"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 460) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі құрылыстағы баға белшідеу бойынша нормативтік құжаттар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың щамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес құрылыстағы инжинирингтік қызметтер шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 11.05.2018 № 102-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11905 болып тіркелген, 2015 жылы 25 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы |
М. Жайымбетов |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі – Нормативтік құжат) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде құрылыстың сметалық құнын айқындауға арналған.
Басқа да қаржыландыру көздерінің есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша Нормативтік құжаттың ережелері ұсынымдық сипатқа ие және анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Нормативтік құжат құрылыстың құнын айқындау үшін нормативтік негіз болып табылады және құрылыстағы баға белгілеу мен объектілердің құрылысына арналған сметаларды (сметалық есептерді) жасау бойынша негізгі қағидаттардан және әдістемелік ережелерден тұрады.
3. Осы Нормативтік құжаттың нормативтік-әдістемелік ережелері ағымдағы бағалардағы құрылыстың құнын айқындау бойынша қолданыстағы сметалық-нормативтік базаның негізінде жасалды.
4. Осы Нормативтік құжатта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы бағалар – нақты кезеңге (тоқсанға, жарты жылға, жылға) арналған құрылыс ресурстарының бағалары;
2) болжанбаған жұмыстар мен шығындар – орындау сипаты мен әдістері жобалау кезінде, сондай-ақ, бекітілген (сараптамадан өткен) жобалау-сметалық құжаттамасындағы қателерді құрылыс процесінде табу және жұмыс сызбаларында және/немесе смет алық құжаттамада есепке алынбаған шығындарды анықтау кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдері мен құнын құрылыс процесінде нақтылаумен байланысты шығындарды өтеуге арналған қаражат сомасы;
3) ғимарат – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн.
Сызықтық құрылыстарға темір және автомобильдік жолдар, электр берілісі және байланыс желілері, магистралдық құбыр өткізгіштер жатады.
4) ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу – олардың физикалық тұрғыдан тозуына және бұзылуына байланысты ғимараттардың (құрылыстардың) жекелеген бөліктерін немесе тұтас конструкцияларды, бөлшектерді және инженерлік-техникалық жабдықты қалпына келтіру немесе олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын неғұрлым ұзақ уақытқа төзімді және үнемділерге ауыстыру жөніндегі жұмыстар;
5) ғимараттардың (құрылыстардың) инженерлік жабдығы – материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін адамдардың өмір сүруінің (тұрмысы), еңбек қызметінің (болу), сондай-ақ технологиялық жадықты және өндірістік процестерді инженерлік қамтамасыз етудің нормативтік не қолайлы шарттарын қалыптастыратын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылардың кешені. Ғимараттардың (құрылыстардың) инженерлік жабдығы сумен жабдықтау (суық және ыстық), кәріз, жылу, ауаны желдету, баптау, газбен жабдықтау жүйелерінің құрылғыларын, электр жабдығын, көтеру-көлік құрылғыларын (лифтілер, эскалаторлар), қоқыс жинау, шаң жинау, өрт сөндіру, дабыл, телефондандыру, радиоландыру құралдарын және ішкі абаттандырудың басқа да түрлерін қамтиды;
6) жабдық – объектілердің технологиялық және инженерлік жабдығы;
7) жаңа құрылыс – жаңа объект немесе жаңа өндірістік қуат құру мақсатында жаңа алаңдарда жүзеге асырылатын, пайдалануға берілгеннен кейін дербес теңгерімде болатын жаңадан құрылатын кәсіпорындардың, жеке өндірістердің жеке объектілерінің, ғимараттар мен құрылыстарының, негізгі, қосалқы және қызмет көрсету объектілері кешенінің құрылысы, таратылатын кәсіпорынның орнына жаңа алаңда сондай немесе одан да көп қуаттағы (өнімділігі, өткізу қабілеті, ғимараттың немесе құрылыстың сыйымдылығы) кәсіпорынның құрылысы;
8) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимаратты немесе құрылысты (бұдан әрі - объект) кеңейту – жұмыс істеп тұрған объектідені қосымша өндірістердің, алаңдардың, қуаттардың құрылысы, сондай-ақ, қосымша немесе жаңа өндірістік қуаттар құру мақсатында жұмыс істеп тұрған объектілердің немесе оларға жақын орналасқан алаңдардың аумағына негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы жаңа жеке цехтар мен объектілердің құрылысы немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту. Жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейтуге, сондай-ақ олардың құрамына кіретін филиалдар мен өндірістердің құрылысы жатады, олар пайдалануға берілгеннен кейін дербес теңгерімде болмайды. Егер жобалық пысықтау барысында объектіні кеңейтумен бір уақытта негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы жұмыс істеп тұрған цехтар мен объектілерді қайта жаңартуды жүзеге асыру қажеттілігі және оның экономикалық орындылығы анықталса, тиісті жұмыстар мен шығындар объектіні кеңейту жобасының құрамына енгізіледі. Бұл ретте, жұмыс істеп тұрған цехтар мен объектілерді қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар мен шығындар сметалық және жиынтық сметалық есептерге жеке жолмен енгізіледі;
9) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимаратты немесе құрылысты қайта жаңарту – өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа өнім алуға, өндірісті жетілдіруге және ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі заманғы жетістіктерінің негізінде оның техникалық-экономикалық деңгейін жақсартуға бағытталған негізгі мақсаттағы жаңа объектілер мен цехтардың құрылысынсыз және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтпей, бірыңғай кешенді жоба бойынша объектіні қайта жайластыру; негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштердің (пәтерлердің саны мен ауданы, құрылыс көлемі және ғимараттың жалпы ауданы, сыйымдылығы немесе өткізу қабілеті немесе оның арналуы) өзгерістерімен оның жұмыс істеуін жақсарту үшін ғимаратты немесе құрылысты қайта құру, үй-жайларды жоспарлауды өзгерту, қондырмаларды, жапсарлас және жалғаспа құрыластарды тұрғызу;
10) құрылыс – құрылысы, құрылыс құнының жиынтық сметалық есебімен бірге бірыңғай жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүзеге асырылатын әртүрлі мақсаттағы (өндірістік, әлеуметтік, көлік және басқа да инфрақұрылым) ғимараттар мен құрылыстардың (объектілердің) жиынтығы;
11) құрылыстағы баға белгілеу – құрылыс өнімінің құнын белгілеу тетігі;
12) құрылыс кезегі – ғимараттар немесе құрылыстар тобының бір немесе бірнеше іске қосу кешендерінен тұратын құрылыстың бір бөлігі, оларды пайдалануға беру жобада көзделген өнімдерді шығаруды немесе қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етеді. Құрылыс кезегіне арналған жобалау-сметалық құжаттама құрылыс құрамында және жеке жобамен белгіленген тәртіппен бекітуге жатады;
13) құрылыс ресурстары – жұмысшылар мен машинстердің еңбек шығындары, құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалану уақыты, құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар, жабдық;
14) материалдық ресурстар – құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар және инженерлік жабдық;
15) мердігердің сметасы (оферта) – мердігерлік жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстарға қатысу үшін меншікті ұйымдық-технологиялық мүмкіндікті ескере отырып, олар жасайтын мердігердің конкурстық ұсынысының құрамындағы сметалық құжаттама;
16) объект – оған жататын барлық жайластырулармен, жабдықпен, жиһазбен, мүкәммалмен, қосалқы және қосымша құрылғылармен, оған іргелес орналасқан инженерлік желілермен және жалпы алаңдық материалдармен жеке тұрған ғимарат немесе құрылыс немесе ортақ технологиялық немесе өзге де мақсттағы ғимараттар мен құрылыстардың жиынтығы;
17) объектілердің құрылысы – кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың жаңа құрылысы, оларды қайта жаңарту, кеңейту, кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу;
18) прайс-парақша – кәсіпорындар (өндірушілер, жеткізушілер) ұсынатын материалдық ресурстарға арналған бағалар тізбесі;
19) ресурстық әдіс – құрылыс жобасын іске асыру үшін шығындар (ресурстар) элементтерінің ағымдағы бағаларында және тарифтерінде калькуляциялау жолымен құрылыстың құнын айқындау әдісі;
20) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
21) сметалық құжаттама – құрылыстағы сметалық құнды айқындайтын құрылыс жобасының құрамындағы құжаттама;
22) сметалық құн – құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын объект құрылысының құны;
23) сметалық нормалар – құрылыс, монтаждау және басқа да жұмыстардың қабылданған өлшеуішіне белгіленген ресурстардың (құрылыс қызметкерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс істеу уақытының, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттіліктің шығындары) жиынтығы немесе есептеудің қабылданған базасынан пайыздарда көрсетілген құрылыс кезіндегі жекелеген шығыстар мен шығындардың мөлшерін көрсететін салыстырмалы шамалар;
24) сметалық нормативтер – құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін негіз болып табылатын және келесілерді қамтитын баға белгілеу мен сметалар бойынша нормативтік құжаттар кешені:
объектілер құрылысының құнын айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар;
қабылданған өлшеуішке белгіленген құрылыстағы жұмыстарға арналған сметалық нормалар;
есептеудің қабылданған базасынан пайыздарда көрсетілген құрылыстағы жекелеген шығыстар мен шығындарға арналған сметалық нормалар;
ірілендірілген сметалық нормалар;
құрылыс ресурстарына арналған сметалық бағалар;
25) сметалық-нормативтік база – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіпте бекітілетін және қолданысқа енгізілетін, уақыттың белгілі бір кезеңінде бірге қолданыста болатын және құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін нормативтік-құқықтық негізді құрайтын, бірыңғай тұжырымдамалық-әдістемелік негізде әзірленетін мемлекеттік сметалық нормативтер;
26) сметалық пайда – жұмыстардың өзіндік құнына жатқызылмайтын шығыстарды өтеуге, мердігерлік ұйымды дамытуға, оның қызметкерлерін қосымша материалдық ынталандыруға арналған құрылыстың сметалық құнының нормативтік бөлігі болып табылатын қаражат сомасы;
27) тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің) сметасы – инвестициялық қызметті жоспарлауға және объект құрылысы үшін тапсырыс берушінің қаражат лимитін айқындауға, сондай-ақ, құрылыстағы жұмыстар мен қызметтерге сатып алу жүргізуге арналған мемлекеттік сметалық нормативтік құжаттардың негізінде жасалатын сметалық құжаттама;
28) техникалық қайта жарақтандыру – озық технология мен жаңа техниканы енгізудің, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың, ескірген және физикалық тозған жабдықтарды жаңғырту және жаңаларына, неғұрлым өнімділеріне ауыстыру негізінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жекелеген өндірістерінің, цехтары мен учаскелерінің техникалық-экономикалық деңгейін арттыру, сондай-ақ, кәсіпорынның шаруашылық және қосалқы қызметтерін жетілдіру бойынша іс-шаралар кешені;
29) технологиялық жабдық – әр түрлі технологиялық процестерді іске асыратын технологиялық желілер, станоктар, қондырғылар, аппараттар, машиналар, тетіктер, аспаптар және басқа да құрылғылар, олардың нәтижесінде энергия өндіріледі, жартылай фабрикат, дайын өнім жасалады немесе оларды өткізу, сондай-ақ, технологиялық процестердің басқарылуын автоматтандыруды қамтамасыз ететін оларға ілеспе процестер, байланыс және бақылау функциялары қамтамасыз етіледі; технологиялық жабдық пен технологиялық процестердің жұмысын қамтамасыз етумен байланысты санитарлық-техникалық жабдық; негізгі жабдықпен жиынтықта жеткізілетін байлау құбыр өткізгіштері, құбыр өткізгіш арматурасы, металл конструкциялар, ұштары бөлшектенген кабельдердің өлшейтін учаскелері; қолданысқа енгізілетін кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану үшін қажетті құралдың, технологиялық жарақтар мен мүкәммалдың бастапқы қоры, жабдықтың қосалқы бөлшектері;
30) ұқсас объект – өзінің функционалдық арналуы және техникалық сиаттамалары бойынша жобаланатын объектімен ұқсас (салыстырмалы) және үлгі ретінде неғұрлым тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар объект;
31) үстеме шығыстар – өндірістің жалпы шарттарын қалыптастырумен, оған қызмет көрсетумен, ұйымдастырумен және басқарумен байланысты құрылыс-монтаждау ұйымдарының шығындарын өтеуге арналған, сондай-ақ, құрылыстың сметалық құнының басқа да құрамдас бөліктерімен ескерілмеген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеуге арналған қаражат сомасы;
32) шефмонтаж – ұйымдастырушылық-техникалық нұсқаулық және жабдықты оны пайдалануға беруге дейін монтаждау және тапсырыс беруші мамандарының кепілдік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстарды орындауын жабдықты дайындаушы-кәсіпорын мамандарының тарапынан қадағалау, консультациялар жүргізу және тапсырыс берушінің мамандарын оқыту;
33) ірілендірілген сметалық нормалар – объект қуатының бірлігіне арналған қажетті ресурстардың санын айқындайтын туынды сметалық нормалар, ірілендірілген конструктивтік элементтер немесе жұмыстардың ірілендірілген түрлері;
34) іске қосу кешені – құрылыстың немесе оның кезегінің бір бөлігі болып табылатын объектілердің (немесе оның бөліктерінің) тобы, оларды пайдалануға енгізу жобада қабылданған өнім шығаруды немесе қызметтер көрсетуді, қызмет көрсетуші персонал үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін еңбек шарттарын, қоршаған ортаны қорғауды және пайдаланудың қалыпты (қолданыстағы нормаларға сәйкес) санитарлық-эпидемиологиялық шарттарын қамтамасыз етеді. Іске қосу кешені жобада көзделген өнім шығаруды немесе қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа құрылыс объектілерінің немесе бөліктерінің жиынтығын білдіреді және жеке-дара немесе қолданыстағылармен кешенде пайдаланылуы мүмкін. Іске қосу кешені бойынша жобалау-сметалық құжаттама құрылыс құрамында және жеке жобамен белгіленген тәртіппен бекітуге жатады;
35) элементтік сметалық нормалар – құрылыстағы жұмыстардың жеке түрлерін орындауға арналған заттай көрсеткіштердегі қабылданған өлшеуішке құрылыс ресурстарының шығысын айқындайтын бастапқы деңгейдегі сметалық нормалар.
2. Құрылыстағы баға белгілеу әдістемесінің негізгі талаптары мен шарттары
5. Баға белгілеу әдістемесіне және объектілерді салудың сметалық құнын айқындау рәсімдеріне қойылатын негізгі талаптар сенімділік, транспаренттілік (ашықтық), жеделдік, әмбебаптық болып табылады.
6. Сметалық нормалар жұмыстың түрлері бойынша технологиялық карталардың, хронометраждық жұмыстардың нәтижелері, шет елдердің ілгерішіл нормаларын, есептеу-талдау әдістері негізінде әзірленеді, олардың нәтижелері бойынша элементтік сметалық нормалар деңгейінде құрылыс ресурстарына қажеттіліктер және оларды есептеудің қабылданған базасынан пайыздардағы лимиттелген шығындардың нормалары айқындалады.
Сметалық нормалар техника мен технологияның қол жеткізілген орташа салалық деңгейін ескереді.
Сметалық нормаларда қалыпты (стандарттық, орташаландырылған) шарттарда жұмыстардың белгілі бір түрін орындау үшін қажетті операциялардың толық кешені ескеріледі. Жұмыстарды ерекше (қысылтаяң, газдылық жағдайларында, жұмыс істеп тұрған жабдыққа жақын жерде) жүргізу кезінде сметалық нормаларға сметалық нормаларды қолдану жөніндегі техникалық құжаттарда және құрылыс жұмыстарына, жабдықты монтаждауға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына арналған ресурстардың элементтік сметалық нормалардың жинақтарына техникалық бөлімдерде келтірілген коэффициенттер қолданылады.
7. Материалдық ресурстарға және машиналар мен тетіктерді пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын ресурстарға арналған сметалық бағалар Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша олардың ағымдағы бағаларына мониторинг негізінде айқындалады және құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде сметалық құжаттаманы жасау үшін нормативтік негіз ретінде пайдаланылады.
8. Сметалық жалақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормалары ескеріле отырып және мемлекеттік статистика деректері бойынша айқындалады.
"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағының негізінде Ұлттық әл-ауқат қорының Директорлар кеңесі бекітетін қағидаларға сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен өнім берушіні таңдау арқылы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық әл-ауқат қорына тікелей немесе жанама тиесілі мұнай-газ кешені ұйымдарының күшімен салу жоспарланған объектілер бойынша сметалық жалақы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық әл-ауқат қорына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың ішкі құжаттарына сәйкес жұмысшы кәсіптерінің тарифтік сеткасының негізінде айқындалады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 12.02.2018 № 30-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Құрылыстың сметалық құны жобалау материалдары және сметалық-нормативтік база негізінде ағымдағы бағаларда айқындалады.
10. Мыналар құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін негіз болады:
1) жобалауға арналған тапсырма (техникалық тапсырма) және тапсырыс берушіден бастапқы деректер;
2) қолданыстағы сметалық нормалар;
3) мониторинг нәтижелері бойынша ресурстарға арналған ағымдағы бағалар.
11. Жобалау сатысындағы сметалық құн конструкцияларға және жұмыстардың түрлеріне арналған сметалық құнның ірілендірілген көрсеткіштерін, ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларын және құрылыс ресурстарына арналған сметалық бағалардың қолданыстағы жинақтарын пайдалана отырып, осы Нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады. Жобаланатын объект құрылысының сметалық құны сараптама органдарына жобаны ұсыну кезеңіне ағымдағы бағаларда қалыптастырылады.
12. Тапсырыс беруші жобаны (жобалау-сметалық құжаттамасын) сараптамалық ұйымға ұсынудың алдында құрылыстың сметалық құнын келіседі.
13. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін тапсырыс беруші заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыстың сметалық құнын бекітеді және ол құрылысқа мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды және/немесе құрылыс объектілерін іске асыруға қаражат лимитін айқындау үшін негіз болып табылады.
14. Құрылысы бір күнтізбелік жылдан астам уақытқа жоспарланатын объектілер бойынша құрылыстың сметалық құны нормативтік ұзақтыққа және құрылыстағы бітеме нормаларына сәйкес және айлық есептік көрсеткіштің өзгерістер индексі арқылы алдағы кезеңдердегі көлемдерін индекстеумен күнтізбелік жылдар бойынша инвестициялардың көлемдерін бөлу жолымен айқындалады. Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 22-тармағына сәйкес жыл сайын жаңартылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын тиісті бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына сәйкес айқындалды.
15. Мердігерлік шартында тіркелетін құрылыстың шарт бағасы тапсырыс берушінің сметасында белгіленген қаражат лимиті шегінде оның сметасы (офетасы) бойынша мердігердің ұтқан ұсынысының бағасы негізінде мердігерлік жұмыстарды сатып алу нәтижелері бойынша сатып алу саласындағы заңнамаға сәйкес айқындалады.
Шартқа қол қою кезінде сатып алу нәтижелері бойынша шарттың жалпы сомасын айқындайтын және шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шарт бағасының ведомосты тапсырыс беруші мен мердігер қол қояды және қалыптастырады.
16. Мердігердің сметасы (оферта) еңбекақы төлеу, құрылыс машиналарын пайдалану құны, нақты мәмілелер, қолданыстағы келісім-шарттар немесе оларды жеткізуге арналған ұсыныстар бойынша материалдық ресурстардың құны бойынша, үстеме шығыстрдың нақты деңгейі бойынша мердігердің деректері негізінде құрылыс ресурстарын қайта бағалаумен тапсырыс берушінің сметасы негізінде ағымдағы бағаларда ресурстық әдіспен жасалады.
Тапсырыс берушіні сметасы электрондық форматтағы конкурстық (тендерлік) құжаттаманың құрамында әлеуетті мердігерлерге беріледі.
Тапсырыс беруші сметасының негізінде мердігердің сметасын жасау кезінде жоба бойынша жұмыстардың атауы және нақты көлемдері, құрылыс ресурстарының нормативтік шығыстары, жоба бойынша құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың, жабдықтың сапалық және сандық құрамы (тапсырыс беруші сметасының ресурстық бөлігі) өзгеріссіз қалады.
Мердігердің сметасын (офертасын) дайындау кезінде әлеуетті жеткізуші (мердігер) ол құндық жеңілдікті ұсынатын ресурстарға дербес таңдайды. Жиынтық сметалық есептің барлық тараулары бойынша өз құрамында құрылыс объектілері (ғимараттары мен құрлыстары) бар ірі құрылыстарда мердігердің сметасына (офертасына) енгізілген бір текті ресурстар тиісті позициялар бойынша әрбір жеке смета бойынша бөлінуі және шарт бағасын қалыптастыру кезінде ескеріледі.
3. Құрылыстың сметалық құнының құрамы және құрылымы
17. Инвестициялар құрылымына және құрылысты жоспарлау және ұйымдастыру тәртібіне сәйкес құрылыстың сметалық құны жұмыстар мен шығындардың мынадай түрлері бойынша бөлінеді:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстары;
2) жабдыққа, жиһаз бен мүкәммалға арналған шығындар;
3) өзге де шығындар.
18. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 231 бұйрығымен бекмен бекітілген Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамындағы жұмыстар (қызметтер) түрлерінің тізбесіне сәйкес (№ 10766 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) жұмыстар енгізіледі, оның ішінде:
1) уақытша инженерлік желілердің, жолдардың, қойма алаңдарының құрылғысымен, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзумен байланысты дайындық жұмыстары;
2) жер қазу жұмыстары және топырақтағы арнайы жұмыстар;
3) ғимараттар мен құрылыстардың (оның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, тоннельдер және метрополитендер, жол өтпелер, құбыр өткізгіштер, өзге де жасанды құрылыстардың) салмақ түсетін және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызу;
4) сызықтық құрылыстарды төсеу бойынша арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары;
5) сыртқы инженерлік желілердің және құрылыстардың, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелердің құрылғысы;
6) конструкциялар мен жабдықты қорғау және әрлеу бойынша жұмыстар;
7) автомобильдік және темір жолдардың құрылысы;
8) оны тұрақты пайдалану орнында құрастыруды және жобалық жағдайға орнатуды, жеке сынауды және жүктемемен сынауды, сондай-ақ бөлшектеуді қоса алғанда, технологиялық жабдықты монтаждау;
9) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру кезінде жүзеге асырылатын бөлшектеу жұмыстары.
19. Құрылыс объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған, оның ішінде жеке дайындаудағы жабдыққа, жиһазға, мүкәммалға қойылатын негізгі талаптар тапсырыс беруші бекітетін жобалауға арналған тапсырмада, сондай-ақ жобаның тиісті бөлімдерін әзірлеу нәтижелері бойынша жобалау барысында белгіленеді.
20. Құрылысқа арналған сметаларда ескерілетін жабдықтың, жиһаздың және мүкәммалдың құнына мыналар жатады:
1) мыналарды сатып алудың (дайындаудың) және объектінің жанындағы қоймаға жеткізудің құны:
монтаждалатын немесе монтаждалмайтын (технологиялық, энергетикалық, көтеру-көлік, сорғы-компрессорлық және басқа да жабдық) жабдықтың, электрондық есептеу орталықтары, зертханалар, әртүрлі мақсаттағы шеберханалар, медициналық кабинеттер жабдығының барлық түрлерінің кешендері;
бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматтандыру және байланыс құралдарын;
қолданысқа енгізілетін өндірістердің бастапқы қорына енгізілетін құрал, мүкәммал, мөртабандар, құрылғылар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер, жартылай фабрикаттар немесе дайын өнімді тасымалдауға арналған арнайы контейнерлер;
жатақханаларды, коммуналдық шаруашылық, ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау, сауда объектілерді бастапқы жарақтандыру үшін талап етілетін жабдық, жиһаз, мүкәммал, құрал және ішкі бұйымдарының басқа да заттары;
қалалардың және өзге де елдімекендердің сыртқы бұйымдарының және оларды абаттандыру жабдығы, жиһазы, мүкәммалы (көше жиһазы және мүкәммалы, қалалық ортадағы сәндік композициялар және өзгелері);
2) стандартты емес жабдықтың құны;
3) шефмонтаждың құны (шефмонтаж шарттарында жеткізілетін жабдық үшін).
21. Өзге де шығындар тапсырыс берушінің және мердігердің шығындарына (мердігерлік жұмыстарға жататын) бөлінеді.
Мердігер орындайтын өзге де жұмыстар мен шығындардың тізбесі осы Нормативтік құжатқа 1-қосымшада келтірілген.
22. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны мен жабдыққа, жиһазға және мүкәммалға арналған шығындар құрылыс құрамына кіретін жеке объектілер шегінде айқындалады, ал өзге де шығындар жалпы құрылыс бойынша айқындалады. Құрылыс құрамында жеке объектілерді бөлу және олардың шекараларын айқындау құрылысты жоспарлау және ұйымдастыру үшін құрылыс бойынша сметалық құжаттамадағы шығындарды оңтайлы құрылымдау шартына сүйене отырып, жүзеге асырылады.
Құрылыстың арнайы түрлерінің ерекшеліктері, сондай-ақ осы немесе өзге ғимараттармен құрылыстарды жеке объектілерге жатқызу кезінде ескеріледі. Сметалық құжаттаманы жасау кезінде жеке объектілер ретінде құрылыстардың түрі мен құрылыстың ерекшелігіне байланысты бөлінеді:
өндірістік немесе тұрғын үй-азаматтық кешендердің құрылысы кезінде - оларға қызмет көрсетуші және қосалқы құрылыстармен бірге сыртқы желілер (сумен жабдықтау, кәріз, жылу жүргізу, газдандыру, энергиямен жабдықтау), кірме жолдары, орам ішілік жолдар, жалпы алаңдық жұмыстар;
мұнай және газ өнеркәсібіндегі арнайы құрылыс кезінде – оған жататын барлық жабдықпен, қосалқы құрылыстармен және жұмыстармен мұнай немесе газ ұңғымасы (пайдалану немесе барлау);
көмір және тау-кен өнеркәсібіндегі арнайы құрылыс кезінде – тау-кен қазбалары мен шахтаның басқа да жер асты құрылыстарын үңгілеу және жабдықтау;
орман және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі арнайы құрылыс кезінде – сүректі сұрыптау немесе жинау жөніндегі телім;
жер өңдеудегі және су шаруашылығындағы арнайы құрылыс кезінде – арна немесе барлық құрылыстармен арнаның телімі, барлық құрылыстармен және жұмыс түрлерімен өңделетін жер алабы;
темір жол құрылысында – айдап өту немесе бөлшек пункт шегіндегі топырақ төсемі немесе жоғары құрылыс, белгілі бір телімдегі байланыс, дабыл, орталықтандыру, бұғаттау, энергиямен жабдықтау желілері немесе байланыс желісі;
автожол құрылысында – топырақ төсемі, жол жабыны, су өткізу құбырлары және автожол телімі шеңберіндегі басқа да құрылыстар;
сызықтық құрылыс кезінде (темір жол және автомобиль жолдары, магистральдық құбырлар, электр беру және байланыс желілері) – телімдердің бірі шегіндегі ғимараттар мен құрылыстардың тобы (мысалы: тірек қабырғалары, көшкінге қарсы немесе опырылымға қарсы құрылыстар, су өткізу құрылыстары – өтпе шегінде; айырық бекеттері, техникалық бақылау пункттері – бөлшек пункт шегінде; күшейту пункттерінің, байланыс және дабыл, орталықтандыру, бұғаттау құрылғылары тобы – белгілі бір телімде).
4. Сметалық құжаттаманың құрамы және түрлері
23. Сметалық құжаттаманың құрамы әзірленетін жобалау-сметалық құжаттаманың кезеңділігіне, объектінің ерекшеліктері мен техникалық күрделілігіне байланысты айқындалады.
Жобаның (жұмыс жобасының) құрамына мыналар кіреді:
1) шығындар мәліметі (қажет болған кезде);
2) жиынтық сметалық есеп;
3) құрылыс құнының сметалық есебі;
4) объектілік және жергілікті сметалар;
5) объектілік және жергілікті сметалық есептер;
6) шығындардың жеке түрлеріне арналған сметалық есептер (қажет болған кезде);
7) іске қосу кешеніне кіретін объектілерді салудың сметалық құнының ведомосты;
8) материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомосты.
Сметалық құжаттама нысандары осы Нормативтік құжаттың 2-8-қосымшаларында келтірілген.
Сметалық құжаттаманың нысандары ұсақ құрылыс элементтерінен объект – іске қосу кешені – құрылыс кезегі – жалпы құрылыс (құрылыс салу) реттілігімен жұмыстардың (шығындардың) түрін білдіретін барынша ірілеріне кезең-кезеңімен өте отырып, оны белгілі бір жүйелілікпен жасауға мүмкіндік береді.
Жобаның құрамындағы сметалық құжаттамаға түсіндірме жазба қоса беріледі, онда мыналар келтірілуге тиіс:
1) құрылыс орналасқан аумақтық ауданға сілтеме;
2) оларға сәйкес сметалық құжаттама әзірленетін құжаттарға сілтемелер;
3) өзге де шығындарды қалыптастыру үшін негіздеме.
24. Жергілікті сметалар бастапқы сметалық құжаттар болып табылады және осы Нормативтік құжаттың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша жұмыс жобасын, жұмыс құжаттамасын (жұмыс сызбаларын) әзірлеу кезінде айқындалған көлемдер негізінде ғимараттар мен құрылыстар бойынша немесе жалпы алаңдық жұмыстар бойынша жұмыстар мен шығындардың жеке түрлеріне жасалады.
25. Жергілікті сметалық есептер, сондай-ақ:
1) жұмыстардың көлемі мен шығындардың мөлшері әлі түпкілікті анықталмаған және жұмыс құжаттамасын әзірлеу кезінде нақтылауға жататын;
2) жұмыстардың көлемі, оларды орындаудың сипаты мен әдістерін жобалау кезеңінде дәлме-дәл айқындау мүмкін болмаған және құрылыс барысында нақтыланатын жағдайларда осы Нормативтік құжаттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаны әзірлеу кезінде айқындалған көлемдер негізінде ғимараттар мен құрылыстар бойынша немесе жалпы алаңдық жұмыстар бойынша жұмыстар мен шығындардың жеке түрлеріне жасалады.
26. Жабдық, жиһаз және мүкәммалдың сметалық құны жобалау материалдарының және сметалық-нормативтік базаның негізінде айқындалады және тиісті жергілікті сметаларда (жергілікті сметалық есептерде) ескеріледі.
Тапсырыс беруші жоба бойынша жабдық тізбесін жобалауға арналған тапсырманы дайындау кезінде (қажеттілігіне қарай) бастапқы деректердің құрамында айқындайды. Тапсырыс беруші жеткізген жабдықтың, жиһаздың және мүкәммалдың сметалық құны туралы мәліметтер қосылған құн салығын есепке алмай құрылыс құнының сметалық есебі анықтама ретінде жиынтық сметалық есеп қорытындысынан кейін келтіріледі: "оның ішінде қосылған құн салығын есепке алмай тапсырыс беруші жеткізген жабдықтың, жиһаздың және мүкәммалдың сметалық құны".
27. Объектілік сметалар, жалпы өз құрамында объектіге арналған жергілікті сметалардан алынған деректерді біріктіреді және сметалық құжаттар болып табылады, олардың негізінде жеке объектілердің сметалық құны қалыптастырылады және осы Нормативтік құжаттың 3-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша жасалады.
28. Объектілік сметалық есептер, жалпы өз құрамында жергілікті сметалық есептерден алынған деректерді біріктіреді және осы Нормативтік құжаттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс құжаттамасы негізінде немесе құрылыс барысында нақтылауға жататын құрылыстың жеке объектілерінің құнын қалыптастырды. Объектілік сметалық есептер осы Нормативтік құжаттың 3-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша жасалады.
29. Шығындардың жеке түрлеріне арналған сметалық есептер сметалық нормативтерде ескерілмеген шығындарды өтеу үшін қажетті қаражатты айқындау қажет болатын жағдайларда жасалады.
30. Объектілерді салу немесе олардың кезектері құнының сметалық есебі осы Нормативтік құжаттың 4-қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша шығындардың жекелеген түрлеріне арналған объектілік сметалық есептердің, объектілік сметалық, жергілікті сметалық және жергілікті сметалық есептердің негізінде ағымдағы бағаларда жасалады. Кәсіпорындардың, ғимараттардың және құрылыстардың құрылыс құны сметалық есебінің позициялары көрсетілген сметалық құжаттардың нөміріне сілтемесі болуы қажет. Жобамен (жұмыс жобасымен) көзделген әрбір объектінің сметалық құны "құрылыс-монтаждау жұмыстарының" "жабдықтың, жиһаздың және мүкәммалдың", "өзге де жұмыстар мен шығындардың", "жалпы сметалық құнының" сметалық құнын белгілейтін бағандар бойынша таратылады.
31. Объектілерді немесе олардың кезектерін (іске қосу кешендерін) салу құнының сметалық есебі жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасымен көзделген барлық объектілердің құрылысын толық аяқтау үшін қажетті қаражат лимитін айқындайтын құжат болып табылады және мердігерлікке қойылатын тапсырыс берушінің шығындарын қамтымайды. Объектілерді немесе олардың кезектерін (іске қосу кешендерін) салу құнының сметалық есебі бағалардың ағымдағы деңгейінде мердігерлің жұмыстардың, шығындардың және қызметтердің құнын айқындайды.
Құрылыс құнының сметалық есебі өндірістік және өндірістік емес (тұрғын үй-азаматтық) мақсаттағы объектілердің құрылысына жасалады және жеке бекітіледі.
32. Құрылыстың немесе оның кезектерінің (іске қосу кешендерінің) құнының жиынтық сметалық есебі жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасымен көзделген барлық объектілердің құрылысын толық аяқтағау үшін инвестициялық жобаны (құрылыс объектісін) іске асыруға арналған қажетті тапсырыс берушінің (инвестордың) қаражатының сметалық лимитін айқындайтын құжат болып табылады. Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс құнының жиынтық сметалық есебі күрделі салымдар мен құрылысты қаржыландыру үшін негіздеме болып табылады.
Объектілердің немесе оның кезектерінің (іске қосу кешендері) құрылысы құнының жиынтық сметалық есебі жобаны (жобалау-сметалық құжаттамасын) жобалаумен және сараптаумен, сондай-ақ, осы Нормативтік құжаттың 5-қосымшасына сәйкес 1-нысан бойынша инжинирингтік қызметтермен (жобаны басқару, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау) байланысты тапсырыс берушінің шығындары негізінде жасалады.
Құрылыс құнының жиынтық сметалық есептері өндірістік және өндірістік емес (тұрғын үй-азаматтық) мақсаттағы объектілердің құрылысына жеке-жеке жасалады және бекітіледі.
Жиынтық сметалық есептерде айқындалған кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салудың сметалық құны, сондай-ақ, олардың кезектері техникалық-экономикалық негіздемелерде (ТЭН) белгіленген құрылыстың есептік құнынан, сондай-ақ, екі сатылы жобалау кезінде бекітілетін "Жоба" сатысындағы сметалық құннан аспауы тиіс.
Құрылыстың немесе оның кезектерінің (іске қосу кешендерінің) жиынтық сметалық есептегі құнында құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге арналған жеке жиынтық сметаға енгізілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамамен реттелмейтін тапсырыс берушінің шығындары ескерілмейді.
33. Шығындар мәліметі өндірістік мақсаттағы объектілермен қатар тұрғын үй-азаматтық және басқа да мақсаттағы объектілерге жобалау-сметалық құжаттама жасалатын жағдайларда құрылыстың құнын айқындайтын сметалық құжат болып табылады. Шығындар мәліметінде екі және одан көп құнның жиынтық сметалық есептері біріктіріледі. Шығындар мәліметі осы Нормативтік құжаттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
34. Жобалық құжаттаманың құрамында осы Нормативтік құжаттың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша іске қосу кешеніне кіретін объектілердің құрылысы сметалық құнының ведомосы әзірленеді.
Іске қосу кешеніне кіретін объектілердің сметалық құнының ведомосы кәсіпорынды, ғимаратты және құрылысты салуды және пайдалануға беруді жеке іске қосу кешендерімен жүзеге асыру көзделетін жағдайда жасалады. Бұл ведомость іске қосу кешенінің құрамына кіретін объектілердің сметалық құнын, сондай-ақ, жалпы алаңдық жұмыстар мен шығындарды қамтиды.
35. Құрылысы кезектер (іске қосу кешендері) бойынша жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорындар мен құрылыстарды жобалау кезінде мыналар жасалады:
1) егер өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы объектілер бар болса, қажеттілігіне қарай толық және іске қосу кешендеріне (кезектерге) бөлумен дамытуға арналған шығындар мәліметі;
2) кәсіпорынды және құрылысты толық дамытуға арналған құрылыс құнының жиынтық сметалық есебі;
3) бірінші кезек құрылысы құнының жиынтық сметалық есебі;
4) кейінгі кезектер құрылысы құнының жиынтық сметалық есебі;
5) бірінші кезек құрылысы құнының сметалық есебі;
6) кейінгі кезектер құрылысы құнының сметалық есебі;
7) кейінгі кезектердің сметалық құнының объектілік есептері.
Толық дамытуға арналған құрылыстың сметалық құнының есебі бірінші кезектің құрылысына арналған жобаның құрамына кіреді және құрылыстың жиынтық есебінен және кейінгі кезектер құрылысының сметалық құнының есептерінен алынған деректерді қамтиды.
Кейінгі кезекке арналған құрылыстың сметалық құнының есебі сметалық құнның объектілік есептерінен алынған деректердің негізінде жасалады.
Сметалық құнның объектілік есептері кейінгі кезектердің құрамында құрылысы жоспарланатын объектілердің әрқайсысына жасалады.
5. Сметалық құжаттаманы жасау
36. Объектіні салуға арналған сметалық құжаттама жобалық деректер және сметалық-нормативтік база негізінде жасалады.
37. Қазақстан Республикасының қолданыстағы сметалық-нормативтік базасындағы сметалық нормалардың болмауы кезінде жеке сметалық нормалар (ЖСН) әзірленеді. ЖСН заңнамада белгіленген тәртіппен әзірленеді, бекітіледі, келісіледі.
38. Жергілікті сметалар (жергілікті сметалық есептер), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 тамыздағы № 59-нқ бұйрығымен бекітілген Құрылыс сметаларындағы шығындарды конструктивтік-технологиялық топтастыру жөніндегі мемлекеттік нормативте жазылған (№ 14240 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) ережелерді ескере отырып, ғимараттардың (құрылыстардың) конструктивтік элементтеріне, жұмыстар мен құрылғылардың түрлеріне сәйкес бөлімдер бойынша сәйкес жұмыстардың түрлері, ғимараттар мен құрылыстар бойынша жеке-жеке әзірленетін жобалау-сметалық құжаттама бойынша қабылданған жобалық шешімдерге сәйкес жасалады.
Жергілікті сметаны жасау кезеңінде сметалық нормалар мен жоба бойынша ресурстарды бөлу (іріктеу) жүргізіледі, нормаларда бекітілген ресурстар жоба бойынша ресурстармен салыстырыла отырып, талданады және үйлестіріледі, жобалық шешімдерге сәйкес келмейтін ресурстарды ауыстыру жолымен материалдық ресурстарды түзету жүргізіледі.
39. Жұмыстардың, ресурстардың атаулары, олардың шифрлары, кодтары, өлшем бірліктері сметалық нормалардың жинақтарының ұқсас позицияларына сәйкес келтіріледі.
40. Жұмыстардың көлемі құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықтың номенклатурасы бойынша тапсырыстық ерекшеліктер, сондай-ақ жобаның жұмыс сызбалары көлемдерінің ведомостары негізінде анықталады.
41. Ресурстарды бөлу (іріктеу) Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы сметалық нормаларға сәйкес жобалық материалдар (материалдарға, бұйымдарға, конструкцияларға және жабдыққа арналған жұмыс сызбалары, ведомостар мен ерекшеліктер) бойынша жүргізіледі.
42. Сметалық нормалар элементтік сметалық нормаларды қолдану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардағы және белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жинақтардың техникалық бөліктеріндегі талаптарды, шарттарды және шектеулерді ескере отырып, нақты құрылыстың және құрылыс жоспарланған аудан үшін қабылданады.
43. Материалдық ресурстарға арналған сметалық бағалар ұтымды логистикаға сүйене отырып, олардың әкімшілік-аумақтық тиістілігіне қарамастан жақын орналасқан карьерлерден немесе өндіруші кәсіпорындардан құрылыс орнына жақын орналасқан қала немесе ауданның әкімшілік орталығы бойынша қабылданады. Материалдық ресурстарды жеткізу сызбаларын (көліктік сызбаларын) тапсырыс беруші бекітеді.
44. Материалдық ресурстардың атаулары жобаға салынған материалды бірдей сәйкестендіруге мүмкіндік беретін марканы, негізгі параметрлерді, техникалық сипаттамаларды, стандарттың белгіленуін көрсете отырып, келтіріледі.
45. Жоба бойынша ресурстарға жиынтық қажеттілік мынадай жүйелілікпен Жиынтық ресурстық ведомоста көрсетіледі:
1) бір атаудағы позициялардың жиынтық құнын азайту тәртібімен топтастырып және дәрежеге бөле отырып, қабылданған өлшем бірліктеріндегі материалдық ресурстар;
2) жабдық (дәрежеге бөлінген тәртіппен).
46. Материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомості осы Нормативтік құжаттың 8-қосымшасына сәйкес 7-нысан бойынша объектілер бойынша жалпы құрылыс (объект, ғимарат және т.б.) бойынша жасалады.
47. Жергілікті сметалар (жергілікті сметалық есептер) ресурстардың шифрін ашпай ұсынылады.
48. Жергілікті сметалармен (жергілікті сметалық есептермен) айқындалатын сметалық құн тікелей шығындарды, үстеме шығыстарды және сметалық пайданы, жабдықтың құнын енгізеді.
49. Тікелей шығындар жұмысшылар еңбек ақысының, машиналар мен тетіктерді пайдалану (машинистердің еңбекақысын қоса алғанда), материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сметалық құнын ескереді. Тікелей шығындар құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын құрайды.
Тікелей шығындар қорытындыларды одан кейінгі жинақтаумен ағымдағы бағаларда осы ресурстардың бірлік құнына ресурстар көлемідерін қайта көбейту жолымен айқындалады.
Бағалардың ағымдағы деңгейіндегі құрылыстың сметалық құны қолданыстағы сметалық нормалар мен ресурстарға арналған бағалар, сондай-ақ конструктивтердің және жұмыстардың түрлері сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері негізінде айқындалады.
Үстеме шығыстар өндірістің жалпы шарттарын қалыптастырумен, оған қызмет көрсетумен, ұйымдастырумен және басқарумен байланысты құрылыс-монтаждау ұйымдарының шығындарын ескереді. Жергілікті сметаларда үстеме шығыстар осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген нормалар бойынша және тәртіпте машиналарды пайдаланудың құрамында жұмысшы-құрылысшылар мен машинистер жалақысының жиынтық шамасынан ескеріледі.
Жабдықтың сметалық құны осы Нормативтік құжатта баяндалған тәртіппен айқындалады және жергілікті сметаның тармақтары бойынша жеке позициялармен ескеріледі. Жабдықтың сметалық құны құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнына жатпайды.
50. Сметалық құжаттама бойынша жұмысшылардың еңбек ақысы (сметалық жалақы) мынадай түрлерден тұрады:
1) жұмысшы-құрылысшылардың жалақысы;
2) машинстердің (құрылыс машиналары мен тетіктерін басқаратын және оларға қызмет көрсететін жұмысшылардың) жалақысы.
51. Жұмысшы-құрылысшылардың жалақысы тікелей құрылыс және монтаждау жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысын қамтиды.
52. Машинистердің жалақысы құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалануға арналған шығындардың құрамына енгізіледі және сметалық тарифтік мөлшерлемелердің жинағы бойынша ағымдағы бағалардағы машиналар мен тетіктердің машина-сағат құнының құрамында есептеледі.
53. Құрылыс машиналарын пайдалануға арналған шығындар қажетті машиналардың нормативтік қажеттілігіне (машина-сағатпен) және 1 (бір) машина-сағаттың ағымдағы бағасына сүйене отырып, айқындалады. Құрылыс машиналары мен тетіктерінің 1 (бір) машина-сағатының ағымдағы бағасы кезекті кезеңге құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалануға арналған сметалық бағалар жинағы бойынша айқындалады.
54. Материалдық ресурстардың құны Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша ағымдағы бағаларда айқындалады және кезекті кезеңге құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған сметалық бағалардың жинақтарына енгізіледі.
55. Сметалық бағалардың қолданыстағы жинақтарындағы қажетті техникалық өлшемдерімен және пайдалану сипаттамаларымен жеке құрылыс материалдарына және бұйымдарына арналған бағалар болмаған жағдайда олардың құнын өндірушілердің, не оларды ресми түрде білдіретін дистрибьюторлардың кемінде екі баға ұсыныстарынан (прайс-парақтарынан) тұратын тапсырыс берушінің қабылданған және бекітілген шешімдеріне сәйкес айқындау керек. Прайс-парақтарда ИНКОМЕРМС терминдеріндегі франко түрі немесе жеткізу шарттын көрсету міндетті болып табылады. Егер прайс-парақтарда мұндай шарттар көрсетілмесе, онда баға құрылыс объектісіне дейін жеткізуді ескере отырып, толық берілген болып есептеледі.
56. Кезекті кезеңге құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына арналған сметалық бағалардың жинақтарында ескерілмеген құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сметалық құны бұл материалдарды сатып алуға және объект жанындағы қоймаға немесе оларды жұмысқа беру орнына жеткізуге жұмсалатын барлық шығындардың жиынтығы ретінде айқындалады және өндірушінің көтерме бағасын, көлік шығыстарын, дайындау-қойма шығыстарын қамтиды.
57. Мұндай құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын тасымалдаудың сметалық құны көлік-логистикалық сызбаны (тапсырыс беруші бекітеді), жүктің сыныбы мен сипаттамасын, жолдың санатын, көлік құралының типі мен оның жүк көтергіштігін ескере отырып, құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған сметалық бағалардың жинағы бойынша айқындалады.
Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының көлік шығыстары оларды объект жанындағы қоймаға жеткізу бойынша барлық шығындарды қамтиды. Көлік шығыстары жеткізудің көліктік сызбасына сәйкес кезекті кезеңге бекітілген құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған сметалық бағалар жинағы бойынша брутто салмақтың 1 тоннасына жұмсалған көлік шығыстарының калькуляцияларын жасау жолымен айқындалады. Мұндай құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын жеткізу сызбасын жобалық құжаттама құрамында тапсырыс беруші бекітеді.
58. Сатып алынатын құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына жұмсалатын дайындау-қойма шығыстары жеткізуге арналған тапсырыстарды орналастыруға, қабылдауға, есепке алуға, қоймада сақтауға және жұмысқа беруге байланысты шығындарды қамтиды.
Дайындау-қойма шығыстары құрылыс және монтаждық материалдардың босатылу бағасына 2% мөлшерінде және металл конструкциялардың босатылу бағасына 0,75% мөлшерінде айқындалады.
59. Сметалық бағалар жинағында ескерілмеген жабдықтың сметалық құны осы жабдықты сатып алуға және объекті жанындағы қоймаға немесе жабдықты монтаждауға беру орнына жеткізуге жұмсалатын барлық шығындардың жиынтығы ретінде анықталады. Жабдықтың сметалық құнына мыналар енгізіледі:
1) қосалқы бөлшектердің құнын, ыдыстың, қаптаманың және деректеменің құнын қамтитын босатылу бағасы;
2) көлік шығыстары;
3) дайындау-қойма шығыстары;
4) кедендік баждар мен салықтар;
5) шефмонтаждың құны (шефомонтаж шарттарында жеткізілетін жабдық үшін).
Жабдықтың сметалық құнына енгізілетін кедендік баждар мен салықтар Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес есептеледі.
Жабдықтың шефмонтажы бойынша қызметтердің құнын өндіруші жеткізушілер фирмада қабылданған нормативтер бойынша өз шығындарын калькуляциялаумен жеке тәртіпте айқындайды және жеке жолмен жабдықтың жалпы прайстық құнына енгізіледі.
Мердігердің қызметіне жататын дайындау-қойма шығыстарынан басқа, прайс-парақтарда олардың болуы бойынша жоғарыда аталған құрауыштар бойынша жабдықтың жалпы құнын ашып көрсету жабдықты әлеуетті жеткізушілер үшін міндетті шарт болып табылады және жергілікті сметаны жасау кезінде жабдықтың босатылу бағасына есептеледі.
60. Инженерлік жабдықтың құны кезекті кезеңге жасалатын инженерлік жабдыққа арналған сметалық бағалардың жинағы бойынша қабылданады.
Жинақтарда бағалар болмаған кезде инженерлік жабдықтың құны жобаға енгізілген жабдықтың бағасын салыстыру нұсқаларынан, жеткізілуі және бәсекеге қабілеттілігі (техникалық және сапалық және пайдалану сипаттамаларын салыстыру) шарттарынан тапсырыс берушінің қабылданған және бекітілген шешімдерінің негізінде өндіруші зауыттардың деректері бойынша, кемінде екі өндірушінің, не оларды ресми түрде білдіретін дистрибьюторлардың прайс-парақтары бойынша айқындалады. Жабдықтың жалпы прайстық құнына көлік шығындарын енгізе отырып, жабдықты объект маңындағы қоймаға дейін жеткізу импорттық өндірістің инженерлік жабдығының позициялары бойынша әлеуетті жеткізушілер үшін сұрау салудың (сауалнама парақтарының, конкурсқа қатысуға арналған хаттар мен шақырулардың) міндетті шарты болып табылады. Прайс-парақтарда ИНКОТЕРМС терминдеріндегі жеткізу шарттары, сондай-ақ, мынадай құрауыштар бойынша жабдықтың жалпы құнын ашып көрсету келтіріледі: босатылу бағасы, көлік шығыстары, кедендік баждар және салықтар. Жеткізушіні таңдау, прайс-парақтар бойынша инженерлік жабдықтың типі, маркасы және құны бойынша тапсырыс берушінің бекітілген шешімдерін жобалау ұйымы жобалауға арналған тапсырмада (не сметалық бөлімді әзірлеу басталғанға дейін жобалау барысында) бастапқы деректер ретінде ұсынады.
61. Объектілердің құрылысы үшін технологиялық, электртехникалық, өзге де өнеркәсіптік жабдықтың, жиһаздың және мүкәммалдың құны дайындаушы зауыттардың ұсыныстарын сұрату немесе өндірушілердің немесе олардың ресми дистрибьютерлерінің мұндай жабдықты, жиһазды және мүкәммалды жеткізуге арналған конкурс нәтижелері негізінде мониторинг нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының тиісті қызмет саласында жүзеге асыратын техникалық саясаты шеңберінде айқындалады. Сұрау салу немесе конкурс шарттары бойынша технологиялық жабдықтың және мүкәммалдың прайстық құны оларды объект жанындағы қоймаға дейін жеткізуді, ал жиһаз бойынша - жобалау орнына жеткізуді, құрастыруды және орналастыруды қамтиды. Прайс-парақтарда ИНКОТЕРМС терминдеріндегі жеткізу шарттары және мынадай құрауыштар бойынша жабдықтың жалпы құнын ашып көрсету келтіріледі: босатылу бағасы, көлік шығыстары, кедендік баждар және салықтар.
Технологиялық жабдықты, жиһазды және мүкәммалды, сондай-ақ, оларды әлеуетті жеткізуші-өндірушілерді таңдауды жобалау басталғанға дейін немесе жобаның сметалық бөлімін әзірлеу басталғанға дейін жобалау барысында тапсырыс беруші алдын ала жүзеге асырады. Технологиялық жабдықтың, жиһаздың және мүкәммалдың құнын тапсырыс беруші жобалау ұйымына бастапқы деректер ретінде ұсынады.
Жобалауға арналған тапсырмада тапсырыс беруші технологиялық жабдықты, жиһазды және мүкәммалды таңдау бойынша талаптарды және белгіленген тәртіпте кейіннен келісумен және бекітумен жобалаушының олардың құн мониторингін белгілеуі мүмкін.
62. Көлік шығыстары жабдықты объект жанындағы қоймаға жеткізу бойынша барлық шығындарды қамтиды. Прайстық құны объект маңындағы қоймаға дейін жеткізуді қамтитын позицияларды қоспағанда, жабдық бойынша көлік шығыстары жеткізудің көліктік сызбасына сәйкес кезекті кезеңге бекітілген құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған сметалық бағалар жинағы бойынша жабдықтың 1 тонна брутто салмағына жұмсалған көлік шығыстарының калькуляцияларын жасау жолымен айқындалады. Материалдарды және/немесе жабдықты жеткізу сызбасын жобалық құжаттама құрамында тапсырыс беруші бекітеді.
63. Дайындау-қойма шығыстары жеткізуге тапсырыстарды орналастырумен, жабдықты қабылдаумен, есепке алумен, қоймада сақтаумен және монтаждауға берумен байланысты шығындарды қамтиды.
Жабдық бойынша дайындау-қойма шығыстары жабдықтың босатылу бағасынан 1,2% мөлшерінде айқындалады.
64. Негізгі қорларда есепте тұратын және қайта жаңартылатын немесе техникалық қайта жарақтандырылатын жұмыс істеп тұрған кәсіпорын шеңберінде бөлшектеу және салынып жатқан (қайта жаңартылатын) ғимаратқа көшіру жоспарланып отырған жабдықты пайдалану кезінде жергілікті сметаларда тек қана бөлшектеу және қайта монтаждау қаражаты көзделеді, ал жабдықтың өзінің теңгерімдік құны ескерілмейді.
65. Жеке конструктивтің немесе жұмыс түрінің өлшем бірлігіне арналған ірілендірілген баға түрінде келтірілген ірілендірілген көрсеткіштер бойынша айқындалатын конструктивтердің және жұмыс түрлерінің сметалық құны тікелей шығындар, жабдық, жиһаз және мүкәммал құнының кеңейтілген құрылымын білдіреді.
66. Объектілік сметалар осы Нормативтік құжатқа 3-қосымшада келтірілген нысан бойынша жасалады. Объектілік сметалар "құрылыс-монтаждау жұмыстары", "жабдық", "өзге де шығындар" сметалық құнының тиісті бағандары бойынша жұмыстар мен шығындарды топтастыра отырып, жалпы жергілікті сметалардың деректерін жиынтықтау жолымен объектілерге жасалады. Объектілік смета қорытындысы бойынша анықтама ретінде (оның ішінде) тапсырыс беруші жеткізген (қажеттілігіне қарай) жабдықтың, жиһаздың және мүкәммалдың құны көрсетіледі.
Жергілікті сметалардың деректері бойынша объектілік сметаларда нормативтік еңбекті қажетсіну және сметалық жалақы көрсетіледі.
Объектінің құны бір жергілікті смета (жергілікті сметалық есеп) бойынша анықталса, онда объектілік смета жасалмайды.
Тұрғын ғимараттарда қоса салынған немесе жалғай салынған сауда, қоғамдық тамақтану және коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын (ұйымдарын), өзге де тұрғын емес үй-жайларды орналастыру кезінде ғимараттың тұрғын бөлігі үшін және кәсіпорындарды, ұйымдарды орналастыруға арналған және өзге де мақсаттағы қоса салынған (жалғай салынған) тұрғын емес бөлігі үшін объектілік сметалар жеке-жеке жасалады. Ғимараттың тұрғын бөлігі мен кәсіпорынның (ұйымның) қоса салынған үй-жайы арасындағы жалпы конструкциялар мен құрылғылардың құнын бөлуді ғимараттың тұрғын және тұрғын емес бөлігінің құрылыс көлеміне пропорционал түрде жобалық деректер бойынша жобалаушы жүргізеді. Көрсетілген кәсіпорындар үшін тұрғын үйлерге жалғай салынатын үй-жайлар бойынша жұмыстардың орындауға арналған шығындар тұтастай үйдің тұрғын емес бөлігі құрылысының сметалық құнына жатады.
Сондай-ақ бір ортақ объектілік сметаны, бірақ оның қорытындысы бойынша ғимараттың тұрғын бөлігінің және қоса салынған және/немесе (жалғай салынған) үй-жайлардың құнын жеке бөлумен жасауға рұқсат етіледі.
67. Жергілікті және объектілік сметалық есептер жұмыс жобасын немесе "жұмыс құжаттамасы" кезеңін әзірлеу кезінде кейіннен жұмыстардың көлемін нақтылаумен ірілендірілген сметалық нормалар және/немесе ұқсас объектілер негізінде ТЭН кезеңінде немесе екі сатылы жобалау кезінде "Жоба" кезеңінде жасалады. Құрылысты жобалау барысында нақтыланған жұмыс көлемдерінің негізінде жергілікті және объектілік сметалар жасалады.
68. Сметалық нормативтерде ескерілмеген шығындардың жеке түрлеріне арналған сметалық есептер ағымдағы бағалардағы осы шығындардың құнын калькуляциялау жолымен жасалады.
Толық сметалық құннан немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнынан пайыздарда көрсетілген шығындардың жеке түрлеріне арналған нормалар болған кезде сметалық есептер жасалмайды.
69. Құрылыстың немесе оның кезегі (іске қосу кешені) құнының сметалық есебі осы Нормативтік құжатқа 4-қосымшада келтірілген 2-нысан бойынша ағымдағы бағаларда жасалады.
Сметалық есепке барлық объектілік сметалар мен есептер бойынша қорытындылар, сондай-ақ, шығындардың жеке түрлеріне арналған сметалық есептер бойынша қорытындылар жеке жолдармен енгізіледі.
Объектілердің құрылысы құнының сметалық есебінің позициялары көрсетілген сметалық құжаттардың нөміріне сілтемемен келтіріледі. Жобада көзделген әрбір объектінің сметалық құны сметалық құнды білдіретін: "құрылыс-монтаждау жұмыстары", "жабдық", "өзге де шығындар", "жалпы сметалық құн" бағандары бойынша бөлінеді.
70. Құрылыс құнының сметалық есептерінде қаражат мынадай тараулар бойынша бөлінеді:
"1-тарау. "Құрылыс аумағын дайындау".
"2-тарау. "Құрылыстың негізгі объектілері".
"3-тарау. "Қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы объектілер".
"4-тарау. "Энергетикалық шаруашылық объектілері".
"5-тарау. "Көлік шаруашылығы және байланыс объектілері".
"6-тарау. "Сыртқы желілер және сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау құрылыстары".
"7-тарау. "Аумақты абаттандыру және көгалдандыру".
"8-тарау. "Уақытша ғимараттар мен құрылыстар".
"9-тарау. "Өзгеде жұмыстар мен шығындар".
Тиісті тарауда көзделетін объектілер, жұмыстар және шығындар болмаған жағдайда, бұл тарау кейінгі тараулардың нөмірлері өзгертілмей өткізіледі.
Құрылыс құнының сметалық есебінде (4-7-бағандарда) келесі қорытындылар келтіріледі:
1) әрбір тарау бойынша (тарауда бөлімдер болған кезде - әрбір бөлім бойынша);
2) 1-7, 1-8, 1-9-тараулардың жиынтығы бойынша;
3) 1-9-тараулардың және болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражаттың жиынтығы бойынша;
4) 1-9-тараулардың, болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражаттың, қосылған құн салығының жиынтығы бойынша;
5) Барлығы сметалық есеп бойынша - болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат және қосылған құн салығының сомасы есептелгеннен кейін тиісті жылға (мысалы, 2017 жылға) жай-күйі бойынша ағымдағы бағаларда құрылыс құнының сметалық есебі бойынша жиыны.
Тараулардың құрылымы, сондай-ақ, сызықтық құрылыс объектілері үшін және құрылыстың басқа да арнайы түрлері үшін құрылыс құнының сметалық есебінің тараулары бойынша қаражатты бөлу олардың ерекшеліктеріне сәйкес қалыптастырылады. Олардың әрқайсысында бірнеше объектіден бар аяқталған өндірістердің немесе кешендердің бірнеше түрлері болған кезде тараулардың ішіндегі объектілерді, жұмыстар мен шығындарды бөлу кезінде тараудың ішінде атауы өндірістердің (кешендердің) атауына сәйкес келетін бөлімдер бойынша топтастыру жүзеге асырылуы мүмкін.
"Құрылыс аумағын дайындау" деген 1-тарауға мердігер орындайтын құрылыс салынатын аумақты бөлумен және игерумен байланысты жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат енгізіледі. Мердігер орындайтын және құрылыс құнының сметалық есебінің 1-тарауына енгізілетін өзге де жұмыстар мен шығындардың тізбесі осы Нормативтік құжатқа 1-қосымшада келтіріледі.
"Құрылыстың негізгі объектілері" деген 2-тарауға негізгі мақсаттағы ғимараттар, құрылыстар және жұмыстардың түрлері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының, шығындар мен қызметтердің сметалық құны енгізіледі. Бұл қаражат 4-7-бағандарға енгізіледі.
"Қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы объектілер" деген 3-тарауға мыналардың құрылысы үшін бөлінген аумақ шегінде орналасқан объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының, шығындар мен қызметтердің сметалық құны енгізіледі:
өнеркәсіптік құрылыс үшін:
жөндеу-техникалық шеберханалардың ғимараттары;
әкімшілік-тұрмыстық өндірістік ғимараттар;
газ-генераторлық үй-жайлар;
оттегі үй-жайлары;
компрессорлық үй-жайлар;
әр түрлі қойма үй-жайлары;
эстакадалар, галереялар;
зертхана ғимараттары;
осыларға ұқсас басқа да ғимараттар мен құрылыстар;
тұрғын үй-азаматтық құрылыс үшін:
шаруашылық корпустар;
аурухана және ғылыми қалашықтардағы өтпелер, жылыжайлар;
қоқыс жинағыштар және т.б.;
жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған және кәсіпорындардың құрылысы үшін бөлінген аумақтың шегінде орналасқан мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (жеке тұрған емханалар, асханалар, дүкендер, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету объектілері және басқа да объектілер);
табиғат қорғау жұмыстары, мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша жұмыстар және соларға ұқсас жұмыстар.
Әдетте, кешенді жобаға құрылыс құнының сметалық есебінің 3-7-тарауларында көрсетілетін қазандық, электр беру желісі, жылу желілері, абаттандыру, жолдар және т.б. сияқты объектілер құрылысы құнының сметалық есебімен жеке жоба әзірленетін жағдайда, бұл объектілердің сметалық құны (бұл объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының, шығындар мен қызметтердің сметалық құны) негізгі объектілерге арналған ретінде 2-тарауға енгізіледі.
Құрылыс құнының сметалық есебінің 4-7-тарауларына тізбесі тараулардың атауларына сәйкес келетін объектілер енгізіледі.
"Уақытша ғимараттар мен құрылыстар" деген 8-тарауға көлемі сметалық нормалар мен шығындардың тиісті жинағының нормалары бойынша немесе егер уақытша ғимараттар мен құрылыстар үшін есептерді нақты салынған объектілер үшін жүзеге асыру жоспарланған жағдайда, құрылысты ұйымдастыру жобасының (ҚҰЖ) деректеріне негізделген есеп бойынша айқындалатын титулдық уақытша ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызуға және бөлшектеуге арналған қаражат енгізіледі. Көрсетілген әдістерді бір уақытта пайдалануға рұқсат етілмейді.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың аумағында немесе оған жалғасып жатқан жаңа цехтардың, өндірістердің, шаруашылықтардың, коммуникациялардың алаңдарында қайта жаңартуды, кеңейтуді, жаңғыртуды жүргізу, екінші кезектердің құрылысы, күрделі жөндеу кезінде уақытша ғимараттар мен құрылыстарға арналған қаражат сметалық нормаларға 0,8 коэффициентпен анықталады.
"Өзге де жұмыстар мен шығындар" деген 9-тарауға осы Нормативтік құжатта 1-қосымшаны пайдалана отырып, ағымдағы бағаларда өзге де жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат енгізіледі.
71. Тапсырыс беруші жеткізген жабдық, жиһаз және мүкәммалдың жалпы құны қажеттілігіне қарай және бұл жобалауға арналған тапсырмада айқындалған болса, объектілік сметалардың тиісті жолдарының мәндерін жиынтықтаумен анықталады, мұнда анықтама ретінде, оның ішінде әрбір объект бойынша тапсырыс беруші жеткізген жабдық, жиһаз және мүкәммал құнының жиынтық мәндері келтірілген. Тапсырыс беруші жеткізген жабдықтың, жиһаздың, мүкәммалдың құны құрылыс құны сметалық есебінің қорытындысы бойынша анықтама ретінде (оның ішінде) көрсетілуі мүмкін.
72. Мердігерлік жұмыстар үшін болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат құрылыс құны сметалық есебінің 1÷9-тараулары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнынан 2% мөлшерінде анықталады. Қаражат құрылыс құны сметалық есебінің 4,7-тараулары бойынша көрсетіледі.
Белгілінген қатаң шарттық бағамен шарттар бойынша орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу кезінде орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріндегі болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат мәні ашылмайды және оны тапсырыс беруші белгіленген норма бойынша төлейді.
Болжалды (ашық) шарттық бағамен шарттар бойынша нақты орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу кезінде құрылыс құнының сметалық есебінде көзделген болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат тапсырыс берушінің басқаруында қалады және көрсетілген қаражатты пайдалану қажет болатын әрбір жағдай үшін жеке ресімделетін жобаның бекіткен органның/ұйымның ресми рұқсатымен пайдаланылады.
Объектінің құрылысы және оны пайдалануға қабылдау аяқталғаннан кейін болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражаттың пайдаланылмаған бөлігі тапсырыс берушінің басқаруында қалады және тиісті бюджетке қайтаруға жатады.
73. Қосылған құн салығы ағымдағы бағаларда құрылыс құнының сметалық есебіне енгізілетін барлық шығындардың сомасынан Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін мөлшерде (6,7-бағандарда ескеріледі) қабылданады.
74. Егер объект құрылысы әртүрлі күнтізбелік жылдарда (өтпелі объект) жүзеге асырылған жағдайда, осы Нормативтік құжаттың 14-тармағына сәйкес құрылыс құнының есебі құрылыстың нормативтік ұзақтығына байланысты жылдар бойынша бөлумен және құрылыстың басталуымен жүргізіледі. Тапсырыс беруші құрылыстың басталу мерзімін жобалау ұйымына бастапқы деректермен немесе сметалық құжаттаманы жасау кезінде жобалау барысында ұсынады.
Жылдар бойынша бөлу жүйелі түрде келесі тәртіппен 1÷9-тараулар (4÷7-бағандар) бойынша қорытынды негізінде жүргізіледі:
жобаны әзірлеу кезеңіндегі ағымдағы бағаларда 1÷9-тараулар бойынша қорытынды көрсетіледі, одан кейін жылдар бойынша ("оның ішінде": айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексін ескере отырып, тиісті жылға) бөлу жүргізіледі, бөлуді ескере отырып, 1÷9-тараулар бойынша қорытынды көрсетіледі және одан әрі осы Нормативтік құжаттың 71-тармағында жазылған тәртіпке ұқсас қорытындылар есептеледі.
75. Қосылған құн салығын қоса есептегенде ағымдағы бағаларда құрылыс құнының сметалық есебі бойынша құн жалпы белгіленген тәртіппен бекітілген жоба (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу құнын анықтайды және тапсырыс беруші мердігерлік жұмыстарды сатып алу үшін бөлетін қаражат лимиті болып табылады.
76. Объектінің немесе оның кезегінің (іске қосу кешені) құрылысына арналған жобаға жиынтық сметалық есеп осы Нормативтік құжаттың 5-қосымшасында келтірілген 1-нысан бойынша жасалады. Жиынтық сметалық есеп ағымдағы бағаларда жасалады және тапсырыс берушінің жоба (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған қаражатының жалпы лимитін айқындайды.
77. Жиынтық сметалық есепке келесі қаражат енгізіледі:
I бөлім. Жобалау;
II бөлім. Мердігерлік жұмыстардың сметалық құны;
III бөлім. Инжинирингтік қызметтер;
Қосылған құн салығы.
78. "Жобалау" деген бөлімге жобалау-іздестіру жұмыстарына және жобаның (жобалау-сметалық құжаттама) сараптамасына арналған қаражат енгізіледі:
құрылыс үшін инженерлік іздестірулердің құны: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 239-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс үшін инженерлік іздестірулердің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке сәйкес (№ 14648 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) құрылыс үшін инженерлік іздестірулерге арналған бағалар жинағының негізінде айқындалады;
жобалау жұмыстарының құны: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс үшін жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке сәйкес (№ 14642 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған бағалар жинағының тиісті бөлімдері бойынша айқындалады;
жоба (жобалау-сметалық құжаттама) сараптамасының құны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығы Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау (№ 12681 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) қағидаларына сәйкес айқындалады.
Жиынтық сметалық есепте жобалауға арналған қаражат сатып алу нәтижелері бойынша жұмыстарды орындаушылармен және қызметтерді көрсетушілермен жасалған шарттар бойынша емес, алынған есептердің (қаражаттың нормативтік лимиті) нәтижелері бойынша көрсетіледі.
79. Ағымдағы бағалардағы мердігерлік жұмыстардың, шығындар мен қызметтердің сметалық құны қосылған құн салығынсыз құрылыс құны сметалық есебі жиынтық сомасынан жиынтық сметалық есепке ауыстырылады.
80. Инжинирингтік қызметтерге (жобаны басқару, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау) арналған қаражат сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нормативтер бойынша айқындалады.
81. Жиынтық сметалық есеп бойынша қосылған құн салығы ағымдағы бағаларда жиынтық сметалық есепке енгізілетін барлық шығындардың сомасынан Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін мөлшерде (6,7-бағандарда ескеріледі) қабылданады.
82. Объект құрылысының құны жиынтық сметалық есеп бойынша қосылған құн салығын қоса есептегенде, ағымдағы бағаларда жалпы сметалық құн болып есептеледі.
6. Сметалық құжаттаманы ресімдеудің жалпы қағидалары
83. Сметалық құжаттамадағы есептеулердің нәтижелері және қорытынды деректер келесі тәртіпте келтіріледі:
жергілікті сметаларда (жергілікті сметалық есептерде) жиынтық сандар бүтін теңгеге дейін дөңгелектенеді; ілеспе (аралық) сандар ақшалай көріністе екі белгіге дейін және еңбек шығындарында 4 белгіге дейін дөңгелектенеді;
объектілік сметаларда (объектілік сметалық есептерде) жергілікті сметалардан (жергілікті сметалық есептерден) алынған жиынтық сандар үтірден кейін үш белгіге дейін дөңгелектеумен мың теңгеде көрсетіледі;
құрылыс құнының жиынтық сметалық есептерінде (шығындар мәліметтерінде) объектілік сметалардан (объектілік сметалық есептерден) алынған жиынтық сомалар үтірден кейін үш белгіге дейін дөңгелектеумен мың теңгеде көрсетіледі;
шығындар мәліметтерінде жиынтық сметалық есептерден алынған жиынтық сомалар үтірден кейін үш белгіге дейін дөңгелектеумен миллион теңгеде көрсетіледі.
Құрылыс құнының есептеріндегі есептеулердің нәтижелері және қорытынды деректер де осындай тәртіпте келтіріледі.
84. Сандарды дөңгелектеу кезінде келесі ереже қолданылады:
егер бөлінетін сандардан алғашқысы 5 санынан көп болса, онда қалдырылатын сандардан соңғысы күшейтіледі, яғни, бірлікке ұлғайтылады. Сондай-ақ алынатын сандардан алғашқысы 5-ке тең, ал одан кейін бір немесе бірнеше мәнді сандар болған кезде күшейту болжанады;
егер бөлінетін сандардан алғашқысы 5-тен аз болса, онда күшейту жүргізілмейді.
85. Егер 5 саны бөлінсе, ал одан кейін мәнді сандар болмаса, онда жақын жұп санға дөңгелектеу орындалады, басқаша айтқанда, соңғы қалдырылатын сан егер ол жұп болса, өзгеріссіз қалады және егер ол тақ болған жағдайда, күшейтіледі.
86. Сметалық құжаттаманы жасау кезінде белгілі бір тәртіпте оны нөмірлеу жүзеге асырылады.
Жергілікті сметаларды (жергілікті сметалық есептерді) нөмірлеу оның құрылыс құны жиынтық сметалық есебінің қай тарауына енгізілетіндігін ескере отырып, объектілік сметаны (объектілік сметалық есепті) қалыптастыру кезінде жүргізіледі.
Алаңдық сипаттағы құрылыстар басым болатын экономика салаларында жергілікті сметаларды (жергілікті сметалық есептерді) нөмірлеу алғашқы екі сан жиынтық сметалық есеп тарауының нөміріне, екінші екі сан – тараудағы жолдың нөміріне сәйкес келетіндей, үшінші екі сан осы объектілік сметадағы (объектілік сметалық есептегі) жергілікті сметаның (жергілікті сметалық есептің) реттік нөмірін білдіретіндей етіп, жүргізіледі. (Мысалы: № 02-04-12. Нөмірлеудің осындай жүйесі бойынша объектілік сметалардың (объектілік сметалық есептердің) нөмірлері жергілікті сметалардың (жергілікті сметалық есептердің) нөмірлеріне сәйкес келетін соңғы екі санды қамтымайды, № 02-04).
Сызықтық сипаттағы ірі кешенді құрылыстар басым болатын экономика салаларында нөмірлеу, онда жиынтық сметалық есептің номенклатурасындағы белгілі бір кезекті нөмірге барлық мұндай құрылыстар үшін объектінің бірдей түрі сәйкес келетін кезекті нөмірлер бойынша жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 1-қосымша |
Құрылыс құнының сметалық есебіне енгізілетін өзге де жұмыстар мен шығындардың тізбесі
Р/с | Тараулардың, жұмыстардың және шығындардың атауы | Қазақстан Республикасы заңнамасының саласын көрсете отырып, ағымдағы бағаларда өзге де жұмыстар мен шығындардың құнын айқындау мен негіздеу тәртібі |
1 | 2 | 3 |
Өзге де шығындар және мердігер орындайтын жұмыстар | ||
1-тарау. Құрылыс аумағын дайындау | ||
1. 1 | Ғимараттар мен құрылыстардың негізгі остерін бөлу, оларды натураға көшіру және пункттермен және белгілермен бекіту бойынша шығындар. | Құрылыс үшін инженерлік іздестіруге арналған бағалар жинағы негізінде айқындалады (6 және 7-бағандар) |
1.2 | Құрылыстар мен бау-бақша екпелерін, егістерін физикалық ысырумен байланысты, ғимараттар мен құрылыстарды көшіру (немесе ысырылғандардың орнына жаңа ғимараттар мен құрылыстар салу) бойынша шығындар | Есеп жобалық шешімнің (ақаулық ведомосының, бұзу және бөлшектеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасының, құрылыстарды бұзу актісінің) негізінде смета бойынша жүргізіледі (4, 6 және 7-бағандар) |
8-тарау. Уақытша ғимараттар мен құрылыстар | ||
8.1 | Уақытша ғимараттар мен құрылыстарға арналған қаражат |
Сметалық нормалар мен шығындардың тиісті жинағының нормалары бойынша немесе ҚҰЖ деректеріне негізделген есеп бойынша айқындалады. |
8.2 | Құрылыс, трасса жанындағы жолдар және т.б. маңындағы құрылыс алаңы шеңберінен тыс уақытша кірме жолдардың құрылысына және оларды ұстауға арналған қаражат | "Уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салу" ҚШН мемлекеттік нормативіне сәйкес ҚҰЖ бойынша тиісті негіздеу кезінде сметалық есеппен айқындалады. Қаражат 4,7-бағандарда ескеріледі. |
9-тарау. Өзге де жұмыстар мен шығындар | ||
9.1 | Қысқы уақытта құрылыс-монтаждау (жөндеу-құрылыс) жұмыстарын жүргізу кезіндегі қосымша шығындар | Сметалық нормалардың тиісті жинағы бойынша айқындалады (4 және 7-бағандар) |
9.2 | Техниканы жұмылдыруға және босатуға арналған шығындар (машиналар мен тетіктердің машина-сағат құнында ескерілген, елдімекен мен құрылыс шеңберінде қайта базалауды қоспағанда) | Жергілікті мердігерлік ұйымдардың, ал олардың жеткіліксіз болған кезде құрылыс орнына жақын өңірлердің қуаттарын ұтымды пайдалану шарттарына сүйене отырып, ҚҰЖ шешімдеріне сәйкес жергілікті сметалық есеппен айқындалады (6 және 7-бағандар) |
9.3 | Құрылыс аяқталғаннан кейін оларды қалпына келтірумен қолданыстағы тұрақты және салынып жатқан автомобиль жолдарын ұстауға арналған шығындар. | Құрылысты ұйымдастыру жобасы бойынша тиісті негіздеу кезінде жергілікті сметалық есеппен айқындалады (4 және 7-бағандар) |
9.4 | Құрылыс және монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі шығындар немесе қалалық жолаушылар көлігінің арнайы бағыттарын ұйымдастыру жөніндегі шығыстарды өтеу | Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдерімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке сәйкес құрылысты ұйымдастыру жобасы негізінде сметалық есептермен айқындалады (6 және 7-бағандар) |
9.5 | Жұмыстарды вахталық әдіспен орындаумен байланысты шығындар |
Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдерімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке сәйкес құрылысты ұйымдастыру жобасы негізінде сметалық есептермен айқындалады |
9.6 | Құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберумен байланысты шығындар | Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдерімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке сәйкес құрылысты ұйымдастыру жобасы негізінде сметалық есептермен айқындалады (6 және 7-бағандар) |
9.7 | Ғимараттар мен құрылыстардың жылжуын мен деформацияларын геодезиялық бақылауды жүргізуге | Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдерімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке сәйкес құрылысты ұйымдастыру жобасы және жұмыстарды жүргізу жобасы негізінде сметалық есеп бойынша (6, 7-бағандар) |
9.8 | Осындай сынақтарды жүргізу қажеттілігін негіздей отырып, құрылысқа тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы бойынша жобалау құжаттамасын әзірлеу кезеңінде мердігерлік ұйым жүргізетін қадаларды сынаумен байланысты қаражат | Қаражат жобалық деректер мен сметалық нормалар жинақтарының негізінде айқындалады, онда қадаларды сатып алуға, оларды тасымалдауға және негізге батыруға, жүктемеге арналған құрылғыларды орнатуға, топырақтағы қаданы серпінді және орнықты жүктемелермен сынауға, техникалық басшылықты жүзеге асыруға және сынау кезеңінде бақылауға, сынақтардың деректерін өңдеуге жұмсалатын шығындар және осымен байланысты үстеме шығыстар мен сметалық пайданы есептеумен құрылыс конструкцияларына және жұмыстарға арналған ағымдағы бағалардағы басқа да шығындар ескеріледі. Бұл қаражат 4 және 7-бағандарға енгізіледі |
9.9 | Экологиялық апат және радиациялық қауіп аймақтарындағы еңбекке қосымша ақы төлеуге | Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде айқындалады және 6 және 7-бағандарда көрсетіледі |
9.10 | Сметалық нормативтерде ескерілмеген шығындардың жеке түрлері | ҚҰЖ және/немесе басқа да негіздеуші есептерге сәйкес айқындалады. |
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 2-қосымша |
|
4-нысан |
Құрылыстың атауы _______________________________________________________________
Объектінің атауы _________________________________________________________________
№ _____жергілікті смета
(Жергілікті сметалық есеп)
_________________________________________________
(жұмыстар мен шығындардың атауы)
Негіздеме:
Сметалық құн ____________мың теңге
Сметалық жалақы, _________ мың теңге
Нормативтік еңбекті қажетсінуі, ________ мың адам-сағ
______________20__ж. ағымдағы бағаларда жасалды
Р/с | Нормалардың шифры, ресурстардың коды | Жұмыстар мен шығындардың атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік құны, теңге | Жалпы құны, теңге | үстеме шығыстар, теңге | Барлығы НР және СП-мен құны, теңге | |||
Барлығы | машиналарды пайдалану | Барлығы | машиналарды пайдалану | материалдар | |||||||
жұмысшы-құрылысшылардың жалақысы | машинистердің жалақысы | жұмысшы-құрылысшылардың жалақысы | машинистердің жалақысы | жабдық | сметалық пайда, теңге | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Смета бойынша ЖИЫНЫ:
оның ішінде:
жұмысшы-құрылысшылардың жалақысы
машиналарды пайдалану шығындары
оның ішінде машинистердің жалақысы
материалдар, бұйымдар және конструкциялар
жабдық
үстеме шығыстар
сметалық пайда
Жасаған ________________________________________________________________________
лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)
Тексерген _______________________________________________________________________
лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 3-қосымша |
|
3-нысан |
Құрылыстың атауы ____________________________
№________ объектілік смета
(Объектілік сметалық есеп)
_____________________________________________________ құрылысына арналған
(объектінің атауы)
Жұмыстар мен шығындардың сметалық құны _________ мың теңге
Нормативтік еңбекті қажетсінуі __________ мың адам-сағат
Сметалық жалақы __________ мың теңге
Жеке құнның есептік өлшеуіші ____________
Жеке құнның көрсеткіші ____________ мың теңге/есептік өлшеуіш
20__жылға жай-күйі бойынша ағымдағы бағаларда жасалды.
Р/с | Сметалардың нөмірлері | Жұмыстар мен шығындардың атауы | Сметалық құн, мың теңге | Нормативтік еңбекті қажетсінуі, мың адам-сағат | Сметалық жалақы, мың теңге | Жеке құнның көрсеткіштері | |||
Құрылыс-монтаждау жұмыстары | жабдық, жиһаз және мүкәммал | өзге де шығындар | барлығы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Жиыны: | |||||||||
*Оның ішінде тапсырыс беруші жеткізген жабдық, жиһаз және мүкәммал (анықтама ретінде) (қажеттілігіне қарай) |
Жобаның бас инженері ____________________________________________________________
лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)
______________________________ бөлімінің бастығы__________________________________
(атауы) лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)
Жасаған ________________________________________________________________________
лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)
Тексерген _______________________________________________________________________
лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 4-қосымша |
|
2-нысан |
Тапсырыс беруші ________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Келісілді/Бекітілді
Құрылыс құнының сметалық есебі _______________________мың теңге сомасында
оның ішінде:
қосылған құн салығы ______________________ мың теңге
________________________________________________________________________________
(келісу/бекіту туралы құжатқа сілтеме)
20___ ж. "___" _____________
Құрылыс құнының сметалық есебі
___________________________________________________________________________
(құрылыстың атауы)
20__ж.______________жай-күйі бойынша ағымдағы бағаларда жасалды
Р/с | Сметалар мен есептердің нөмірлері, өзге де деректер | Тараулардың, объектілердің, жұмыстардың және шығындардың атаулары | Сметалық құны, мың теңге | Барлығы, мың теңге | ||
құрылыс-монтаждау жұмыстары | жабдық, жиһаз және мүкәммал | өзге де шығындар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
1-тарау. | + | + | + | ||
1-тарау бойынша жиыны | + | + | + | |||
2 |
2-тарау. | + | + | + | ||
2-тарау бойынша жиыны | + | + | + | |||
3 |
3-тарау | + | + | + | ||
3-тарау бойынша жиыны | + | + | + | |||
4 |
4-тарау. | + | + | + | ||
4-тарау бойынша жиыны | + | + | + | |||
5 |
5-тарау | + | + | + | ||
5-тарау бойынша жиыны | + | + | + | |||
6 |
6-тарау | + | + | + | ||
6-тарау бойынша жиыны | + | + | + | |||
7 |
7-тарау | + | + | + | ||
7-тарау бойынша жиыны | + | + | + | |||
1-7-тараулар бойынша жиыны | + | + | + | + | ||
8 |
8-тарау | + | + | |||
8-тарау бойынша жиыны | + | + | ||||
1-8-тараулар бойынша жиыны | + | + | + | + | ||
9 |
9-тарау | + | + | + | ||
9-тарау бойынша жиыны | + | + | + | |||
1-9-тараулар бойынша жиыны | + | + | + | + | ||
10 | ҚСҚА МН | Тапсырыс берушінің болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат резерві | + | + | + | + |
Жиыны сметалық құн | + | + | + | + | ||
11 | ҚР Салық кодексі | Қосылған құн салығы | + | + | ||
Сметалық есеп бойынша барлығы | + | + | + | + | ||
Оның ішінде ҚҚС-ты қоспағанда тапсырыс беруші жеткізген жабдық, жиһаз және мүкәммал (анықтама ретінде) (қажеттілігіне қарай) | + | + |
Жобалау ұйымының басшысы ______________________________________________________
қолы (аты-жөні, тегі)
Жобаның бас инженері ____________________________________________________________
қолы (аты-жөні, тегі)
____________________ бөлімінің бастығы_____________________________________
(атауы ) қолы (аты-жөні, тегі)
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 5-қосымша |
|
1-нысан |
Тапсырыс беруші ________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Келісілді/Бекітілді
Құрылыс құнының сметалық есебі _______________________мың теңге сомасында
оның ішінде:
қосылған құн салығы ______________________ мың теңге
________________________________________________________________________________
(келісу/бекіту туралы құжатқа сілтеме)
20___ ж. "___" _____________
Жиынтық сметалық есеп
________________________________________________________________________________
(құрылыстың атауы)
20__ж.______________жай-күйі бойынша ағымдағы бағаларда жасалды
Р/с | Сметалар мен есептердің нөмірлері, өзге де деректер | Тараулардың, объектілердің, жұмыстардың және шығындардың атаулары | Сметалық құны, мың теңге | Жалпы сметалық құны, мың теңге | ||
құрылыс-монтаждау жұмыстары | жабдық, жиһаз және мүкәммал | өзге де жұмыстар мен шығындар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
I бөлім. Жобалау * | ||||||
1 | ЖЖҚ МН (есеп) | Жобалау жұмыстары | + | + | ||
2 | ИІҚ МН (есеп) | Құрылыс үшін инженерлік іздестірулер | + | + | ||
3 | ЖКВС қағидалары | Жобаның кешенді ведомстводан тыс сараптамасына арналған қаражат | + | + | ||
І бөлім бойынша жиыны | + | + | ||||
IІ бөлім. Мердігерлік жұмыстардың сметалық құны | ||||||
4 | ҚҚСЕ | Құрылыстың сметалық құны | + | + | + | + |
IІI бөлім. Инжинирингтік қызметтер | ||||||
5 | Инж. қазметтерді көрсету қағидалары | Тапсырыс берушінің жобаны басқаруға арналған қаражаты | + | + | ||
6 | Инж. қазметтерді көрсету қағидалары | Тапсырыс берушінің техникалық қадағалауға арналған қаражаты | + | + | ||
7 | Инж. қазметтерді көрсету қағидалары | Тапсырыс берушінің авторлық қадағалауға арналған қаражаты | + | + | ||
III бөлім бойынша жиыны | + | + | ||||
Жиынтық сметалық есеп бойынша жиыны | + | + | + | + | ||
8 | ҚР Салық кодексі | Қосылған құн салығы | + | + | ||
Жиынтық сметалық есеп бойынша барлығы | + | + | + | + | ||
Оның ішінде ҚҚС-ты қоспағанда тапсырыс беруші жеткізген жабдық, жиһаз және мүкәммал (анықтама ретінде) | + | + |
* жобалауға арналған қаражат алынған есептердіі нәтижелері (қаражаттың нормативтік лимиті) бойынша көрсептіледі
Жобалау ұйымының басшысы ______________________________________________________
қолы (аты-жөні, тегі)
Жобаның бас инженері ____________________________________________________________
қолы (аты-жөні, тегі)
____________________ бөлімінің бастығы_____________________________________
(атауы ) қолы (аты-жөні, тегі)
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 6-қосымша |
|
5-нысан |
Тапсырыс беруші ________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Келісілді/Бекітілді
Құрылыс құнының сметалық есебі _______________________мың теңге сомасында
оның ішінде:
қосылған құн салығы ______________________ мың теңге
________________________________________________________________________________
(келісу/бекіту туралы құжатқа сілтеме)
20___ ж. "___" _____________
Шығындар мәліметі
_______________________________________________________________________
(құрылыстың атауы)
20__ж. ______________жай-күйі бойынша ағымдағы бағаларда жасалды миллион теңге
Р/с | Шығындардың атауы | Өндірістік мақсаттағы объектілер | Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандар | Барлығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1.Ағымдағы бағалардағы сметалық құн:
1.1. құрылыс-монтаждау жұмыстары
1.2. жабдық, жиһаз және мүкәммал
1.3. өзге де шығындар
Құрылыстың құны
оның ішінде қосылған құн салығы
Жобалау ұйымының басшысы ______________________________________________________
қолы (аты-жөні, тегі)
Жобаның бас инженері ____________________________________________________________
қолы (аты-жөні, тегі)
____________________ бөлімінің бастығы_____________________________________
(атауы ) қолы (аты-жөні, тегі)
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 7-қосымша |
|
6-нысан |
________________________________________________________________________________
(құрылыстың атауы)
Іске қосу кешеніне кіретін объектілердің құрылысы сметалық құнының ведомосы
мың теңге
Объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың) және іске қосу кешеніне енгізілген шығындардың атауы | Объект құрылысының толық құны және объект бойынша шығындар | Объектілер құрылысының және іске қосу кешеніне енгізілген шығындардың құны | ||||||
Барлығы | оның ішінде: | Барлығы | оның ішінде: | |||||
Құрылыс-монтаждау жұмыстары | Жабдық | Өзге де шығындар | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | Жабдық | Өзге де шығындар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Барлығы:
Оның ішінде іске қосу кешенінің объектілері бойынша (объектілердің атауы)
Жиыны:
Құрылыс құны сметалық есебінің 1, 8-9-тарауларында көзделген қаражат:
Болжанбаған жұмыстар және шығындар
Жобаның бас инженері ____________________________________________________________
қолы (аты-жөні, тегі)
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 8-қосымша |
|
7-нысан |
Құрылыстың атауы _______________________________________________________________
Объектінің атауы_________________________________________________________________
_______________________ бойынша
материалдық ресурстардың және жабдықтың жиынтық ведомосы
_________________________________________________
(ғимараттың, имараттың, объектінің, құрылыстың атауы)
Негіздеме:
Жергілікті сметалар______________________
Р/с | Ресурстардың коды | Ресурстардың атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Материалдар (дәрежеге бөлінген тәртіппен)
Жабдық (дәрежеге бөлінген тәртіппен)
Жасаған ________________________________________________________________________
лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)
Тексерген _______________________________________________________________________
лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына 2-қосымша |
Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжат
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі – Нормативтік құжат) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын есептеу кезінде үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындауға арналған.
2. Нормативтік құжаттың мақсаты мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін ағымдағы бағалардағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады. Қаржыландырудың басқа көздері есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша осы Нормативтік құжаттың ережелерінің ұсынымдық сипаты болады және анықтама материалы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
3. Осы Нормативтік құжаттың нормативтік-әдістемелік ережелері ағымдағы бағаларда құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі қолданыстағы сметалық-нормативтік базаның талаптарына негізделген.
4. Нормативтік құжат құрылыс-монтаж жұмыстарын жоспарлау, жобалау, орындау сатыларында құрылыстың сметалық құнын айқындау кезінде, сондай-ақ, мердігер ұйымдардың мердігерлік жұмыстарды сатып алуларға қатысуы кезінде құрылыс объектілері бойынша баға ұсыныстарын дайындауы кезінде құрылыстың барлық қатысушыларының (жобалау ұйымдарының, тапсырыс берушілер мен мердігерлер ұйымдарының) үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындауына арналған.
5. Нормативтік құжат:
1) жалпы ережелерді;
2) үстеме шығыстар нормаларын жіктеуді;
3) үстеме шығыстардың шамасы есебінің әдістемесін;
4) сметалық пайданың есебі әдістемесін қамтиды.
6. Осы Нормативтік құжатта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылыс алаңы – ұйымдық оқшауланған учаскені білдіретен жоба бойынша белгілі бір объектінің немесе объектілер кешенінің құрылысы үшін бөлінген аумақ;
2) мердігер (құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаушы) – салынып жатқан объектіде өз күшімен құрылыс және монтаждау жұмыстарын орындайтын құрылыс ұйымы және/немесе оның құрылымдық бөлімшесі. Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда) мердігерлер бола алады.
3) құрылыс өнімі – сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) соңғы нәтижесі;
4) қосалқы мердігер – мердігермен жасалған қосалқы мердігерлік шарты негізінде құрылыс және/немесе монтаждау жұмыстарының белгілі бір түрін орындайтын және Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар мамандандырылған құрылыс немесе монтаждау ұйымы;
5) тікелей шығындар – материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың, жұмысшылардың еңбекақысын төлеу, машиналар мен тетіктерді пайдалану (машинистердің еңбегін төлеуді қоса алғанда) құны;
6) үстеме шығыстар – өндірістің жалпы жағдайларын жасаумен, оған қызмет көрсетумен, ұйымдастырумен және басқарумен байланысты құрылыс-монтаж ұйымдарының шығындары;
7) үстеме шығыстардың нормалары – бұл үстеме шығыстардың шамасын есептеу үшін қолданылатын проценттер түріндегі салыстырмалы нысанда көрсетілген сметалық нормалар. Үстеме шығыстардың сметалық нормалары құрылыс өнімі құнының құрамына кіретін орташа салалық қоғамдық қажетті шығындарды көрсетеді;
8) сметалық пайда – бұл өнімнің өзіндік құнына жатқызылмайтын және құрылыс өнімі құнының нормативтік (кепілді) бөлігі болып табылатын құрылыс-монтаж ұйымдарының жекелеген (жалпы) шығыстарын өтеу үшін қажетті қаражат;
9) сметалық пайда нормалары – бұл сметалық пайда есебі үшін қолданылатын, проценттер түріндегі салыстырмалы нысанда көрініс берген сметалық нормалар.
2. Үстеме шығыстардың нормаларын жіктеу
7. Инвестициялық үрдістің әртүрлі кезеңдерінде құрылыстың құнын айқындау кезінде үстеме шығыстардың нормалары олардың арналуына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығыстардың ірілендірілген нормалары;
2) құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша үстеме шығыстардың нормалары.
8. Құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығыстардың ірілендірілген нормалары техникалық-экономикалық негіздемелерді (ТЭН), құрылысқа арналған шығындарды жоспарлау және негіздеу, өзге де экономикалық және талдау іс-әрекеттерін әзірлеу кезінде инвестициялық жобаларды іске асырудың жоба алды сатысында ірілендірілген сметалық нормаларды қолдана отырып, сметалық есептерде үстеме шығыстардың шамасын айқындауға арналған. Құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығыстардың ірілендірілген нормалары осы Нормативтік құжаттың 1-қосымшасында келтірілген.
9. Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша үстеме шығыстардың нормалары құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаушылардың (мердігерлердің) үстеме шығыстарының шамасын айқындауға арналған. Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша үстеме шығыстардың нормаларын жобаны (жобалау-сметалық құжаттамасын) әзірлеу сатысында қолдану қажет. Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша үстеме шығыстардың нормалары осы Нормативтік құжаттың 2-қосымшасында келтірілген.
3. Үстеме шығыстардың шамасы есебінің әдістемесі
10. Үстеме шығыстардың шамасы қолданылатын нормалардың түріне байланысты бағалардың ағымдағы деңгейінде құрылыс құнының сметалық есебінде және/немесе жергілікті сметаларда (жергілікті сметалық есептерде) анықталады.
11. Құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығыстардың ірілендірілген нормалары құрылыс құнын алдын ала бағалау үшін инвестициялық жобаларды іске асырудың жобалау алдындағы сатысында қолданылады. Оларды пайдалану кезінде үстеме шығыстарды есептеу тікелей шығыстардың қорытындысы үшін құрылысшы жұмысшылар мен машинистердің еңбекақысын төлеу құнынан проценттерде құнның сметалық есептерінде жүргізіледі.
Үстеме шығыстардың шамасы мына формула бойынша анықталады:
мұнда:
– объектілер құрылысының құнын бағалау үшін үстеме шығыстардың шамасы, теңге немесе мың теңге;
- жергілікті сметаның (жергілікті сметалық есептің) тікелей шығындарының құрамында ескерілетін жұмысшы-құрылысшылар мен машинистердің еңбекақысын төлеуге арналған қаражат, теңге немесе мың теңге;
ҮШІН – осы Нормативтік құжаттың 1-қосымшасында келтірілген құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығыстардың ірілендірілген нормасы.
12. Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша үстеме шығыстар сметаның бөлімдерінің қорытындылары және жергілікті смета (жергілікті сметалық есеп) бойынша жалпы қорытынды бойынша әр жол бойынша да және тұтастай алғанда да жергілікті сметаларға (жергілікті сметалық есептерге) енгізіледі.
Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша үстеме шығыстардың шамасы мына формула бойынша анықталады:
мұнда ҮШ- үстеме шығыстардың шамасы, теңге;
ҮШНi – осы Нормативтік құжаттың 2-қосымшасында келтірілген құрылыс және монтаждау жұмыстарының і түрі бойынша үстеме шығыстардың нормасы;
ЕАТn – тікелей шығындарының құрамында ескерілетін n позициясы бойынша жұмысшы-құрылысшылар мен машинистердің еңбекақысын төлеуге арналған қаражат шамасы, теңге.
n – осы объекті бойынша жұмыстар түрлерінің жалпы саны.
13. Құрылыстағы үстеме шығыстар шығындарының тізбесі осы Нормативтік құжаттың 3-қосымшасында келтірілген.
4. Сметалық пайданың есебі және қолдану әдістемесі
14. Сметалық пайда – бұл өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және құрылыс өнімі құнының нормативтік (кепілді) бөлігі болып табылатын құрылыс-монтаждау ұйымдарының жекелеген (жалпы) шығыстарын өтеу үшін қажетті қаражат. Сметалық пайда мердігерлік ұйымды дамытуға, оның қызметкерлерінің қосымша материалдық ынталандырылуына, міндетті салықтар мен төлемдерді төлеуді қоса алғанда құрылыс құнына жатқызылмайтын шығыстарды өтеуге арналған.
15. Құрылыстағы сметалық пайданың нормасы құрылыс және монтаждау жұмыстарының барлық түрлері және барлық орындаушылар үшін бірыңғай қолданылады және сметалық тікелей шығындар мен үстеме шығыстар сомасынан проценттерде көрініс береді.
16. Құрылыстағы сметалық пайданың нормасы сметалық тікелей шығындар мен үстеме шығыстар сомасынан 8% (сегіз процент) мөлшерінде белгіленеді.
17. Тікелей шығындар материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың құнын, жұмысшылардың еңбекақысын, машиналар мен тетіктерді (машинистердің еңбекақысын төлеуді қоса алғанда) пайдалануды қамтиды.
18. Сметалық құжаттамадағы үстеме шығыстардың мөлшері осы Нормативтік құжатта баяндалған нормалар мен тәртіп бойынша айқындалады.
19. Жабдық құнына сметалық пайда есептелмейді.
20. Жергілікті сметаларда (жергілікті сметалық есептерде) сметалық пайда жұмыстардың түрлері бойынша әр жол бойынша сметалық тікелей шығындардың және үстеме шығыстардың сомасынан 8% (сегіз процент) нормасы бойынша, сондай-ақ, бөлімдердің қорытындылары бойынша және жергілікті сметаның (жергілікті сметалық есептің) бөлімдері бойынша жиынтықты есептеледі.
21. Ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерін, сондай-ақ, жұмыстардың конструктивтері мен түрлерінің құнын қолдану кезінде үстеме шығыстар есептелмейді, өйткені ірілендірілген көрсеткіштердің құнында есептелген. Сметалық пайда ірілендірілген көрсеткіштердің құнынан 8% нормасы (үстеме шығыстарды ескере отырып) бойынша ескеріледі.
22. Инвестициялық жобаларды іске асырудың жоба алды сатысында құрылыстың есептік құнын айқындау кезінде сметалық пайда тікелей шығындар мен үстеме шығыстардың сомасынан 8% мөлшерінде сметалық пайданың белгіленген жалпы салалық нормасын қолданумен айқындалады.
23. Үстеме шығыстарды және сметалық пайданы есептеу тәртібі мынадай: әуелі сметалық тікелей шығындар (негізгі шығыстар) сомасына үстеме шығыстарды есептейді, содан кейін тікелей шығындар және үстеме шығыстар сомасына осы Нормативтік құжатта белгіленген мөлшерлерде сметалық пайданы есептейді.
24. Сметалық пайда нормасы мынадай шығындарды ескереді:
меншікті айналым қаражатының өсуі (жабдықты жаңғырту, мердігер ұйымның негізгі қорларының объектілерін қайта жөндеу);
банктік кредит үшін проценттерді төлеу;
салық заңнамасымен белгіленген жекелеген салықтар, алымдар мен төлемдер (оның ішінде, ұйымның пайдасына арналған салық, мүлік салығы);
кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша шығындарды өтеу;
қызметкерлерді материалдық ынталандыру (материалдық көмек, қызметкерлердің өндірістік процессте қатысуымен тікелей байланысты емес денсаулықты және демалысты қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу);
ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қорын құру (оқу орындарына көмекті және тегін қызметтерді ұйымдастыру).
Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 1-қосымша |
Құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығыстардың ірілендірілген нормалары
Нормативтің шифрі | Құрылыс түрлері | Негізгі құрылысшы жұмысшылардың, машинистердің еңбекақысын төлеуден проценттерде | Қолдану саласы |
1 | 2 | 3 | 4 |
ҮШН-301 | Өнеркәсіптік | 81 | Энергетикалық және ауыл шаруашылығы құрылыс объектілерінен басқа халық шаруашылығының барлық салаларына арналған өндірістік мақсаттағы объектілер |
ҮШН-302 | Тұрғын үй-азаматтық | 85 | Барлық салаларға арналған тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер |
ҮШН-303 | Ауыл шаруашылығы | 90 | Су шаруашылығы құрылысын қоспағанда, өндірістік мақаттағы ауыл шаруашылығы объектілері |
ҮШН-304 | Көліктік | 90 | Теміржол, теңіз, өзен және әуе көлігінің объектілері, магистралдық және кәсіпшілік құбырлар (мұнайгаз құбырлары) |
ҮШН-305 | Су шаруашылығы | 81 | Ауыл шаруашылығы сумен жабдықтауды қоса алғанда, мелиорация объектілері |
ҮШН-306 | Энергетикалық | 82 | Гидроэлектрстанциялар, мемлекеттік аудандық электр станциясы, жылу электр орталығы және басқа да объектілер |
ҮШН-307 | Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды күрделі жөндеу | 72 | |
ҮШН-308 | Тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстары | 84 | |
ҮШН-309 | Құрылыстың өзге де салалары | 76 | Жаяу жүргіншілердің жер асты өтпелері, абаттандыру және көгалдандыру (ағаштар мен бұталардың құнын қоса алғанда) отырғызу орындарын дайындаумен ағаштар мен бұталарды отырғызу және қайта отырғызу, жағалауды күшейту және жағалауды салу, жер асты құрылыстары мен өзгелері үшін коллекторлар. |
Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 2-қосымша |
Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша үстеме шығыстардың нормалары
Нормативтің шифрі | Құрылыс және монтаждау жұмыстарының түрлері | Құрылысшы-жұмысшылардың және машинистердің еңбекақысын төлеуге қаражат сомасынан проценттерде |
1 | 2 | 3 |
ҮШН-1100 | Құрылыс жұмыстары: | |
ҮШН-1101 | Құрылыс жер қазу жұмыстары | 72 |
ҮШН-1102 | Тау-кен аршу құрылыс жұмыстары | 77 |
ҮШН-1103 | Бұрғылау-жарылыс құрылыс жұмыстары | 84 |
ҮШН-1104 | Үңғымалардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 85 |
ҮШН-1105 | Қадалық құрылыс жұмыстары, грунттарды бекіту, төмен түсіру құдықтарының құрылғысы | 99 |
ҮШН-1106 | Бетондық және темірбетондық монолиттік конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 91 |
ҮШН-1107 | Құрастырма бетон және темірбетоннан жасалған конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 118 |
ҮШН-1108 | Кірпіштен және блоктардан жасалған конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 93 |
ҮШН-1109 | Металл конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 69 |
ҮШН-1110 | Ағаш, сүреккомпозиттік және пластмасса конструкцияларының құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 90 |
ҮШН-1111 | Еден конструкциясының құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 94 |
ҮШН-1112 | Шатырлардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 92 |
ҮШН-1113 | Құрылыс конструкцияларын және жабдықты тоттанудан қорғау бойынша құрылыс жұмыстары | 69 |
ҮШН-1114 | Ауыл құрылысындағы конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 99 |
ҮШН-1115 | Әрлеу құрылыс жұмыстары | 80 |
| Су құбыры, кәріз, жылыту, газбен жабдықтау, желдетпе және ауаны баптау ішкі жүйелерінің құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 98 |
ҮШН-1117 | Сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау сыртқы желілерінің құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 99 |
ҮШН-1118 | Магистралдық және кәсіпшілік газ-мұнай өнімдері құбырларының құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 91 |
ҮШН-1119 | Жылу оқшаулау құрылыс жұмыстары | 76 |
ҮШН-1120 | Автомобиль жолдарын салу бойынша құрылыс жұмыстары | 108 |
ҮШН-1121 | Теміржолдарды салу бойынша құрылыс жұмыстары | 87 |
ҮШН-1122 | Тоннельдер мен метрополитендерді тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 110 |
ҮШН-1123 | Көпірлерді, су өткізу құбыларын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 84 |
ҮШН-1124 | Әуеайлақтарды тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 88 |
ҮШН-1125 | Электр берілісі желілерін тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 80 |
ҮШН-1126 | Байланыс, радиохабар тарату және теледидар құрылыстарын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 76 |
ҮШН-1127 | Тау-кен үңгілеу құрылыс жұмыстары | 82 |
ҮШН-1128 | Гидротехникалық құрылыстардың жер қазу конструкцияларын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 72 |
ҮШН-1129 | Гидротехникалық құрылыстардың темірбетон конструкцияларын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 91 |
ҮШН-1130 | Гидротехникалық құрылыстардың тас конструкцияларын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 93 |
ҮШН-1131 | Гидротехникалық құрылыстардың металл конструкцияларын монтаждау бойынша құрылыс жұмыстары | 69 |
ҮШН-1132 | Гидротехникалық құрылыстардың ағаш конструкцияларының құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 90 |
ҮШН-1133 | Гидротехникалық құрылыстардағы гидрооқшаулау құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары | 79 |
ҮШН-1134 | Жағалау бекіту құрылыс жұмыстары | 68 |
ҮШН-1135 | Стапельдер мен слиптердің кеме жүретін жолдарын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 74 |
ҮШН-1136 | Суңгуірлік құрылыс жұмыстары | 88 |
ҮШН-1137 | Өнеркәсіптік пештер мен құбырларды тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары | 80 |
ҮШН-1138 | Ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары | 84 |
ҮШН-1139 | Көгалдандыру | 88 |
ҮШН-1200 | Инженерлік және технологиялық жабдықты монтаждау бойынша жұмыстар | |
ҮШН-1201 | Технологиялық жабдықты монтаждау бойынша жұмыстар | 61 |
ҮШН-1202 | Электротехникалық қондырғыларды монтаждау бойынша жұмыстар | 72 |
ҮШН-1203 | Автоматтандыру құралдарын және есептегіш техниканы монтаждау бойынша жұмыстар | 75 |
ҮШН-1300 | Жабдықты іске қосу-орнату бойынша жұмыстар | |
ҮШН-1301 | Технологиялық жабдықты іске қосу-орнату бойынша жүмыстар | 50 |
ҮШН-1400 | Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша жұмыстар | |
ҮШН-1401 | Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша жұмыстар | 72 |
ҮШН-1700 | Аралас құрылыс кәсіпорындарының үстеме шығындары | |
ҮШН-1701 | Автокөлік кәсіпорындары | 84 |
ҮШН-1702 | Механикаландыруды басқару | 72 |
Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 3-қосымша |
Құрылыстағы үстеме шығыстар шығындары баптарының тізбесі
1. Әкімшілік-шаруашылық шығыстар
1. Әкімшілік-шаруашылық персоналдың жалақы шығыстары:
1) басқару аппаратының қызметкерлері (басшылар, мамандар және қызметшілерге жататын басқа да қызметкерлер);
2) желілік персонал: жұмыстарды аға жүргізушілер (учаскелердің бастықтары), жұмыстарды жүргізушілер, құрылыс учаскелерінің шеберлері, учаскелік механиктер;
3) басқару аппаратына шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлер (аула сыпырушылар, аула тазалаушылар, гардеробшылар, курьерлер).
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік-шаруашылық персонал қызметкерлерінің жалақы шығыстарынан әлеуметтік қажеттіліктерге арналған аударымдар.
3. Байланыс қызметтерінің, атап айтқанда халықаралық және қалааралық телефонмен сөйлесулердің, ұялы байланысты пайдалана отырып, сөйлесулердің шығындары, телефон станцияларын, басқару үшін пайдаланылатын және ұйымның теңгерімінде есептелетін диспетчерлік, радио және басқа да байланыс түрлерінің қондырғыларын ұстау және пайдалану шығыстары, көрсетілген байланыс құралдарын жалға алу немесе басқа да ұйымдар ұсынатын тиісті қызметтерге төлем жүргізу шығыстары, факсимильдік және спутниктік байланыс, электрондық почта, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің қызметтеріне арналаған шығыстар.
4. Ұйымның теңгерімінде есептелетін офистік және көбейткіш техниканы ұстау және пайдалану шығыстары, құрылыс ұйымының теңгерімінде болмайтын кәсіпорындармен шарттар бойынша орындалатын тиісті жұмыстарға төлем жүргізу шығыстары.
5. Әкімшілік-шаруашылық персонал айналысатын және пайдаланатын ғимараттарды, құрылыстар мен үй-жайларды ұстау және пайдалану шығыстары, сондай-ақ жерге төлеммен байланысты шығыстар.
6. Оларды жүргізу және басқару мақсаттары үшін қажетті офис керек-жарақатарын, есепке алу, есептілік бланктерін және басқа да құжаттарды, мерзімді басылымдарды, техникалық әдебиетті сатып алу шығыстары.
7. Әкімшілік-шаруашылық персонал пайдаланатын негізгі қорларды жөндеудің барлық түрлерін жүргізу шығыстары.
8. Ұйымның орналасқан жері шеңберінде әкімшілік персонал қызметкерлерінің қыметтік кіріп-шығуларымен байланысты шығыстар.
9. Құрылыс ұйымының теңгерімінде есептелетін және осы ұйымның басқару аппаратының қызметкерлеріне қызмет көрсететін қызметтік жеңіл автокөлікті пайдалану шығыстары, мыналарды қоса алғанда:
1) жеңіл автокөлікке қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысы;
2) жағар-жанар май материалдарының, автокөлікке техникалық қызмет көрсету құны;
3) гараждарды пайдалану шығыстары, гараждар және автомобилдердің тұрақ орындары үшін жалдау ақысы, өтелім аударымдары және автомобилдер мен гараждардың ғимараттарын жөндеудің барлық түрлерінің шығыстары.
10. Қызметтік жеңіл автомобильдерді жалдау шығыстары.
11. Өндірістік қызметі жүйелі қызметтік сапарлармен байланысты құрылыс ұйымы әкімшілік-шаруашылық персоналының қызметкерлеріне өтемақы төлеу шығыстары, осы мақсаттар үшін жеке жеңіл көлікті пайдалану бойынша шығыстар.
12. Заңнамада белгіленген нормаларға сүйене отырып, қызметтік жеңіл автокөлікке қызмет көрсететін қызметкерлерді қоса алғанда, әкімшілік-шаруашылық персоналдың өндірістік қызметімен байланысты қызметтік іссапарлар шығыстары.
13. Тез тозатын мүкәммалды және басқару аппаратына қызмет көрсетуге арналған басқа да құны төмен заттардың негізгі қорлары, тозуы және жөндеу бойынша өтелімдік аударымдар (жалдау ақысы).
14. Ұйымның қызметімен байланысты өкілдік шығыстар және ұйым кеңесі (басқарма) мен ұйымның ревизиялық комиссиясының отырыстарын өткізу бойынша шығыстар.
15. Консультациялық, ақпараттық және аудиторлық қызметтерге төлем.
16. Банк қызметтеріне төлем.
17. Құрылыс ұйымының штаттық кестесінде сол немесе өзге де функционалдық қызметтер көзделмеген жағдайларда өндірісті басқару бойынша бөгде ұйымдар жүзеге асыратын қызметтерге төлем.
2. Құрылыс қызметкерлеріне қызмет көрсетуге арналған шығыстар
18. Өндірістік кадрларды даярлаумен және қайта даярлаумен байланысты шығыстар.
19. Мердігерлік жұмыстарда, оның ішінде уақытша (титулдық) ғимараттар мен құрылыстардың құрылысында, құрылыс машиналарын пайдалану және қызмет көрсетуде және басқа да күрделі емес жұмыстарда қамтылған жұмысшыларға өтемдік және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
Өтемдік және ынталандыру сипатындағы төлемдердің құрамына:
1) жыл сайынғы төленбелі еңбек демалыстарының пайдаланылмаған күндері үшін қызметкерлердің жыл сайынғы еңбек демалыстарын немесе өтемдік төлемдерін төлеу;
2) қызметкерлерге атмосфералық шарттар бойынша бос тұру уақытына төлем;
3) оларды жеңіл жұмысқа ауыстыру кезінде жүкті әйелдерге орташа жалақыға дейін үстемеақы;
4) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;
5) бригаданы басқарғаны үшін бригадирлерге үсетемеақы;
6) негізгі жұмысынан босатылмаған білікті жұмысшыларға оқушыларды оқыту және жұмысшылардың біліктілігін арттыру үшін үстемеақы;
7) біліктілікті арттыру жүйесінде өндірістен қол үзе отырып, оларды оқыту кезінде құрылыс-монтаждау ұйымының жұмысшыларына орташа жалақыны сақтау;
8) заңда көзделген жағдайларда жұмысшыларға тегін немесе жеңілдікті шарттарда қызметтер ұсынумен байланысты шығыстар;
9) донор жұмысшыларға тескеру, қан тапсыру күндері үшін орташа жалақыны сақтау;
10) жұмысшыларға мерзімнен тыс жұмыс үшін, сондай-ақ кезекші электромонтерлерге, слесарларға, сантехниктерге, от жағушыларға және басқа да жұмысшыларға түнгі уақыттағы жұмыс (олар бойынша бұл үстемеақы сметалық нормаларда ескерілген тау-кен үңгілеу және кейбір басқа да жерасты жұмыстарын қоспағанда) үшін үстемеақы;
11) жұмысшыларға мәжбүрлі жұмыста болмау немесе заңнамада көзделген жағдайларда төмен ақы төленетін жұмысты орындау уақыты үшін орташа жалақыны сақтау;
12) жұмысшыларға мерзімді медициналық тексерулерден өту уақыты үшін орташа жалақыны сақтау кіреді.
20. Мердігерлік жұмыстарда, сондай-ақ, құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалануда және үстеме шығындар есебінен жүргізілетін күрделі емес жұмыстарда қамтылған жұмысшылардың жалақы шығындарынан әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар.
21. Санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету шығыстары:
1) өтелімдік аударымдар (немесе жалдау ақысы), жөндеудің барлық түрлерін жүргізу (жөндеу қорына аударымдар немесе жөндеуге арналған резерв) және санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы құрыстырма-бөлшекті және жылжымалы ғимараттардың орынын ауыстыру шығыстары;
2) санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды ұстау: сыпырушылардың, кезекші слесарлардың, электриктер мен қызмет көрсететін персоналдың басқа да санаттарының еңбекақысы, жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру шығындары, сондай-ақ душ және қол жуғыштар үшін табельде көзделген гигиена заттарының құны;
3) өтелімдік аударымдарды (жалдау ақысы), жөндеудің барлық түрлерінің шығындарын (жөндеу қорына аударымдар немесе жөндеуге арналған резерв), жарықтандыру, жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, тамақ дайындау үшін отын шығындарын, сондай-ақ, тамақты жұмыс орнына жеткізу бойынша шығындарды қоса алғанда, тікелей құрылыс алаңында немесе құрылыс ұйымының аумағында медпунктерді ұйымдастыру үшін медициналық мекемелерге және қоғамық тамақтану кәсіпорындарына (құрылыс ұйымының теңгерімінде есептелетін және есептелмейтін) тегін ұсынылатын үй-жайларды және мүкәммалды ұстау;
4) құрылыс ұйымының қызметкерлерін асханалармен, буфеттермен, медпункттермен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету бойынша басқа ұйымдардың қызметтеріне төлем жүргізу немесе оларды ұстау бойынша үлестік қатысу шығындары.
22. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шығыстары:
1) тозу және тегін берілетін арнайы киімді және құрылғалардың жеке қорғаныш құралдарын жөндеу және жуу бойынша шығыстары;
2) заңнамада көзделген жағдайларда тегін берілетін байтараптандырғыш заттардың құны;
3) дәрі қобдишаларын және дәрі-дәрмектерді сатып алумен байланысты шығыстар;
4) қауіпсіздік техникасы, оқыс оқиғалардың және құрылыстағы аурулардың алдын алу, сондай-ақ еңбек шарттарын жақсарту бойынша қажетті анықтамалықтарды, плакаттарды және көрнекілік материалдарды сатып алу шығыстары;
5) жұмысшыларды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқыту бойынша және қауіпсіздік техникасы бойынша кабинеттерді жабдықтау шығыстары;
6) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шаралар номенклатурасында көзделген өзге де шығыстар.
3. Құрылыс алаңдарында жұмыстарды ұйымдастыру шығыстары
23. Құрылыс жұмыстарын жүргізуде пайдаланылатын және негізгі қорлар жатпайтын құны төмен және тез тозатын құралдар мен өндірістік мүкәммалды жөндеу бойынша шығыстар.
24. Тозу және уақытша (титулдық емес) құрылыстарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды жөндеумен, ұстаумен және бөлшектеумен байланысты шығыстар, оларға мыналар жатады:
1) прорабтар мен шеберлердің объект маңындағы кеңселері және қоймалары;
2) қойма үй-жайлары және құрылыс объектісі жанындағы аспалар;
3) душ, текше, кәрізделмеген әжетханалар және жұмысшылардың жылынуына арналған үй-жайлар;
4) төсемелер, сатылар, баспалдақтар, өту көпірлері, жүру тақталары, ғимаратты бөлу кезіндегі кездемелер;
5) құрылыстар, құрал-саймандар және қауіпсіздік техникасы бойынша құрылғылар;
6) құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормаларда немесе жабдықты монтаждауға арналған сметалық нормативтерде көзделмеген ағаштар мен басқыштар, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті сыртқы аспалы арбалар, дуалдар мен қоршаулар, сақтандыру күнқағарлары, бұрғылау-жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі паналар;
7) жоғарыда көрсетілген уақытша (титулдық емес) ғимараттар мен құрылыстарды салудың орнына құрылыс алаңдарында салынып жатқан және қолданыстағы ғимараттарды бейімдеумен байланысты шығыстар;
8) жұмыс аймағы шеңберінде электр энергиясының, судың, будың газ бен ауаның магистралдық және тармақтағыш желілерінен уақытша ажыратпалар.
25. Өрт және қарауыл күзетін ұстап тұру:
1) ұйымға белгіленген тәртіппен ведомстволық күзетке ие болу құқығы ұсынылған жағдайларда әскерилендірілген, қарауыл және кәсіби өрт күзетін қоса алғанда, ведомстволық күзет қызметкерлерінің жалақы шығыстары;
2) кеңсе, почта-телеграф және ведомстволық күзетті ұстаудың басқа да шығыстары;
3) ішкі істер органдары жүзеге асыратын ішкі істер, өрт күзет органдары ұсынатын ведомстволықтан тыс күзетке, сондай-ақ басқа да ұйымдардың қызметтерді көрсету тәртібімен ұсынылатын күзетке төлем жүргізу шығыстары;
4) өртке қарсы мүкәммалды, жабдықты және арнайы киімді ұстау шығыстары және олардың тозуы;
5) сыпырушылардың және осы үй-жайларға қызмет көрсететін басқа да жұмысшылардың еңбекақысын қоса алғанда, өтелімдік аударымдар, жөндеудің барлық түрлерін жүргізу (жөндеу қорына аударымдар немесе жөндеуге арналған резерв) және қарауыл үй-жайларын және өрт депосын (гараждар) ұстау шығыстары.
26. Құрылысты ұйымдастыру және жүргізудің озық әдістерін енгізу, еңбекті нормалау бойынша шығыстар.
27. Өнертапқыштықпен және рационализаторлықпен байланысты шығыстар, мыналарды қоса алғанда:
1) тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу, өнертапқыштық және рационализаторық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгілерді дайындау және сынау шығыстары;
2) көрмелер мен байқауларды, конкурстарды және өнертапқыштық пен рационализация бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру бойынша шығыстар;
3) өнертапқыштық және рационализаторық ұсыныстардың авторларына сыйлықтар төлеу.
28. Мердігерлік жұмыстарды жүргізу кезінде жүзеге асырылатын геодезиялық жұмыстар бойынша шығыстар. Бұл бап бойынша:
1) геодезиялық жұмыстарда қамтылған қызметкерлердің жалақы шығыстары;
2) материалдардың құны;
3) өтелімдік аударымдар, тозу, жөндеулердің барлық түрлерінің (жөндеу қорына аударымдар немесе жөндеуге арналған резерв) және геодезиялық жабдық, құралдар мен аспаптарды тасу шығындары;
4) жобалау-іздестіру ұйымдарынан геодезиялық негізді қабылдауды қоса алғанда геодезиялық жұмыстар бойынша көліктік және басқа да шығыстар.
29. Жұмыстарды жүргізуді жобалау шығыстар. Бұл бап бойынша жобалау-сметалық топтары және жұмыстарды жүргізу жобалау топтары қызметкерлерінің жалақы және құрылыс ұйымдарындағы үлгілік уақытша ғимараттар мен құрылыстарды байланыстыру шығыстары, осы топтарды ұстау бойынша шығыстар, сондай-ақ, жобалау ұйымдарының және жұмыстарды жүргізу жобаларын жасайтын ұйымдардың қызметтеріне төлем жүргізу ескеріледі.
30. Өндірістік зертханаларды ұстау шығыстары. Бұл бап бойынша мынадай шығыстар ескеріледі:
1) өндірістік зертханалар қызметкерлерінің жалақы шығыстары;
2) өтелім, зертханалардың үй-жайларын, жабдығын және мүкәммалын жөндеулердің барлық түрлерін жүргізу шығыстары;
3) жалпы құрылыстарды сынау бойынша шығыстардан басқа материалдарды, құрылыстардың конструкциялары мен бөліктерін сынау кезінде жұмыстарды
жүргізу шығыстары;
4) сынау кезінде шығындалған немесе бүлінген материалдардың, құрылыстардың конструкциялары мен бөліктерінің құны;
5) басқа да ұйымдардың зертханалары көрсететін қызметтерге төлем шығыстары;
6) өндірістік зертханаларды ұстаумен байланысты өзге де шығыстар.
31. Әскерилендірілген тау-кен құтқару бөлімдерінің қызметтеріне төлеммен байланысты шығыстар.
32. Құрылыс алаңдарын абаттандыру және ұстау бойынша шығыстар:
1) еңбекақы және жолдардың және аяқжолдардың учаскелерін, жолдар, көпіршелер құрылғысын және құрылыс алаңдарының аумағын абаттандырумен байланысты басқа да жұмыстарды қоса алғанда, құрылыс аумағын және оған жақын орналасқан көше жолағын жинау және тазалау (қоқысты шығара отырып) бойынша басқа да шығыстар;
2) электр энергиясы (оның ішінде уақытша электр станцияларынан), электр шамдар, кезекші электромонтерлердің жалақысы және құрылыс аумағын жарықтандырумен байланысты басқа да шығыстар.
33. Құрылыс объектілерін тапсыруға дайындау бойынша шығыстар. Бұл бапқа мыналар жатады:
1) кезекші слесарь-сантехниктердің және электромонтерлардың, сондай-ақ, қоқыс жинайтын, едендер мен терезелерді жуатын жұмысшылардың жалақы шығыстары;
2) жуғыш құралдарды және объектілерді тапсыру кезінде жуып-жинауға шығындалатын басқа да материалдарды сатып алу шығыстары;
3) объектінің құрылысы аяқталғаннан кейін алаңнан құрылыс қоқысын шығару бойынша шығыстар;
4) объектілерді тапсыру кезеңіндегі жылыту шығыстары.
34. Құрылыс шеңберінде желілік құрылыс ұйымдарын және олардың құрылымдық бөлімшелерін қайта базалау бойынша (машина-ауысым құнында ескерілген құрылыс машиналары мен тетіктерін тасу бойынша шығыстарды, сондай-ақ, құрылыс ұйымдарын және олардың құрылымдық бөлімшелерін басқа да құрылыстарға қайта базалау бойынша шығыстарды қоспағанда) шығыстар.
4. Өзге де үстеме шығыстар
35. Негізгі өндірісте, сондай-ақ, құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалануда және басқа да күрделі емес жұмыстарда қамтылған қызметкерлердің жеке санаттарын және заңнамада рұқсат етілген басқа да сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру бойынша төлемдер.
36. Материалдық емес активтер бойынша өтелім.
37. Банктердің кредиттері бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және өзге де айналымнан тыс активтерді сатып алумен байланысты несиелерді қоспағанда), сондай-ақ инвестицияларға және конверсиялық іс-шараларға берілген несиелерден басқа бюджеттік несиелер бойынша төлемдер.
38. Жарнамамен байланысты шығыстар.
39. Құрылыс аяқталған объектілерді кепілдікті жөндеу және кепілдікті қызмет көрсету бойынша резервті қалыптастыру шығыстары.
40. Құрылыстың сметалық құнын басқа да құрамдастарымен ескерілмеген Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жүргізілген салықтар, алымдар, төлемдер және басқа да міндетті аударымдар.
5. Үстеме шығыстардың нормаларында ескерілмейтін, бірақ үстеме шығыстарға жатқызылатын шығындар
41. Ұйымның төлем жүйесінде көзделген қызметкерлерге ынталандыру сипатындағы төлемдермен байланысты шығыстар.
42. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалардан тыс іссапар шығыстарын төлеу.
43. Өнімді және қызметтерді сертификаттау шығыстары.
44. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес көлік құралдарын (су, әуе, жерүсті, құбыр өткізгіш), құрылыс жүктерін, өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, құрылысы аяқталмаған объектілерді, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаумен байланысты тәуекелдерді, тауарлық-материалдық қорларды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын өзге де мүлікті, зиян келтіргені үшін азаматтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру бойынша, сондай-ақ өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру, зейнеткерлік және жеке медициналық сақтандыру шарттары бойынша қызметкерлерді ерікті сақтандыру бойынша төлемдердің (сақтандыру жарналары) шығындары.
45. Қызметкерлерге сот шешімдері негізінде төленетін өндірістік жарақаттар салдарынан жұмысқа қабілеттіліктен айырылумен байланысты жәрдемақылар.
46. Мердігердің қызметіне қатысты өзге де шығындар есебінен құрылыстардың тапсырыс берушілері өтейтін шығыстар:
1) қолданыстағы тұрақты автомобиль жолдарын ұстау және құрылыс аяқталғаннан кейін оларды қалпына келтіру шығындары;
2) салынып жатқан автомобиль жолдарын құрылыс аяқталғанға дейін ұстау шығындары;
3) құрылыс және монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша шығындар немесе қалалық жолаушылар көлігінің арнайы бағыттарын ұйымдастыру бойынша шығыстарды өтеу;
4) жұмыстарды вахталық әдіспен жүзеге асырумен байланысты шығындар;
5) құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберумен байланысты шығындар;
6) ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және олардың деформацияларын геодезиялық бақылауларды жүргізу шығындары;
7) қадалық іргетастарды тұрғызу кезеңінде мердігерлік ұйым жүргізетін топырақтағы қадаларды серпінді және статикалық жүктемемен сынаумен байланысты шығындар;
8) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының талап етуі бойынша салынған инженерлік желілердің орындаушылық бақылау түсірілімін орындаумен байланысты шығындар;
9) студентік отрядтарды және басқа да контингенттерді (жұмысшылардың ұйымдастырылған жинақталымы) пайдаланумен байланысты шығындар;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушілер өтейтін басқа да шығыстар.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына 3-қосымша |
Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі – Нормативтік құжат):
1) вахталық әдіс;
2) құрылыс және монтаждау жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберу;
3) ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылауларды жүргізу;
4) қолданыстағы тұрақты автомобиль жолдарын ұстау;
5) құрылыстың сметалық құнын есептеген кезде құрылыс-монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін автомобиль көлігімен тасымалдау сияқты жұмыстардың түрлерін жүзеге асырумен байланысты шығындарды айқындауға арналған.
2. Нормативтік құжаттың мақсаты құрылысты ұйымдастырумен байланысты шығындардың дұрыс шамасын айқындауға мүмкіндік беретін бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады.
3. Осы Нормативтік құжатта баяндалған ережелер мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеу үрдісінде ресурстық әдіспен құрылыстың сметалық құнын есептеу кезінде міндеті болып табылады.
4. Нарықтың басқа субъектілері үшін Нормативтік құжат ұсынымдық сипатқа ие және құрылыстың сметалық құнының және орындалған жұмыстар үшін есептердің құрамында қосымша шығындардың шамасын айқындау кезінде анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.
5. Нормативтік құжат сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді және:
1) жалпы ережелерден;
2) құрылысты ұйымдастырумен байланысты шығындар жіктемесінен;
3) құрылысты ұйымдастырумен байланысты шығындарды есептеу тәртібінен тұрады.
6. Осы Нормативтік құжатта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖЖ) – құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы ұзақтығын және аралық мерзімдерін айқындайтын және жеке ғимараттарды (құрылыстарды) тұрғызу бойынша өндірістік үрдістерді ұйымдастыру кезінде негізгі басшылық құжат болып қызмет ететін жоба;
2) жұмыстардың вахталық әдісі – олардың тұрақты тұру орнынан тыс еңбек ресурстарын пайдалануға, қызметкерлердің жұмыстарды жүргізу орнына, құрылыс ұйымының тұрақты орналасу орындарынан едәуір алшақ объектілерге мерзімді шығуына негізделген жұмыстарды ұйымдастырудың ерекше нысаны;
3) құрылыс бас жоспары (құрылысбасжоспар) – құрылыс алаңын ұйымдастыруды реттейтін құрылыс ұйымы жобасының бөлігі;
4) құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) – құрылыстың жалпы ұзақтығын және аралық мерзімдерін айқындайтын жобаның құрамдас бөлігі, күрделі салымдарды және құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін бөлу, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары және оларды өтеу көздері, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың және объект құрылысын басқару құрылымын орындаудың негізгі әдістері.
2. Вахталық әдіспен жұмысты жүзеге асырумен байланысты шығындар
7. Вахталық әдісті қолданудың мақсаты объектілерді қолданысқа енгізуді жылдамдатуға бағытталған құрылысты ұйымдастыруды жетілдіру негізінде күрделі салымдардың тиімділігін арттыру есебінен объект құрылысының мерзімдерін азайту.
8. Вахталық әдіс жұмыстарды жүргізу орны қоныстанбаған, шалғай аудандарда; немесе табиғат жағдайлары ерекше аудандарда қызметкерлердің тұрақты тұру орнынан (жиналу орны) едәуір алыстаған кезде қолданылады. Жоба алдындағы кезеңде инвестициялық үрдістің орындылығы негізделген жағдайда, вахталық әдіс құрылыс, қайта жаңарту және күрделі жөндеудің барлық түрлеріне кез келген өңірде пайдаланылуы мүмкін.
9. Құрылыс объектілерінде (қайта жаңғырту, күрделі жөндеу) вахталық әдісті қолданудың орындылығын мынадай факторлар анықтайды:
1) жұмыстарды жүргізу орындарында еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілмеу;
2) құрылыс мерзімін қысқарту мақсатында жұмыстардың жоғары қарқындарын ұстап тұру қажеттілігі;
3) құрылыс (қайта жаңғырту, күрделі жөндеу) объектілерінің құрылыс ұйымын орналастыру және қызметкерлердің тұрақты тұру орнынан едәуір алшақтығы;
4) құрылыстың бір титулындағы желілік объектілердің бытыраңқылығы және ұзақтығы;
5) көліктік коммуникациялардың күрделілігі және тұрақсыздығы;
6) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің маусымдық сипаты;
7) тіршілік қызметінің күтпеген жағдайлары.
10. Вахталық әдісті қолданудың міндетті шарты уақытша қоныстану – вахталық кенттің болуы немесе ұйымдастырылуы немесе олардың отбасыларының мүшелерінсіз қызметкерлердің уақытша тұруына және олардың күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға есептелген әлеуметтік инфрақұрылымның бөлшектерін қамтитын салынып жатқан объектіге жақын елді мекендегі объектінің құрылысы кезінде құрылыс ұйымы жалдайтын тұрғын үй қорының болуы болып табылады.
11. Вахталық әдісті қолдану туралы шешімді жобалау ұйымының ұсыныстары негізінде инвестициялық үрдістің жоба алдындағы немесе жобалау кезеңдерінде Тапсырыс беруші қабылдайды.
12. Жиналу пункті оны жұмыстарды жүргізу орнына немесе вахталық кенттің орналасу орнына жөнелту үшін вахталық персоналдың жиналу орны болып есептеледі.
13. Вахталық әдіспен жұмыстарды жүргізуге дайындық ҚҰЖ әзірлеу кезеңінде немесе Тапсырыс берушімен келісілген жобалау-сметалық құжаттама болған жағдайда, ЖЖЖ әзірлеу кезеңінде басталады.
ҚҰЖ-ға және ЖЖЖ-ға мыналар енгізіледі:
1) негізгі жұмысшылар мен механизаторлар, инженерлік-техникалық қызметкерлер (ИТҚ) және қызметшілер, кіші қызмет көрсетуші персонал (КҚП) және күзет бойынша бөле отырып, вахталар бойынша құрылыстың барлық мерзімі ішінде вахталық персоналдың ауысымдық санын, жұмыс күнінің, жұмыс аптасының ұзақтығын, вахтадағы ауысымаралық демалыс уақытын, бір вахтаның ішінде демалыс күндерінің болуы және кезектілігін, вахталар арасындағы демалыс уақытын көрсететін ауысымдық кестесі;
2) вахталық персонал үшін қажетті көлемдегі уақытша ғимараттар мен құрылыстардың қажеттілік ведомосы. Бұл ретте, ғимараттың немесе құрылыстың арналуын және түрін, аумағын немесе құрылыс көлемін, ал уақытша инженерлік желілер үшін қума метрлердегі ұзақтығын көрсету қажет;
3) вахталық кенттің қалыпты тіршілік қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, вахталық персоналды вахталық кенттен құрылыс алаңына дейін және кері күн сайынғы жеткізу үшін қажетті машиналар мен тетіктердің құрамы.
14. Объектінің құрылыс кезеңінің әрбір уақытына (өлшем бірлігіне 1 вахтаны қабылдау керек) жұмыс күшіне қажеттілікті бөле отырып, уақытша кенттің құрылысының шығындары бойынша барынша оңтайлы күнтізбелік кестесін қалыптастыру мақсатында кесте ауысымдық кестесін құрылыстың барлық мерзіміне вахталық кенттің ғимараттары мен құрылыстарының құрылыс (қолданысқа енгізу) күнтізбелік кестесімен байланыстыру қажет. Мердігерлік ұйымдарда ауысымдық кестесін құрылыстың барлық мерзіміне құрылыс ұйымының басшысы келіседі және бекітеді.
15. Вахталық кент жобасы ҚҰЖ және ЖЖЖ құрамында әзірленеді, ол кенттің бас жоспарын, кірме жолдар сызбаларын, вахталық кенттерді салу және ұстау шығындарының сметасын, құрылыстың күнтізбелік кестесін, материалдарды, конструкциялар мен жабдықты жеткізудің көліктік сызбаларын, сондай-ақ:
ғимараттар мен құрылыстардың;
электрмен-сумен-жылумен жабдықтаудың;
байланыс желісінің;
кәріз желілерінің;
ішкі жолдардың жобаларын қамтиды.
16. Жұмыстарды ұйымдастырудың вахталық әдісін қолданумен байланысты шығындар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және шарт бағаларын негіздеу кезінде анықталады.
17. Құрылыс құнының сметалық есебіне (Сметалық есеп) қосымша шығындардың мынадай түрлері:
1) өзге де жұмыстар мен құрылыс құнын сметалық есептеу шығындарының құрамына:
вахталық персоналдың жиналу және ауысып отыру пунктеріндегі қонақүйлерде тұру шығындары;
авиатасымалдау бойынша диспетчерлік қызметтерді ұстау шығындары;
визаларды, шақыруларды, тіркеуге рұқсаттарды және тұруға ыхтиярхатын, жұмысқа рұқсатты (шетелдік азаматтар үшін) ресімдеу және беру үшін төлем шығындары.
2) құрылыс аумағын дайындау бойынша жұмыстардың құрамына: вахталық кенттер құрылысы үшін пайдаланылатын уақытша бұрмалардың учаскелерінде жерді қалыпына келтіру шығындары енгізілуі мүмкін. Бұл шығындарды айқындау үшін жер қазу жұмыстарына арналған сметалық нормаларға сәйкес жергілікті ресурстық смета жасалады.
18. Құрылыстың шығыстарын оңтайландыру мақсатында құрылысты материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру техникалық-экономикалық негіздемелер құрамында анықталады.
19. Мердігерлік ұйым анықталғанда жұмыстарды вахталық әдіспен жүргізу шығындарын есептеу кезінде құрылыс мерзімін мердігерлік шарт негізінде немесе вахталық әдісті қолдану шарттарын қарау кезеңіне тапсырыс беруші және мердігерлік ұйым (бұдан әрі – мердігер) арасында келісілген құрылыс мерзімі негізінде қабылдауға рұқсат етіледі.
20. Құрылысты ұйымдастырудың вахталық әдісі кезінде ауысымның ұзақтығын ұлғайтумен байланысты жұмысшылардың орташа сағаттық еңбек өнімділігін төмендету вахталық қызметкерлердің орташа сағаттық еңбек өнімділігін төмендетудің орташаланған коэффициенттерін қолдана отырып, ескеріледі:
1) 9 сағаттық жұмыс ауысымында - 0,02 - 0,04;
2) 10 сағаттық жұмыс ауысымында - 0,04 - 0,06;
3) 11 сағаттық жұмыс ауысымында - 0,06 - 0,08;
4) 12 сағаттық жұмыс ауысымында - 0,08 - 0,12.
21. Вахталық әдіспен құрылыста жұмыспен қамтылған қызметкерлердің вахталық ағынының саны ҚҰЖ (ЖЖЖ) бөлімінде әзірленетін ауысымдық кестесіне сүйене отырып, анықталады.
22. Вахтадағы жұмыс және демалыс режимдері вахталық әдісті қолдану кезінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады. Қызметкерлердің қажетті саны құрылыс-монтаждау жұмыстарының, құрылыс өндірісінің пайдаланылатын технологияларының, машиналар және тетіктер жалпы көлеміне, құрылыс мерзіміне және жұмыс режиміне (ауысымның және ауысымдық вахтаның ұзақтығы) сүйене отырып, анықталады. Одан әрі, белгіленген еңбек және демалыс режимдері бойынша ауысымдық кесте әзірленеді, ауысымдық вахталық персоналдың саны анықталады. Осы деректердің негізінде қызметкерлердің тұруы үшін қажетті вахталық кенттің ғимараттары мен құрылыстарының саны, құрылыс кентінің шығындары, ауысымдық вахталық персоналды вахтаға және вахтадан тасымалдау құны, вахталық қызметкерлердің үстеме ақылары және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстардың вахталық әдісімен байланысты шығындардың басқа да түрлері белгіленеді.
23. Вахталық әдіспен жұмыстар үшін үстемеақы жұмысшылар мен машинистердің негізгі жалақысына 20% мөлшерінде ұжымдық және еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді. Үстемеақы тиісті коэффициентті қолдана отырып, жергілікті ресурстық сметаларда есептеледі.
24. Вахталық қызметкерлерді жинау орнынан салынып жатқан объектідегі (вахталық кентте немесе осы мақсаттар үшін құрылыс ұйымы арнайы жалдайтын баспанада) тұру орнына дейін жеткізу құрылыс ұйымының өзінің (немесе жалдамалы) көлігімен және теміржол көлігі, азаматтық авиация және автомобиль көлігі ұйымдар көлік құралдарымен жүзеге асырылады.
25. Көліктің түрі өңірдегі қалыптасқан құрылыс көліктік коммуникацияларды, сондай-ақ, құны бойынша және вахталық қызметкерлердің жиналу пунктінен вахталық кентке дейінгі жолдағы келу уақыты бойынша барынша аз шығындарды ескере отырып, таңдап алынады.
26. Вахталық қызметкерлерді тасымалдау шығындары төмендегілердің негізінде тасымалдаудың таңдап алынған әдістеріне байланысты анықталады:
1) меншікті көлікті пайдалану кезінде көліктік шығындардың калькуляциясы;
2) әрбір вахталық қызметкердің жол жүру құнын растайтын жол жүру құжаттары;
3) көліктік ұйымдармен жасалатын шарттар.
27. Қызметкерлерді жиналу пунктінен жұмыс орнына дейін және кері вахтаға жеткізу бойынша көлік түрінің экономикалық орындылығы инвестициялық үрдістің жоба алдындағы кезеңінде белгіленеді.
28. Вахталық кенттер қолданыстағы нормаларға сәйкес тиісті санитарлық нормаларды және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, салынып жатқан объектіден арақашықтықта орналастырылады. Егер вахталық кент бірнеше объектілердің құрылысында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің тұруына арналған болса, ол қызметкерлерді жұмыстарды жүргізу орнына жеткізудің 15-20 минуттық ұзақтығынан жоғары есеппен орналастырылады.
29. Вахталық кенттерді үй-жайлармен толықтыру және оларды жайластыру жергілікті шарттарға, жұмыстарды жүргізу мерзімдеріне және тұғындардың санына сүйене отырып, жүзеге асырылады. Вахталық кенттің құрамына тұрғын, мәдени-тұрмыстық және коммуналдық мақсаттағы объектілер енгізіледі.
30. Вахталық үй-жайларды жиһазбен және басқа да мүкәммалмен жабдықтау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
31. Өтелімді есептеу сомасын қоса алғанда, еңбек ұжымдарына қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің үй-жайларын ұстаумен байланысты шығындар, үй-жайларды жөндеуді жүргізу шығыстары, жарықтандыру, жылу, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сондай-ақ, тамақ дайындау үшін отын шығындары мердігерлердің үстеме шығындарының құрамында ескерілген.
32. Вахталық қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру шығындары мердігерлердің үстеме шығындарының құрамында ескерілген.
33. Вахталық кенттің пайдалануға беруге дайындығы және оны пайдалануға беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
34. Вахталық персонал үшін қажет етілетін тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық және өзге де ғимараттар мен құрылыстардың саны объект құрылысының барлық мерзімі ішінде кентте бір уақытта тұратын ауысымдық вахталық персоналдың ең жоғары - ықтимал санына негізделеді. Бұл сан ауысымдық кестесінің негізінде анықталады.
35. Ауысымдық вахталық персоналдың саны штаттан тыс қызметкерлерге: уақытша; іссапарға жіберілген; тәжірибеден өтушілер және құрылыс-монтаждауды жүргізумен байланысты жұмыстарды немесе құрылысты ұйымдастыру және қызмет көрсету үшін қажетті өзге де жұмыстарды орындау үшін шақырылған басқа да мамандарға келетін олардың санына 5% қоса отырып, объект құрылысында жұмыспен қамтылған жұмысшылардың, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен қызметшілердің, КҚП және күзеттің қажетті санының жиынтығы ретінде анықталады.
36. Вахталық кенттердің құрылысы бойынша баға белгілеудің ресурстық әдісі кезінде шығындар (мүкәммалдық тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен уақытша пайдаланудағы инженерлік құрылыстарды жинау және бөлшектеу құны, олардың астына негіздер мен іргетастардың, инженерлік желілер ендірмелерінің құрылғысы, кентті абаттандыру) уақытша ғимараттар мен құрылыстар құрылысы шығындарының сметалық нормаларына сәйкес анықталады. Осы шығындар бойынша бағалардың ағымдағы деңгейінде жергілікті ресурстық сметалар жасалады. Жергілікті ресурстық сметалардың қорытындылары құрылыс құнының сметалық есебіне енгізіледі. Өтелімдік аударымдар немесе жалдау ақысы, тұрғын және қоғамдық контейнерлік және құрастырма-бөлшекті ұтқыр (мүкәммалдық) ғимараттардың конструкциялары мен бөлшектерін қоймадан құрылыс алаңына және қоймаға тасу шығындары мердігерлердің үстеме шығындарының нормаларында ескеріледі.
37. Уақытша қоныстануға арналған ұтқыр (мүкәммалдық) ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ, шаруашылық мүкәммалды қоса алғанда, жабдықты сатып алу құрылыстың сметалық құнына енгізілмейді. Мердігерлік ұйым қаражаты есебінен сатып алынған мүкәммалдық ғимараттар мен құрылыстардың (жылжымалы, контейнерлік, құрастырма-бөлшекті) құны олардың түсу және бухгалтерлік есепке қою қажеттілік шамасына қарай мердігерлік ұйымның негізгі қорларына енгізіледі.
38. Тапсырыс берушінің негізгі қорларында есептелетін ғимараттар мен құрылыстардың құны тапсырыс беруші объектісінің құрылыс кезеңіне уақытша қоныстану (вахталық кент) үшін ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға мердігерге (жеке шарт бойынша) ұсынатын жалдау ақысы арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнына көшірілелі.
39. Инвестициялық үрдістің жоба алдындағы кезеңдегі вахталық әдісті енгізуден экономикалық әсер ұқсас нұсқаларды салыстыра отырып, анықталады. Вахталық әдісті енгізуден экономикалық әсерді айқындау теңдестер ретінде:
1) салынып жатқан объект жанында қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінң тұруы үшін уақытша кентті құра отырып, құрылысты ұйымдастыру нұсқасы;
2) қызметкерлер тұрақты тұрғылықты жерінен салынып жатқан объектіге және кері күн сайын тасымалдай отырып, құрылысты ұйымдастыру нұсқасы қаралуы мүмкін.
Экономикалық әсердің негізгі факторлары:
1) құрылыс ұйымы шығындарының шартты-тұрақты бөлігін үнемдеуді және тапсырыс берушінің объектіні пайдалануға мерзімінен бұрын енгізу кезеңі үшін қосымша пайда табуын қамтамасыз ететін объект құрылысының ұзақтығын қысқарту;
2) құрылыс аймағында әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру және ұстау және қызметкерлерді тұрғылықты жерінен салынып жатқан объектіге және кері тасымалдау шығындарын қысқарту болып табылады.
Вахталық әдісті қолданудың әлеуметтік әсері бытыраңқы құрылыстың ерекше шарттарында және тіршілік қызметінің күтпеген жағдайларында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлердің еңбегінің, демалыс және тұрмысының қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуден тұрады.
3. Құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберумен байланысты шығындар
40. Жұмысшыларды іссапарға жіберумен байланысты шығындар құрылыс объектісі құрылыс ұйымын орналастырудың тұрақты аймағынан тыс болған кезде құрылыстың сметалық құнына енгізіледі. Жұмыстарды жүргізудің вахталық әдісімен құрылыс кезінде іссапар шығындары есептелмейді. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін тәуліктік ақылар;
2) бару орнына және кері жол жүру шығындары;
3) тұрғын үй-жайды жалдау шығындары төленеді.
41. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу жағдайлары мен мерзімдері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.
42. Құрылыс-монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін іссапарға жіберумен байланысты шығындар іссапарға жіберілген қызметкерлердің болжанатын санына және ҚҰЖ-да анықталған олардың құрылысқа келу мерзіміне сүйене отырып, жасалатын есеппен анықталады. ҚҰЖ-да сметалық құжаттамада келтірілген нормативтік еңбекті қажетсінуден проценттік қатынасында іссапарға жіберілген қызметкерлер орындайтын жұмыстардың жоспарлы еңбекті қажетсінуі анықталады. Бұл ретте, іссапарларға жіберілуі қажет қызметкерлердің ұтымды саны ескерілуге тиіс.
43. Тапсырыс беруші мердігермен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес іссапар шығындарына есеп айырысуларды жүргізеді. Есеппен анықталған шығындар сомасы өзге де жұмыстардың және құрылыс құнын сметалық есептеу шығындарының құрамына енгізіледі.
4. Ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылауларды жүргізумен байланысты шығындар
44. Ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылауларды жүргізумен байланысты шығындарды айқындау қажеттілігі инженерлік зерттеулер материалдарының негізінде ҚҰЖ-да анықталады. ҚҰЖ-да "Ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын бақылауларды ұйымдастыру жобасы" әзірленуге тиіс.
45. Бақылауларды ұйымдастыру жобасын әзірлеу шығындары қосымша жобалау-іздестіру жұмыстарының құнына енгізіледі. Құрылыс құнының жиынтық сметалық есебіне, сондай-ақ, ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылаулардың құрылыстағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстармен байланысты шығындар енгізіледі.
46. Құрылыс барысында мердігерлік ұйым орындайтын ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылаулардың шығындары құрылысқа арналған іздестіру жұмыстарына арналған сметалық нормалар бойынша анықталады және өзге де жұмыстар мен құрылыс құнын сметалық есептеу шығындарының құрамына енгізіледі.
5. Жаңа және қайта жаңғыртылатын автомобиль жолдарының құрылысы кезеңінде уақытша пайдаланылатын автомобиль жолдарын ұстаумен байланысты шығындар
47. Қолданыстағы автомобиль жолдарын ұстау және құрылыс аяқталғаннан кейін оларды қалыпына келтіру шығындарын енгізу қажеттілігі күнтізбелік тұрғыда ҚҰЖ-да және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндірме жазбада негізделеді. Автомобиль жолдарының құрылысы учаскесінің шекаралары құрылыс бас жоспарында анықталады.
48. Жаңа және қайта жаңғыртылатын автомобиль жолдарының құрылысы кезеңінде уақытша пайдаланылатын автомобиль жолдарын ұстау шығындарын айқындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар көлемінің ведомосы жасалады. Жұмыстар көлемінің ведомосы уақытша пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиісті учаскелеріне ақаулық актілер бойынша жасалады. Жұмыстар көлемінің ведомосы бойынша жергілікті ресурстық смета жасалады. Тапсырыс берушінің осы жұмыстар көлемін орындау үшін төлем жүргізуі жиынтық сметалық есепте көзделген күтілмеген шығындар есебінен жүзеге асырылады.
6. Құрылыс және монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін автомобиль көлігімен тасымалдау
49. Құрылыс қызметкерлерін тасымалдау бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражат коммуналдық немесе қала маңындағы көлік жұмысшыларды объектіге тасымалдауды қамтамасыз ете алмайтын, сондай-ақ, қалалық жолаушылар көлігінің арнайы бағыттарын белгіленген тәртіппен ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайларда құрылыс құнының сметалық есебіне енгізіледі. Жұмыстарды жүргізудің вахталық әдісімен құрылыс кезінде бұл шығындар есептелмейді.
50. Құрылыс қызметкерлерін тасымалдау бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражат мөлшері ҚҰЖ деректері, тасымалдау арақашықтығы, тасымалдауға жататын қызметкерлердің саны және құрылыстың нормативтік ұзақтығы негізінде анықталады. Есеппен анықталған шығындар сомасы өзге де жұмыстар мен құрылыс құнын сметалық есептеу шығындарының құрамына енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына 4-қосымша |
Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат
Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 11.05.2018 № 102-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі – Нормативтік құжат) Қазақстан Республикасының құрылыс, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.
2. Нормативтік құжат құрылысқа мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды анықтауға арналған.
Қаржыландырудың басқа көздері есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша осы Нормативтік құжаттың ережелерінің ұсынымдық сипаты бар.
3. Нормативтік құжат құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындардың шамасын айқындау жөніндегі негізгі қағидаттардан және әдістемелік ережелерден тұрады.
4. Осы Нормативтік құжатта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авторлық қадағалау – бұл автордың:
сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне;
сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау жүргiзудi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтылығы;
2) жоба – жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны практикада іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынған, адамның мекендеуі мен тіршілікетуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;
3) жобаны басқару – берілген бюджет және мерзім шеңберінде инвестициялық жобаның мақсатына қолжеткізу үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шартқа сәйкес объектілердің жобалануын, салынуын және пайдалануға берілуін ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау бойынша қызмет;
4) құрылыстағы мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі – мемлекеттік инвестициялар) - жаңа ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысына, сондай-ақ, қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техника мен қайта жарақтандыруға) инвестициялар, мыналар:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бөлінген нысаналы қаражат;
мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
концессиялық жобаларды іскеа сыруға бөлінген қаражат олардың көздері болыпта балады.
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қолжеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау), жобаны басқару;
6) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады;
7) техникалық қадағалау- орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын, қабылдап алынуын және объектiнiң пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау.
5. Инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау құрылыстың сметалық құнынан проценттерде объектілерді салу кезінде жобаны басқару, техникалық және авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтердің функцияларын жүзеге асыруға арналған шығыстар лимитінің нормативі негізінде есеппен жүзеге асырылады.
6. Объектілерді салу кезіндегі инжинирингтік қызметтерге арналған шығындар оның ұзақтығының нормаларына сәйкес құрылыстың барлық кезеңіне арналған құрылыс құнының жиынтық сметалық сметалық есебінде қарастырылады және объектіні жоспарлау және салу, сондай-ақ, құрылыстағы инжинирингтік қызметтердің сатып алуын өткізу үшін тапсырыс беруші қаражатының лимиті болып табылады.
7. Инжинирингтік қызметтердің үздіксіз сипаты бар және салынған объектіні пайдалануға қабылдауды қоса алғанда құрылыстың барлық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
8. Құрылыс құнының сметалық есебі бойынша құрылыстың сметалық құны (қосылған құн салығын есепке алмастан) құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындардың есебі үшін негіз болып табылады.
Жобаларды басқару және құрылыс үшін техникалық қадағалау бойынша инжирингтік қызметтерге арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті осы Нормативтік құжаттың 1-қосымшасында келтірілген.
Құрылыс объектілер үшін авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті осы Нормативтік құжаттың 2-қосымшасында келтірілген.
9. Тиісті инжинирингтік қызметтерге арналған шығындардың шамасы осы Нормативтік құжатта келтірілген есеппен анықталады.
Инжинирингтік қызметтерге арналған шығындар есебіне қосылған құн салығы енгізілмеген және қосымша ескерілген.
Жобаны (жобалау-сметалық құжаттамасы) әзірлеушілер үшін авторлық қадағалауға арналған шығындардың сметалық құнына жобалау ұйымының орналасқан пунктінен тыс объектіні салумен байланысты және әкімшілік персоналдың іссапарларын қоспағанда сол жерде жобалау шешімдерін қабылдауды талап ететін, құрылысқа авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымы мамандарының іссапар шығыстары енгізіледі.
10. Қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін мөлшері бойынша есептеледі.
11. Құрылысқа авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымы мамандарының құрылыс объектісіне іссапарға жіберумен байланысты қосымша шығындар іссапарға жіберілген қызметкерлердің қажетті санынан және құрылыстың нормативтік ұзақтығынан ескере отырып, құрылыста олардың болуы мерзімін ескере отырып, жасалатын есеппен анықталады.
Жобалау ұйымы мамандарын іссапарға жіберуге арналған қосымша шығындар есебінде мыналар ескеріледі:
1) іссапарда болудың күнтізбелік күндері үшін тәуліктік;
2) межелі жерге және кері бару бойынша шығыстар;
3) тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстар.
Есеппен анықталған құрылысқа авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымы мамандарды іссапарға жіберуге арналған қосымша шығындардың сомасы құрылыс үшін авторлық қадағалау құны есебі құрамына енгізіледі.
Жобаны басқаруға және құрылыс үшін техникалық қадағалауға арналған шығындар құнына құрылысқа арналған мамандарды іссапарға жіберуге арналған қосымша шығындар енгізілмейді.
12. Есеппен алынған толық көлемдегі инжинирингтік қызметтерге арналған қаражат Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес құрылыс құнының жиынтық сметалық есебіне енгізіледі.
13. Құрылысы бір күнтізбелік жылдан астамда жоспарланатын объектілер бойынша инжинирингтік қызметтердің құны нормативтік ұзақтыққа және құрылыстағы бітеме нормаларына сәйкес күнтізбелік жыл бойынша инвестициялардың көлемдерін бөлу жолымен және айлық есептік көрсеткіштің өзгеріс индексі арқылы алдағы кезеңдердің көлемдеріне индексациялаумен анықталады. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 23-тармағына сәйкес жыл сайын жаңғыртылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын тиісті бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына сәйкес қабылданады.
14. Құрылыстың нормативтік ұзақтығына және құрылыстың басталуына байланысты жылдар бойынша бөлумен инжинирингтік қызметтердің құны есебі Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес жүргізіледі.
15. 1 және 2-қосымшаларда құрылыстың сметалық құнынан проценттерде инжинирингтік қызметтердің түрлері бойынша шығыстар лимитінің нормативтерікелтіріледі, сондай-ақ, инжинирингтік қызметтерді көрсетуге арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы анықтама түрінде келтіріледі. Нормативтік еңбек сыйымдылығы инжинирингтік қызметтердің белгілі бір бірлігін орындауға арналған жұмыс уақытның шығындарын сипаттайтын экономикалық көрсеткішті білдіреді. Нормативтік еңбек сыйымдылығы объектіні салудың сметалық құны кезінде инжинирингтік қызметтерді көрсетуге арналған сарапшылардың нормативтік санын анықтауға да арналған.
16. Қызметтерді көрсетуге арналған шартта тіркелетін, инжинирингтік қызметтерге арналған шарт бағасы құрылыстың барлық кезеңіне арналған тапсырыс берушінің сметасымен белгіленген қаражат лимиті шегінде әлеуетті жеткізушінің ұтқан баға ұсынысы негізінде тиісті инжинирингтік қызметтерді сатып алудың нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға сәйкес анықталады.
2-тарау. Құрылыс үшін жобаны басқару бойынша инжинириингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау
17. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталатын тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыруға арналған инжинирингтік ұйымның шығындарын ескереді.
18. Құрылыс үшін жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған шығындардың шамасы мына формула бойынша анықталады:
ШБШ =Сқұр. х ШНжб (1)
онда:
ЖБШ – жобаны басқаруға арналған шығындар, тенге;
Сқұр. – бағаның ағымды деңгейіндегі бір жылдағы құрылыстың құны, мың теңге/жыл;
ШНжб – жобаны басқаруға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент. Жобаны басқаруға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті нормативінің мөлшері осы нормативтік құжат 1-қосымшаның 2-бағанында келтірілген.
3-тарау. Құрылыс үшін техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау
19. Құрылыс үшін техникалық қадағалауға арналған тапсырыс берушінің шығындары орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылаумен, құрылыс мерзімін сақтау қаражатын жұмсаумен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялармен байланысты инжирингтік ұйымның шығындарын ескереді.
20. Құрылыс үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжирингтік қызметтерге арналған шығындардың шамасы мына формула бойынша анықталады:
ТҚШ =Сқұр. х НРтн (2)
онда:
ТҚШ – техникалық қадағалауға арналған шығындар, теңге;
Сқұр. – құрылыс құнының сметалық есебі бойынша ағымдағы деңгейдегі бір жылдағы құрылыстың сметалық құны, мың теңге/жыл;
ШНтқ – құрылыс үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент. Құрылыс үшін техникалық қадағалауға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті нормативінің мөлшері осы Нормативтік құжатқа 1-қосымшаның 3-бағанында келтірілген.
4-тарау. Құрылыс үшін авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау
21. Құрылыс үшін авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған тапсырыс берушінің шығындары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мақсаттарға жобалау ұйымының шғындарын ескереді.
22. Құрылыс үшін авторлық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжирингтік қызметтерге арналған шығындар шамасы мына формула бойынша анықталады:
АҚШ =Сстр. х НРан (3)
онда:
АҚШ – құрылыс үшін авторлық қадағалауға арналған шығындар, теңге;
Сқұр. – құрылыс құнының сметалық есебі бойынша бағаның ағымдағы деңгейінде бір жылдағы құрылыстың сметалық құны, мың теңге/жыл;
ШНақ – құрылыс үшін авторлық қадағалау функциясын жүзеге асыруға арналған шығыстар нормативі, процент. Құрылыс үшін авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті нормативінің мөлшері осы Нормативтік құжатқа 2-қосымшада келтірілген.
Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 1-қосымша |
Жобаларды басқару және құрылыс үшін техникалық қадағалау бойынша инжирингтік қызметтерге арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті
Бағалардың ағымдағы деңгейіндегі бір жылдағы құрылыс құны, мың АЕК */жыл | Жобаны басқаруға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент | Құрылыс үшін техникалық қадағалауға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент | Анықтамалық деректер | |
Жобаны басқару бойынша функцияларды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы, адам-сағат | Құрылыс үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы, адам-сағат | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
300 дейін | 1,39% | 3,24% | 1747 | 4077 |
300 астам 450 дейін | 1,25% | 2,93% | 2366 | 5521 |
450 астам 580 дейін | 1,13% | 2,64% | 2751 | 6418 |
580 астам 1000 дейін | 1,02% | 2,38% | 4277 | 9979 |
1000 астам 1300 дейін | 0,92% | 2,15% | 5020 | 11714 |
1300 астам 1900 дейін | 0,83% | 1,95% | 6644 | 15503 |
1900 астам 2580 дейін | 0,76% | 1,77% | 8211 | 19158 |
2580 астам 3200 дейін | 0,70% | 1,62% | 9339 | 21790 |
3200 астам 3850 дейін | 0,65% | 1,51% | 10412 | 24295 |
3850 астам 4850 дейін | 0,61% | 1,41% | 12324 | 28755 |
4850 астам 5800 дейін | 0,58% | 1,35% | 14081 | 32855 |
5800 астам | 0,56% | 1,32% |
*АЕК – заңнама тәртібімен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш, теңге.
Ескерту:
1. Бір жылдағы құрылыс құны құрылыс ұйымы және сметалық құжаттама жобасына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығына байланысты анықталады.
2. Желілік құрылыс объектілері үшін (желілік құрылыстар) шығыстардың лимит нормативіне 1,5 тең коэффициент қолданылады.
3. Жобаны басқаруға арналған функцияларды және техникалық қадағалауды біріктіру кезінде 2 және 3-бағандары бойынша нормативтер жинақталады.
4. Нормативтік еңбек сыйымдылығы тұтастай алғанда "дейін" (300, 450, 580 және бұдан әрі 5800 мың АЕК дейін) мәнінде құрылыс құны үшін көрсетілген. Құрылыс құнының аралық мәндері кезінде нормативтік еңбек сыйымдылығы интерполяция әдісімен анықталады.
5. Қалдықтан асатын бір жылда 5800 мың АЕК астам құрылыс құны кезінде жобаны басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға арналған (3-баған) және құрылыс үшін техникалық қадағалауға арналған (4-баған) нормативтік еңбек сыйымдылығы сәйкесінше әрбір 100 мың АЕК-ке 243 адам-сағатқа және 566 адам-сағатқа ұлғаяды.
6. Жобаны басқару жөніндегі тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы (4-баған) мен құрылыс үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы (5-баған) көрсеткіштері анықтама түрінде келтірілген.
Құрылыстағы инжирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 2-қосымша |
Құрылыс объектілер үшін авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті
Бағалардың ағымдағы деңгейдегі бір жылдағы құрылыс құны, мың АЕК */жыл | Авторлық қадағалауға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент | Анықтамалық деректер |
Авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы, адам-сағат | ||
300 дейін | 1,12% | 3 |
300 астам 450 дейін | 1,01% | 1407 |
450 астам 580 дейін | 0,91% | 1905 |
580 астам 1000 дейін | 0,82% | 2214 |
1000 астам 1300 дейін | 0,74% | 3443 |
1300 астам 1900 дейін | 0,67% | 4041 |
1900 астам 2580 дейін | 0,61% | 5349 |
2580 астам 3200 дейін | 0,56% | 6610 |
3200 астам 3850 дейін | 0,52% | 7518 |
3850 астам 4850 дейін | 0,49% | 8382 |
4850 астам 5800 дейін | 0,47% | 9920 |
5800 астам | 0,45% | 11335 |
*АЕК – заңнама тәртібімен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш, теңге, теңге.
Ескерту:
1. Бір жылдағы құрылыс құны құрылыс ұйымы және сметалық құжаттама жобасына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығына байланысты анықталады.
2. Нормативтік еңбек сыйымдылығына желелік құрылыс объектілері үшін (желілік құрылыстар) 1,5 тең коэффициент қолданылады.
3. Нормативтік еңбек сыйымдылығы тұтастай алғанда "дейін" (300, 450, 580 және бұдан әрі 5800 мың АЕК дейін) мәнінде құрылыс құны үшін көрсетілген. Құрылыс құнының аралық мәндері кезінде нормативтік еңбек сыйымдылығы интерполяция әдісімен анықталады.
4. Қалдықтан асатын бір жылда 5800 мың АЕК астам құрылыс құны кезінде құрылыс үшін авторлық қадағалау жүргізуге арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы әрбір 100 мың АЕК-ке 279 адам-сағатқа ұлғаяды.
5. Құрылыс үшін авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы көрсеткіштері анықтама түрінде келтірілген.