Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 15031 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      30 наурыз 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      30 наурыз 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 335 бұйрығымен
бекітілген

Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабына сәйкес әзірленді және сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау тәртібін айқындайды. Сот сарапшысы біліктілігін беру адамның біліктілік емтиханын тапсырып, оған сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру жолымен жүзеге асырылады.

      2. Емтихан тапсыру кестесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді.

      3. Емтиханды тапсыру кестесінің көшірмесі сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер адамды таныстыру үшін аумақтық бөлімшелерге жіберіледі.

      4. Біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін адам он бір жұмыс күнінен бұрын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) сот сараптамасы органына Сот сараптамалары органының кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" веб – порталы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      сот сарапшылары үшін – сот сарапшыларының кәсіби даярлығының нәтижелері бойынша пікір және есеп;

      2) сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық сарапшылары үшін – интернатура немесе резидентураны бітіргендігін, не болмаса мәлімделген мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткенін немесе соңғы бес жыл ішінде біліктілігін жоғарылатқанын растайтын құжат;

      3) осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

      5. Сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер адам емтихан тапсыратын күн туралы емтихан қабылдаудан күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар етіледі.

2 тарау. Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтиханды қабылдау тәртібі

      6. Емтихандар адамның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде 2 кезеңде жүргізіледі:

      1) тестілеу: сот сарапшылары үшін (алғашқы мамандықты игеру бойынша) 100 сұрақ және сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін 50 сұрақ;

      сот сарапшылары үшін – қылмыстық–іс жүргізу құқығы (20 сұрақ), азаматтық–іс жүргізу құқығы (20 сұрақ), криминалистика (20 сұрақ), әкімшілік құқық (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ);

      сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін – игеретін мамандықтары бойынша (50 сұрақ).

      2) білімін тексеру:

      сот сарапшылары үшін – құрамына үш сұрақ кіретін, сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша емтихан билеттері бойынша;

      сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін – құрамына үш теориялық және бір ахуалдық сұрақ кіретін, сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша емтихан билеттері бойынша.

      7. Сот сарапшылары үшін тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.

      Сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін тестілеу уақыты 50 минутты құрайды.

      Емтихандарды тапсыру барысында адамдардың көмекші құжаттарды (анықтамалықтарды, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық тасығыштағы жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.

      8. Сот сарапшылары мен сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшыларыүшін компьютерлік тестілеуден өтудің шекті мәні сұрақтардың жалпы санынан 70% және одан да көп дұрыс жауапты құрайды.

      Тестілеудің нәтижелерін есептеу автоматты түрде, компьютерлік бағдарлама арқылы жүргізіледі. Нәтижелері екі данада басылып шығарылады, оның біреуі адамға беріледі, ал екіншісіне адамның қолы қойылып біліктілік ісінде сақталады.

       Егер, дұрыс жауаптардың саны сұрақтардың жалпы санының 70% кем болса сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер адам емтиханның келесі кезеңіне жіберілмейді.

      9. Емтихандық билеттер бойынша білімдерін тексеру барысында, екі не одан да көп сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, сот сарапшысының біліктілігін (оның ішінде қосымшасын) алуға үміткер адам емтиханнан өткен болып есептеледі.

      Сот сарапшысының біліктілігін беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия), адамның сот сарапшысы біліктілігін беру емтиханын тапсыру нәтижесі бойынша шешім қабылдайды:

      1) біліктілік берілді;

      2) біліктілік берілген жоқ.

      10. Сот сарапшысының біліктілігі Комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша беріледі.

      11. Нәтижелері емтихандарды тапсырған күні жарияланады және осы Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысының біліктілігін беру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.

      12. Комиссия біліктілік емтихан өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде, біліктілік емтиханынан өткен адамға осы Қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін (бұдан әрі – біліктілік куәлігі) береді.

      Қосымша сарапшылық мамандығын алу кезінде біліктілік емтиханы өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша (бұдан әрі – біліктілік куәлігіне қосымша) ресімделеді.

      13. Комиссия теріс шешім қабылдаған жағдайда, емтиханды қайта тапсыруға сот сарапшыларының кәсіби даярлықтан өткенінен кейін кемінде 3 айдан кейін рұқсат беріледі.

      14. Емтихандарды жүргізу кезінде туындайтын даулар, сотта қаралады.

      15. Біліктілік куәлігі немесе біліктілік куәлігіне қосымша жоғалған немесе зақымдалған (бүлінген) жағдайда, адамның жоғалтуға, зақымдалуға (бүлінуге) әкеп соққан жағдайларды көрсете отырып, негізделген арызының негізінде біліктілік куәлігінің немесе біліктілік куәлігіне қосымшаның телнұсқасы (бұдан әрі – телнұсқа) беріледі.

      Телнұсқа арыз келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қағаз нысанында беріледі.

      Телнұсқаға біліктілік комиссиясының төрағасы қол қояды.

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сарапшысы
біліктілігін беру үшін
емтихандарды қабылдау
комиссиясы төрағасының
орынбасарына

Өтініш

      Сізден, мені келесі _______________________________________________________

      мамандықтар бойынша емтихан тапсыруға жіберуіңізді сұраймын:

      Қоса берілген құжаттардың тізімі:

      1. ___________________________

      2. ___________________________

      3. ___________________________

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпиялардағы мәліметтерді қолдануға

      келісемін: ___________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қызмет алушының қолы

      Өтініш берген күні

  Сот сарапшысы біліктілігін
беру үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш номері

      2. Құру күні

      Негізгі мәліметтер

      3. ЖСН

      4. Тегі

      5. Аты

      6. Әкесінің аты (болған жағдайда)

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      7. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі

      8. Нөмірі

      9. Сериясы

      10. Берілген күні

      11. Аяқталатын күні

      12. Берген органы

      Мекенжайы

      13. Пошталық индексі

      14. Мемлекет, облыс, аудан, елдімекен

      15. Көше атауы

      16. Үйдің, ғимараттың нөмірі

      17. Пәтер, кеңсе нөмірі

      18. Телефон нөмірі

      Жоғары білімі туралы мәліметтер

      19. Білім беру ұйымының толық атауы

      20. Дипломның сериясы мен нөмірі

      21. Оқу орнына түскен жылы

      22. Оқу орнын бітірген жылы

      23. Диплом бойынша мамандығы

      24. Диплом бойынша біліктілігі

      25. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда)

      Арнайы даярлықтан өткендігі жөніндегі мәліметтер

      26. Арнайы кәсіби даярлықтан өткен орны

      27. Мамандығы

      28. Сот сарапшыларының біліктілік даярлықтан өтуінің басталған күні

      29. Сот сарапшыларының біліктілік даярлықтан өтуінің аяқталған күні

      30. Сот сарапшыларының біліктілік даярлықтан өту кезінде зерделеген материалдары

      31. Сот сарапшыларын біліктілік даярлықтан өткізген жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

      32. Сот сарапшыларының біліктілік даярлықтан өткендігі туралы есеп.

  Сот сарапшысы біліктілігін
беру үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
3- қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысының біліктілігін беру
жөніндегі комиссиясы отырысының № хаттамасы

      20__ жылғы "__"__________                        ____________________ қаласы

      Төраға ___________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері ________________________________________________________

      Хатшы ___________________________________________________________________

      Қазахстан Республикасы Әділет министрлігінің 20_ жылғы "____"_______ № ______

       бұйрығының негізінде жұмыс істейтін біліктілік комиссиясының қарауына

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы)

      материалдары ___________________________________________________________________

      (өтініш, дипломдардың көшірмелері, сот сарапшыларының біліктілік

      даярлығынан өткендігі туралы есеп, сот сарапшыларының біліктілік

      даярлығынан өткендігі туралы пікір, біліктілігін арттыруы немесе

       қайта даярлыктан өткендігі туралы құжаттардың көшірмелері)

      1 кезеңнің нәтижелері (алғашқы мамандықты игеру үшін компьютерлік тестілеуді

      жүргізу): _ балл,

      екінші кезеңге: "жіберіледі"/ "жіберілмейді"

      (қажеттісін сызу)

      2 кезеңнің нәтижелері (емтихан билеттері бойынша білімдерін тексеру).

      Комиссия шешім қабылдады:

      1) ____________________________ біліктілік берілді

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      2) ____________________________ біліктілік берілген жоқ

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы ____________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Комиссия мүшелері ____________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ____________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Комиссия хатшысы ____________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Сот сарапшысы біліктілігін
беру үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының
біліктілік куәлігі №_____

      Осы куәлік __________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      өйткені, оған комиссияның 20 _ жылғы "__" ________ шешімімен

      1. _______________________________________

      2. _______________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      ________________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Сот сарапшысы біліктілігін
беру үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
5- қосымша
Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының
біліктілік куәлігіне қосымша №____

      Осы куәлік _______________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. ( болған жағдайда)

      өйткені, оған комиссиясының 20 _ жылғы "__" ________ шешімімен

      1. _______________________________________

      2. _______________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      ________________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 335 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10491 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 523 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12284 тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 376 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13858 тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).