Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15266 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      1) 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға оның көшірмесін жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________Н.Айдапкелов

      2017 жылғы 26 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 26 мамырдағы
№ 340 бұйрығымен
бекітілген

Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.01.2019 № 34 бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге немесе қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең басқа баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, тауарлар көрсетілетін қызметтер немесе пайдалануға басқа активтерді ұсыну түрінде);

      2) айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;

      3) жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

      4) кірістер – капиталда қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін таза активтердің/капиталдың өсуіне әкеп соқтыратын активтердің ағымы немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есеп кезеңі ішінде экономикалық пайдалардың немесе сервистік әлеуеттің өсуі;

      5) міндеттеме – өткен оқиғалардан туындайтын мемлекеттік мекеменің бар міндеттемесі, оны реттеу экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстың шығып қалуына әкеп соқтырады;

      6) республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi орган – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орталық атқарушы органның құзыретi шегiнде жүзеге асыратын ведомствосы;

      7) мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган – орталық уәкілетті органның салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін ведомствосы;

      8) салық оқиғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жататын оқиға.

      3. Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылы үшін бухгалтерлік теңгерімнен, қаржылық қызмет нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.

2-бөлім. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдердің көрсетілуін ұйымдастыру тәртібі

      4. Республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте тиісті бюджетке түсетін түсімдер сомасын көрсетеді.

      5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары қолданылады.

      6. Бюджет түсімдері бойынша операциялар бухгалтерлік есепте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепке алу қағидалары) айқындалған тәртіппен көрсетіледі.

      7. Бюджетке түсетін түсімдер операцияларын есепке алу тиісті мемориалдық ордерларда жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының "Бас журнал" кітабында жүйелендіріледі.

      8. Тиісті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.

      9. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қалыптастыратын мемлекеттік кірістер органдарында олар бойынша есепке алу жүргізілетін Салық және бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп бюджетке есептелген салықтық түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.

      "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ИААЖ) алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары есептелген түсімдердің өзге санаттарын көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.

      10. Жиынтық есеп есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптастырылады.

3-бөлім. Бюджетке түсімдер есепке алу тәртібі

      11. Есептеу әдісі бойынша көрсетілетін бюджетке түсімдер салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттердің түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттер мен қарыздардың түсімдерін қамтиды.

      12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарына сәйкес операциялардың немесе оқиғалардың туындауы нәтижесінде есепте көрсетіледі.

      13. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, кедендік алымдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтық түсімдер болып табылады.

      14. Тиісті бюджетке түсетін салықтық түсімдер есептеу әдісі бойынша танылады және айырбас емес операциялардан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.

      15. Бюджетке түсетін салықтық түсімдер нәтижесінде туындайтын ресурстар субъекті өткен (салық) оқиға нәтижесінде ресурстарға бақылауды алған және осы ресурстардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті алуды күткен кезде активті айқындауды қанағаттандырады. Салықтық түсімдерден алынған ресурстар егер ресурстар ағыны және олардың әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін деп күту ықтимал болса, активті тану өлшемшартына сәйкес келеді.

      16. Корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша ресурсты бақылау салық оқиғасы болған есепті кезеңде басталады.

      17. Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша – ресурсты бақылау ҚҚС бойынша салық салынатын қызметті жүзеге асыруды - есепті кезеңде ҚҚС есепке ала отырып, тауарларды немесе көрсетілетін қызметті сатуды білдіретін салық оқиғасы туындаған кезде басталады.

      18. Салықтар бойынша аванстық түсімдер мәні жағынан басқа аванстық түсімдерден ерекшеленбейді.

      Міндеттеме салық оқиғасы басталғанға дейін танылады. Салық оқиғасының басталуымен міндеттеме жойылады және кіріс танылады.

      19. Айырбас емес операциядан түсетін кіріспен байланысты туындайтын, міндеттеменің айқындамасына жауап беретін қолда бар міндеттеме:

      міндеттемені орындау үшін экономикалық пайда мен сервистік әлеуетті қамтитын ресурстар ағынын талап ету ықтималдығы болған;

      міндеттеме сомасы сенімді түрде бағалануы мүмкін болған кезде міндеттеме деп танылады.

      20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган:

      бюджетке салықтардың түсу сәті бойынша; немесе

      салық салынатын кіріс алу немесе өзге салық салу объектісі туындау сәті бойынша (мысалы, салық төлеушінің салықтар бойынша декларация ұсыну сәті бойынша) айырбас емес перациялардан алынатын кірістерді тану үшін салық оқиғасының басталу кезін айқындайды.

      21. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, Бюджет кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады.

      22. Айыппұлдар мен өсімпұлдардан басқа салықтық емес түсімдер бухгалтерлік есепте Бухалтерлік есеп қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті ақпарат негізінде көрсетіледі.

      23. Бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша кіріс (мемлекеттік баж, алымдар және төлемақылар) уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тиісті декларацияларды, мәліметтерді немесе есептерді ұсынған сәтте басталады.

      24. Салықтық емес түсімдер (айыппұлдар мен өсімпұлдар) бюджетке ақшалай қаражат түскен сәтте кіріс деп танылады.

      Айыппұлдар мен өсімпұлдар алуға жататын сома активті айқындауды қанағаттандырған және активті тану өлшемшарттарын қанағаттандырған жағдайда кіріс ретінде танылады.

      25. Бюджетке:

      1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;

      2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;

      3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;

      4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.

      26. Негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, 6320 "Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер" шоты қолданылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды өткізуден түсетін түсімдерді көрсету үшін 6110 "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер" шоты қолданылады.

      27. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін трансферттердің және төмен тұрған бюджеттерден берілетін трансферттердің түсімдері республикалық бюджетке трансферттердің түсімдері болып табылады.

      Республикалық бюджеттен және төмен тұрған жергілікті бюджеттерден берілетін жергілікті бюджеттерге трансферттердің түсімдері болып табылады.

      Трансферттер бойынша түсімдер тиісті бюджеттердің ҚБШ есептеу сәтінде танылады және 6085 "Бюджетке трансферттер түсімі" қосалқы шотында ескеріледі.

      28. Республикалық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді көрсету үшін 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", жергілікті бюджеттерге 1047 "Жергілікті бюджеттер ҚБШ" қосалқы шоттары қолданылады.

      1046 "Республикалық бюджет ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" қосалқы шоттарында бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында шығыстарды одан әрі жүргізу үшін бірыңғай қазыналық шотынан түсімдерді есептеу ескеріледі және оны орындау барысында бюджет жағдайының сипаттамасын қамтамасыз етеді.

      29. 6060 "Гранттар бойынша кірістер" қосалқы шоты қолданылатын гранттардың түсімдерінен түсетін кірістерді қоспағанда, тиісті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдерден түсетін кірістерді тану үшін 6081 "Бюджетке салықтық түсімдерден түсетін кірістер", 6082 "Бюджетке салықтық емес түсімдерден түсетін кірістер" қосалқы шоттары қолданылады.

      30. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін 1291 "Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шоты, кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 "Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоты қолданылады.

      31. Төлем жүргізушімен есеп айырысу кезінде салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бұрын есептелген түсімдер бойынша түзету кезінде 7260 "Бюджетке түсімдерді азайту бойынша шығыстар" шоты қолданылады.

  Республикалық, облыстық
бюджеттің, республикалық маңызы
бар қалалар, астана бюджеттерінің
атқарылуы туралы жылдық
шоғырландырылған қаржылық
есептілікте бюджет түсімдерін
көрсету қағидаларына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп* есепті кезең __жыл "__" _________

      Индексі: 1-СО

      Мерзімділігі: жылдық.

      Ұсынатындар: Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшілері.

      Қайда ұсынылады: Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға,

      бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға.

      Ұсыну мерзімі – есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін

      Бюджет түрі _______________________

      Өлшем бірлігі: теңге

Түсімдердің бюджет сыныптамасы коды

Бюджет сыныптамасы кодының атауы

Төлем түрі

Жыл басындағы сальдо

Есептелген салықтар (төлемдер)

Азайтылған салықтар (төлемдер)

Түскен салықтар (төлемдер)

Қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер)

Салық міндеттемесінің өзгерген орындалу мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы салықтар (төлемдер) бойынша берешек

Жыл сонындағы сальдо

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


Жиыны











І бөлім. Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл












айыппұл












анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х



Жиыны











II бөлім. Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл

х

х

х

х



х

х




айыппұл

х

х

х

х



х

х




анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х



Жиыны











      * Есеп кедендік төлемдер мен салықтар сомасы ескеріле отырып ұсынылды

      Басшы __________ _______________________________ (қолы) (қолды таратып жазу)

      Орындаушы ___________ __________________________ (қолы) (қолды таратып жазу)

 
  Әкімшілік деректерді жинауға
  арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп 1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" (бұдан әрі – Жиынтық есеп) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Жиынтық есепті мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін қалыптастырады және республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылады.

      3. Жиынтық есеп төолемдер журналы мен салық төлеушілердің жеке шоттарының деректері негізінде теңгеде толтырылады.

      4. Жиынтық есепке мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің орындаушысы мен басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалар қол қояды.

2- бөлім. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме

      5. Жиынтық есептің І бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      6. Жиынтық есептің ІІ бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      7. Жиынтық есептің 1-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

      8. Жиынтық есептің 2-бағанында БСК атауы көрсетіледі.

      9. Жиынтық есептің 3-бағанында төлем (анықталмаған салық, өсімпұл, айыппұл) түрі көрсетіледі.

      10. Жиынтық есептің 4-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      11. Жиынтық есептің 5-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем сомасы көрсетіледі.

      12. Жиынтық есептің 6-бағанында "қоса есептелгендер" операцияларын қоса алғанда, бюджетке есептелген салық (төлем) сомасы көрсетіледі.

      13. Жиынтық есептің 7-бағанында бюджетке салықтар (төлемдер) азаю сомасы көрсетіледі.

      14. Жиынтық есептің 8-бағанында есепті жылдағы бюджетке салықтар (төлемдер) түсімі көрсетіледі.

      15. Жиынтық есептің 9-бағанында есепті жылдағы салықтар (төлемдер) бюджеттен қайтарылған (есепке жатқызылған) сомасы көрсетіледі.

      16. Салықтар (төлемдер) түсімдерінің қорытынды сомасы (8-баған) қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтарды (төлемдерді) (9-баған) шегере отырып Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) бекітілен Республикалық бюджеттің, тиісті жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерде көрсетілген түсімдер бойынша деректерге сәйкес келуі тиіс.

      17. Жиынтық есептің 10-бағанында есепті жылдың салық міндеттемесінің өзгерген орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы көрсетіледі.

      18. Жиынтық есептің 11-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      19. Жиынтық есептің 12-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлеу сомасы көрсетіледі.

      20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті органдар мен оның аумақтық бөлімшелері:

      1) бюджет түсіміне әсер ететін негізгі факторларға;

      2) салықтық түсімдердің жалпы сомасына үлес салмағын көрсете отырып, БСК бөлінісінде неғұрлым ірі бюджетке салықтық түсімдердің есептелген және төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларына;

      3) бересі мен артық төлемнің туындау себептеріне талдауды жүзеге асырады.

      Талдау бойынша деректер есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей ұсынылады.