РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
1) 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға оның көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_______________Н.Айдапкелов
2017 жылғы 26 мамыр
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығымен бекітілген |
Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық
есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге/қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең басқа баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, тауарлар көрсетілетін қызметтер немесе пайдалануға басқа активтерді ұсыну түрінде);
2) айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;
3) кірістер - капиталда қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін таза активтердің\капиталдың өсуіне әкеп соқтыратын активтердің ағымы немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есеп кезеңі ішінде экономикалық пайдалардың немесе сервистік әлеуеттің өсуі;
4) міндеттеме - өткен оқиғалардан туындайтын мемлекеттік мекеменің бар міндеттемесі, оны реттеу экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстың шығып қалуына әкеп соқтырады;
5) мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган - орталық уәкілетті органның салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін ведомствосы;
6) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті қоспағанда, орталық уәкілетті органның республикалық мүлікті басқару, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру және мемлекеттік мониторингтеу саласында функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы;
7) салық оқиғасы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жататын оқиға;
8) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган - орталық уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы.
3. Шоғырландырылған қаржылық есептілік республикалық бюджет, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері бойынша жасалады.
4. Талдамалы мақсатта жергілікті бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалады.
5. Мемлекеттік кірістер жинау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте республикалық бюджетке түсімдер сомасын көрсетеді.
6. Мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте республикалық бюджетке салықтық емес түсімдер сомасын көрсетеді.
7. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның қаржыны ішкі әкімшілендіруге жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде республикалық бюджетке түсімдер сомасын көрсетеді.
8. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, бухгалтерлік есеп, бюджеттік есеп және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілік жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері бойынша атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2-бөлім. Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдердің көрсетілуін ұйымдастыру тәртібі
9. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдардың, республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ведомствоның және орталық аппараттың бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржысын ішкі әкімшілендіруге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшылары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінде есептеу әдісі бойынша бюджет түсімдерінің көрсетілуі үшін қажетті жағдай жасайды.
10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы мен облыс бюджетін, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылына жылдық шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімнен, қаржылық қызмет нәтижелері туралы жылдық шоғырландырылған есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы жылдық шоғырландырылған есептен, ақша қозғалысы туралы жылдық шоғырландырылған есептен, түсіндірме жазбадан тұратын жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
11. Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мен мемлекет активтерін сатудан түсетін түсімдер бойынша операциялар бухгалтерлік есепте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Бухгалтерлік есепке алу қағидалары) айқындалған тәртіппен көрсетіледі.
12. Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдер операцияларын есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары қолданылады.
13. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қалыптастыратын салық төлеушілердің дербес шоттарының салық операциялары бойынша жиынтық есеп (есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сомалар) бюджетке салықтық түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.
"Автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің" (бұдан әрі – АИАЖ) Талдамалы орталық (бұдан әрі - ТО) кіші жүйесінен алынған түсімдер бойынша есептер нысаны бюджетке салықтық емес түсімдердің бастапқы құжаттары болып табылады.
14. Тиісті бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.
3-тарау. Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiкте түсімдерді көрсету тәртібі
15. Есептеу әдісі бойынша көрсетілетін бюджетке түсімдер салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттер түсімдерін, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қамтиды.
16. Салықтық түсімдер бойынша кіріс салық декларациясы және өзге де ақпарат ұсынылған есепті жылда танылуы тиіс.
Салық берешегі жойылған кезде өзгерістер жойылған жылға жатқызылады.
17. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер нәтижесінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптары туындайтын операциялар мен оқиғалардың туындауы нәтижесінде есепте көрсетіледі.
18. Салықтық емес түсімдер негізгі капитал мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, байланысты гранттарды, бюджетке тегін негізде берілетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасында белгіленген міндетті, қайтарымсыз төлемдер болып табылады.
19. Салықтық емес түсімдер бухгалтерлік есепте Бухалтерлік есеп қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті ақпарат негізінде түскен кезде көрсетіледі.
20. Салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер бойынша уәкілетті орган кірістерді төлеу кезінде таниды.
21. Тиісті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер есептеу әдісі бойынша танылады және айырбас емес операциялардан түскен кірістер ретінде көрсетіледі.
Салықтарға қатысты актив салық оқиғалары басталған және тану өлшемшарттары сақталған кезде танылады. Салық оқиғасы басталғаннан бастап міндеттеме жойылады және кіріс танылады.
22. Бюджетке салықтық түсімдер нәтижесінде туындайтын ресурстар субъекті өткен (салық) оқиға нәтижесінде ресурстарға бақылауды алған және осы ресурстардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті алуды күткен кезде активті айқындауды қанағаттандырады. Салықтық түсімдерден алынған ресурстар егер ресурстар ағыны және олардың әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін деп күту ықтимал болса, активті тану өлшемшартына сәйкес келеді.
23. Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша кіріс салық оқиғасы болған есепті кезеңде танылады.
24. Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша - ресурсты бақылау ҚҚС бойынша салық салынатын қызметті жүзеге асыруды - есепті кезеңде ҚҚС есепке ала отырып, тауарларды немесе көрсетілетін қызметті сатуды білдіретін салық оқиғасы туындаған кезде басталады.
25. Айырбас емес операциядан түсетін кіріспен байланысты туындайтын, міндеттеменің айқындамасына жауап беретін қолда бар міндеттеме:
міндеттемені орындау үшін экономикалық пайда мен сервистік әлеуетті қамтитын ресурстар ағынын талап ету ықтималдығы болған;
міндеттеме сомасы сенімді түрде бағалануы мүмкін болған кезде міндеттеме деп танылады.
26. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган:
бюджетке салықтардың түсу сәті бойынша; не
салық салынатын кіріс алу немесе өзге салық салу объектісі туындау сәті бойынша (мысалы, салық төлеушінің салықтар бойынша декларация ұсыну сәті бойынша) айырбас емес операциялардан алынатын кірістерді тану үшін салық оқиғасының басталу кезін айқындайды.
27. Есептеу әдісі бойынша салық төлеушілер төлейтін аванстық төлемдер бюджетке салықтық түсімдер бойынша айырбас емес операциялардан алынатын кірістерді тану үшін негіз болып табылмайды. Салық оқиғасы салық төлеуші салық органдарына декларация (мысалы, КТС бойынша – жылдық, ҚҚС бойынша – тоқсандық) ұсынған кезде басталады.
28. Салық оқиғасы басталғанға дейін алынған салықтардан түсетін түсімдер актив және міндеттеме деп танылады (аванстық түсімдер), өйткені салықтық түсімдерді алу құқығын беретін оқиға әлі басталмаған және салықтық кірісті тануға өлшемшарттар қанағаттандырылмайды.
Салықтық түсімдер бойынша міндеттеме салық оқиғасы басталғанға дейін танылады. Салық оқиғасы басталғаннан бастап міндеттеме кіріс болып танылады.
29. Бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша кіріс (мемлекеттік баж, алымдар және төлемақылар) уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тиісті декларацияларды, мәліметтерді немесе есептерді ұсынған сәтте басталады.
30. Айыппұлдар мен өсімпұлдар алуға жататын сома активті айқындауды қанағаттандырған және активті тану өлшемшарттарын қанағаттандырған жағдайда кіріс ретінде танылады.
31. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мыналарды:
мемлекеттік мүлікті;
мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды;
мемлекеттік меншіктегі немесе тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілген жер учаскелерін;
мемлекеттік материалдық емес активтерді сатудан бюджетке ақша түсімін қамтиды.
32. Негізгі капиталды сатудан түсетін кірістерді көрсету үшін 6120 "Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер" шоты қолданылады.
33. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін трансферттер мен төмен тұрған бюджеттерден берілетін трансферттер түсімдері республикалық бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады.
Облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне трансферттердің түсуі республикалық бюджеттен және төмен тұрған жергілікті бюджеттерден трансферттер болып табылады.
Трансферттер бойынша кірістер тиісті бюджеттердің ҚБШ есептеу сәтінде танылады және 6130 "Бюджетке трансферттер түсімі" қосалқы шотында қолданылады.
34. Мемлекеттің қаржы активтерін сату бойынша кірістерді есепке алу үшін 6130 "Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер" қосалқы шоты қолданылады.
35. Республикалық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді көрсету үшін 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне 1047 "Жергілікті бюджеттер ҚБШ" қосалқы шоттары қолданылады.
1046 "Республикалық бюджет ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" қосалқы шоттарында бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында шығыстарды одан әрі жүргізу үшін бірыңғай қазыналық шотынан түсімдерді есептеу ескеріледі және оны орындау барысында бюджет жағдайының сипаттамасын қамтамасыз етеді.
36. Салықтық және салықтық емес түсімдерден түсетін кірістерді тану үшін 6081 "Бюджетке салықтық түсімдерден түсетін кірістер", 6082 "Бюджетке салықтық емес түсімдерден түсетін кірістер" қосалқы шоттары қолданылады.
37. Бюджетке түсетін түсімдерден операцияларды есепке алу тиісті мемориалдық ордерларды жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандар альбомының "Журнал-басты" кітабында жүйелендіріледі.
38. Республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің кірісіне салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша операцияларды есепке алу үшін дебиторлық және кредиторлық берешектер қолданылады.
Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша есептеулер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешекті, негізгі капитал мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді есепке алу 1291 "Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотында көрсетіледі.
Қысқа мерзімді кредиторлық берешекті есепке алу 3280 "Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" есебінде жүзеге асырылады.
39. Төлем жүргізушімен есеп айырысу кезінде салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бұрын есептелген түсімдер бойынша түзету кезінде 7260 "Бюджетке түсімдерді азайту бойынша шығыстар" шоты қолданылады.
Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде өзара дебиторлық және кредиторлық ұстанымдар шоғырландырылатын бірліктер шеңберінде алынып тастайды.
40. Бюджетке түсетін түсімдерге байланысты барлық операциялар ағымдағы жылғы 31 желтоқсанда аяқталады және есеп жылының қаржы нәтижесіне бухгалтерлік есеп шоттарын жабу жүзеге асыралады.
Жылдық қаржылық шоғырландырылған есептілікте тиісті қаржы жылында түсетін түсімдер мың теңгемен көрсетіледі.
41. Жылдық шоғырландырылған бухалтерлік теңгерімде ақшалай қаражат, төлем жүргізушілермен салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша есеп айрысулар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек, негізгі капиталды сатудан түсетін есептер бойынша, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан болатын есеп айрысулар және жинақталған қаржы нәтижесі.
Бюджетке түсетін түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша, төлем жүргізушінің салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша, негізгі капиталды сатудан түсетін есептер бойынша, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан болатын есеп айрысулар бойынша дебиторлық берешек және жинақталған қаржы нәтижесі.
Бюджетке түсетін түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша, төлем жүргізушінің салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша, негізгі капиталды сатудан түсетін есептер бойынша, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан болатын есеп айрысулар бойынша кредиторлық берешек және жинақталған қаржы нәтижесі.
42. Жылдық шоғырландырылған бухалтерлік теңгерімде салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша төлем жүргізушілермен есеп айрысулар бойынша, негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан есеп айрысулар бойынша дебиторлық берешек баланс активінде 023 шоты бойынша жолы бойынша баланс активі бойынша 1291 "Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша есептеулер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" көрсетіледі.
Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша төлем жүргізушілермен есептер бойынша, мемлекеттің негізгі капиталы мен қаржы активтерін сатудан есептер бойынша кредиторлық берешек 3280 "Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоты бойынша 224-жол бойынша баланстың пассивінде көрсетіледі.
Қаржы нәтижесі бюджетке түсімдер бойынша баланс пассивінде 5240 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдағы жылдардағы қаржы нәтижесі" шоты бойынша 413-жол бойынша баланстың пассивінде көрсетіледі.
43. Қаржы қызметінің нәтижелері туралы жылдық шоғырландырылған есепте:
салықтық және салықтық емес түсімдерден түсетін кірістер айырбасталмайтын операциялардан алынатын табыс болып табылады және 019 "Түсімдерден түсетін кірістер" деген жол бойынша көрсетіледі;
негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін кірістер айырбастау операцияларынан түсетін кірістер болып табылады және 022 "Негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер" және 023 "Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін кірістер" жолдары бойынша көрсетіледі;
салық төлеушілермен есеп айырысу бойынша бұрын есептелген кірістерді түзету кезінде туындайтын бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді азайту бойынша шығыстар сомасы 137 "Бюджетке түсетін түсімдерді азайту бойынша шығыстар" деген жол бойынша көрсетіледі;
тиісті бюджеттің қолма-қол бақылау шотынан өткізілген шығыстар сомасы 151 "Республикалық және жергілікті бюджеттер ҚБШ бойынша шығыстар" деген жол бойынша көрсетіледі;
бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржы нәтижесі 300-1 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржы нәтижесі" деген жол бойынша көрсетіледі.
44. Ақша қозғалысы бойынша шоғырландырылған есепте (тікелей әдіс):
республикалық және жергілікті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотына түсімдерді есептеу 071 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша" деген жол бойынша көрсетіледі;
негізгі капиталдан және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін ақшалай қаражат сомасы 360 "Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер" деген жол бойынша көрсетіледі;
республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ-сынан ақшалай төлемдер 191 "ҚБШ бойынша шығыстар" деген жол бойынша көрсетіледі.
45. Таза активтерді/капиталды өзгерту туралы жылдық шоғырландырылған есеп:
салықтар (берешек) бойынша салық төлеушілермен есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешек және салықтар (артық төлем) бойынша салық төлеушілермен есеп айырысулар бойынша кредиторлық берешек сальдосын қалпына келтіру "Бюджетке түсетін түсім бойынша жинақталған қаржы нәтижесі" 6-бағанының 020 "Есепті алу саясатындағы өзгеріс және қателерді түзету" деген жолы бойынша көрсетіледі.
46. Осы Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарында көзделген Уәкілетті органдар мен Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері есептеу әдісі бойынша бюджетке түсетін түсімдерге:
1) бюджеттің түсуіне әсер ететін негізгі факторлар, бересі мен артық төлем туралы талдау, салық түсімдерінің есептелген, азайтылған және төленген, есепке жатқызылып қайта алынған сомалары және олардың қаржы нәтижесіне әсер етуі;
2) бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша, негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер бойынша;
3) 1291 "Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының бөлінісінде бюджетке түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек сомасын өзгерту бойынша;
4) 3280 "Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының бөлінісінде бюджетке түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек сомасын өзгерту бойынша;
5) бюджеттен өтелетін шығыстар бойынша және бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша есептеуді азайту;
6) бюджетке түсімдер бойынша қаржы нәтижелерін өзгерту бойынша талдауды жүзеге асырады және шоғырландырылған қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасында көрсетеді.
Республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Салық төлеушілердің дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша
жиынтық есеп (есептелген, азайтылған, түскен, бюджетке қайтарылған сома)
есепті кезең 20__жыл "__" _________
Индексі: 1-СО
Мерзімділігі: жылдық.
Ұсынатындар: Мемлекеттік кірістерді жинау бойынша уәкілетті орган.
Нысан қайда ұсынылады: Қаржы-қаражатты ішкі әкімшілендіруге жауапты бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.
Ұсыну мерзімі – жылына бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей.
Атауы | Жыл басындағы сальдо | Салықтар есептелді | Салықтар азайтылды | Бюджетке түскен салықтар | Бюджетке қайтарылған салықтар | Өзгерген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы | Жыл соңындағы сальдо | ||
берешек | артық төлем | берешек | артық төлем | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ашық (қолданыстағы) дербес шоттар бойынша жиыны | |||||||||
Жабық дербес шоттар бойынша жиыны (таратылған заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер (салық төлеушінің мемлекеттік тізілімінен алып тасталған және тағы басқа)) | |||||||||
Жиыны |
Басшы __________ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Орындаушы___________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Салық төлеушілердің дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп
(есептелген, азайтылған, түскен, бюджетке қайтарылған сома)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, "Салық төлеушілердің дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп (есептелген, азайтылған, түскен, бюджетке қайтарылған сома)" (бұдан әрі - нысан) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 5446 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінің 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті салықтардың бюджетке түсуі бойынша мониторинг жүргізу болып табылады.
3. Нысанды есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей мемлекеттік кірістерді жинау бойынша уәкілетті орган толтырады және ішкі әкімшілендіруді жүзеге асыратын бюджетті бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.
4. Нысан салық төлеушілердің дербес шоттарының деректері негізінде толтырылады және ұсынылады.
5. Нысанға толтыру кезінде орындаушы және мемлекеттік кірістерді жинау бойынша уәкілетті органның басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
2-бөлім. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанның 1-бағанында есепті жылдың басына дербес шоттардың атауы (ашық (әрекеттегі) және жабық (таратылған заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер (салық төлеушінің мемлекеттік тізілімінен алып тасталған және тағы басқа)) көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында есепті жылдың басында салықтар бойынша теңгеде берешек сомасы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында есепті жылдың басында салықтар бойынша теңгеде артық төлеу сомасы көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында "қоса есептелгендер" операцияларын қоса алғанда, теңгеде бюджетке есептелген салық (БСК 201462) сомасы көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында "сторно" операцияларын қоса алғанда, теңгеде салықтарды азайту сомасы көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында есепті жылдың соңына теңгеде салық сомасының түсуі көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында есепті жылдың соңына теңгеде қайтарылған салық сомасы көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бағанында есепті жылдың өзгерген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша теңгеде салық (төлем) сомасы көрсетіледі.
14. Нысанның 9-бағанында есепті жылдың соңына теңгеде салықтар бойынша берешек көрсетіледі.
15. Нысанның 10-бағанында есепті жылдың соңына теңгеде салықтар бойынша артық төлем көрсетіледі.