"Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 25 мамырдағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15267 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14632 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақта:

      2) тармақшасы алынып тасталсын;

      4-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (бұдан әрі – "Б" корпусының лауазымдары) орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеудің, сондай-ақ осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламаларына байланысты ең ұзақ уақыты 3 сағат 45 минуттан аспауы тиіс;";

      8-тармақтың 1) тармақшасы екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жұмыс уақытында, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;";

      9-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік корпорацияға:";

      2) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.";

      2) тармақшаның алтыншы бөлігі алынып тасталсын;

      2) тармақшаның жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартпен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қызмет алушының соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламаларын және қағидаларын бұзғандығы туралы қызмет беруші толтырған актінің бар болуы негіз болып табылады.";

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1, 2 және 6-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымша алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерін беру:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);

      2) көрсетілетін қызмет беруші.";

      4-тармақтың 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап – 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күн ішінде;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);

      APTIS, IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру мекемелерінде дәреже алған талапкерлер бұл талаптан босатылады);

      еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік тізім, басқа адамдар үшін кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі);

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша медициналық анықтама (бұдан әрі – денсаулығы туралы медициналық анықтама);

      мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, ал жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);

      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі эссе (магистратураға түсушілер үшін);

      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бар болған жағдайда эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal), ғылыми еңбектердің тізімі (докторантураға түсушілер үшін).

      Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармасымен бірге ұсынылады. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылданған күннен бастап үш ай ішінде нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

      Шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының азаматтарына – "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберіндегі білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ танылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қоса салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі. Түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады.

      2) Қазақстан Республикасының азаматтары порталға жүгіну кезінде:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);

      APTIS, IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың электрондық көшірмесі (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру ұйымдарында дәреже алған талапкерлер бұл талаптан босатылады);

      еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік тізім, басқа адамдар үшін кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі);

      денсаулығы туралы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, ал жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдаманың электрондық көшірмесі (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);

      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі эссенің электрондық көшірмесі (магистратураға түсушілер үшін);

      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бар болған жағдайда эссенің, зерттеу жұмысы жоспарының (research proposal), ғылыми еңбектер тізімінің электрондық көшірмесі (докторантураға түсушілер үшін).

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып беретін талон осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаудың расталуы болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұратуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.".

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы стандартқа 12-тармақта көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Агенттік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, телефоны: 8(7172) 75-34-86.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-34-06, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда 7, 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының міндетін атқарушы
А. Шайымова

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________ Д. Абаев

      2017 жылғы 26 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 29 мамыр

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 112 бұйрығына
1-қосымша
  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-NB-1, C-NB-2, C-NB-3, C-NBО-1, C-NBО-2, C-NBО-3, С-GD-1, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, C-NB-4, C-NB-5, С-NB-6, С-NB-7, С-NB-8, C-NBО-4, C-NBО-5, С-NBО-6, С-NBО-7, С-NBО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексi, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-SV-12, C-SV-13 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.

      Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 112 бұйрығына
2-қосымша
  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

      "Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-O-4, C-R-1, C-R-2, C-R-3, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, стратегиялық ойлану – 1,5 балл, көшбасшылық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

      2) бағдарлама А-4, А-5, B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

      Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

      Құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

      Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-NB-1, C-NB-2, C-NB-3, C-NB-4, C-NB-5, C-NBО-1, C-NBО-2, C-NBО-3, C-NBО-4, C-NBО-5, С-GD-1, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4, санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 2,5 балл, стратегиялық ойлану – 2,5 балл, көшбасшылық – 2,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

      2) екінші бағдарлама C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, C-SV-12, C-SV-13, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, С-NB-6, С-NB-7, С-NB-8, С-NBО-6, С-NBО-7, С-NBО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6, санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

      Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

      Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 112 бұйрығына
3-қосымша
  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
6-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
____________________________
тел._________________________
эл. мекенжайы _______________

Өтініш

      Мені "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің мемлекеттік тіл мен заңнаманы білуге ____ бағдарламасы және жеке қасиеттерді бағалаудың ____ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Тестілеу өту мекенжайы: ______________.

      Тестілеу өтуді қалаған күні: _________.

      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  Нысан
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
____________________________
тел._________________________
эл. мекенжайы _______________

Өтініш

      Мені құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға ____ санаты* бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Тестілеу өту мекенжайы: ______________.

      Тестілеу өтуді қалаған күні: _____________.

      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: ____________.

      *Ескертпе: Тестілеу бағдарламасы кандидаттың таңдаған санатын ескере отырып автоматты түрде анықталады.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 112 бұйрығына
4-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясының ректоры
___________________________
(тегі және аты-жөні)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________ тұратын

      (тұрғылықты жерінің мекенжайын көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      жеке куәлігінің немесе төлқұжатының мәліметтері_____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (№, қашан және кім берді, әрекет ету мерзімі)

Өтініш

      Мені ___________________________________________________ мамандығы бойынша

      (мамандықты көрсетіңіз)

      ___ жыл оқу мерзімімен магистратураға/докторантураға бюджеттік/ақылы

      (қажеттісінің астын сызыңыз)

      негізде оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.

      Өзім туралы мына мәліметтерді хабарлаймын:

      1. туған күні (күні, айы, жылы)______________________________________________________

      2. ұлты__________________________________________________________________________

      3. азаматтығы ____________________________________________________________________

      4. жынысы_______________________________________________________________________

      5. отбасы жағдайы________________________________________________________________

      6. ЖОО атауы, мамандығы және бітірген жылы________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. диплом бойынша жалпы рейтинг балы (дипломның № көрсетіңіз)_______________________

      ________________________________________________________________________________

      8. жұмыс орны___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      9. лауазымы_____________________________________________________________________

      10. жалпы еңбек өтілі ____, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі_____________________

      11. саяси немесе мемлекеттік әкімшілік қызметші

      (қажеттісінің астын сызыңыз)

      12. санаты (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін)__________________________________

      13. кім жіберді (жолдамасы болған жағдайда)_________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      14. телефон нөмірлері:

      қызметтік_______________________________________________________________________

      үй______________________________________________________________________________

      ұялы____________________________________________________________________________

      қосымша байланыс _______________________________________________________________

      15. электрондық пошта мекенжайы:__________________________________________________

      16. жатақхана қажет/қажет емес (қажеттісінің астын сызыңыз)

      Мен күмәнді мәліметтерді берген жағдайда, бұл жайт қабылдау емтихандарына жібермеуге немесе кейіннен Академиядан оқудан шығаруға негіз болатындығы жөнінде хабардармын және онымен келісемін.

      Академияға оқуға Қабылдау қағидаларының талаптарымен таныстым және оларды сақтауға міндеттенемін.

      "____" ___________ 20__ ж.                              _________________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 112 бұйрығына
5-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 2-қосымша
  Нысан
  (фирмалық бланкіде
толтырылады)
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясы

Жолдама

      ________________________________________________________________________________

      (қызметкерді оқуға жіберетін мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, санаты, өтілі)

      магистратураға/докторантураға (қажеттісін сызып көрсету) __________________ мамандығы

      бойынша 1 жылдық /2 жылдық/3 жылдық оқу мерзіміне (қажеттісін сызып көрсету) оқуға

      жібереді.

      Үміткер оқуға қабылданған жағдайда, Академия, оқуға жіберген мемлекеттік орган

      және білім алушылар арасында үш жақты шарт жасасуға кепілдік береміз.

      "____" ___________ 20__ ж.

      _________________                  __________            _______________________________

      (лауазымы)                         (қолы)            (мемлекеттік органның саяси мемлекеттік

      қызметшісінің немесе жауапты хатшысының

      не аппарат басшысының, жоғарыда аталған

      лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік

      органдарда мемлекеттік орган басшысының

      тегі және аты-жөні)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 112 бұйрығына
6-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 3-қосымша
  Нысан

Эссе

      Магистратураға оқуға түсушілер үшін

      эссе жазу бойынша ұсынымдар

      1. Мотивациялық эссе.

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу себептері мен дәлелдері көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қызметтегі жеке мансаптық жоспарлау мақсаттары мен міндеттеріне магистратура бағдарламасының қаншалықты сәйкес келетінін, оқу аяқталғаннан кейін алған білімі мен құзыреттерін кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатынын түсіндіру қажет. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.

      2. Мамандық бойынша берілген тақырыпқа эссе.

      Эссе мақсаты сыни ойлаудан, академиялық хат пен зерттеудің пәндік саласын кәсіби түсіну дағдыларын көрсетуден тұрады. Эссе көлемі 500 сөзден (библиографияны қоспағанда) аспауы тиіс.

      Талаптар:

      1) эссе құрылымы кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады;

      2) эссе осы тақырып бойынша нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды, ғылыми және басқа дереккөздерді талдауды қамтиды;

      3) эсседе ойды логикалық және дәлелді баяндау дағдыларын меңгергені көрсетіледі;

      4) қажет болған жағдайда, әртүрлі талдау әдістерін, мысалы, "шығындар-пайдалар" (cost-benefitanalysis), pest-талдау (pestanalysis), көптеген критерийлер бойынша шешімдерді талдау (multi-criteriadecisionanalysis) және басқаларды қолданады;

      5) дереккөздерге кемінде бес сілтемеден тұратын библиография көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 112 бұйрығына
7-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 4-қосымша
  Нысан

Эссе

      Докторантураға оқуға түсушілер үшін

      эссе жазу бойынша ұсынымдар

      Мотивациялық эсседе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу себептері мен дәлелдері көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қызметтегі жеке мансаптық жоспарлау мақсаттары мен міндеттеріне докторантура бағдарламасының қаншалықты сәйкес келетіні, оқу аяқталғаннан кейін меңгерген құзыреттері мен зерттеу нәтижелерін кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатыны түсіндіріледі. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.

      Зерттеу жұмысының жоспары (Research proposal)

      Зерттеу жұмысының жоспарын (Research proposal)

      рәсімдеу бойынша нұсқаулық

      Зерттеу жоспары конкурстық комиссияның мыналарды айқындауына мүмкіндік береді:

      1) талапкер өзінің зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер мен зерттеулерді жақсы біледі;

      2) ғылыми тақырыбының өзектілігі дәлелденген;

      3) зерттеу тақырыбы мемлекеттік басқару мен дипломатияның басты бағыттарына сәйкес келеді;

      4) талапкердің өзінің зерттеу жұмысын жоспарлауға қабілеттілігі.

      Зерттеу жоспары міндетті түрде мынадай компоненттерді қамтуы тиіс:

      1) зерттеу жұмысының жұмыс атауы;

      2) зерттеуші қарастыратын мәселелерді (сұрақтарды) белгілеу;

      3) әдебиеттерге қысқаша шолу және зерттеу жаңалығын негіздеу;

      4) зерттеу әдіснамасы – деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістері;

      5) алдын ала зерттеу сызбасы кесте түрінде – зерттеу кезеңдерінің жүйелілігі және әрбір кезеңді іске асыру үшін қажет болатын уақыт;

      6) библиография – жобаның сипаттамасында көрсетілген әдебиет, сондай-ақ зерттеу тақырыбы бойынша басқа да маңызды ғылыми зерттеулер.

      Нысан

      Ғылыми еңбектердің тізімі

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


р/с

Атауы

Жұмыстың сипаттамасы *

Басып шығару мәліметтері

Жалпы көлемі, б.т., оның ішінде ізденушінің үлесі

Теңавторлар

1

2

3

4

5

6































      * монография, оқулық, оқу құралы, мақала және т.с.с.

      "____" ___________ 20__ ж.                               _________________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 112 бұйрығына
8-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(Үміткердің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)

Құжаттарды қабылдау туралы талон

      1) өтініш;

      2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);

      3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

      4) APTIS, IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру ұйымдарында дәреже алған талапкерлер бұл талаптан босатылады);

      5) еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметшілер үшін істеген қызметтерінің тізімі, басқа тұлғалар үшін кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе нотариалды расталған еңбек кітапшасы);

      6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша медициналық анықтама;

      7) мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған жолдама (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);

      8) екі эссе (магистратураға түсетін абитуриенттер үшін);

      9) эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal), ғылыми еңбектердің тізімі бар болған жағдайда (докторантураға түсетін абитуриенттер үшін).

      Құжаттарды тапcырды ______________ Құжаттарды қабылдады ____________

      "____"______20___ ж.                                          "____"______20___ж.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 112 бұйрығына
9-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына 6-қосымша
  ____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
(мекенжайы)
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсетуге (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1)____________________________;

      2)____________________________;

      3)____________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Тапсырдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті берушінің қолы__________________

      Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы_____________________

      20____ жылғы "___" _________