Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 16116 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысының 62-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Құжаттарды заңдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
М. Тілеуберді

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 11-1-2/576 бұйрығына
1-қосымша

Құжаттарды заңдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Құжаттарды заңдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 62-тармағына сәйкес әзірленді және құжаттарды заңдастыру тәртібін белгілейді.

      1-1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес "Құжаттарды заңдастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін реттейді.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің төлнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.

      3. Құжаттарды заңдастыруды:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – Консулдық қызмет департаменті);

      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдегі мекемелері) жүзеге асырады.

      4. Заңдастыру бойынша функциялар:

      1) Консулдық қызмет департаментiнде дипломатиялық қызметтің уәкілетті қызметкерлеріне (бұдан әрi – уәкілетті қызметкер);

      2) шетелдегі мекемелерде - консулдық лауазымды адамдарға (бұдан әрі – консул) жүктеледі.

      5. Алып тасталды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

2-тарау. Құжаттарды заңдастыру тәртібі

      7. Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) құжаттарды заңдастыру үшін Консулдық қызмет департаментіне немесе шетелдегі мекемеге еркін нысанда жасалған өтінішке қоса келесі құжаттарды береді:

      жеке тұлға үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

      2) заңдастыруға жататын құжат;

      3) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      заңды тұлға үшін:

      1) өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

      2) заңдастыруға жататын құжат;

      3) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      4) құрылтай құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

      5) өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).

      Заңдастыруға құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қабылданады.

      Шетелдік мекемелермен және ұйымдармен берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы және нотариалдық түрде куәландырылуы қажет.

      Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған және Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде әрекет жасауға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 тіркелді) бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереженің 10-тарауында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      Өтініш беруші Қағидалардың осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда уәкілетті қызметкер немесе консул өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжатты қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі "Құжаттарды заңдастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында, осы Қағидалардың 1 қосымшасына сай қамтылған.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтініш беруші Консулдық қызмет департаментіне немесе шетелдегі мекемеге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Құжаттарды заңдастыру өтініш берілген күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін.

      10. Консулдық қызмет департаменті:

      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсынылатын құжаттарды куәландыру бойынша әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымдары мен мекемелерiнің, нотариустардың және тұлғалардың шығыс құжаттарын;

      2) егер олар құжат шыққан шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесiнде олар алдын ала заңдастырылған болса, шетелдiк ұйымдар мен мекемелердің шығыс құжаттарын;

      3) егер олар құжат шыққан шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген және қоса атқаруы бойынша өкілдікті Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса, шетелдiк ұйымдар мен мекемелердің шығыс құжаттарын заңдастырады.

      11. Консулдық қызмет департаменті құжаттарды заңдастыруды жүзеге асыру үшін:

      1) құжаттарды куәландыру бойынша әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары мен нотариустардың;

      2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерде құжаттарды заңдастыруға уәкілетті лауазымды тұлғалардың қолтаңбалары мен мөрлердiң үлгiлерiн пайдаланады.

      Тиісті қолтаңба және мөр үлгілері болмаған жағдайда Консулдық қызмет департаменті құзыретті органға сұраныс жолдайды.

      12. Заңдастыруға ұсынылған құжаттың осы Қағидаларға сәйкестігіне көз жеткiзген уәкілетті қызметкер осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес құжаттың өзіне Консулдық қызмет департаментінің заңдастыру жазбасын қою арқылы құжатты заңдастырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Консул заңдастыруға:

      1) егер олар алдын ала болатын елінің заңнамасына сәйкес заңдастырылған болса, болатын мемлекеттің билеушілерінің;

      2) егер олар болатын елінде аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде заңдастырылған болса, шетелдік ұйымдар мен мекемелердің;

      3) Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнің және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсынылуға арналған шығыс құжаттарын қабылдайды.

      14. Құжаттарды заңдастыруды жүзеге асыру үшін консул:

      1) болатын мемлекетінің ұйымдары мен мекемелерінің шығыс құжаттарын заңдастыруға болатын мемлекетінің биліктегі уәкілетті лауазымды тұлғаларының;

      2) болатын мемлекетінде аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің және консулдық мекемелерінің заңдастыруға уәкілетті лауазымды тұлғаларының қолтаңбалары мен мөр үлгілерін пайдаланады.

      Тиісті қолтаңба және мөр үлгілері болмаған жағдайда шет елдегі мекеме құзыретті органға сұраныс жолдайды.

      15. Жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден Қазақстан Республикасының аумағында әзiрленген, бiрақ Консулдық қызмет департаментiнде заңдастырылмаған құжаттар келiп түскен кезде консул құжаттардағы қолтаңба мен мөрдің төлнұсқалығын анықтау мақсатында мұндай құжаттарды Консулдық қызмет департаментіне жiбереді. Оң жауап алынған жағдайда, консул аталған құжаттарды осы Қағидалармен көзделген тәртiпте заңдастырады.

      16. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасында әзiрленген, бiрақ Консулдық қызмет департаментiнде заңдастырылмаған құжаттар консулға келiп түскен жағдайларда және егер болатын мемлекеттiң заңнамасы бойынша мұндай құжаттарды заңдастыру талап етілсе, консул оларды заңдастырады.

      17. Заңдастыруға ұсынылған құжаттың осы Қағидаларға сәйкестігіне көз жеткiзген консул осы Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес құжаттың өзіне шетелдегі мекеменің заңдастыру жазбасын қою арқылы құжатты заңдастырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартуы мүмкін:

      1) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтағанда;

      2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Заңдастыру жазбасы құжатқа, ал құжатта орын болмаған жағдайларда, ол жазба қоса тiркелетiн, заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылған жеке парақта жасалады.

      Заңдастыру жазбасын мастикалы мөртабанмен жасауға рұқсат етіледі.

      20. Консулдық қызмет департаменті және шетелдегі мекемелер осы Қағидалардың 4 қосымшасына сәйкес заңдастырудан өткен құжаттарды есепке алу бойынша тізілімді жүргiзедi.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Уәкілетті қызметкер және консул мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Уәкілетті қызметкердің немесе консулдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі немесе шетелдегі мекеме басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша уәкілетті органға беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғалар – өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және пошталық мекенжайын;

      2) заңды тұлғалар – өзінің атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және уақытын көрсетеді.

      Шағымға көрсетілетін өтініш берушінің қолы қойылады.

      Уәкілетті қызметкердің немесе консулдың атына тікелей келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Өтініш беруші көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Құжаттарды заңдастыру
қағидаларына
1-қосымша

"Құжаттарды заңдастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мерзімнін ұзартылғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тапсырылған құжаттарды заңдастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 қаулысына және шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша өзара түсіністік қағидаты негізінде тегін көрсетілуі мүмкін.

7

Жұмыс кестесі

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондау мүмкіндігімен, жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.mfa.gov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі қажетті құжаттар тізбесі:
жеке тұлға үшін:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
3) заңдастыруға жататын құжат;
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
заңды тұлға үшін:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
3) заңдастыруға жататын құжат;
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
5) құрылтай құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
6) өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтағанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекетік қызметі көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.


  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 11-1-2/576 бұйрығымен
бекітілген
"Құжаттарды заңдастыру
қағидаларына
№ 2 қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Консулдық қызмет департаментiнің заңдастыру жазуы

      Осы құжат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде заңдастырылды.

      This document is legalized in the Department of Consular Service of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan.

      20___ жылғы "___" ___________,

      № ___________

      Лауазымды қызметкер/Official

      ______________________

      Лауазымды қызметкер құжатта баяндалған фактілерді растамайды.

      Official does not confirm the facts stated in the document.

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 11-1-2/576 бұйрығымен
бекітілген
"Құжаттарды заңдастыру
қағидаларына
№ 3 қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің заңдастыру жазуы

      Осы құжат _____________________________________________ заңдастырылды.

      (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінің атауы)

      This document is legalized in _____________________________________________

      (name of the embassy/ consulate general/consulate of the Republic of Kazakhstan)

      20___ жылғы "___" ______________,

      № _____________

      Консулдық лауазымды тұлға/consular officer ____________________

      Консулдық лауазымды тұлға құжатта баяндалған фактілерді растамайды.

      Consular officer does not confirm the facts stated in the document.

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 11-1-2/576 бұйрығымен
бекітілген
"Құжаттарды заңдастыру
қағидаларына
№ 4 қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 № 11-1-4/141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Заңдастырудан өткен құжаттарды есепке алу жөніндегі тізілім

р/с

Заңдастыру күні

Құжаттардың атауы, кімнің атына, кім және қашан берді, берілген күні және нөмірі

Өтініш берушінің аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)

Өтініш берушінің төлқұжаты, кім және қашан берді

Консулдық алымның сомасы

Түбіртектің №

Өтініш берушінің қолы

Уәкілетті қызметкер/консул


  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 11-1-2/576 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1350 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 жылы, № 2.).

      2. "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 08-1/262 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4418 болып тіркелген, 2006 жылғы 11 қарашадағы № 46 (307) "Заң газет" газетінде жарияланған).

      3. "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 08-1-1-1/613 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9068 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпандағы № 35 (28259) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 08-1-1-1/463 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9875 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 11-1-2/348 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12087 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазаңда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 11-1-2/567 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде № 12836 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).