Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қазанда № 4691 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. Мыналардың:
      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3334 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде, 2015 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының;
      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 14090 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4310 тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 21 қаңтарда "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Е. Аймұқашев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Өскемен қалалық
      мәслихатының хатшысы
      ______________А. Абакумов

      2016 жылғы "13" 09

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "15" 09
№ 2188 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандар лауазымдары:
      1) басқару персоналы: басшы, басшының орынбасары, бас бухгалтер.
      2) негізгі персонал: біліктілігі жоғары, орта деңгейлі, жоғары, орта санатты, санатсыз мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер (аға), диеталық мейіргер, психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы.
      3) әкімшілік персонал: біліктілігі жоғары, орта деңгейлі мамандар: бухгалтер, кітапханашы, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі инспектор.
      4) қосымша персонал: диспетчер, хатшы-машинист.
      2. Білім беру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандар лауазымдары:
      1) басқару персоналы: басшы, басшының оқу бөлімі бойынша орынбасары, басшының әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары, бас бухгалтер.
      2) негізгі персонал: біліктілігі жоғары, орта деңгейлі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санатсыз мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта ұйымдарының, жалпы орта білімді барлық мамандықтағы мұғалімдер, алғашқы әскери дайындық мұғалімі-ұйымдастырушы, тәрбиеші, жетекші, қосымша білім беру педагогы, педагог-ұйымдастырушы, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, лаборант, логопед, психолог, медициналық мейіргер.
      3) әкімшілік персонал: біліктілігі жоғары, орта деңгейлі мамандар: кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, бухгалтер, аудармашы, барлық мамандықтағы инженер, әдіскер, шаруашылық меңгерушісі.
      4) қосымша персонал: іс жүргізуші, хатшы, тәрбиешінің көмекшісі.
      3. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мамандар лауазымдары:
      1) басқару персоналы: басшы, басшының орынбасары, бас бухгалтер.
      2) негізгі персонал: біліктілігі жоғары, орта деңгейлі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санатсыз мамандар: аккомпаниатор, хормейстер, хореограф, мәдени ұйымдастырушы, музыкалық жетекші.
      3) әкімшілік персонал: біліктілігі жоғары, орта деңгейлі мамандар: бухгалтер, шаруашылық меңгерушісі.
      4) қосымша персонал: хатшы, оператор.