Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16120 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында және осы қаулының 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік болып тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 230 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау қызметін жүзеге асырған жағдайда, бағалы металдардан жасалған монеталардан басқа, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау жөніндегі операцияларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары (бұдан әрі – Ұлттық Банк филиалдары), екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Ұлттық пошта операторы және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – уәкілетті банктер) түпнұсқалығы мен төлемділігін айқындағаннан кейін олармен жекелеген операцияларды жүргізу тәртібі белгіленеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Заңды төлем құралының күші бар Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау

      3. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының (бұдан әрі – банкноттар мен монеталар) төлемділігі олардың Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы ретінде пайдаланылу қабілеті болып табылады.

      4. Төлем банкноттарына заңды төлем құралы ретінде күшін жоймаған, айналыстан алынбаған және айналыстан алынатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгілеген банкнот көлемдерінің 70%-нан (жетпіс пайыздан) кем емес, олардың номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша немесе сандық) сақтаған және елеусіз зақымдары бар (егер олар банкноттардың түпнұсқалығын анықтауға кедергі келтірмесе), оның ішінде тозған түпнұсқа банкноттар жатады.

      5. Төлем монеталарына заңды төлем құралы болып табылатын, айналыстан алынбаған және айналыстан алынатын, бүліну сипатына қарамастан аверсінде (бет жағында), реверсінде (сырт жағында) немесе гуртында (қырында), сондай-ақ биколорлыққа жататын монеталардың (түрлі металдардан дайындалған екі және одан көп құрамдас бөліктерден тұратын монета) екі бөлігінде жазбаша және (немесе) цифрлық белгілерін сақтап қалған түпнұсқалық монеталар, оның ішінде ақаулы (зақымданған) монеталар жатады.

      6. Ұлттық Банк айналысқа шығарған және қолдан жасалмаған банкноттар мен монеталар тұпнұсқа банкноттар және монеталар болып табылады.

      7. Төлем банкноттары мынадай болып бөлінеді:

      1) айналысқа жарамды;

      2) тозығы жеткен,

      3) айналыстан алынатын.

      8. Төлем монеталары мынадай болып бөлінеді:

      1) айналысқа жарамды;

      2) ақаулы (зақымданған);

      3) айналыстан алынатын.

      9. Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ақаулары жоқ банкноттар және Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген ақаулары жоқ монеталар айналысқа жарамды банкноттар мен монеталар болып табылады.

      Айналысқа жарамды банкноттар мен монеталар эмиссиялық ораудағы банкноттар мен монеталар және айналыстағы банкноттар мен монеталар деп бөлінеді.

      Жыртылған жерлері бар, банкнот өлшемінің бір бөлігін жоғалтпаған, есептеу-сұрыптау машинкаларында сұрыпталған банкноттар жарамды банкноттарға жатады.

      10. Мынадай ақаулары бар:

      1) бояғыш заттар төгілген;

      2) бөгде жазбалары бар, оның ішінде:

      ультракүлгін жарықты түсірген кезде көрінетін, арнайы химиялық ұнтақпен өңделген;

      машинамен оқылатын белгілерді көрсетпейтін;

      3) жыртылған, желімденген немесе желімденбеген бөліктері сөзсіз бір банкноттікі болып табылатын және бірге Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын (жетпіс пайызын) құрайтын банкноттар;

      4) бұрышынан немесе шетінен өлшемінің 1%-нан (бір пайызынан) астамын жоғалтқан, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын (жетпіс пайызын) сақтап қалған;

      5) түссіз жабысқақ лентамен желімденген жыртығы бар;

      6) банкноттағы тесіктердің болуы оны айналыстан шығару үшін тесілгенін білдіретін жағдайларды қоспағанда, диаметрі 3 (үш) және одан астам миллиметр болатын ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар;

      7) банкнот бейнесі жойылуына әкеп соқтырған сырылу белгілері бар;

      8) от шалған және күйген, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын (жетпіс пайызын) сақтап қалған;

      9) банкнот бейнесі мен ашықтығы төмендеуіне әкеп соқтырған, бет және (немесе) сырт жақтары кірлеген банкноттар тозған банкноттар болып табылады. Кірлеу дегеніміз шаңның, кірдің, майдың және басқа да ластағыш заттардың болуы салдарынан беті қарайған банкноттардың жай-күйі;

      10) үлбіреген және қағаздың қаттылығы жойылған;

      11) банкноттарды сақтау және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларда пайдаланылатын арнайы бояумен боялған банкноттар тозған банкноттар болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Ақаулы (зақымданған) монеталарға мынадай зақымдары бар:

      1) жаншылған, тесілген, майысқан, кетік, сынған, сырылған (механикалық өңдеуге (бедерлеуге) ұшыраған монеталарды қоспағанда);

      2) қышқылға күйдіріліп, қандай да бір металдар қосылған;

      3) жоғары температураның әсерінен зақымдалған;

      4) бастапқы түсін өзгерткен, бірақ аверсінде (бет жағында), реверсінде (сырт жағында) немесе гуртында (қырында) жазбаша және (немесе) цифрлық белгілерін сақтаған монеталар жатады.

      12. Уәкілетті банктерге келіп түскен төлемге арналған тозған банкноттар, ақуалы (зақымданған) монеталар сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді, Ұлттық Банктің филиалдарына беріледі және айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбасталады.

      13. Заңды төлем құралы болып табылатын және жаңа үлгідегі банкноттармен және монеталармен қатар айналыста болатын ескі үлгідегі банкноттар мен монеталар айналыстан алынатын банкноттар мен монеталар болып табылады.

      14. Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем банкноттары мен монеталары (тозған банкноттар мен ақаулы (зақымданған) монеталарды қоспағанда) барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін қабылданады.

      15. Уәкілетті банктер тозған төлем банкноттары мен ақаулы (зақымданған) монеталарды барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін шектеусіз қабылдайды.

3-тарау. Қазақстан Республикасындағы заңды төлем құралы болып табылмайтын банкноттар мен монеталар

      16. Заңды төлем құралы болып табылмайтын банкноттар мен монеталарға:

      1) заңды төлем құралы күшін жойған банкноттар мен монеталар;

      2) қолдан жасалған банкноттар мен монеталар;

      3) төлеуге жарамсыз банкноттар мен монеталар;

      4) ақаулы банкноттар мен монеталар жатады.

      17. Айналыстан алынған, сондай-ақ жарамсыз ету үшін тесілген банкноттар мен бедерленген монеталар заңды төлем құралы күшін жойған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      18. Ұлттық Банктің айналыстан алу туралы шешімінің негізінде заңды төлем құралы болуын тоқтатқан ескі үлгідегі банкноттар мен монеталар айналыстан алынған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      19. Арнайы механикалық өңдеуге ұшыраған (тесілген) банкноттар жарамсыз ету үшін тесілген банкноттар болып табылады.

      Ұлттық Банк жарамсыз ету үшін тесу белгілерінің сипаттамасын уәкілетті банктерге жібереді.

      20. Арнайы механикалық өңдеуге (бедерлеуге) ұшыраған монеталар бедерленген монеталар болып табылады.

      Ұлттық Банк бедерлеу белгілерінің сипаттамасын уәкілетті банктерге жеткізеді.

      21. Қайта жасалған банкноттар, сондай-ақ қолдан жасалған белгілері бар банкноттар мен монеталар қолдан жасалған банкноттар мен монеталар болып табылады. Банкноттар мен монеталардың қолдан жасалғанының анық белгісіне Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көрсетілген белгілер жатады.

      22. Ұлттық Банк айналысқа шығарған, бірақ банкноттың номиналын өзгертетін жапсырмасы бар, сурет салынған немесе мәтін немесе сандар басылған банкноттар қайта жасалған банкноттар болып табылады. Қайта жасалған банкноттың сыртқы түрі басқа номиналдағы түпнұсқалық банкноттың түріне ұқсас.

      23. Қолдан жасалған белгілері бар банкноттар мен монеталарға түпнұсқама болып табылмайтын және кез келген тәсілмен түпнұсқалық банкноттар мен монеталардың сыртқы түріне ұқсас етіп көрсететін банкноттар мен монеталар, сондай-ақ бір фрагменті жалған болып табылатын бірнеше фрагменттен тұратын банкноттар жатады.

      24. Қолдан жасалған банкноттар мен монеталар айырбасталуға, клиентке қайтарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына берілуге тиіс.

      25. Ұлттық Банк белгілеген өлшемнің 50% (елу) және одан да көп пайызынан айырылған банкноттар, "ҮЛГІ", "ОБРАЗЕЦ", "SPECIMEN", "МУЛЯЖ" деген жазуы бар банкноттар, сондай-ақ түпнұсқалық банкноттардың фрагменті бар және кесілген банкноттар төлемге жарамсыз болып табылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Аверсте (бет жағында), реверсте (сырт жағында) немесе гуртында (қырында) жазба және (немесе) цифрлық белгілері сақталмаған, сондай-ақ "МУЛЯЖ" жазуы бар монеталар төлемге жарамсыз болып табылады.

      27. Дайындау кезінде техникалық талаптардан көзге түсерліктей ауытқу (өлшемінің сәйкес келмеуі, жыртықтар, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, графикалық суреттің (бір және одан да көп) болмауы, түзетулер болуы, бояулардың араласып кетуі, бедердің араласып кетуі және (немесе) көмескіленіп көрінуі) жіберілген банкноттар мен монеталар ақауы бар банкноттар мен монеталар болып табылады. Банкноттар мен монеталар Ұлттық Банк сараптама жүргізгеннен кейін ақауы бар банкноттар мен монеталар болып табылады.

      28. Заңды төлем құралы болып табылмайтын банкноттар мен монеталар төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қабылдауға жатпайды.

4-тарау. Банкноттар мен монеталардың төлемділігін айқындау бойынша операцияларды және төлемділігі мен түпнұсқалығы айқындалғаннан кейін олармен жекелеген операцияларды жүзеге асыру

      29. Күмәнді банкноттар мен монеталар Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің 50%-ынан (елу пайызынан) астамын сақтаған, бүлінген, банкноттардың түпнұсқалығын айқындауды қиындататын банкноттар және бүлінген, монеталардың түпнұсқалығын айқындауды қиындататын монеталар болып табылады.

      30. Күмәнді банкноттар мен монеталарды уәкілетті банктер қабылдайды және олардың түпнұсқалығын және айырбастау мүмкіндігін айқындау үшін сараптамаға Ұлттық Банктің филиалдарына жібереді.

      31. Сараптама түпнұсқа деп таныған банкноттар мен монеталар айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбасталуы тиіс.

      32. Ұлттық Банк филиалының, уәкілетті банктердің касса қызметкерлері бүлінген банкноттардың сақталған көлемін анықтаған кезде торларды (Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшалар) пайдаланады.

      Бүлінген банкнот оның сериялық нөмірлері басылған беті көрінетіндей және сақталған шеттері тордың шектеріне дәл келетіндей етіп тиісті номиналға арналған торға орналастырылады. Егер банкноттың ешбір шеті толық сақталмаса, онда банкноттың ең аз зақымдалған екі шеті тордың төменгі және оң жақ шегімен беттестіріледі, бұл ретте оның бағытына мән берілмейді. Бүлінген банкноттың контуры айналдыра жиектеліп сызылады. Контурдың сызығы өткен торкөздер саны жинақталып қосылады да, екіге бөлінеді. Шыққан санға банкнотты жайып салған кезде жабылған торкөз саны қосылады. Шыққан нәтижеден бөлшек бөлігі алып тасталады. Егер алынған нәтиже тордың 140 (жүз қырық) немесе одан артық торкөзін құраса, банкнот айырбасталуға жатқызылады деп саналады.

      Ұлттық Банк филиалының касса қызметкерлері бүлінген банкноттың алаңын айқындауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Толтырылған торлар Ұлттық Банк филиалы, уәкілетті банк кассасының жеке ісінде сақталады. Торға оны толтырған касса қызметкері қол қояды және Ұлттық Банк филиалының және уәкілетті банктің касса меңгерушісі куәландырады. Қажет болған жағдайда, уәкілетті банк толтырылған торларды Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша ұсынады.

      34. Бірнеше фрагменттен тұратын банкнотты (оның ішінде әртүрлі номиналдыларын) зерттегенде, егер аталған фрагменттерді Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50 %-дан (елу пайыздан) астамы сақтаған болса немесе бұл еш даусыз бір банкнотқа жататын бірнеше фрагмент болып, олардың жиынтық шамасы Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50%-дан (елу пайыздан) астамын құраса, оларды (егер олар түпнұсқа болса) айналысқа жарамдыларымен алмастыру керек екенін ескеру қажет. Мұндайда банкноттың қанша бөлікке айрылып жыртылғанына (кесілгеніне) мән берілмейді. Фрагменттерді талдаған кезде, жыртылған (кесілген) сызығы, сутамғы белгілері, графикалық суреттері, жиектерінің көлемі, серия нөмірлері назарға алынады.

      35. Егер банкнот әртүрлі банкноттардың (оның ішінде әртүрлі номиналдағыларының) екі фрагментінен құралса және фрагменттердің әрқайсысының шамасы Банк белгілеген банкнот көлемінің 50%-дан (елу пайыздан) астамын құраса, онда бұл фрагменттердің әрқайсысы жеке банкнот болып қарастырылады және ол түпнұсқа болып табылған жағдайда, айналысқа жарамды банкноттарға айырбасталуға тиіс.

5-тарау. Банкноттар мен монеталардың машинамен оқылатын қорғаныш белгілерінің тізбесі

      36. Банкноттардың машинамен оқылатын қорғаныш белгілеріне мыналар жатады:

      1) банкноттың екі жағынан да тексерілетін, банкноттың көрінетін бейнесінің Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында ұсынылған ресми сипаттамасына сәйкес келуі;

      2) арнайы бояумен басылған сериясы мен нөмірінде ферромагниттік құрамдастардың болуы;

      3) ультракүлгін сәулелердің әсерінен банкнот бейнесіндегі люминесценция элементтерінің Ұлттық Банк уәкілетті банктерге жеткізген ақпараттық материалдарда көрсетілген ресми сипаттамаға сәйкес келуі;

      4) толқын ұзындығы 250-380 нанометр болатын ультракүлгін сәуле түсіргенде банкнот қағазының жылтырамауы.

      37. Ұлттық Банк және уәкілетті банктер банкноттарды өңдеген кезде Қағидалардың 36-тармағында көзделген, кемінде 2 (екі) машинамен оқылатын қорғаныш белгілерін таңдайды.

      38. Монеталардың машинамен оқылатын қорғаныш белгілеріне мыналар жатады:

      1) монета диаметрінің Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында ұсынылған ресми сипаттамасына сәйкес келуі;

      2) монетанның қалыңдығының Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында ұсынылған ресми сипаттамасына сәйкес келуі;

      3) монета салмағының Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында ұсынылған ресми сипаттамасына сәйкес келуі;

      39. Ұлттық Банк, уәкілетті банктер монеталарды өңдеген кезде Қағидалардың 38-тармағында көзделген, кемінде 2 (екі) машинамен оқылатын қорғаныш белгілерін таңдайды.

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2017 жылдан кейін эмиссияланған, номиналы 500 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 125 х 70 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)             (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2014 жылдан кейін эмиссияланған, номиналы 1000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 130 х 70 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)             (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының номиналы 200 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 126 х 64 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)             (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2006 - 2017 жылдар аралығында қоса алғанда эмиссияланған, номиналы 500 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 130 х 67 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)             (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2006 - 2014 жылдар аралығында қоса алғанда эмиссияланған, номиналы 1000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 134 х 70 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________       ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2006 - 2012 жылдар аралығында қоса алғанда эмиссияланған, номиналы 2000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 139 х 73 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________       ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2006 - 2011 жылдар аралығында қоса алғанда эмиссияланған, номиналы 5000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 144 х 76 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________             ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)                   (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2006 - 2016 жылдар аралығында қоса алғанда эмиссияланған, номиналы 10000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 149 х 79 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________       ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2022 жылға дейін қоса алғанда эмиссияланған, номиналы 20000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 155 х 79 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________       ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)             (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
10-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2012 жылдан кейін эмиссияланған, номиналы 2000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 135 х 70 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________       ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
11-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 11-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2011 жылдан кейін эмиссияланған, номиналы 5000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 140 х 70 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________       ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
12-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2016 жылдан кейін эмиссияланған, номиналы 10000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 145 х 70 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________       ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
13-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 13-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.07.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 2022 жылдан кейін эмиссияланған, номиналы 20000 теңгелік банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор Өлшемі 150 х 70 миллиметр









































































































































































































200 торкөз банкноттың 100%-дық шамасына сәйкес келеді

      Банкноттың түскен күні: ______________________

      Банкноттың деректемелері:

      шығарылған жылы ________________

      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі __________

      Банкноттың ауданы: _____________%

      Төлемділігін айқындауды тексерген:

      ____________________________________________       ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)       (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 230 қаулысына
2-қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 болып тіркелген, 2004 жылғы 10 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 30 (23668) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы № 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4610 болып тіркелген, 2007 жылғы 25 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 62 (1091) және 2007 жылғы наурыз-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 62 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6348 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 364-365 (26208) жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 251 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7983 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 746-751 (27823) жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8567 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 тамызда "Заң газеті" газетінде № 116 (2317) жарияланған) қоса берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер тізбесінің 2-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10217 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 230 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13316 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулылары тізбесінің 2-тармағы.