Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 30.07.2020 № 110-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Құрылыс сметаларындағы шығындардың конструктивтік-технологиялық топтамасы жөніндегі мемлекеттік норматив бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | М. Жайымбетов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 тамыздағы № 59-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Құрылыс сметаларындағы шығындардың конструктивтік-технологиялық топтамасы жөніндегі мемлекеттік норматив
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс сметаларындағы шығындардың конструктивтік-технологиялық топтамасы жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленді және құрылыс сметаларындағы шығындарды конструктивтік-технологиялық құрылымдауға арналған.
2. Мемлекеттік норматив сметалық құжаттаманы жасау үшін нормативтік негіз болып табылады және объектілердің құрылысында сметалардағы (сметалық есептердегі) шығындарды топтастыру бойынша негізгі қағидаттар мен әдістемелік ережелерді қамтиды.
3. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ғимарат – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Ғимараттың жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;
2) жұмыстардың технологиялық жиынтығы – барлық пайдаланылатын құрылыс технологиялары біртектес болып табылатын, барлық жұмыстарды уақыттың үзіліссіз бөлігінде бір орындаушы орындайтын жұмыстардан, материалдардан, конструкциялардан және жабдықтан тұратын агрегат;
3) құрылыс – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Құрылыс көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін;
4) құрылыс конструкциялары – тіреу, қоршау не біріктірілген (тіреу және қоршау) функцияларды орындайтын ғимараттың және құрылыстың элементтері.
2-тарау. Құрылыс сметаларындағы шығындардың конструктивтік-технологиялық топтамасының негізгі талаптары және шарттары
4. Құрылыстың сметалық құнын анықтау кезінде құрылыс сметаларындағы шығындарды топтастыруға қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) жүйелілік;
2) сатылық қоса бағыныстылық;
3) әмбебаптық.
5. Құрылыстың сметалық құны сметалық құжаттама түрлерінің көп деңгейлі қоса бағыныстылығы негізінде шығындарды сатылы топтастыру жолымен қалыптастырылады.
6. Әрбір деңгейдің сметалық құжаттамасын жасау кезінде шығындар белгілі бір жіктеу өлшемдері бойынша топтастырылады.
7. Ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік және инженерлік элементтері бойынша шығындарды жіктеу құрылыс сметаларындағы шығындарды топтастыру үшін негіз болып табылады.
8. Жергілікті сметалар (жергілікті сметалық есептер) осы Мемлекеттік нормативке қосымшаға сәйкес Жұмыстардың технологиялық жиынтықтары бойынша жергілікті сметалардағы шығындар топтарын жіктеу 3-бағанға сәйкес жұмыстардың түрлері бойынша жеке-жеке жасалады.
Жергілікті сметалардағы (жергілікті сметалық есептердегі) шығындарды топтастыру осы Мемлекеттік нормативке қосымшаға сәйкес Жұмыстардың технологиялық жиынтықтары бойынша жергілікті сметалардағы шығындар топтарын жіктеу 4-бағанға сәйкес ғимараттың (құрылыстың) конструктивтік элементтері, жұмыстардың және құрылғылардың түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Құрылыс сметаларындағы
шығындардың
конструктивтік-технологиялық
топтамасы жөніндегі
мемлекеттік нормативке
қосымша
Жұмыстардың технологиялық жиынтықтары бойынша жергілікті
сметалардағы шығындар топтарын жіктеу
Код | Сметалық есеп тарауының нөмірі | Жергілікті сметаның атауы | Жергілікті смета бөлімінің атауы (жұмыстардың технологиялық жиынтығы) | Жұмыстардың түрлері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
100.000 | 1 | Құрылыс аумағын дайындау | Жер учаскесін ресімдеуді және бөлу жұмыстарын, құрылыс аумағын игеруді қоса алғанда, құрылыс аумағын дайындау бойынша жұмыстар | |
210.000 | 2 | Ғимараттың (құрылыстың) жер асты құрылыс бөлігі | Әрлеу жұмыстарын және ғимараттарды инженерлік қамтамасыз етуді қоспағанда, ғимараттардың жер асты бөлігін тұрғызу, реконструкциялау, жөндеу, қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары | |
210.100 | 2 | Жер қазу жұмыстары | Жұмыс аймақтарын және еңістерді қоса алғанда, қазаншұңқыр құрылғысымен топырақы әзірлеу, топырақты кері төгу, топырақты тасу, суды төмендету бойынша жұмыстар, жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде дайындық және ілеспе жұмыстар | |
210.200 | 2 | Іргетастар | Іргетастар астындағы негіздердің құрылғысы, іргетастардың құрылғысы, жертөле қабырғаларының құрылғысы, іргетастарды және жертөле қабырғаларын оқшаулау | |
210.900 | 2 | Ғимараттың (құрылыстың) жер асты бөлігінің өзге де конструкциялары | ||
220.000 | 2 | Ғимараттың (құрылыстың) жер үсті құрылыс бөлігі | Әрлеу жұмыстарын және ғимараттардың инженерлік жүйелерінің құрылғысы бойынша жұмыстарды қоспағанда, ғимараттардың жер үсті бөлігін тұрғызу, реконструкциялау, жөндеу, қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары | |
220.100 | 2 | Ғимараттың (құрылыстың) тіреу ұстыны (қаңқасы) | Ғимарат қаңқасының құрылғысы, аражабындардың және жабындардың құрылғысы, сыртқы және ішкі тіреу қабырғалардың құрылғысы | |
220.200 | 2 | Қоршау конструкциялары | Сыртқы өздігінен тіреу қабырғалардың құрылғысы, сыртқы қабырғалардың есік және терезе ойықтарын толтыру. Сыртқы қабырғалармен технологиялық байланысты емес (жылу оқшаулауды қоса алғанда, витраждар, желдетілетін қасбеттік жүйелер) ғимараттың қасбетін сыртқы әрлеудің құрылғысы | |
220.300 | 2 | Жабындар | Жабынның тіреу қаңқасы конструктивтік элементтерінің және итарқа жүйесінің конструктивтік элементтерінің құрылғысы, жақтаулар, брандмауэрлер, жабынның қабырғаларға, жақтауларға, шамдарға және басқа да элементтерге жанаспаларының құрылғысын, есту терезелерінің, зениттік шамдардың, аспалардың және қабырға науаларының құрылғысын қоса алғанда, шатыр жабындарының құрылғысы | |
220.900 | 2 | Өзге де конструкциялар | Баспалдақ алаңдарының және басқыштардың құрылғысы, кіреберіс конструкцияларының, күнқағарлардың, пандустардың, қорғаныштың құрылғысы, тоннельдердің, арналардың және шұңқырлардың құрылғысы, пештерді, ошақтарды, түтін құбырларын қалау, ғимараттың басқа да элементтері мен конструкцияларының құрылғысы | |
230.000 | 2 | Әрлеу жұмыстары және конструкциялар | Негізгі және қосалқы жұмыстардың толық кешенін орындай отырып, ішкі әрлеу жұмыстарының құрылғысы, ішкі аралықтардың, баспалдақтар мен балкондардың ішкі есіктерінің құрылғысы | |
230.100 | 2 | Ішкі әрлеу конструкциялары | Баспалдақтар мен балкондардың аралықтарының, ішкі есіктерінің, қоршауларының құрылғысы | |
230.200 | 2 | Үй-жайларды ішкі әрлеу | Қабырғаларды, едендерді және төбелерді ішкі әрлеу құрылғысы | |
230.900 | 2 | Өзге де әрлеу жұмыстары және конструкциялары | 230.100, 230.200 және 230.300-бөлімдерге енгізілмеген жұмыстар | |
241.000 | 2 | Ішкі инженерлік сумен жабдықтау және су бұру жүйелері | Негізгі және қосалқы жұмыстардың толық кешенін орындай отырып, ішкі санитарлық-техникалық жүйелердің және жабдықтардың құбырларын төсеу, арматураны (шағырлар, ысырмалар, клапандар, крандар, қақпақтар) орнату; санитарлық-техникалық аспаптар мен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жинақтауыш бөлшектерді орнату | |
241.100 | 2 | Сумен жабдықтау жүйесі | ||
241.200 | 2 | Су бұру жүйесі | ||
242.000 | 2 | Ішкі инженерлік жылумен жабдықтау, желдету және суықпен жабдықтау жүйелері | Негізгі және қосалқы жұмыстардың толық кешенін орындай отырып, ішкі санитарлық-техникалық жүйелердің және жабдықтардың құбырларын төсеу, арматураны (шағырлар, ысырмалар, клапандар, крандар, қақпақтар) орнату; жылыту аспаптарын орнату, ауа құбырларын төсеу | |
243.000 | 2 | Ішкі инженерлік электрмен жабдықтау және жарықтандыру жүйелері | Негізгі және қосалқы жұмыстардың толық кешенін орындай отырып, ғимартты электрмен жабдықтау жүйелерінің және жабдықтарының кабельдері мен сымдарын төсеу | |
244.000 | 2 | Ішкі инженерлік әлсіз токты коммуникация және қауіпсіздік жүйелері | Негізгі және қосалқы жұмыстардың толық кешенін орындай отырып, ішкі әлсіз токты жүйелердің және жабдықтарының сымдарын төсеу; байланыс және қауіпсіздік жүйелерінің аспаптарын орнату | |
245.000 | 2 | Ішкі инженерлік өрт сөндіру жүйелері | Негізгі және қосалқы жұмыстардың толық кешенін орындай отырып, өрт сөндіру жүйесінің жабдықтарын орнату | |
246.000 | 2 | Ішкі инженерлік тасымалдау жүйелері | Негізгі және қосалқы жұмыстардың толық кешенін орындай отырып, лифтерді, эскалаторларды, траволаторларды монтаждау |