"Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 11-1-2/567 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 қаңтарда № 12836 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 06.12.2017 № 11-1-2/576 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1350 болып тіркелген, 2001 жылғы № 2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелерінде:

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Құжаттар мен актілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу үшін Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне және консулдық мекемелеріне ресми түсіндіру алу үшін сұрау салады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е.Ыдырысов