерекшеліктері есепке алына отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      5. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына нормативтік қаржыландыру көлемі Заңның 5-бабының 46-1) тармағына сәйкес бекітілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес анықталады.

      6. Алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттен жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі Әдістемеге сәйкес анықталады.

      7. Жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері Әдістемеге сәйкес есептелген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

      8. Жан басына шаққандағы норматив өзгеріп, орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінде жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын шығынның өтемі республикалық бюджеттен бөлінетін насаналы ағымдағы трансферттермен толтырылады.

      9. Ағымдағы қаржы жылы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің өзгертілуіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес білім алушылардың немесе тәрбиеленушінің нақты контингенті айқындалған жағдайда ғана жол беріледі.

      10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі шығыстардың мына түрлерін қамтиды:

      1) қызметкерлерге еңбекақы төлеу, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеу және салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарын;

      2) "Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заң) және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заң) көзделген экологиялық қасірет және радиациалық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін қосымша ақылар;

      3) білім беру процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған шығыстарды (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына (бұдан әрі – Жарақтандыру нормалары) сәйкес жабдықтарды және жиһазды сатып алу;

      4) дәрі-дәрмектер мен басқа да медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алуға арналған;

      5) үй-жайды жалға алуға арналған шығыстарды;

      6) коммуналдық шығыстарды;

      7) пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстарды;

      8) ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық жабдықтарды, компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы жөндеуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстарды;

      9) жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандарды, құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дизинфекциялаушы құралдарды, жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алуға арналған шығыстарды;

      10) Қағидалардың осы тармағының 1) - 9) тармақшаларында көзделген шығыстарды жүргізумен байланысты банктік (қаржылық) қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстарды.

      11. Орта білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі шығыстардың мына түрлерін қамтиды:

      1) қызметкерлерге еңбекақы төлеу, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеу және салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарын, бірақ төменде көрсетілген шығыстардан басқа:

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8827 болып тіркелген) бекітілген Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен көзделген гимназиялық (лицейлік) компонентті төлеуге арналған шығыстар;

      жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың) бейіндік бағытының пәндері бойынша педагогикалық қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге арналған шығыстар;

      ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың және экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген экологиялық қасірет және радиациалық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін қосымша ақылар;

      2) білім алушыларды немесе тәрбиеленушілерді ғылыми, спорттық, шығармашылық және зияткерлік сайыстар мен іс-шараларға дайындау және қатыстыру;

      3) коммуналдық шығыстар;

      4) пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстар;

      5) ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық жабдықтарды, компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы жөндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

      6) жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандарды, құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дизинфекциялаушы құралдарды, жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алу;

      7) қызметкерлерге сыйлықақы беру;

      8) білім беру процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру (Жарақтандыру нормаларына сәйкес баспа және экранды-дыбыстық құралдарды, техникалық оқыту құралдарын, оқу-көрнекі құралдарын, демонстрациялық құралдарды, мектеп жиһазын, спорттық құрал-саймандар мен жабдықтарды, үлестіру және бақылау - өлшеу аспаптарын, музыкалық аспаптарды, көркемөнер материалдарын, оқушы керек-жарақтарын, қабырғаға ілінетін планшеттерді, үлестіру материалдарын, гербарийлерді, топтамаларды, нақпішіндерді, one-line сабақтар өткізу және жобаларды визуалдау үшін бағдарламалық жасақтамаларды, әдістемелік қорды, сондай-ақ бланкілерді, табельдерді, сынып журналдары мен борды сатып алу);

      9) күрделі шығыстар;

      10) Қағидалардың осы тармағының 1) - 9) тармақшаларында көзделген шығыстарды жүргізумен байланысты банктік (қаржылық) қызметтерге ақы төлеу.

      12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі шығыстардың мына түрлерін қамтиды:

      1) қызметкерлерге еңбекақы төлеу, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеу және салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарын;

      2) экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы және ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңдармен көзделген экологиялық қасірет және радиациалық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін қосымша ақылар;

      3) дуальды оқытуды іске асыру жағдайында өндірістегі тәлімгерлердің еңбекақысына өтемақы;

      4) оқу процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған шығыстарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес баспа және экранды-дыбыстық құралдарды, техникалық оқыту құралдарын, оқу-көрнекі құралдарын, демонстрациялық құралдарды, мектеп жиһазын, спорттық құрал-саймандар мен жабдықтарды, үлестіру және бақылау-өлшеу аспаптарын, музыкалық аспаптарды, көркемөнер материалдарын, оқушы керек-жарақтарын, қабырғаға ілінетін планшеттерді, үлестіру материалдарын, гербарийлерді, топтамаларды, нақпішіндерді, онлайн сабақтар өткізу және жобаларды визуалдау үшін бағдарламалық жасақтамаларды, әдістемелік қорды сатып алу;

      5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13149 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне сәйкес зертханалық-тәжірибелік сабақтарды және өндірістік оқытуды ұйымдастырумен, оқу, технологиялық және диплом алдындағы тәжірибе өтумен байланысты шығыстар;

      6) білім алушыларды ғылыми, спорттық, шығармашылық және зияткерлік сайыстар мен іс-шараларға дайындау және қатыстыру;

      7) оқулықтарды, оқу-әдістемелік әдебиет пен құралдарды сатып алу;

      8) коммуналдық шығыстар;

      9) пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстар;

      10) ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық жабдықтарды, компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы жөндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

      11) жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандарды, құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дизинфекциялаушы құралдарды, жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алу;

      12) дәрі-дәрмектер мен басқа да медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу;

      13) үй-жайды жалға алуға арналған шығыстар;

      14) Қағидалардың осы тармағының 1) - 13) тармақшаларында көзделген шығыстарды жүргізумен байланысты банктік (қаржылық) қызметтерге ақы төлеу.

      13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі шығыстардың мына түрлерін қамтиды:

      1) штаттық кесте мен тарифтеу тізіміне сәйкес еңбекақы төлеуге, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге және салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарына;

      2) білім беру бағдарламасына сәйкес зертханалық-тәжірибелік сабақтарды ұйымдастырумен және кәсіптік тәжірибе өтумен байланысты шығыстар;

      3) білім беру процесі үшін жабдықтарды сатып алумен байланысты шығыстар;

      4) оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті сатып алумен байланысты шығыстар.

      5) коммуналдық шығыстар;

      6) пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстар;

      7) ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық жабдықтарды, компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы жөндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

      8) жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандарды, құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дизинфекциялаушы құралдарды, жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алу;

      9) Қағидалардың осы тармағының 1) - 8) тармақшаларында көзделген шығыстарды жүргізумен байланысты банктік (қаржылық) қызметтерге ақы төлеу.

      14. Жекеменшік білім беру ұйымдары жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінде бөлінген бюджет қаражатын өз бетінше жұмсайды.