Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 15031 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Әділет министрінің м.а. 21.05.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      30 наурыз 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      30 наурыз 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 335 бұйрығымен
бекітілген

Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабына сәйкес әзірленді және сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау тәртібін айқындайды. Сот сарапшысы біліктілігін беру адамның біліктілік емтиханын тапсырып, оған сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру жолымен жүзеге асырылады.

      2. Емтихан тапсыру кестесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық) басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Емтиханды тапсыру кестесінің көшірмесі сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер адамды таныстыру үшін Орталықтың аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін адам он бір жұмыс күнінен бұрын Орталыққа "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер адам емтихан тапсыратын күн туралы емтихан қабылдаудан күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар етіледі.

2 тарау. Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтиханды қабылдау тәртібі

      6. Емтихандар адамның таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде 2 кезеңде жүргізіледі:

      1) тестілеу: сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін (алғашқы мамандықты игеру бойынша) 100 сұрақ;

      сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін – қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), азаматтық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), криминалистика бойынша (20 сұрақ), әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ);

      2) білімін тексеру: сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін – үш сұрақты қамтитын, сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша емтихан билеттері бойынша.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 04.12.2017 № 1512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.

      Емтихандарды тапсыру барысында адамның көмекші құжаттарды (анықтамалықтарды, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдарын, электрондық тасығыштағы қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 04.12.2017 № 1512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Сот сарапшылары мен сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшыларыүшін компьютерлік тестілеуден өтудің шекті мәні сұрақтардың жалпы санынан 70% және одан да көп дұрыс жауапты құрайды.

      Тестілеудің нәтижелерін есептеу автоматты түрде, компьютерлік бағдарлама арқылы жүргізіледі. Нәтижелері екі данада басылып шығарылады, оның біреуі адамға беріледі, ал екіншісіне адамның қолы қойылып біліктілік ісінде сақталады.

      Егер, дұрыс жауаптардың саны сұрақтардың жалпы санының 70% кем болса сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер адам емтиханның келесі кезеңіне жіберілмейді.

      9. Емтихандық билеттер бойынша білімдерін тексеру барысында, екі не одан да көп сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, сот сарапшысының біліктілігін (оның ішінде қосымшасын) алуға үміткер адам емтиханнан өткен болып есептеледі.

      Сот сарапшысының біліктілігін беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия), адамның сот сарапшысы біліктілігін беру емтиханын тапсыру нәтижесі бойынша шешім қабылдайды:

      1) біліктілік берілді;

      2) біліктілік берілген жоқ.

      10. Сот сарапшысының біліктілігі Комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша беріледі.

      11. Нәтижелері емтихандарды тапсырған күні жарияланады және осы Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысының біліктілігін беру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.

      12. Комиссия біліктілік емтихан өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде, біліктілік емтиханынан өткен адамға:

      сот сарапшыларға – осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін;

      сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына – осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігін береді.

      Қосымша сарапшылық мамандығын алу кезінде біліктілік емтиханы өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде:

      сот сарапшыларға – осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша;

      сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына – осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша ресімделеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Комиссия теріс шешім қабылдаған жағдайда, емтиханды қайта тапсыруға сот сарапшыларының кәсіби даярлықтан өткенінен кейін кемінде 3 айдан кейін рұқсат беріледі.

      14. Емтихандарды жүргізу кезінде туындайтын даулар, сотта қаралады.

      15. Біліктілік куәлігі немесе біліктілік куәлігіне қосымша жоғалған немесе зақымдалған (бүлінген) жағдайда, адамның жоғалтуға, зақымдалуға (бүлінуге) әкеп соққан жағдайларды көрсете отырып, негізделген арызының негізінде біліктілік куәлігінің немесе біліктілік куәлігіне қосымшаның телнұсқасы (бұдан әрі – телнұсқа) беріледі.

      Телнұсқа порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден біліктілік куәлігі немесе біліктілік куәлігіне қосымша туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана арыз келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қағаз нысанында беріледі.

      Телнұсқаға біліктілік комиссиясының төрағасы қол қояды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сарапшысы
біліктілігін беру үшін
емтихандарды қабылдау
комиссиясы төрағасының
орынбасарына

Өтініш

      Сізден, мені келесі _______________________________________________________

      мамандықтар бойынша емтихан тапсыруға жіберуіңізді сұраймын:

      Қоса берілген құжаттардың тізімі:

      1. ___________________________

      2. ___________________________

      3. ___________________________

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпиялардағы мәліметтерді қолдануға

      келісемін: ___________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қызмет алушының қолы

      Өтініш берген күні

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
2-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі ______________

      2. Қалыптастыру күні ______________

      Негізгі мәліметтер

      3. Ғылыми дәрежесі, атағы ______________

      4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары ______________

      5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны _____

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      6. ЖСН ______________

      7. Тегі ______________

      8. Аты ______________

      9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________

      10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ______________

      11. Нөмірі ______________

      12. Сериясы ______________

      13. Берілген күні ______________

      14. Аяқталу күні ______________

      15. Берген орган ______________

      Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

      16. Білімі ______________

      17. Дипломның нөмірі

      18. Дипломның сериясы

      19. Үміткердің оқыған елі ______________

      20. Түскен жылы______________

      21. Бітірген жылы ______________

      22. Диплом бойынша мамандығы ______________

      23. Диплом бойынша біліктілігі ______________

      24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) ______________

      Мәлімделген мамандық бойынша интернатура немесе резидентура, не қайта даярлау өткендігі туралы мәліметтер (сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін)

      25. Нөмірі _______________

      26. Мамандығы _______________

      27. Цикл атауы _______________

      28. Оқытқан ұйымның атауы _______________

      29. Оқудың басталуы _______________

      30. Оқудың аяқталуы _______________

      31. Оқудың сағат бойынша көлемі _______________

      32. Берілген күні

      Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәліметтер

      33. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны _____________

      34. Мамандығы_____________

      35. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні _____________

      36. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні _____________

      37. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген материалдар _____________

      38. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы_____________

      39. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп _____________

      Мекенжайы

      40. Пошталық индексі ______________

      41. Ел, облысы, ауданы, елді мекені ______________

      42. Көшенің аты ______________

      43. Үйдің, ғимараттың нөмірі ______________

      44. Пәтердің, кеңсенің нөмірі ______________

      Телефондардың нөмірі ______________

  Сот сарапшысы біліктілігін
беру үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
3- қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысының біліктілігін беру
жөніндегі комиссиясы отырысының № хаттамасы

      20__ жылғы "__"__________                        ____________________ қаласы

      Төраға ___________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері ________________________________________________________

      Хатшы ___________________________________________________________________

      Қазахстан Республикасы Әділет министрлігінің 20_ жылғы "____"_______ № ______

      бұйрығының негізінде жұмыс істейтін біліктілік комиссиясының қарауына

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы)

      материалдары ___________________________________________________________________

      (өтініш, дипломдардың көшірмелері, сот сарапшыларының біліктілік

      даярлығынан өткендігі туралы есеп, сот сарапшыларының біліктілік

      даярлығынан өткендігі туралы пікір, біліктілігін арттыруы немесе

      қайта даярлыктан өткендігі туралы құжаттардың көшірмелері)

      1 кезеңнің нәтижелері (алғашқы мамандықты игеру үшін компьютерлік тестілеуді

      жүргізу): _ балл,

      екінші кезеңге: "жіберіледі"/ "жіберілмейді"

      (қажеттісін сызу)

      2 кезеңнің нәтижелері (емтихан билеттері бойынша білімдерін тексеру).

      Комиссия шешім қабылдады:

      1) ____________________________ біліктілік берілді

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      2) ____________________________ біліктілік берілген жоқ

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы ____________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Комиссия мүшелері ____________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ____________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Комиссия хатшысы ____________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі №_____

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы куәлік __________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      __________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша
№____

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы куәлік __________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      __________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының
біліктілік куәлігіне қосымша №____

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы куәлік __________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1. _______________________________________

      2. _______________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      __________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша
№____

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы куәлік __________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1. _______________________________________

      2. _______________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      __________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 335 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10491 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 523 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12284 тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 376 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13858 тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).