Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қазанда № 4691 болып тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 02.09.2022 № 3010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 02.09.2022 № 3010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мыналардың:
      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3334 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде, 2015 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының;
      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 14090 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4310 тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 21 қаңтарда "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
әкімі
Е. Аймұқашев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Өскемен қалалық
мәслихатының хатшысы
______________
2016 жылғы "13" 09
А. Абакумов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "15" қыркүйектегі
№ 2188 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 02.09.2022 № 3010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшының орынбасары, бас бухгалтер;

      2) барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, мейірбике (мейіргер), диеталық мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, психолог;

      3) бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі инспектор, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің: қойманың, шаруашылықтың басшысы;

      4) диспетчер, кезекші әкімші, хатшы-машинист, дизельдік қызмет көрсету жөніндегі механик.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) кітапхана меңгерушісі;

      2) аккомпаниатор, кітапханашы, дыбыс операторы, мәдени ұйымдастырушы, музыкалық жетекші, хореограф, хормейстер, режиссер.